Содержание
-
ХХ ғасырфилософиясындағығылымитаныммәселесі
-
ХХ ғасырдың басы мен орта шені – адамзаттарихындағығылыми-техникалықөрлеудің, мәдени-әлеуметтікөзгерістердің, саяситолқулар мен бейбітынтымақтастықтың, ал бұлкезеңніңсоңғыширегі мен келесі, ХХІ ғасырдыңтабалдырығы – руханисұхбаттастықтың, ақпараттықкеңістіктің, жаһандануүрдісініңіске аса бастағандәуіріболатын. Осығанорай, жалпыадамзаттықжәнеұлттыққұндылықтар мен адамзаттанымыныңайтарлықтайөзгеруігуманитарлықғылымдарсаласы мен олардың даму үдерісінеелеуліықпалеткенболатын. Оныңішінде философия ғылымы да осы заманағымы мен өміршындығынсараптайбастады, өзініңжаңабағдарларынтуғызуға бет бұрды.
-
Позитивизм (позитивті – оңды, дұрыс, жағымдыдегенмағыналардыбереді) – парадигмалықтанымдықәдіснамалыққұрылымболыптабылатын, нақтығылымдардышынайыбілімніңкөздепесептейтінбағыт. ОныңбастапқыидеяларыЮмның, Даламбердіңеңбектеріненкөріністапқанмен, оныңнегізінсалушыларретінде – Конт пен Спенсер аталады. Олжорамалды, теориялықспекуляцияны, идеализмді, спиритуализмді, рационализмдітеріскешығараотырып, бұрынғы: болмыс, мән, себеп, рухсияқтыұғымдар мен түсініктерғылымитексерілугежатпайтын, тәжірибедеайқындалмайтынболғандықтан, мәңгішешімінтапппайтынжалғанмәселелернемесеөзініңмағынасынжойғандепесептейді.
-
Осы ағымнегізінде неопозитивизм пайдаболып, бұлардыңнегізгіидеяларыпостпозитивизмағымыменжоққашығарылды. Сондықтан позитивизм эволюциясын: 1) бірінші позитивизм: Конт, Милль; Спенсер, Литтре; 2) екінші позитивизм немесе эмпириокритицизм: Мах, Авенариус; 3) неопозитивизм: Поппер, Айдукевич, Уисдом, Остинжәнелогикалық позитивизм: Шлик, Карнап, Нейратт.б; 4) постпозитивизм – әдіснамалықрадикализмдіжұмсартуғабағытталғантүрі: Кун, Лакатос, Тульмин, Фейерабендт.бдепажыратуғаболады. Демек, позитивизм тамырлары ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда-аққалыптасабастаса, ол ХХ ғасырданеопозитивизмгеөтті.
-
Неопозитивизм – шындық туралы білімді күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал философия ойлаудың нәтижелерінен көрінетін тілді талдауды қолға алуы тиіс. Философиялық талдаулар объективті шындыққа таратылмайды, ол тек мәліметтермен, тәжірибемен, тілмен шектеліп отырылады. Ал тілдің объективті шындықты бере білу сәйкестігіне назар аудару керек. Сондықтан философияның міндеті күнделікті тілді зерттеумен айналысу деп біледі. Феноменологияның сананың объектіге қатысын көрсететін басты түсінігі «интенция». Феноменологияда санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты бар деп тікелей мойындауға болмайды, таным субъектісінің өзін танымға бағытталған таза сана деп түсіну керек
-
ГуссерльЭдмунд (1859-1938 жж.) неміс философ-идеалисі. Негізгі шығармасы: «Логикалық зерттеулер», «Еуропалық ғылымдардағы дағдарыс және трансцендентальді феноменология» т.б. Эдмунд Гуссерль (нем. Edmund Husserl, 1859 - 1938) - неміс философы, идеалисті, феноменологияның негізін қалаушысы. Оның пікірінше философия сана құбылыстары туралы ғылым. Интенционалдық (бір затқа бағытталғандығы) ұғымы арқылы субъект және объект арасындағы байланысты шешуге талпынды Ол психологизм бойынша кез-келген танымдық акт өзінің мазмұны арқылы эмпирикалық сананың құрылымы болып анықталады, сондықтан танушының субъективтілігінен тәуелсіз болып табылатын қандай-да ақиқат туралы ешнәрсе айтуға болмайды дей келе, психологизмнің өрістеуін Локктан бастап, Юм, Дж. Милль арқылы Вундтқа дейінгі аралықпен дәектейді.
