Презентация на тему "Құран және сүннет: құрамы мен мазмұны"

Презентация: Құран және сүннет: құрамы мен мазмұны
Включить эффекты
1 из 26
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.5
7 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация для 10-11 класса на тему "Құран және сүннет: құрамы мен мазмұны" по обществознанию. Состоит из 26 слайдов. Размер файла 0.84 Мб. Каталог презентаций в формате powerpoint. Можно бесплатно скачать материал к себе на компьютер или смотреть его онлайн с анимацией.

Содержание

  • Презентация: Құран және сүннет: құрамы мен мазмұны
    Слайд 1

    Құран және сүннет: құрамы мен мазмұны

    Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы мен әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Қарағанды-2014 Дайындаған: Айдашева Ж.,Айдашева А. Топ: ҚДС 1-001

  • Слайд 2

    Жоспар:

    Құран туралы жалпы түсінік Құран сөзінің шығу тегі Уахидың басталуы Құран түсірілуінің сипаты Құранның жиналуының қысқаша тарихы Құранның мәтіні Сүрелер мен аяттар Сүннет, құрылымы

  • Слайд 3

    Құран немесе Құран Кәрім— Ислам дініндегі басты қасиетті кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.

  • Слайд 4

    Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткенненбастапөліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жылбойыАллаһ тарапынанЖәбірейіл періштеарқылы түсірілгеніне сенеді. Мұсылмандар Құран Кәрімнің Аллаһ тарапынанМұхаммед пайғамбарға түсірілген ақырғы қасиетті кітапекенінеиманкелтіреді. Сондықтан оларҚұранды тиләуәт етіпоқу, оны тыңдау, оған сәйкес амалетуадамдыАллаһқа жақындататын, жүрегін тыныштандыратынғибадат екенінесенеді. ОларҚұранның олардың мәдениеті мен дәстүрінің бастауыекеніне, солҚұран арқылы олардың дінижәне дүнияуи өмірде дәуірлегеніне күмән келтірмейді.

  • Слайд 5

    Құран сөзінің шығу тегі

    «Құран» сөзі араб.: قرأ‎ деген түбір сөзден шыққан, ал оның негізі «жинау» мағынасын беретін араб.: قرء‎ сөзі. араб.: ‎ деген сөз «суды хауызға жинадым» деген мағына береді. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді жинап, бір-біріне жалғастыруында.

  • Слайд 6

    Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан:“Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және «қара′ту»-дан алынбаған, бірақ ол Аллаһ кітабының аты”. әл-Фарраның айтуы бойынша «ол қарāин (араб.: قرائن‎) (жұбайлар, достар; жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин”.

  • Слайд 7

    Алланың елшісі Мұхаммедтің пайғамбарлығы ол 40 жасқа толғанда басталып, келесі 23 жыл бойы өмірінің ақырына шейін созылды. Ол пайғамбарлық кезеңінің алғашқы 13 жылын Меккеде, қалған 10 жылын Медине қаласында өткізді.

  • Слайд 8

    Уахидың басталуы

    Уахи - Аллаһ тарапынантікелейнемесеелшіарқылы пайғамбарларға білдірілгеннақты хабар. Ең алғашқы уахи Мекке маңындағы Нұр тауындағы Хира үңгірінде дүйсенбі күні, 17, 21 немесе 24 рамазанда (милади күнтізбе бойынша 620 жылдың 10 тамызын) және шииттердің пайымдауынша Раджаб айының 27 жұлдызында түскен. Аллаһтың елшісіне уахидың түсуі түсіндегі жақсы аяндардан басталды. Және ол аянды көргенде, олар таң шапағы сияқты келетін еді. Одан кейін оның жүрегіне оңашалануға деген сүйіспеншілік орнатылды да, ол отбасына қайтқысы келгенше Хира тауындағы үңгірде Аллаһқа құлшылық ету арқылы көп түндер бойы салихалы амалдар жасап, оңашалана бастады.

  • Слайд 9

    Бірінші аяннан кейін Мұхаммед пайғамбарға біршама уақыт бойы уахи түспейді. Кейбір ғалымдар бұл үзіліс үш жылға созылды дейді. Уахидың түспеуі деген Құранның аяттарының түспегенін білдіреді. Джабир ибн Абдуллаһтан келген хадисте Пайғамбар айтқан: Бірде мен жолда келе жатып аспаннан дауыс естідім. Мен басымды көтеріп, маған Хира тауында келген періштенің аспан мен жердің арасында тақ үстінде отырғанын көрдім. Мен одан қорықтым да, үйіме қайтып: «Мені ораңдар, мені ораңдар» дедім. Содан кейін Аллаһ «Йә оранған! Тұр да ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Және жамандықтан аулақ бол!» (Муззәммил сүресі) деген аяттарды түсірді. «Сахих әл-Бұхари» (4), «Сахих Муслим» (161)

  • Слайд 10

    Бұл аяттар Хира үңгіріндегі Аләқ сүресінің алғашқы аяттарынан кейінгі алғашқы аян болды. Мұхаммед пайғамбардың Меккеде өмір сүрген 13 жылда 83 немесе 85 сүре түскен, олардың ең алғашқысы Аләқ сүресі, ал ең соңғысы әл-Муминун немесе әл-Анкәбут сүресі саналады. Құрайыш тайпасының қысымы төзімсіз болып кеткесін Мұхаммед пайғамбар Ясриб қаласына һижра жасауға мәжбүр болады. Содан бері ол қала Медине деп аталатын болды. Мединеде түскен сүрелер саны 31 немесе 29 сүре деп есептеледі. Мединеде түскен алғашқы сүре әл-Мутаффифин сүресі, ал соңғы сүре Тәубе сүресі болды.

  • Слайд 11

    Құран түсірілуінің сипаты

  • Слайд 12
  • Слайд 13

    Құранныңжиналуының қысқаша тарихы

    Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға 23 жыл бойы үзік-үзік болып түсірілген — бұл оның бірден түсірілген басқа қасиетті кітаптардан айырмашылығы боп табылады. Пайғамбарға аят түскен сайын, ол қасындағы хатшы сахабаларға оларды оқитын болған. Олардың саны қырыққа дейін жетіп, тіпті пайғамбарлықтың ең ауыр кезеңінде де олар Пайғамбардың қасында жүріп, Құранды жазуды тоқтатпаған. Меккедегі Құранды ең бірінші болып жаза бастаған адам Абдуллаһ ибн Сағд ибн Сарх болған. Ал Мединеде ең бірінші жаза бастаған адам Убәй ибн Кағб болған. Құранды хатқа түсірушілердің ішінде Әбу Бәкр, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Талиб, әз-Зубайр ибн әл-Аууам, Халид ибн Сағид ибн әл-Ас және т.б. болған

  • Слайд 14

    Құранның мәтіні

    Құран кітабы басқа әдебиеттерден «кіріспе» немесе «негізгі бөлім» деген әдеттегі бөліктерден құралмаған, тізбекті емес, тармақталған құрылымнан тұрады. Сонымен қатар Құрандағы сүрелер мен қиссалар біріне-бірі ерген түрде келмеген, аралары үзік. Сахабалар мен олардың ізбасарлары Құран Кәрімді Рамазан айында хатым етуді (яғни толықтай оқып шығу) жеңілдету үшін оны айдың отыз күніне сай келетіндей бірдей бөліктерге (джуз немесе пара) бөлген.

  • Слайд 15
  • Слайд 16
  • Слайд 17

    Сүрелер мен аяттар

    Құран «сүре» деп аталатын ұзындығы әртүрлі 114 бөліктен тұрады. Олардың орналасқан ретінің түсу тарихына қатысы жоқ — ертерек түскен сүрелер Құранның аяқ жағында да келуі мүмкін. Өз кезегінде бұл сүрелер түсу мерзіміне байланысты меккелік сүре және мединелік сүре деп екіге бөлінеді. Меккелік сүре дегеніміз Мұхаммед пайғамбардың һижрасына дейін аян етілген сүрелер, ал мединелік дегеніміз оның Медине қаласына қоныс аударуынан кейін түскен сүрелер.

  • Слайд 18

    Ұзындығы жағынан ғалымдар сүрелерді бірнеше түрге бөледі.

  • Слайд 19

    Әріп саны: Құран сөздері мен әріптерінің сандары туралы мұсылман ғалымдарының бірнеше пікірі бар, себебі Ислам дінінің бастапқы кезеңінде араб жазуы жаңа тұрақтана бастағаннан соң кей ғалымдар әріп деп санаған белгілерді басқалары әріп деп есептемеген, сондықтан сандар арасындағы қайшылықтар туған.

  • Слайд 20

    Сүннет

    Сүннет (арабша سنة суннат) - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер. Бастапқыда Құранды түсіндіру Мұхаммед пайғамбардың Сүннеті арқылы, яғни оның белгілі бір аяттарға қалай амал еткені, оларды қалай түсіндіргені туралы хадистермен және оның ең жақын сахабаларының сөздерімен жүзеге асты.

  • Слайд 21

    Сүннет үшке бөлінеді:

  • Слайд 22
  • Слайд 23

    Ауызша Сүннет - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөздері, ол хадис деп аталады. Іс-әрекеттік сүннет Хазіреті Пайғамбарлық (с.а.у.) орындаған іс-әрекеттерін білдіреді. Ал тақрири сүннет Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) көрген ісі төңірегінде үндеместен, оны макұлдағанын көрсетеді.

  • Слайд 24

    Риуаят түріне қарай Сүннет үшке бөлінеді:

  • Слайд 25

    Сөзжұмбақ

  • Слайд 26

    Назарларыңызға рахмет!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке