Презентация на тему "Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде" 7 класс

Презентация: Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде
Включить эффекты
1 из 14
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Смотреть презентацию онлайн с анимацией на тему "Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде" по истории. Презентация состоит из 14 слайдов. Для учеников 7 класса. Материал добавлен в 2017 году. Средняя оценка: 3.0 балла из 5.. Возможность скчачать презентацию powerpoint бесплатно и без регистрации. Размер файла 0.68 Мб.

Содержание

  • Презентация: Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде
    Слайд 1

    Қазақстанның орта ғасырлық тарихы Темірлік деректер негізінде

    Орындаған: Джалгасбаев К.П. Тексерген: Сайфулмаликова С.С.

  • Слайд 2

    Мазмұны

    Әмір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі Низам-ад дин Шами оның «Зафарнамесіндегі» Тоқтамыстың, Темірдің жорықтары Шараф ад-Дин Али Йезди және оның «Зафарнамесіндегі» Темірдің Шығыс-Дешті Қыпшаққа жорығы Абд Ар Раззак Самарқандидің деректеріндегі Тоқтамыс, Әмір Темірдің Ақ Ордаға жорықтары Мұхаммед Ховент-Шах Мирхондтың дерегіндегі Тоқтамыстың жорығы Ибн Арабшах және оның деректеріндегі Әмір Темірдің жорықтары

  • Слайд 3

    Әмір Темір және оның «Тузук-и Тимури» дерегі

    Ақсақ Темір, Темірлан (8 сәуір 1336 жыл, Қожа-Илғыр ауылы, қазіргі Шахрисабз-18 ақпан 1405 жыл, Отырар) - атақты Монғол және түрік тектесхалықтарының билеушісі, Темірәулеті империясының негіздеушісі. «Тузук-иТимури» шығармасының авторы.Шығарманың авторы туралыәр түрлі көзқарастар бар. Кейбірзерттеушілермысалы, Н.Д. Миклухо-Маклай Әмір Темірбұл шығарманың авторы емесдепесептейді.

  • Слайд 4

    «Тузук-иТимури» шығармасы

    «Тузук-иТимуридің» толық редакциясыаудармашының кіріспесіненжәне екібөлімнен тұрады.

  • Слайд 5

    Еңбектің мазмұны

    Орта Азия халқының тарихынзерттеуде «Тузук-иТимури» маңызды да құнды дерек. ОндаЖошыҰлысы мен Мауараннаhрдың өзара қарым-қатынасы тарихынақатысты құнды мәліметтер бар. ЖошыҰлысының билеушілері Бату хан, Беркехандардың Шағатай ұлысына белгіліықпалы болды, ХІV ғасырдың біріншіжартысындабұл ықпалдылық күшейе түсті. «Тузук-иТимуриде» Әмір Темірдің Бату хан заманынанберіМауараннаhр мен Түркістанның жекелегенқалалары менауылдарындабилікқұрып келгенЖошыҰлысының көшпелі тайпаларыменкүресі баяндалады.

  • Слайд 6

    Низам-ад дин Шами «Зафар-наме»

    Низам ад-Дин Абд-алв-аси Шами Тебриз қаласының маңындағы Шабзи Газанда туған. Бұл қала маңында Газанның Хулагуилықтар ильханының мазары болған. Сол қала маңының атына байланысты ол өзіне лақап ат алды. Низам ад-Дин Шамидің өмірі және еңбегі туралы мәліметтер өте аз. Темірдің жеке жорықтарын баяндайтын күнделіктер, сол сияқты Темірдің жорығына қатысушылар мен оның серіктерінің ауызша әңгімелері және Темірдің өзінің айтқан әңгімелері арқау болды. Низам ад-Дин Шами 1404 жылы жазған тарихын аяқтап, оқиғаны 1404 жылдың наурызына дейін жеткізеді де Темірге табыс етеді. Темір шығарманы құптап, оған Зафар-наме – «Жеңіс кітабы» деген ат береді.

  • Слайд 7

    Зафар-наме

    Зафар-наме – Темір билігі туралы жазылған алғашқы арнайы толық тарих. Темір тарихнамасына байланысты шығарма жазған соңғы авторларға осы туындының әсері мол болды. Олардың бәрі дерлік шығарманың жоспары мен құрылымын ешбір бұлтарыссыз қабылдап кейде оның мазмұнын құрастырып жазды. Шами туындысы «Темірдің ресми тарихының бетін ашып» берді, оны кейін Хафиз-и Абру және Шараф ад-Дин Али Йезди жалғастырды. Хафиз-и Абру бұл шығарманы өзінің Маджуа деп аталатын толық тарихи жинағына енгізді. Шамидің Зафар-намесі – 1358 жылдың 1404 жылдың наурызына дейінгі 46 жылды қамтитын, Темірге арналған өте қызықтыда құнды деректеме. «Жеңіс кітабы» атының өзі Темір билігінің саяси тарихы және оның жорықтары мен жаулап алу жылнамасының мазмұнын дәлме дәл береді.

  • Слайд 8

    Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафар-наме»

    Йезда қаласында дүниеге келген Шараф ад Дин Али Йезди Шахрух сұлтанның сарайында, сондай-ақ Фарста билік еткен (1415-1435) оның ұлы Ибраһим сұлтанның қол астында сарай ғалымы, әдебиетшісі және эпистолярлы стильдің бірегей білгірі ретінде қызмет атқарды. Шахрух өлгеннен кейін Сұлтан-Мұхаммед оған сарайдан кетіп, туған жеріне оралуға рұхсат береді. Шараф ад Дин 1449 жылы Йезд қаласының маңындағы Тафт атты елді мекеніне қоныс теуіп, сол жерде 1454 жылы дүние салады.

  • Слайд 9

    «Зафар-наме»

    Зафар-наме – Темір туралы тарихи мәліметтердің толық жинағы болып саналатын, сол заманда кеңінен таралған шығарма. Зафар-наме Шираз қаласында 1424 жылы аяқталады. Шараф ад Дин Йездидің айтуы бойынша, бұл шығарманы хатшылардың көмегімен Ибраһим сұлтан жазған. Одан кейін туынды сол дәуірдің ең мықты стилистерінің бірі болып саналатын Йездиге тапсырылады, Йезди оны «жоғары стилге» сәйкес астарлап әрі көркемдеп, өңдеп шығарады. Қазіргі зерттеушілердің пікірінше, Зафар-намені жазудағы Ибраһим сұлтанның ролін Шараф ад Диннің өзі асырып айтқан.

  • Слайд 10

    Абд Ар Раззак Самарқанди

    Камал ад-Дин Абд ар-Раззак ибн Жалал ад-дин Ысқақ Самарканди 1413 жылы Герат қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Маулана Жалал ад Дин Ысқақ сол жерде дүниеге келгендіктен оған Самарқанди есімі берілген. Абд ар-Раззак Тимурлықтар әмірлері Хорасан Шахрух (1404-1447) пен Сұлтан Абу Саидтың (1452-1469) сарайында қызмет етті. 1462 жылы сұлтан Әбу Сейт оны 1410 жылғы Гераттағы Шархух құрған хандықтың шейхі етіп тағайындады. Сол жерде, Гератта 1482 жылы Әбд Ар Раззак қайтыс болды.

  • Слайд 11

    «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн»

    «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі Ельхан Әбу Сейттің туғын жылы 1304 жыл мен Темірдің өлімі мен және 1470 жылы оның немересі Мырза Халелдің Самарканда патшалық құрған кезіндегі жүз жылдықтағы оқиғаларды қамтиды. Екінші бөлім Әмір Темірдің төртінші ұлы Шахруқтың таққа келуі мен 1470 жылғы Сұлтан Хусейннің қайта билік еткен аралықтарын баяндауға арналған. Өзінің еңбегінің бірінші және екінші еңбегінде 1426 жылға дейінгі оқиғаларды суреттеу барысындағы ол Хафиз-и-Абру мен Шараш ад дин Али Езди еңбектеріне қысқаша мазмұндама берген. «Матла ас–са дайн ва маджама ал–бахарйн» 1426 жыллан кейінгі оқиғалардың әрі қарай өруі 45 жылды қамтиды және оны Абр ар Раззак Самарканди өзі жазған.

  • Слайд 12

    Мұхаммед Ховент-Шах Мирхондтың

    Толық аты Мұхаммед ибн Ховент–шаж ибн Махмұд Мирхонд – «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук» (Пайғамбарлар, патшалар және халифтерге қатысты тазалық бақшасы) атты көлемді тарихи еңбектің авторы. Ол 1433 жылы Балхта дүниеге келген. Оның әкесі, Бурхан–ад–Дин, Бұқараның сейттер көне руынан, Балхқа келіп, сол жерде өмір сүріп, дүние салған. Мирхонд өмірінің басым бөлігін (1433-1498) Гератта Темірліктер әулетінің ең соңғы өкілі – Сұлтан Құсайын Байғараның сарайында өткізді. Бұл жерде ол атақты ақын және мемлекет қайраткері Мир Али–Шер Науаидің қамқорында болып, соның талабымен өзінің ірі шығармасын жазуға кірісті. Өмірінің жартысын көптеген тарихи кітаптарды оқумен өткізгендігін Мирхондтің өзі де айтады. Мирхонд Гератта 1498 жылы қайтыс болады.

  • Слайд 13

    Ибн Арабшах

    Ибн Арабшах араб жазушысы. 1389 жылы Дамскіде дүниеге келген, оның бүкіл өмірі саяхаттаумен өткен. 1402 жылы Әмір Темір әскері Бағдатқа кіргенде бала Ибн Арабшахты тұтқындап Самарқандтқа әкеледі. Самарқандта Ибн Арабшах медреседе білім алады.Әмір Темір қайтыс болғаннан кейін де Самарқандта тұрып, 1412 жылы Қырым арқылы Эдирнеге жетеді.Эдирнеде он жылға жуық Османдық сұлтан Мехмед І қызмет етеді. Ибн Арабшах түркі, парсы тілдерін білді, кейін аудармамен айналысты. Оның Әмір темір туралы жазған еңбегі 1636 жылы арабша Лейденде, 1658 ылы Парижде французша, 1812,1814 ылы Калькутада Ахмеда-ибн-Мохаммеда ибн аль-Ансари-Йеменидің редакциясымен ағылшынша басылып шықты. Алтын Орда қатысты тарауларын алған орыс тіліне В.Г. Тизенгаузен аударды.

  • Слайд 14

    Назарларыңызға рахмет!!!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке