Содержание
-
2 тақырып. ЭМР-дің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмдері. 2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу 3. ЭМР-дің құралдары мен принциптері және олардың ерекшелігі. 4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. 5. Акселератор, мультипликатор түсінігі.
-
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмдері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті – мемлекет мүддесін сақтау, қоғамды және халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік жағынан қорғау болып табылады. Экономиканы реттеудің негізгі әдістері: 1-ші,нарықтық, яғни тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы өндірістің өсіп дамуы төлем қаблеті бар сұранысқа байланысты. Сонымен қатар нарықтық тетіктер экономиканың дамуын сипаттап қана қоймайды, оның құлдырауын, дағдарысқа ұшырауын да көрсетеді.
-
3-ші, тікелей мемлекеттік басқару – яғни жекелеген салаларда объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды, мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери қорғаныс, энергетика, қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, емдеу-сақтыру орындары, қазба байлықтар және т.б. мемлекеттік маңызды объектілер жатады.
-
Мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі тәсілдері бар:
салықтық реттеу; ақша-несие қатынастары арқылы ретте; бюджеттік реттеу; баға арқылы реттеу; мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу; сыртқы экономикалық қатынасты реттеу.
-
салықтықреттеу – салық салу, оның түрлерін ставкаларын белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе салықтан босату; ақша-несие қатынастары арқылы реттеу - салық жүйесін қоса алғанда, мұны мемлекеттің фискалдық саясаты деп атайды, осы арқылы ақша айналысына ықпал етеді. Мемлекет ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктің қарыз пайызының ставкасын белгілейді, зайымдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады; бюджеттік реттеу - мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджетті әртүрлі бағыттар бойынша жұмсайды. Сонымен қатар мемлекет салық төлемдерінен тыс мемлекетке қосымша төлем белгілей алады, сол арқылы ақша айналысы мен қор жинуады реттейді; баға арқылы реттеу - нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, одан артық қоюға тыйым салады;
-
мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу - мұнда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі де, осы арқылы концерндерге, фирмаларға, кәсіпорындарға, белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери тапсырыстар мен қоғамдық көлікке тапсырыс береді; сыртқы экономикалық қатынасты реттеу – сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты сол елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау.
-
Макроэкономикалық жағынан қарағанда ұлттық экономиканың құрылысы келесі нақты құрастырылған қатынастар жүйесімен сипатталады:- елдегі өндіріс ресурстары арасындағы;- қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделу арқылы бөлінген экономикалық агенттер арасындағы ресурстардың бөлінуі;- осы агенттердің өндіріс көлемі арасындағы;- өнімнің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процессінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрылымдық бөлімдері арасындағы.
-
Басты бағыттары:- қаржылық;- ақша-несиелік;- әлеуметтік саясат.Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері екі топқажіктеледі.
-
Бірінші топқа: жалпы, жеке және арнайы әдістер жатады. * Жалпы әдіске – диалектика, талдау, синтез, индукция, дедукция сияқты танымдық әдістерінің жиынтығы жатқызылады. * Әлеуметтік-экономикалық дамудың үрдістерін мемлекеттік реттеуде жеке әдіс жиі қолданылады.
-
Ол статистикалық және экономикалық – математикалық әдістердің төмендегі түрлерін қамтиды: Экстраполияциялық әдіс. Экономикалық топтастыру әдісі. Индекстік әдіс. Бюджеттік әдіс. Арнайы әдістер. Баланстық әдіс . Мақсатты– бағдарламалық әдіс . Нормативтік әдіс.
-
Экстраполияциялық әдіс – бұл әдіс алғашқы болжамдарды жасауда және негізгі бағыттарды жобалауда қолдануға ыңғайлы. Экономикалық топтастыру әдісі – бір немесе бірнеше ұқсас белгілердің негізінде қалыптасқан құрылымдық, тізбектер жиынтығы. Индекстік әдіс – бұл әдіс әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі көрсеткіштерін салыстыруда пайдаланылады. Бюджеттік әдіс – бұл әдіс әртүрлі топтағы халықтың өмір сүру деңгейі туралы статистикалық ақпаратты алу мақсатында қолданылады.
-
Арнайы әдістерге – мемлекеттік реттеудің барлық үлгісінде аса маңызды орын алатын – баланстық, мақсатты-бағдарламалық және нормативтік әдістер жатады.Баланстық әдіс – шаруашылықтың сала аралық қатынасын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.Мақсатты– бағдарламалық әдіс – экономиалық мәселелерді шешуде кешенді тәсілдемені қолдану.Нормативтік әдіс – болжамды үрдістердің оңтайлы көлемін қамтиды және әртүрлі деңгейлердің арасындағы қарым-қатынасын болжайды.
-
Нормативтердіңмынадайтүрлеріболады:Техникалық-экономикалықнорматив.Экономикалықнорматив;Әлеуметтікнорматив.Экологиялықнорматив.
-
Нормативтердіңмынадайтүрлеріболады:Техникалық-экономикалықнорматив – бұлшикізаттардың, отынның, электроэнергияныңшығындарынанықтауғамүмкіндікбереді.Экономикалықнорматив – яғни, мемлекеттіңэкономиканыреттеудеқолданатынқұралдары:- мүлікке, табысқа, пайдалықазбалардыөндіругесалынатынсалықтар;- бюджеткеаударылатынаударымдар мен трансферттер;- міндеттірезервтікаударымдардыңнормалары, есептікставкалар.Әлеуметтікнорматив – тұтынубюджетіменжәнекүнделіктіөмірсүрудеңгейінегізіндежасалынады, оларбелгілінормативтікәдіспенанықталғанеңтөменгітұтынубюджетінежәнеоңтайлытұтынубюджетінесүйенеді.Экологиялықнорматив – атмосферағазияндықалдықтардың, судыңластануыдеңгейін, жерді, суды пайдаланумөлшерлерінкөрсетеді. Бұлмөлшерлертабиғижүйелердіңсақталуына, жалпытабиғаттыұтымдыпайдалану мен табиғаттысақтаушараларыныңтиімділігіндәлесептеукепілдіктерінбереді.
-
Мемлекеттікреттеудіңәдістерініңекіншітобыәлеуметтік-экономикалықүрдіскеәртүрлішаралардыңәсеретуіненқұралады. Мұнда мемлекет келесі әдістерді қолданады.1. Тікелей әсер ету. 2. Жанамаәсер.
-
-
Мемлекеттікреттеудіңәдістерініңекіншітобыәлеуметтік-экономикалықүрдіскеәртүрлішаралардыңәсеретуіненқұралады. Мұнда мемлекет келесі әдістерді қолданады.1. Тікелей әсер ету – яғни, мемлекеттік меншік пен ресурстарды тиімді пайдаланудан құралады. Оғанкіретіндер:- мемлекеттіккәсіпорындардыңқаржылықоперацияларынолардыңқұрлымы мен шаруашылықтықмақсаттарынабағытталуынбақылау;- мемлекеттіксектордағыкәсіпорындардыңөндірістіктапсырмаларын, бағалар мен тарифтердібелгілеу;- валюталықсектордыбақылау;- капиталдысыртқашығарудышектеу;- ақшабелгілерінэмиссиялау;- кәсіпорындарғалицензиялар беру;- шектеу, рұқсатету, мәжбүрлеудіңбасқадайәкімшіліктікшаралары.2. Жанамаәсерету – мемлекеттіксалықжүйесі, несие, кедендіксалымдарарқылышаруашылықсубъектілерініңіс-әрекетінеәсеретеді.
-
2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – жекелеген фирмалардың нарықты монополизациялауын болдырмау. Ол әкімшілік (заңдық) әдістер мен нормативтік бағдарланған әдістер арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – бұл бәсекелес нарықтың тиімді қызмет ету шарттарын қамтамасыз ету және оның шектен тыс монополизациялануына жол бермеу мақсатында мемлекет жүзеге асыратын экономикалық, әкімшілдік және заңдық шаралар жиынтығы.
-
Экономикадағы монополизмнің негізі белгілері: - бәсекелестікті шектеу; - тұтынушыны кемсіту; - бағаныжасандыкөтеру; - өнімшығарылымыназайту.
-
Монополияға қарсы қызметке кіретіндер: - бәсекелестіктің еркіндігін шектеуге заң жүзінде тыйым салу; - жекелеген ұйымдардың нарықтағы басымдықтарға ие болуына мемлекеттік – билік арқылы жол бермеу; - кәсіпкерлікті нарықтағы сұранысы жоғары өнім мен қызмет түрлерін ұлғайтуға ынталандыру шаралары арқылы қолдау. Мемлекеттің монополияға қарсы қызметтің мақсаттары: - нарықтыөнімдерменқызметкөрсетулерментолықтыру, тапшылықтыжою; - бәсекелестіктідамыту, әділетсізбәсекелестіктіңалдыналу, жәнеөркениеттінарықтыққатынастықалыптастыру; - қалыптасқанмонополияқызметіншектеужәнеалдыналу, жемқорлықпен, заңбұзушылықпенкүресу; - жаңа, еңбастысымемлекеттікемес, экономикалыққұрылымдардықолдау; - тұтынушыларқұқығынқорғау;
-
Монополияғақарсызаңдылықтыңміндеті – елэкономикасыныңтиімдідамуыүшінжағдайжасауболыптабылады. Бұлміндеттер: - кәсіпкерлікпенбәсекелестіктідамытуүшінқолайлыжағдайларменқамтамасызетужәнеынталандыру; - құқықтықнегіздебәсекелестікжолындағыбарлықкедергілердіжою; - бәсекелестікқағидасынбұзужәнемонополиялыққызметүшінжауапкершіліктіңқұқықтықтәртібінанықтау.
-
ҚРмонополияғақарсысаясатаумағындағыатқарушыбилікорганы Монополияғақарсы комитет
Негізгіқызметінежататындар: - монополияғақарсызаңнаманыжетілдіру, ұсыныстардыәзірлеужәне оны тәжірибедеқолдану; - бәсекелестік пен тауарнарығындамытуғабағытталғаншараларөткізунегізінденұсқауларәзірлеу; - өндіріс пен айналымдымонополиясыздандыруғабағытталғаншаралардыіскеасыру; - акциялардысатужәнесатыпалубойыншаірімәмілелердібақылау; - шаруашылықсубъектілерінқұру, қайтақұру, таратукезінде, монополияғақарсыталаптардысақтаудыбақылау.
-
Қазақстандамонополияғақарсызаңнама1991 жылғы 16тамыздағы «Монополиялыққызметтішектеужәнебәсекелестіктідамытутуралы» ҚР Заңыныңқабылдануыменбайланыстықолданысқаенді. БұлЗаң, өнімнарығындағышаруашылықсубъектілерөздерініңбасымжағдайынасырапайдаланудыңалдыналужәнеескертугебағытталғанмемлекеттікмонополияғақарсысаясаттыңнегізгіережелерін, сондай-ақәділетсізбәсекелестіктүрлерінжәнеолардыжеңутәсілдерінайқындады.
-
1992-1993 ж.жнарықтағыбасымжағдайдыиеленгенкәсіпорынқызметінбағалауарқылыреттеукеңіненқолданылған. Қазіргікездегібағасаясатытабиғи монополия қызметінреттеушеңберіндеартықшылықпеніскеасырылады (1998ж. 15-шілде, «Табиғимонополиялартуралы» ҚР Заңы);
-
ҚР монополияғақарсызаңнамасыныңжалпыжағдайындағынегізгіүшсәттіатапкөрсетугеболады: - республикалықмонополияғақарсызаңнамақазіргікезденегізіненазық-түлікнарығынреттеубөлігіндебасымқалыптасқан; - банктік, сақтандыруқызметнарығы, бағалықағаздарнарығыжәнебасқа да заңдыжәнежекетұлғалардыңақшақаражаттарынпайдалануменбайланыстысалалардымонополияғақарсыреттеубұрынғыдайшектеуліжүзегеасырылады; - табиғимонополиялартуралыреспубликалықзаңнамақалыптасқанжәнетабиғимонополияныреттеудіңқұқықтықбазасықалыптасты.
-
Шетелдіңмонополияғақарсызаңнамаларыныңқазіргіжағдайынсипаттайотырып, әдеттезаңнаманыңекітүрінбөліпкөрсетугеболады: - американдық; - батысеуропалық. Американдықтұрпатымонополиялықымыраласунемесеодақтасудыңкез-келгенформасынжоққашығарады. Заңнаманың треске қарсы және картельге қарсы бағытталғандары бар. Треске қарсы заңдар олардың құрамына кіретін фирмалардың кез-келген дербестігінен толық айырылуы орын алатын одақтар, бірлестіктер, концерндердің әрекеттеріне қарсы бағытталған. Батыс еуропалық тұрпаты неғұрлым либералды болып табылады, онда барлық монополия шектелмейді, тек сол немесе өзге нарық аумағында бәсекелестіктің мүмкіндіктерін елеулі шектейтіндерге ғана тыйым салынады.
-
3. ЭМР-дің құралдары мен принциптері және олардың ерекшелігі
Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үрдісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына – қазыналық және қаржылық саясат; әлеуметтік саясат; әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
-
Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық болып бөлінеді. Әкімшілік құралдар мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.
-
Мемлекеттік реттеудің негізгі әкімшілік құралдары: - қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық аумағындағы саясат; - ақша саясаты; - табысты реттеу саясаты; - әлеуметтік саясат; - баға белгіленімін мемлекеттік реттеу; - сыртқы экономикалық реттеу.
-
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-несие қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді және ол мынадай негізгі элементтерден тұрады: - экономикалық болжау. - экономикалық дамуды бағдарлау. - экономикалық дамуды бюджеттеу. - индикативтік жоспарлау.
-
- экономикалық болжау – экономикалық салалардың болашағын алдын - ала болжау, яғни мақсатты анықтаудың, әлеуметтікэкономикалық дамудың стратегиясы мен тактикасын жасаудың негізі болып табылады. - экономикалық дамуды бағдарлау – барлық экономиканың немесе оның жекелеген салаларының (аймақтардың, көп салалы кешендердің) даму бағдарламаларын жасау және оны іске асыру. Бұл экономикалық дамудың үрдісіне мемлекеттің тікелей белсенді араласуының негізгі құралы. - экономикалық дамуды бюджеттеу – елідің мемлекеттік бюджетін, экономикалық дамуға мемлекеттің араласу құралы ретінде қолдану және оны іске асыру. Мемлекеттік бюджет – бұл еліміздің экономикалық дамуын нақты басқарудың негізгі құжаты. - индикативтік жоспарлау – бұл көп кезеңді үрдіс. Ол еліміздің экономикасының дамуының жоспарын жасай отырып, шаруашылық субъектілеріне оның көрсеткіштерін жеткізеді және жоспарлық көрсеткіштердің орындалуын бақылайды. Индикативтік жоспар – ұлттық экономика шеңберінде макроэкономикалық саясатты жасау және жүргізудегі негізгі құжат болып табылады.
-
Қоғамдағы мәселелерді шешу негізінде экономикалық дамудың көрсеткіштерін сипаттайтын құралдар: экономиканың макроқұрылымдық үлгісі; экономиканың құрлымдық - салалық үлгісі; экономиканың қаржылық-құндылық үлгісі.
-
экономиканың макроқұрылымдық үлгісі – бұл үлгі қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірістің жүйесін ұсынады, физикалық көлем серпінінде қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісінде маңызды макроэкономикалық ауыспалылықтың өзара байланыстылығын сипаттайды. Ол халық шаруашылығындағы өндірістік ресурстардың айналымы мен өнімдердің айналымын: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну сияқты ұдайы өндіріс үдерісінің тізбектілігін сипаттайды; экономиканың құрлымдық - салалық үлгісі – ол төмендегідей болжамдық міндеттерді шешеді: - ұдайы өндіріске қатысушылардың соңғы сұранысын қамтамасыз ететін мөлшердегі қоғамдық өндірістің салалық құрылымның болжамды есебін; - экономикалық деңгейлерге техникалық-экономикалық көрсеткіштердің әсер етуін бағалау; - өзгермелі жиынтық сұранымының әсерінен болатын экономикадағы салалық қозғалыстық есебін; - елдің құрылымдық экономикалық дамуының қаржылық көрсеткіштеріне техникалық-экономикалық параметрлердің әсер ету ағымын бағалау; экономиканың қаржылық-құндылық үлгісі – бұл экономикадағы қаржылық тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
-
Қазіргі нарықтық экономика құрлымында әртүрлі бөлімдерді жіктеп көрсетуге болады. Олар: - функционалдық құрылым. - әлеуметтік құрылым. - салалық құрылым. - территориялық құрылым.
