Содержание
-
ДӘРІСІСІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМАРНАЙЫ ДАМУ ОРНЫ ЖОҚ ЭПИТЕЛИЙ ІСІКТЕРІ
-
Ісік (жаңа түзілім, бластома, тумор) – бұл канцерогендер әсерінен жасушалардың тоқтаусыз өсуімен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісіктің даму теориясы: - Вирусты-генетитикалық - Физико-химиялық Дизонтогенездік Полиэтиологиялық
-
Вирустық канцерогенез Ісік тудырушы вирустарды онкогендік вирустар деп атайды. Адам онкопатологиясына тікелей қатысы бар ДНҚ-вирустар: Адам папилломасының вирусы; Эпштейн-Барр вирусы; В-гепатитінің вирусы; Цитомегаловирустар. РНҚ-вирусы – HTLV-1 вирусы.
-
Химиялық канцерогенез Екі топқа бөлінеді: Жасушалардың ДНҚ-мен тікелей әсерлесетінтолықканцерогендер; Организмдегі химиялық реакциялар нәтижесінде пайда болған метаболиттері арқылы әсер ететін жанама канцерогендер. Химиялық канцерогендерге: хош иісті аминдер; Нитрозды қоспалар; Афлотоксиндер Кейбір металдар (хром, қорғасын, никель, мышьяк); Асбест, кадмий, уран.
-
Физикалық канцерогенез Ультракүлгін сәулелер; Иондағыш сәулелер: рентген сәулелері, α- , β- , γ-сәулелер, протондар мен нейтрондар; Радиобелсенді заттар (уран, радий).
-
Канцерогенездің кезеңдері Инициация кезеңі; Промоция кезеңі; Прогрессия кезеңі. Инициация кезеңінде канцерогендік заттар жасуша геномына мутагендік әсер етіп, қайтымсыз өзгерістер тудырады. Нәтижесінде, сау жасуша қатерлі ісік жасушасына айналады (трансформация).
-
Промоция кезеңінде қосымша күшейтуші заттар (промоторлар) әсерінде ісік жасушаларында қосымша гендік және хромосомдық мутациялар дамиды. Нәтижесінде, ісік түйіні пайда болады. Прогрессия кезеңінде қатерлі ісік жасушалары тез өсе бастайды. Олардың арасында реттеуші әсерлерге тәуелсіз жаңа генотиптік және фенотиптік қасиеттерге ие болған жасуша топтары (клондар) пайда болады.
-
Морфологиялық атипизм: жасушалық тіндік Ісіктің өсуі түрі: экспансивті аппозиционды инфильтрациялық Қуысты ағзаларда: Эндофитті Экзофитті Өсу ошақтарының санына қарай: уницентрлік мультицентрлік
-
Ісіктердің клиникалық-морфологиялық түрлері: - қатерсіз - қатерлі жергілікті бұзып өсуші
-
Қатерсіз және қатерлі ісіктердің сипаттамасы
-
-
9 мамыр Көше бойлап, көктеммен тыныстаған, зағип кемпір келеді гүл ұстаған, Көзіндегі қап-қара әйнегіне, шағылысып қояды күміс ғалам. Жол үстінде сүйіскен тоқтай қалып екі жасқа соқтықпай, өтті айналып, сапер сынды келеді алдын барлап, таяқ етіп ұп-ұзын оқтауды алып. Өмір сүріп келеді ол көкірекпен, өкіл болып көрген жоқ өкіметтен, соғыстарға бергісіз съездерде, бар халықты жағалай соқыр еткен.
-
Метастаз беруі – ісіктің барлық ағзаға таралуы Метастаз беру жолдары: Гематогенді Лимфогенді Аралас Имплантациялық Периневралді
-
Метастаздық каскад ↓ Метастаз беруші жасушалардың пайда болуы ↓ Ісік жасушаларының базалдық мембранаға бекуі және одан өтуі ↓ Қан тамырының ішіне енуі (интравазация) ↓
-
Лимфоциттермен әсерлесуі ↓ Эмболдың түзілуі ↓ Эмболдың базалдық мембранаға бекінуі ↓ Қан тамырынан сыртқа шығуы (экстравазация) ↓ Метастаз
-
Атипизмнің түрлері Морфологиялық атипизм Биохимиялық атипизм Гистохимиялық атипизм Антигендік атипизм Морфологиялық атипизмнің екі түрі болады: Тіндік атипизм Жасушалық атипизм
-
Ісіктің морфогенезі Ісік дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады: Дисплазия кезеңі Орнықты рак кезеңі Инвазивті рак кезеңі Дисплазия деп – эпителий қабаттарының арасында әр түрлі дәрежедегі атипиялық эпителий жасушаларының пайда болуын айтады. Орнықты рак (carcinoma in situ)деп –морфологиясы бойынша қатерлі ісікке жататын рак айналасындағы тіндерге өсіп кірмейтін ісікті айтады.
