Содержание
-
Буддизм
Орындаған: Тыныштық Асылзат Группа: ССиМ 15-1 Тексерген: Шубаева У
-
Мазмұны 1.Буддизм туралы жалпы тусінік 2.Сенім 3.Буддизмнің ең ірі бағыттары 4.Буддизм және саяхат 5.Будда бейнесі 6.Ұғымның мағынасы 7.Карма 8.Қазақстандағы буддизм тарихы 9.Қазақстандағы буддизм 10.Аура 11.Құлшылдық 12.Дереккөздер
-
Буддизм (санскритше – बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанныңбүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі болып табылады Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы
-
Үндістан, Бодх-Гаяда Сиддхартха Гаутаманың мүсіні
-
Сенім Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет: Азап бар; Азапта себеп бар; Азапта соң бар; Жол азаптың тоқталуы бар. Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған
-
.Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады.
-
Буддизм және саясат Бір-біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.
-
Будда (санскрит बुद्ध) — будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгіНепал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары;санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай,аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.
Будда мүсіні
-
Ұғымның мағынасы Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
-
Карма (санскритше – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты. Деванагариде "Ом" бейнесі
-
Қазақстандағы буддизм тарихы Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан және Ауғансатн аумағы арқылы Үндістаннан Орталық Азияға буддизмнің енуі б.д.д. І ғ. басталды. ІІ-ІІІ ғғ. бастап буддизм ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері басым болған буддизм діні миссионерлері арқылы белсенді түрде тарала бастады. Ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан аумағы) бойында будда мәдениетінің көптеген ескерткіштері табылған. Оның ішінде ең танымалдары Термезедегі ІІ-ІІІ ғғ. Қаратөбе монастыры, Смугдадағы Санзара алқабында табылған ғибадат үйі, Марадағы ескерткіштер кешені, Тоқарыстандағы VII-VIII ғғ. Ажына-тепе будда монастыры, Кувадағы (Ферғана) будда храмы, Жетісудағы Ақ-Бешім және Қызыл теңіз храмдары болды. Шу алқабында орналасқан Ақ-Бешім (ежелгі Суяб) қалашығындағы екі ірі будда храмдарының қазбалары үлкен қызығушылыққа ие. Храмдарда Будданың мүсіндері, буддизм пантеоны кейіпкерлерінің бейнелері табылған. VI ғ. бастап буддизм түркілерге маңызды ықпал ете бастады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда археологтар буддизм дінінің кейіпкерлері мен оқиғалары бейнеленген храмдар, монастырлар, сондай-ақ мүсіндер табылды. Ұқсас ескерткіштер Шымкентке жақын жерде Талас өзенінің бойында, сонымен қатар Жамбыл облысында – Тектұрмас пен Баласағұнда да табылған болатын
-
-
Қайта тіркеу үдерісі нәтижесінде 2012 ж. Қазақстанда Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында орналасқан 2 будда діни орталықтары қызмет етеді. Қазақстанда буддистердің ресми тіркелген екі қауымы (Алматы мен Атырауда) қалды. Дін туралы жаңа заңға сәйкес қайта тіркеу жүргізілгенге дейін олардың саны төртеу еді. Алматыдағы буддистер қауымның мүшелері – этникалық кәрістер. Олар буддизмнің осыдан жүз жыл бұрын Кореяда пайда болған «вон-буддизм» немесе «вонбульгё» деп аталатын ағымын ұстанады
-
АУРААлматыдағы вон-буддистер ғибадатханасы Достық даңғылынан Көктөбеге қарай созылып жатқан Клочков көшесінде орналасқан. Оның храм екенін үш қабатты ғимараттың сыртындағы сақина бейнесінен тануға болады. Ғимарттың айналасы бетон дуалмен қоршалған Алматыдағы буддистер храмының уағызшысы Ким Тэ Иль (сол жақта) мен алматылық вон-буддизм қауымының жетекшісі Лариса Палагина. Ғибадатхананыңәр қабатына жеке есіктен кіреді. Бірінші қабатта шаруашылық бөлмелері мен уағызшы Иль Ким Тэнің кеңсесі орналасқан. Екінші қабатта оның отбасы тұрады. Құлшылық ету үшінші қабатта өтеді. Оған көтерілу үшін ғимараттың шығыс жағындағы есіктен өтіп, баспалдақпен шығу керек.Үшінші қабаттың кіре берісіндегі шағын дәлізде келген адам аяқ киімін шешеді.Құлшылық етуге арналған бөлменің іші жарық, күнгей мен терістікке қараған терезелері үлкен. Батыс жақтағы қабырғада алтарь орналасқан.
-
Уағызшы құлшылық рәсімін ұзын киімкиіпөткізді.Олкафедрадатұрып уағыз оқып, алтарь жанындадінижоралғыларын жасады. Храмдаүлкен барабандар мен пианино тұрғанымен, музыка ойнаған жоқ. Уағыздың көп бөлігін орыстілінде, арасындакәріс тіліндеайтты. Ким Тэ Иль дұғаны мақаммен созып, жаңғырық үн шығаратын қара түсті металл ыдыстыанда-сандақолындағы таяқшамен соғып қояды.Мамырдың 17-сі күні буддизм дінінің ең қасиетті мерекесі – Будданың туған күні аталыпөтеді. ҚҰЛШЫЛЫҚ
-
Дереккөздер 1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том 2. Балалар Энциклопедиясы, II- том
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.