-
Олар: - функционалдық құрылым – бұл ЖҰӨ әртүрлі қажеттілікке бөлуді сипаттайды: яғни, жеке меншіктік және мемлекеттік тұтыну, жалпы жинақтау, таза экспорт. Бұған өнім құнының - еңбек, капитал, жер, ғылыми-техникалық даму сияқты өндіріс факторларына байланысты қалыптасуын жатқызуға болады; - әлеуметтік құрылым – бұл қоғамдық өндірісті әлеуметтік секторға бөлуді сипаттайды: яғни, жеке меншіктік сектор (корпоративтік жеке меншік секторы), корпоративтік мемлекеттік – жеке сектор, мемлекеттік сектор (унитарлық және қазыналық кәсіпорындар), үй шаруашылықтары секторы. - салалық құрылым – бұл экономикада ЖҰӨ өндірудегі жеке салалардың үлесін сипаттайды. - территориялық құрылым – бұл әртүрлі территориялық құрылымдағы ЖҰӨ-ді өндірудің үлесін сипаттайды.
-
(Жалғасы)4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс.
Жиынтық сұраныс – бұл тұтынушылар кез келген мүмкін болатын бағамен сатып алуға даяр ұлттық өндірістің нақты көлеміне тең экономикалық агрегат. AD графигі баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ көлемі арасындағы байланысты сипаттайтын кері ылдыйы бар қисық Р AD У
-
Жиынтық ұсыныс – әрбір бағаның мүмкін болатын деңгейінде өндірістің нақты, яғни қолдағы бар көлеміне тең экономикалық агрегат.AS үлгісінің графигі бағамен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсететін қисық Р AS У
-
Бағаның тепе-тең деңгейі мен өндіріс көлемінің тепе-теңдігі жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңдігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік графикте AD мен AS қисықтарының қиылысу нүктесімен суреттеледі Р AD AS У
-
Жиынтық сұранысты экономиканың секторларына сәйкес бөлу бойынша мына құрылымы анықталады:- Үй шаруашылықтарының жиынтық сұранысы (немесе тұтыну (С));- Кәсіпкерлердің капиталды құрал-жабдықтарына деген сұранысы (немесе инвестициялар (I));- Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысы (немесе мемлекеттік сатып алу (G));- Шетел азаматтарының отандық тауарларға деген сұранысы мен отандық азаматтардың шетел тауарларына деген сұраныстың арасындағы айырмашылығы (немесе таза экспорт (Х));
-
Басқаша айтқанда, AD = соңғы өнімге деген сұраныстың жалпы сомасы = C + I + G + X = ЖҰӨ.Жиынтық ұсыныс деп кәсіпкерлік және мемлекеттік секторларының сатуға дайындаған соңғы тауар мен қызметтерінің жалпы сомасының ақшалай түрдегі көлемін түсінеміз. Олай болса, жиынтық ұсыныс ЖҰӨ-ге тең болады (AS = ЖҰӨ), немесе, есептеген кездегі байқалмайтын айырмашылықтарды ескермегенде, жалпы ұлттық табысқа тең болады.
-
5.Акселератор, мультипликатор түсінігі.
Макроэкономиканың қызмет ету туралы Кейнстік түсінік «мультипликациялық» эффект теориясында орын алды. Кейнс теориясында мультипликатор дегеніміз инвестиция өзгерісінен табыстар өзгерісінің тәуелділігін көрсететін коэффициент.
-
Экономика тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнстік теория инвестиция өскенде, ЖҰӨ бастапқы қосымша инвестицияға қарағанда әлде қайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардың мультипликациялық (өспелі) эффектіге жеткізетіндігінен шығады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмысбастылықты көбейтеді. ЖҰӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш эффект мультипликациялық эффект деп аталады.Мультипликатор - инвестиция көлемі ұлғайғандағы ЖҰӨ-ның өсу шамасын көрсететін сандық коэффициенті. Ол ЖҰӨ өсімшесінің инвестиция өсімшесіне қатынасы арқылы анықталады.
-
Акселератор. Тұтыну заттарына деген сұраныстың өсуі машиналар мен жабдықтарға деген сұраныстың бірнеше мәртеге өсуіне алып келетін жалғаспалы реакцияны туғызады. Бұл заңдылық акселератор эффекті деп сипатталады (акселертор - жылдамдаушы).
-
Акселераторды инвестициялар мен тұтынушылық сұраныстың (дайын өнім) немесе ұлттық табыстың өсуінің арасындағы қатынас ретінде қарастыруға болады:v =It / (Yt-1 - Yt-2) Бұл жерде v - акселератор, І – инвестициялар, Y – табыс (немесе тұтынушылық cұраныс), t – инвестиция жасалған жыл.
-
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒАКӨП-КӨП РАХМЕТ !!!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.