Содержание
-
“СЕН ҚАЙ ТЕМПЕРАМЕНТКЕ ЖАТАСЫҢ?”
-
Темперамент – XVII ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында...
-
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек ойшыл-дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
-
К. Гален темпераментті 4 түрге жіктеді: 1) Сангвиник (sangius – қан) 2) Флегматик (phlegm – шырыш) 3) Холерик (chole - өт) 4) Меланхолик (melaschole – запыран) Гален енгізген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
-
Сангвиник - жылдам қозып шыға келетін, көңіл-күйінің сырттай лезде білінуі, олардың тез арада өзгере кетушілігімен дараланатын адам.
-
Флегматик - эмоциялық күйі баяу, тез қызып желікпейтін, мінезі салмақты адам. Флегматик өзіне әсер еткен заттар мен құбылыстарды баяу қабылдайды. Көңіл күйі байсалды, орнықты, бастапқы қалпын ұзақ сақтайды. Қимыл-қозғалысы да өте баяу. Флегматик бала оқуда, ойында, еңбекте тиянақты, басқалармен көп араласпайды. Мінезінде байсалдылық, сабырлылық, тұрақтылық анық байқалады. Олар кез келген сезімін сыртқа шығара бермейді, асықпай баппен жүріп тұрады.
-
Холерик- эмоциялық қозуы өте шапшаң, қызу мінезді адам; темпераменттің негізгі төрт типінің бірі. Холериктердің психикалық белсенділік деңгейі жоғары, жігерлі, шамшыл, іс-әрекеті шапшаң, адуынды келеді.
-
Меланхолик- сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адам. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды.
-
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – Э. Кречмердің адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типологиясы.
-
Кречмердің конституциялық типологиясы: 1. Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған. 2. Пикник - мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас. 3. Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған. 4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
-
Павловтыңайтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген: 1) Күшті қозуы тежелуінен басым; 2) Күшті қозуы мен тежелуі тең; 3) Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу;
-
Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды Павлов тағы екі типке бөлді: 1) Күшті ұстамсыз; 2) Күштіұстамды; Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.
-
СОҢЫ!!! Атырау 2011
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.