-
Ісіктің рецидиві – хирургиялық немесе сәулелік емнен кейін ісіктің сол жерде қайта өсіп шығуы. Ағзаға әсері: - Жергілікті (дистрофия, ісіктің некрозы, қан құйылу, гиалиноз) - Жалпы – қатерлі ісіктік кахексия
-
ІСІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ Жеке ағзаға тән емес эпителилік ісіктер Жеке ағзаға тән эпителилік ісіктер Мезенхималық ісіктер Меланинтүзуші тін ісіктері Нерв жүйесі және ми қабықтарының ісіктері Қан жүйесінің ісіктері Тератомалар
-
дәрісЭПИТЕЛИЙ ІСІКТЕРІ
-
-
Папиллома –жалпақ және өтпелі эпителийден өсетін ісік. Ол теріде,ауыз қуысында, көмейде, мұрын қуысында, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папилломаның көлденеңі 1 см-ге дейін жетеді. Микроскопта қарағанда, оның сырты көп қабатты эпителиймен қапталған. Папилломаның маңызы, оның жайғасу орынына байланысты. Көмей папилломасы мен қуық папилломасы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.
-
Тері папилломасыгематоксилин-эозин х200
-
Аденома –безді ағзалар эпителиінен өседі. Көлемі бірнеше см-ге дейін жетеді. Оның түрлері: Белдеулі (трабекулалы) аденома; Түтікті (тубулярлы) аденома; Альвеолалы (ацинарлы) аденома; Бүртікті аденома. Аденома құрамында дәнекер тін көп болса, оны фиброаденома деп атайды.
-
Қалқанша бездің фолликулярлы аденомасы гематоксилин - эозинх200
-
Қатерлі ісіктер Эпителийден өсетін қатерлі ісіктерді –карцинома (рак) деп атайды. Оларды жасушалық құрылымына байланысты мына түрлерге бөледі: “Эпителиішілік рак”; Жалпақ жасушалы рак; Безді рак (аденокарцинома); Шырышты рак (коллоидты); Солидті рак; Майда жасушалы рак; Фиброзды рак; Медуллярлы рак.
-
Эпителиішілік рак (Carcinoma in situ) –эпителий қабатының ішінде өсетін рак. Микроскоппен қарағанда жасуша атипизмі және көптеген митоздар көрінеді. Ісік көпке дейін айналасындағы тіндерге бойлап өспейді. Кейде бұл ісік өз-өзінен жоқ болып кетуі мүмкін.
-
Жалпақ жасушалы (эпидермалдық) рак –теріде, шырышты қабаттардың жалпақ немесе өтпелі эпителиінен өседі. Кейде бұл ісік метаплазия жолымен де пайда болуы мүмкін. Жалпақ жасушалы рактың екі түрін ажыратады: түлеуші және түлемеуші рак. Түлеуші рак кезінде ісік жасушаларындағы түлеу өнімдері қат-қабат жайғасып “рак інжулері” деген құрылымдарды түзеді.
-
Түлеуші жалпақ жасушалы рак гематоксилин-эозин х200
-
Безді рак (аденокарцинома) –ең жетілген рак қатарына жатады. Ол безді ағзалардың призмалық немесе текше тәрізді эпителиінен өседі. Ісік жасушалары ацинустық, сорғыштық, тубулярлық құрылымдар түзеді. Ісік жасушаларының ядролары ұзынша, базалды жайғасқан. Олардың арасында митоздар көп.
-
Асқазанның аденокарциномасы гематоксилин-эозин х200
-
Гипернефроидты ракгематоксилин-эозин х200
-
Шырышты (коллоидты) рак –ісік жасушаларының көп мөлшерде шырышты сұйықтық бөліп шығаруымен сипатталады. Микроскоппен қарағанда, шырышты заттармен толған қуыстар көрінеді. Сол қуыстардың ішінде ядролары шетке ығыстырылған жүзік тәрізді ісік жасушалары болады (жүзік тәрізді жасушалар).
-
Асқазанның шырышты рагы (сақина тәрізді жасушалы рак) гематоксилин-эозин х400
-
Солидті рак (латынша solidum – қатты) –ісік жасушалары коллаген затын түзе алу қабілетіне байланысты ісік қатты болады. Бұл аса тез өсетін ісіктер қатарына жатады. Микроскоппен қарағанда, бір-бірімен тұтасып жатқан аралары дәнекер тінмен бөлінген эпителий кешендерін көреміз. Жасушалардың арасында митоздар көп.
