Презентация на тему "Дау, жан-жалсоциологиясы."

Презентация: Дау, жан-жалсоциологиясы.
1 из 10
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация powerpoint на тему "Дау, жан-жалсоциологиясы.". Содержит 10 слайдов. Скачать файл 0.26 Мб. Самая большая база качественных презентаций. Смотрите онлайн или скачивайте на компьютер.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    10
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Дау, жан-жалсоциологиясы.
    Слайд 1

    Дау, жан-жалсоциологиясы.

  • Слайд 2

    Саяси дау-жанжал және дағдарыс Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

  • Слайд 3

    Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер" деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

  • Слайд 4

    Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.

  • Слайд 5

    Әлеуметтікшиеленістер сан алуанкеледі. Олармемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілікбасшылары, еріменәйеліжәне т. с. с. арасындакездеседі. Оларәртүрлітоптастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларғақатынасатынсубъектілергебайланыстымемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдерарасындағы; қатынасатынжақтарғабайланыстысаяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтығаншеңберінеқарайхалықаралық, аумақтық, жергіліктіболыпбөлінеді. Олардыантагонистікжәнеантагонистікемес, негізгіжәненегізгіемес, шындыққажататынжәнежатпайтын, ұзақуақыттықжәнеқыскамерзімді, т. т. етіп те бөліпжүр.

  • Слайд 6

    Саясишиеленістерөзінің даму барысындабірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқыкезеңіндекикілжіңдергенегізтуадьі. Қоғамныңкейбірсалаларындақиындықтарпайдаболады. Оларғаайтарлықтаймәнберілмесе, ербитүседі. Мысалы, адамдардыңөмірсүрудеңгейітөмендейді, құқықсақтау, адамгершіліктәртіптерібұзылады. Әділетсіздіктібұрынырақсезетінқарсыжақтыңалдыңғықатарлыадамдарыөздерініңкеліспеушіліктерінбілдіребастайды. Келесікезендекеліспеушілік, наразылықашықайтылып, алғашқықақтығыстарболуымүмкін. Биліктіхалықмойындағанда, оныңзаңдарындұрысдептүсініп, өзеріктеріменорындағандабилік. Сонда оныңбеделі де, халықтыбағындыратынсиқырлы сыры да болады. Ал мынадайкикілжіңдебасқарушытөбетоптыңәртүрліқылмыстарыашылып, беделдерікетіп, оларғасенімсіздіктуады. Оданкейінекіжақтыңарасындаашыққарсыластық, қақтығыстарболуымүмкін. Екіжақты да көптегенадам- дар қолдап, дау-дамайдыңшеңберікеңиді. Егермұныңбәрінежолтабылып, шешілмесе, дау-жанжалөркениетгітүрденшығып, қарулықақтығысқаайналады. Мысалы, Югославиядағы, ТаулыКарабахтағы, грузин-абхаз шиеленістерісияқты.

  • Слайд 7

    Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін.Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей. Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар. 1.   Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2.  Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.

  • Слайд 8

    Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған. Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды

  • Слайд 9

    Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жолдары Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды: автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.

  • Слайд 10
Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке