Презентация на тему "С а Қ т а р"

Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

Рецензии

Добавить свою рецензию

Аннотация к презентации

Презентация для школьников на тему "С а Қ т а р" по истории. pptCloud.ru — удобный каталог с возможностью скачать powerpoint презентацию бесплатно.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    14
  • Слова
    история
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Слайд 1

     

    Т С Г С а Қ т а р

  • Слайд 2

     

    Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

  • Слайд 3

     

  • Слайд 4

     

    Мүлік теңсіздігі орнықты, әскери демократия пайда бола бастаған кезең. Тайпа көсемдері бас қолбасшы болды.

  • Слайд 5

     

    Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1)Кир әскерінің басыпкіруі. 2)Шырақтың ерлігі. 3)Александр Македонскийдің сақ елінежорығы. 1 - Б.з.б. 530ж. Парсы патшасы Кир сақ жерінебасыпкіреді, бұл кездесақтардың билеушісіТомириседі. Томирисжайында Рим тарихшысы Помпей Трогбылайдейді: «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ».Ұсынылған келіссөзден бас тартқан Томириске Кир соғыс ашады. Осы соғыста Кирдің алдауынатүскен ханзадаСпаргаписқаза болады. Ұлы үшін кекалудыкөздеген Томирис, Кирді осы соғыста жеңеді. Кирдің басыншапқызып, қан толы торсыққа салады. 2 - Кирдің қазасынан 11 жылдансоң б.з.б. 519ж. Дарий І бастаған парсыларқайта сақ жерінешабуылжасайды. Бұл соғыста сақтарды Скунхааттыкөсем басқарады.Бірақ, олбұл соғыста жеңіліс табады. Бұл соғысқа сақтардың дайындығы жоқ еді, оларөздерінің күнделікті бейбітшаруашылықтарымен айналысыпжатқан кезболатын. Осы соғыстың таңғажайып біроқиғасын грек тарихшысыПолиэнтамашасуреттейді. Мысалы, Шырақ есімдіжауынгердің ерлігіжайлы. Олөзін еліүшін құрбандыққа шалып, парсылардыалдапсусызшөлге апарыпқырады.Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар тәуелсіздіктерін сақтап қалады. 3 - Б.з.б. 4 ғасырдың 30-шы жылдарысақ жерінемакедондық Александр Македонский (қазақша атыЕскендірЗұлқарнайын) бастаған грек әскерлері қауіп төндіреді. Грек-македонәскерлеріне қарсы 3 жылбойы партизан соғысын Спитаменжүргізді. Күннің ыстығы мен сақтардың жиілейтүскен шабуылдарыгректердіәбден әлсіретеді. Мұны пайдаланған сақтар гректердің әскерін талқандайды. Осы сақтардың гректерменсоғысы жайлыдерек, грек тарихшысыАррианның жазбаларындакездеседі. Осылайша А. Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.

  • Слайд 6

     

    Тапсырма № 1

  • Слайд 7

     

    С а р м а т т а р А р г и п п е й л е р И с с е д о н д а р Аримаспылар Ү й с і н д е р Қ а ң л ы л а р Ғ ұ н д а р Т и г р а х а у д а л а р Массагеттер Х а у м а в а р г а л а р

  • Слайд 8

     

    САҚ МӘДЕНИЕТІ — ертетемірдәуірінде Қазақстан мен оған жапсарласөлкелерді мекендегентайпаларқалдырған археологиялық ескерткіштержиынтығы. Бұл тайпалардың тарихыбізгесақ атауынегізіндекөне парсы және грек жазбадеректеріненжеткен. Археологиялық зерттеулерҚазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректербереді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеужұмыстары ісжүзінде 1946 жылданкейінғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштеріашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыробалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шіліктіқорымдары, т.б. көптеген нысандаркөне сақтардың тамашаескерткіштеріретіндетанымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеуғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергіліктіерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Берігедейінсақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпаларболған дегенескікөзқарастың әсерімен көп уақыт бойыбұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендерізерттеулераясынантысқалған. Ондаған жылдарбойызерттелгенжерлеуескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлердесақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректерімұнда сақ тайпаларыегіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірейтауларымаңынан табылған 20-дан астамсақ қоныстары осы пікірдідәлелдей түседі. Мұндағы беткейлердетауықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгіқазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан. Қазбалар барысындакөптеп табылған таскетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған дегенпікірдінегіздеді. Сақ ескерткіштерінзерттеудеәлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткенәдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынанашылыпотырған Берелобаларындағы жасандытоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімейжеткенағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адаммәйітін зерттеумаңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеуғана емес, олардысақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендірушараларықолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзатөркениетінің тамашажетістіктерінежатады. Осындайатауменбелгіліболыпотырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгіқұрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелертүзеді.Бұлар жекелегенбұйымдар немесебұйымдар мен беттердегібейнелер, араластұрған күрделі композицияларарқылыберіледі. Мазмұны бойыншамифологиялық, пішімібойыншареалистікдепатауға болатынхайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойыншадекоративтікөнер болыптабылады.

  • Слайд 9

     

    Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар. Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар. С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе, К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды. Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

  • Слайд 10

     

  • Слайд 11

     

    Дарийге қарсы күрескен сақ батыры Сақәйелдерінің ержүректігін баяндайды Сақ батыры Шырақтың ерлігін суреттейтін грек тарихшысы Томирис пен Кирдің шайқасы туралы баяндаған Рим тарихшысы Сақтар туралы жазған грек географы Македонскийге қарсы күрескен сақ батыры Томирис патшайымның ұлы Александр Македонский-дің тарихшысы Сақтар туралы жазған грек тарихшысы Страбон Скунха Ктесий Спаргапис Спитамен Арриан Помпей Трог Геродот Полиэн

  • Слайд 12

     

    Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары

  • Слайд 13

     

  • Слайд 14

     

    Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған. Археологтар цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырма-лар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады. Шірік – Рабат қаласының орнынан табылған сақ жауынгерінің темір қару – жарағы мен сауыт – сайманы болды. Ал мұндай қарулар Еуропада тек орта ғасырларда ғана пайда болған. Алматының күн-шығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40 – тан астам оба бар. Солардың көрнектісі “Есік обасы”. Қабір қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене үй сияқты. Еденіне бір – бірімен қиюластырылған 10 тақтай төселген.Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйіт жатқызылған. Жерленген адамға салтанатты киім кигізілген. Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген. Мәйіттің сол жағында алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. Қабір ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000 – нан астам. Ерекше заттардың бірі 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша. Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жастағы жауынгер. Есік қорғанынан таблған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам” аталды. Бесшатыр қорымы Шірік – Рабат қаласы Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шагын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, ал шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Бесшатырда үш үлкен оба бар. Олар Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады : дәліз(дромос), қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі. Бесшатыр обасынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған. Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. 5-4 ғасырға жатады деп айтуға болады. “Алтын адам”

Посмотреть все слайды
Презентация будет доступна через 45 секунд