-
Майда жасушалы рак –жетілмеген рактар қатарына жатады. Көбінесе өкпеде өседі, ісік жасушалары майда, ядролары гиперхромды, лимфоцит тәрізді домалақ немесе арпа дәніндей сопақша, ядрошықтары көрінбейді, ешқандай құрылымдар түзбейді.
-
Фиброзды рак (скирр) –сүт бездерінде, асқазанда көп кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак. Ісік жасушаларымен бір қатарда дәнекер тін көп өсіп кеткен, сондықтан ұстап көргенде қатты.
-
Медулярлы (аденогенді) рак –ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік. Микроскоппен қарағанда ісікте стромаға қарағанда паренхима (жасушалар) басым болады. Жасуша атипизмі өте күшті болғандықтан ісік тез өсіп, некрозға ұшырайды.
-
Аралас (диморфтық) рак.Диморфты рак бір ағзада екі түрлі рактың қатар дамуы. Мысалы, жалпақ жасушалы рак пен аденокарциноманың, аденокарцинома мен майда жасушалы рактың бір ағзада дамуы, олар сирек кездесетін рактар қатарына жатады.
-
Жеке ағзаларға тән эпителий ісіктері
-
Теріден өсетін ісіктер Олар тері эпителиінен және тері қосалқыларынан: тер бездерінен, шаш фолликулаларынан және май бездерінен өседі. Олар қатерлі және қатерсіз болып бөлінеді. Осы ісіктердің ішінен ең жиі кездесетіндері: - Сирингоаденома – тер бездерінің түтіктерінен өсетін ісік. Ол сорғышты және түтікті болып бөлінеді.
-
Гидраденома – бұл ісік те тер бездерінің эпителиінен өседі. Көптеген сорғышты құрылымдар түзеді. Трихоэпителиома – шаш фолликулаларынан өсетін қатерсіз ісік. Базалиома ісігі – жергілікті тінді бұзып өсуші ісікке жатады, рецидив береді, бірақ метастаз бермейді. Қатерлі ісіктерге тер бездерінен, май бездерінен және шаш фолликулаларынан өсетін карциномалар кіреді.
-
Сүт бездерінің ісіктері Сүт бездерінің қатерсіз ісіктеріне фиброаденома кіреді. Ол екі түрге бөлінеді: Периканаликулярлық фиброаденома – ол кезде дәнекер тін бөлік ішілік түтіктердің айналасында өсіп кетеді. Интраканаликулярлық фиброаденома – ол кезде дәнекер тін бөлік ішіне, түтіктердің қабырғасына өсіп кіреді. Өзек ішілік папиллома – көлденеңі 1 см-ден аспайтын бүртікті ісік.
-
Сүт безінің фиброаденомасы Ван Гизон бойынша пикрофуксин х200
-
Сүт безі ісіктерінің қатерлі түріне: Бөлік ішілік сіңіп өспейтін рак кіреді; Өзек ішілік сіңіп өспейтін рак; Педжет ауруы кіреді. Ісіктің бірінші және екінші түрінде ісік жасушалары айналасындағы тіндерге өсіп кірмейді. Оның кеш түрлерінде ғана инвазиялық өсу болады. Педжет ауруына үш түрлі белгі тән: Сүт безінің ұшында және айналасында экземаға тән өзгерістердің дамуы; Сүт безі ұшының және айналасындағы эпителиде ірі, ақшыл ісік жасушаларының болуы; Сүт безі түтігінің карциномасы.
-
Сүт безінің сіңіп өсуші (инвазиялық) ісіктері: Инвазиялық өзекті карцинома; Инвазиялық бөліктік карцинома; Медулярлық рак; Коллоидты рак; Тубулярлық рак.
-
Жатыр ісіктері Жатырдың жеке ағзаға тән ісіктеріне: Қатерлі қағанақ тығыны; Хорионэпителиома кіреді. Қатерлі қағанақ тығыны – хорион бүрлерінің жатырдың веналарына өсіп кіруімен сипатталады. Соның нәтижесінде өкпеде екіншілік ісік түйіндері пайда болады. Бұл ісіктің тең жартысы хорионэпителиомаға айналады.
-
Хорионэпителиома –трофобластың қатерлі ісігі. Ол аборттан кейін, түтіктік жүктіліктен кейін, бала туылғаннан кейін қалған бала жолдасының қалдықтарынан өседі. Оның негізгі себебі, қатерлі қағанақ тығыны. Ісік цито- және синцитиотрофобласт элементтерінен тұрады. Олардың арасында ақшыл эпителий жасушалары және көп ядролы алып жасушалар көрінеді. Ісік қан тамырларына өсіп кіріп, гематогендік метастаздар береді.
-
Аналық без ісіктері –үш топқа бөлінеді: Эпителий ісіктері; Жыныстық созылмалар стромасының ісіктері; Герминогендік ісіктер. Қатерсіз эпителий ісіктері: Серозды цистаденома; Муцинозды цистаденома. Қатерлі эпителий ісіктері: Серозды цистаденокарцинома; Муцинозды цистаденокарцинома;
-
Аналық бездің папиллярлы цистаденомасыгематоксилин-эозин х 200
-
Герминогендік ісіктер –оларға тератомалар, дисгерминома, эндодермалық синус ісігі және аралас ісіктер кіреді. Жыныстық созылмалар стромасынан өсетін ісіктер. Оларға: гранулезожасушалық ісік және текома кіреді.
-
Текома –аналық бездің жыныстық созылмасының стромасынан өсетін қатерсіз ісік. Қатерлі текома; Гранулезды-жасушалы ісік (фолликулома). Оның қатерлі және қатерсіз түрлері болады. Дисгерминома.
-
Аталық без ісіктері Оның қатерсіз ісіктері: - Лейдиг жасушаларының ісіктері; Сертоли жасушаларының ісіктері. Бұл ісіктер гонада стромасынан өседі. Көбінесе белсенді гормондар бөліп шығарады, жас балаларда тез жыныстық жетілу белгілері пайда болады, ересектерде – гинекомастия дамиды.
-
Герминогендік ісіктер –оларға семинома, эмбриондық рак, сары қапшық ісігі, полиэмбриома, хориоидкарцинома және тератомалар кіреді. Семинома – герминогендік қатерлі ісік. Ісік тез өсіп, аталық без 5-10 есе үлкейеді. Бұл ісік цитоплазмасы ашық, тығыз орналасқан жасушалардан түзілген. Стромасы өте аз. Эмбрионалдық рак – жас балаларда кездеседі. Ісік жасушалары ірі, поликаналды, кейде түтікті, бүртікті құрылымдар түзеді. Жасушалардың арасында митоздар көп.
-
Қалқанша без ісіктері Қатерсіз түрлері: Фолликулярлық аденома: микрофолликулярлық; макрофолликулярлық; аралас. Папиллярлық аденома; В-жасушалық аденома; С-жасушалық аденома. Қатерлі түрлері: Фолликулярлық рак; Папиллярлық рак; Медулярлық рак; Жетілмеген (анапластикалық) рак.
-
Қалқанша безінің папиллярлы рагы гематоксилин-эозин х200
-
Бүйрек үсті безінің ісіктері Қатерсіз түрлері: Ашық жасушалы адренокортикалдық аденома (альдостерома); Қанық жасушалы адренокортикалдық аденома (андростерома); Аралас жасушалы адренокортикалдық аденома (кортикостерома). Қатерлі түрі: Адренокортикалдық рак; Бүйрек үсті безінің милы қабатынан өсетін ісікті – феохромоцитома деп атайды. Оның қатерлі түрі де болады.
-
Тимустан өсетін ісіктер Қатерсіз түрлері: Лимфоидты тимома; Эпителилі тимома. Қатерлі түрлері: Қатерлі лимфоидты тимома; Қатерлі эпителилі тимома; Қатерлі лимфоэпителилі тимома.
-
Ұйқы безінің ісіктері Ұйқы безінің жеке ағзаға тән ісіктеріне, оның аралшаларынан өсетін ісіктер кіреді. Олардың қатерсіз түрі – аденомалар деп аталады. Түрлері: α-жасушаларынан өсетін аденома (глюкагонома); β-жасушаларынан өсетін аденома (инсулома); G-жасушаларынан өсетін аденома (гастринома). Қатерлі түрлерін – қатерлі инсулома деп атайды.
-
Асқазан-ішек жолдарынан өсетін, жеке ағзаға тән ісік –карциноид деп аталады. Ол Кульчицкийдің энтерохромаффиндік жасушаларынан өседі. Ол көбінесе аш ішекте, аппендиксте өседі. Ісік жасушалары өзінен серотонин бөліп шығарады. Соның нәтижесінде, карциноидтық синдром дамиды (қан қысымының көтерілуі, жүректің зақымдануы, миға қанның тез жиналуы). Сирек жағдайларда қатерлі карциноид дамиды.
-
Гипофиздің ісіктері Соматотроптық аденома, өсу гормонының қалыптан тыс өндірілуімен сипатталады. Микроскоппен қарағанда ісік жасушалары эозинофилді боялған. Ересек кісілерде акромегалия ауруы дамиды. Жастарда гигантизм белгілері пайда болады; Кортикотроптық аденома – микроскопта қарағанда жасушалар қоңыр түсті (базофильді) болады. Өздерінен АКТГ гормонын бөліп шығарады. Соның нәтижесінде, бүйрекүсті бездерінің гиперплазиясы, аденомасы дамиды.
-
Гормондар бөліп шығармайтын гипофиз ісіктерін үш топқа бөледі: Майда жасушалы хромофобты аденома; Ірі жасушалы хромофобты аденома; Онкоцитома.
-
МЕЗЕНХИМА ІСІКТЕРІ
-
Мезенхима ісіктерінің жіктелуі Дәнекер тін ісіктері: Қатерсіз ісіктер: қатты, жұмсақ фиброма десмоид гистиоцитома Қатерлі ісіктер фибросаркома қатерлі гистиоцитома
-
Бұлшықет ісіктері: Қатерсіз ісіктер Лейомиома (біріңғай салалы бұлшықет) Рабдомиома (көлденең-жолақты бұлшықет) Түйіршікжасушалы ісік Қатерлі ісіктер: Лейомиосаркома Рабдомиосаркома Қатерлі түйіршікжасушалы ісік
-
Қантамырларының ісіктері: Қатерсіз ісіктер: гемангиома (капиллярлық, веналық, каверналық) Қатерсіз гемангиоперицитома Қатерсіз гемангиоэндотелиома Гломус-ангиома Қатерлі ісіктер: Ангиосаркома Қатерлі гемангиоперицитома Қатерлі гемангиоэндотелиома
-
Май тінінің ісіктері: Қатерсіз ісіктер: – липома, гибернома Қатерлі ісіктер: – липосаркома, қатерлі гибернома Синовиалды қабықтар ісіктері Қатерсіз ісіктер Синовиома Қатерлі ісіктер Қатерлі синовиома
-
Мезотелий ісіктері Қатерсіз мезотелиома Қатерлі мезотелиома Шеміршек тінінің ісіктері Қатерсіз Хондрома (экхондрома, энхондрома) Қатерсіз хондробластома ҚатерліХондросаркома Сүйек тінінің ісіктері Қатерсіз - Остеома (тығыз, кеуек) - Қатерсіз остеобластома Қатерлі - Остеосаркома
-
Бауырдың каверналық гемангиомасы гематоксилин-эозин х200
-
Ұршықжасушалы саркомагематоксилин-эозин х200
-
Хондрома гематоксилин-эозин х200
-
Хондросаркома гематоксилин-эозин х200
-
МЕЛАНИН ТҮЗУШІ ТІНДЕРДІҢ ЖӘНЕ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ІСІКТЕРІ
-
Меланинтүзуші тін ісіктері
Қатерсіз ісіктер – невустар Түрлері: Дермаішілік Шекаралық Күрделі Эпителиоидты Ұршық тәрізді жасушалы (ювенилді) Көгілдір Қатерлі ісіктер – меланома Түрлері: Беткей таралатын Түйінді Пигментсіз
-
Невусгематоксилин-эозин х200
-
Меланоманың лимфа түйініне метастазыгематоксилин-эозин х200
-
Нерв жүйесінің және ми қабықтарының ісіктері
Жіктелуі: Орталық нерв жүйесінің және жұлынның ісіктері Вегетативтік нерв жүйесінің ісіктері (ганглионеврома, хемодектома) Шеткі нерв ісіктері (неврилеммома, шваннома, нейрофиброматоз – болезнь Реклингхаузен ауруы)
-
Орталық нерв жүйесінің ісіктері: Нейроэпителийлі 1. Глия элементтерінен: астроцитома астробластома олигодендроглиома олигодендроглиобластома 2. Эпендиманың және хориоидты өрімнің ісіктері эпендимома, эпендимобластома хориодты папиллома, хориоидкарцинома
-
3. Нейрондық ісіктер - ганглионеврома, ганглионейробластома 4. Жетілмеген және эмбриондық ісіктер - глиобластома - медуллобластома Менингоқантамырлық ісіктер - Менингиома - Менингиалды саркома
-
Менингиомагематоксилин-эозин х200
-
Астроцитома.гематоксилин-эозин х200
-
Глиобластома гематоксилин-эозин х200
-
Глиобластомагематоксилин-эозин х400
-
Аденома гипофиза гематоксилин-эозин х400
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.