-
Философия бұрынғыбарлықдогматикалықтұжырымдауларданазат болу керек, сондықтанбұлдәуірдіқандай-маболмасыншешімдерденқалысқалуактісіменаяқтауқажет. Осыдан тек қанажалғызсанаданажырағысызбірлік — интенционалдыққанақалады: жекеадамдықпсихологиялық, әлеуметтік, нәсілдіксипаттамаларданазатболғанжағдайдағынәрсегебағытталғансананың таза құрылымынқарастыруқажетдепатапөтеді. Осы интенционалдықарқылыГуссерльбастытеориялық-танымдықмәселе субъект-объект арақатынасыншешугеұмтылды; олекіжақтылықтыңкөпірііспетті — жалпыадамзаттықсананыңимманенттіәлемніңөкілі болу мен болмыстыңтрансценденттікәлемініңаралғындадейді.
-
Гуссерль феномендегі әртүрлі қабаттарды көрсетеді: тілдік қабықша, әр түрлі психикалық толқулар, санадағы ойланылған заттар. Нәрселік болмыс санаға іштей тән болып табылады, ол санаға қатысу арқылы өзінің объективті мағынасын табады, сондықтан нәрселік болмыс пен сана бір-біріне өзара қатынасты (коррелятивті). Сана екі жақтылықтың бірлігі болып табылады: танымдық актілер — ноэзис және нәрселік мазмұндар — ноэма, бұлар идеалдық мағынаға сәйкес келеді. Сондықтан феноменологияның мақсаты — нәрсе туралы әр түрлі айтылған пікірлердің, сөздер мен бағалаулардың күңгірттеген мағынасын ашу. Бұл бағыт материализмнің барлық формаларын және сананың тарихи түсінігін жоққа шығарады. Сондықтан феноменологияның пәні — таза ақиқаттардың патшалығы, априорлы мағыналар. Гуссерль түсінігінде, бұл бағыт «бірінші философия» болып табылады. Таным сананың ағымы: іштей ұйымдасқан және тұтасқан, бірақ нақты психикалық актілерден, таным субъектісі мен оның қызметінен салыстырмалы түрде тәуелсіз. Сондықтан феноменологиялық редукция өзінің ішкі мәнінен тереңдеп, психологиялық транс жағдайындағы ештеңеге өту бойынша танымның қатпарларын зерделегісі келеді.
-
ХХ ғасырдағығылымфилософиясы мен әдіснамасы: Философиясыжәнеәдіснамасыретіндеекі сала ретіндеқарастырылғанмен, екеуінбірпарадигмадазерделеусоңғыжылдарықолғаалынған. Бұндағылымибілімдердіңқалыптасуы, ғылымитанымәдістері мен әдіснамалары, жалпығылымитанымпарадигмаларыт.б. мәселелерсарапталады. Ғылымфилософиясыныңаясынағылымтарихыныңфилософиялықмәселелері де енгізіледі. Осығанорай, ХХ ғасырдақалыптасқанжәнежалпығылымитанымның, әсіресе, қоғамдықғылымдардыңәдіснамасынаайналыпотырғанфилософиялықбағыттармәдени-руханиаймаққа да кеңіненәсеретті. Оларәуел баста философиялықағымдарретіндепайдаболғанболатын. Соныңбірі – герменевтика,кеңмағынасында «түсінуді» әлеуметтікболмыстыңшартыретіндеқарастыратынфилософиядағыбағыт. Оныңбізгебелгілішығутарихыэллинзмдәуіріндегікөнемифоллогиялықшығармалардытүсіндіруденбасталады, мәселен, өздәуіріндеГомердіңтуындыларынсараптаудыосығанжатқызуғаболады. Олкейінненқасиеттідінижазбалардытүсіндірудіңөнерінеайналды. Бұны экзегетика депатайды. Герменевтика 19 ғасырда тек мәтіндітүсіндіруменғанашектелмейтіндей, еркіндамитынпарадигманықолғаалды. Мәселен, Дильтейбұлбағыттықоғамдықғылымдардыңарнайытәсіліретіндеқолданып, «түсіну» рухжөніндегіғылымәдісіболыптабыладыдейді.
-
ХХ ғасырдың орта шеніне таман герменевтика философиялық түсіндірмелердің негізгі ұстанымына өтті. Гадамерде болмыс өзін нақты адамдар мен құбылыстар арқылы түсінеді, бұл – болмыс, тіл, дәстүр. Қазір жалпы мағынасында шындыққа философиялық тұрғыдан келу және адамның саналы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдайтын ғылым салаларында қолданылады. Герменевтика салысының негізгі орталық түсініктері: мәтін, мәтіндік талдау, түсіну мен түсіндіру, шеңбермен тұйықталу, сұхбат, қарым-қатынас т.б. Негізгі өкілдері: Дильтей, Гадамер, Рикер, Шлейермахер, Хабермас, Бетти т.б.
-
Философиялық герменевтика – түсінуді герменевтикалық шеңберге алып келетін (бүтін бөлшекпен, бөлшек бүтін арқылы түсініледі) шексіз процесс. Герменевтика дамуындағы әр түрлілік: аударма (өз тіліне мағынаны аудару), реконструкция (шынайы мағынаны тудыру), диалог (өмір сүретіндерге қатынасты жаңа мағынаны қалыптастыру) бойынша құрылады. Реконструкция Шлейермахердің идеясы бойынша өркендей түсті, ол мәтін автордың ішкі сезім түйсіктерімен байланысып жатырғандығын атап көрсетті, ал Дильтей мәтіннің шығу жағдайына үңілді, герменевтиканың базасы сипаттамалы психология болып табылатындығын атап өтсе, Э. Бетти герменевтика философиядан тәуелсіз гуманитарлық ғылымдардың тәсілі болып қалуы тиіс екендігін негіздеді.
-
Шлейермахер Фридрих (1768 - 1834 жж.) немістің протестанттық теологы және философы герменевтиканың қалыптасуына ықпал еткен, бірақ ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген ойшыл. Негізгі шығармалары: «Дін туралы сұхбаттар» «Монологтар», «Диалектика» т.б. еңбектерімен қатар этика, эстетика, психология мәселелерімен шұғылданды.
-
ХХ ғасырда қалыптасып, тек философияда ғана емес, рухани мәдениетке де тараған ағымдардың бірі – экзистенциализм. «Экзистенция»– өзін табу, ғұмыр кешу, көріну, қалыптасу деген сияқты мағыналарды беретін, нақты болмысты білдіруде қолданылатын философиялық категория. Бұл ұғым орта ғасырда заттардың болмысының өмір сүруінің толықпағандығы, аяқталмағандығы, өзінің мәніне сәйкес келмейтіндігі және құдайлық болмыспен жаратылғандығы сияқты түсініктерді берген болатын. Қазіргі философияда іргелі, терең онтологиялық мағынада адамның ғұмыр кешуін білдіреді. Осы сөзден туындаған экзистенциализм ағымы «ғұмыр кешу философиясы» деп те аталады. Экзистенциализм түсінігі
-
Экзистенциализмді діни: Ясперс, Марсель, Бердяев, Шестов, Бубер және атеистік бағыттарға: Сартр, Камю, Мерло-Понти, Хайдеггер бөлу дәстүрі бар. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі – сенім, үміт, ауру, азап шегу, қамқорлық пен үрей, құмарлық сияқты психологиялық үрдістерді философемдерге айналдырып, оны онтологиялық тұрғыдан негіздеу болып табылады.
-
Хайдеггердің экзистенциализмі болмыстың мағынасы мәселесін орталық түсінікке шығарумен ерекшеленді және ол өзінің ілімін іргелі онтология деп атаған. М. Хайдеггердің түсінігі бойынша, тіл «іргелі онтологияның» тақырыбы ретінде болмыстан кем түспейді: «Тіл – болмыстың баспанасы, осы баспанада өмір сүретін адамдардың ішінде, ойшылдар мен ақындар баспананы қорғаушылар болып табылады. Ой, болмыстың ақиқатын айту үшін, болмыстың өзін жаулап алуына мүмкіндік береді». Ол болмыстың мағынасы мен адамның ғұмыр кешуінің мағынасын іздеуде тіл бірегей және маңызды күшке айналады дей келе, тілді лингвистикалық құбылыс ретінде қарастыруден гөрі оның сөздерінен терең бастапқы болмыстық негіздерді табады, болмыс пен тілдің арасынан өзара байланыс пен өзара тәуелділікті ашады.
-
Камю Альбер (1913-1960 жж.) – француз философы, публицист, жазушы, драматург. Негізгішығармалары: «Сизиф туралыаңыз», «Бөгде», «Бүлікшіладам», «Оба», «Шведтіксұхбаттар» т.б. Олдіниүмітжоғалғанжағдайдаәлемніңпозитивтіболмысындаүміттіқалай табу керекдегенсауалтастайотырып, адамныңбастапқыдағыәлемдітүйсінуініңабсурдтылығындәйектейді, осыданадамныңоқшауланған, парасатсызкүйін «әлемдегіболмыс» жағдайыбойыншасипаттаукеректігінзерделейді.
-
Біржағынанолабсурдтыасбурдтылықболмыстытүсінудіңайқындылығы мен саналыұғынуыныңшекарасыдепбіледі. Ер адамдықадалдықты, күрескеқаһармандықдайынболудыолөзін-өзіөлтіруге, «философиялықсуицидке» қарсықояды. АбсурдтылықфилософиянынегіздегенА.Камю «өмірдегенімізсүругетұрама, еңбастыфилософиялықмәселеосында, қалғандарыекіншіжоспардағымәселелерболуытиіс» дегенпікірінұсынаотырып, адамөмірініңмағынасыздығынкүнделіктікүйбеңтіршілікарқылыдәйектеугеұмтылады. Бірақсайыпкелгенде, бұлмағынасыздықөзін-өзіөлтіругетікелейалыпкелмейтіндігінбайыптайды.
-
Ясперс Карл(1883-1969 жж.) — неміс философы және психиатр. Негізгі еңбектері: «Бүкіл жалпы психопатология», «Дүниеге көзқарас психологиясы», «Тарихтың тағайындалуы мен мағынасы», «Ницше», «Декарт және философия», «Экзистенциалдық философия», «Ақиқат туралы», «Философиялық сенім», «Философияға кіріспе» т.б.
-
Мәселен, дүниетанымның психологиялық мәселелерінде; шынайы философиялық рефлексияның оратылығы ретінде Ясперс кез-келген рационалистік тұрғыдан құрылған әлемнің картинасы шығармашылық ойлайтын адамның жасырын жан-дүниелік ұмтылыстарының тұспалдап айтылған интеллектуальді түсіндірмелерінен басқа ешнәрсе де емес деп тұжырымдады. Болмыс «шифрленген», міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді.
-
Ясперс шынайы адам болмысының ашылуын «шекаралық жағдай» ретінде атап көрсетеді, бұл сәтте адам шынайы болмыспен бетпе-бет кездесіп, өзінің ішкі мағынасын толықтай ашады, ол жағдайлар өлім, ауру алдында т.б. көрінуі мүмкін. Адамның ешнәрсе араластырылмаған жеке даралығы, шынайы болмысы заттық әлемнің шекараларынан табылмайды, ол еркіндік: адам зерттеудің пәні немесе адам еркіндік ретінде. Философия оның түсінігі бойынша, әдістері мен пәні шешімін тапқан арнайы ғылым емес, болмыстағы өмір сүретіндігімізді ғана куәландырады, метафизика адамды болмыстың мағынасын іздеумен келістіреді. «Әлемдегі болмыс», нәрселік болмыс, «ғұмыр кешу» — болмыстың заттық деңгейі, философиялау «әлемдегі бағдар». «Философиялық сенім» ашылу емес, ойтолғамның өнімі, философиялау қабілеті кез-келген адамға тән және шынайы «тілдік қарым-қатынасқа» жету мақсатын иеленеді.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.