Презентация на тему "рим"

Презентация: рим
Включить эффекты
1 из 18
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
1.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Посмотреть презентацию на тему "рим" в режиме онлайн с анимацией. Содержит 18 слайдов. Самый большой каталог качественных презентаций по иностранным языкам в рунете. Если не понравится материал, просто поставьте плохую оценку.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    18
  • Слова
    английский язык
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: рим
    Слайд 1

    Қазақстанның ғалымдары Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында көп ғалымдар жұмыс істеді. Мысалы: Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, М. Хайдар Дулати, К.Жалаири және басқалар. XIX ғасырда Қазақстанның ғылымында П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н. П. Рычков, П. М. Мелиоранский, В. В. Радлов, В. В. Бартольд, А. А. Диваев, Ч. Уәлиханов үлес енгізді. Қазір Қазақстанда көп ЖОО-лар бар, көп ақылды, білімді, перспективалық жастар бар; және біздің Отанымыздың ғылыми шамасы болашақта тек қана даму болады... HomeWork.ucoz.kZ

  • Слайд 2

    Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Әл-Фараби (Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби) (870, Отырар қаласы — 950, Сирия (Шам)) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.

  • Слайд 3

    Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.

  • Слайд 4

    Отырар шаһары-Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан.

  • Слайд 5

    Отырар сол кездегі үлкен шаһарлардың бірі болды. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны.

  • Слайд 6

    Әбунасыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбунасыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.

  • Слайд 7

    Әл-Фараби араб, парсы, түркі, латын, грек тілдерін жақсы білген.

  • Слайд 8

    Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған.

  • Слайд 9

    Жүсіп Баласағұни Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни) 1020 жылы Балсағұн қаласы Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып, Қашқар қаласында қайтыс болған. Жүсіп Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді.

  • Слайд 10

    Қожа Ахмет Йассауи Қожа Ахмет Йассауи  Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Йасауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Йасауи 1166 Түркістан (Йасы) қаласында қайтыс болды.

  • Слайд 11

    Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.

  • Слайд 12

    Шоқан Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Қостанай облысы Сарыкөл ауданындвғы Күнтімес қыстауында дүниеге келген. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Ол Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Онда Шоқан өте жақсы оқып, терең білім алады. Кейін Шоқан Петербургтегі университетте лекция тыңдап; француз, неміс тілдерін меңгерді. 1857 жылы Батыс Қытайға-Қашқарияға баратын Ресей үкіметі үлкен экспедицияны басқару Шоқан Уәлихановқа тапсырылады. Кейін ол зор еңбегін “Алты шаһардан жайы” жазды. Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 30-жасында Қапал қаласы, Алтынемел асуында, Тезек ауылында қайтыс болған.

  • Слайд 13

    Семёнов-Тян-Шанский Семенов Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2.(14). 1.1827, қазіргі РФ,Липецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово с. маңындағы иелік — 26.2. (11.3.)1914, Санкт-Петербург] — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ҒА-ның құрметті мүшесі (1873). Семенов Тян-Шанский 1856 — 1857 ж.Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты.Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді.

  • Слайд 14

    Санжар Асфендияров Асфендиаров Санжар Сейітржапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы. Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери-теңіз министрлігінің стипендиясына оқиды. Бұл оған онан әрі қарай әскери қызметтің ауыртпалығын басынан кешуіне міндеттеді. әуелі ол Термезде болды, онан кейін майданға Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде қызмет етті. Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ сөздігі комиссиясын басқарады, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады. Ол – Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы «Әлем шатыры» деген әңгімесі, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. Алматыда Асфандиярұлы есімімен мәңгілік есте қалдыру үшін көше, мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген.

  • Слайд 15

    Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964) - аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогениямектебінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы(қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Қаныш Сәтбаев

  • Слайд 16

    Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.

  • Слайд 17

    Мұрат Айтхожин Айтхожин Мұрат Әбенұлы(29.6.1939, Петропавл — 19.12.1987, Алматы) – биология ғылымының докторы (1977), профессор (1980), Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі (1979), академик (1983), Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі, ғалым. Айтхожин — клеткалық макромолекулалардың (нуклеин қышқылдары мен белоктың) синтезі саласында аса құнды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Эукариоттық клеткаларда кездесетін клеткалық бөлшектердің жаңа класын, ақпараттық рибонуклеин қышқылдарының (ақпараттық РНК-ның) рибонуклеопротеидтік түрін (РНП-ті) — информасоманы ашқан. Айтхожин бидай дәнінің эмбриогенезі, пісіп-жетілуі, тұқымынан өнуі кезінде оның клеткаларында жүретін құбылыстарды: ақпараттық РНК-ның биогенезін, түзілуін, сақталуын және оның құрылымдық ерекшеліктерін зерттеді. Өсімдік рибосомаларының физикалық-химиялық қасиеттерін анықтап, олардың жануар рибосомаларына ұқсас екенін байқады. Жануар мен өсімдік клеткаларының суббөлшектерінен тұратын әрекеті күшті будан рибосомалар алуға, оларды зерттеуге болатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Бұл зерттеулердің эволюциялық теорияны дамытуда үлкен маңызы болды.

  • Слайд 18

    Сұрақтар 1. Қандай Қазақстанның ғалымдарын білесіздер? 2. Әбунасыр Әл-Фараби қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған? 3. Отырар қаласы қайда орналаскан? Оның басқа атауларын айтыңыздар. 4. Әл-Фараби қандай тілдерді білді? 5. Жүсіп Баласағұни кім? Ол қандай аяларда жұмыс істеді? 6. Жүсіптің ең әйгілі шығармасы қалай аталады? Ол не туралы? 7. Қожа Ахмет Йасауи қай жылы, қай жерде туды/қайтыс болған? 8. Оның біраз шығармаларын айтыңыздар. 9. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай калада орналасқан? 10. Ш. Уәлихановтың шын аты айтыңыздар. Ал қалай оны әжесі атады? 11. Ол қайда білім алды? Қандай тілдерін білді? 12. Оның әйгілі және зор еңбегі қандай? 13. Семенов Тян-Шанский нені зерттеді? 14. Ол қандай мекендерге саяхаттады? Асфендияров Саржан қай аяларда жұмыс істеді? 16. Қаныш Сәтбаев кім? Ол нені зерттеді? 17. Мұрат Айтхожин нені ашты? 18. Оның негізгі қызметтерін айтыңыздар. HomeWork.ucoz.kZ

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке