Презентация на тему "Мазмұны"

Презентация: Мазмұны
1 из 31
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Скачать презентацию (1.34 Мб). Тема: "Мазмұны". Содержит 31 слайд. Посмотреть онлайн. Загружена пользователем в 2017 году. Оценить. Быстрый поиск похожих материалов.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    31
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Мазмұны
    Слайд 1

      ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП «АЯГӨЗ ҚАЛАЛЫҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ»   Студент: Жакаева Аяулым мамандық: Қаржы топ: 32 фин  

  • Слайд 2

    Мазмұны

    I.Ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі ІІ. Шаруашылық субъектілікұйым есебі мен бухгалтерия құрылысы Ш. Негізгіқұралдар және материалдыемесактивтересебі ІУ.Тауарлы - материалдық запас және жабдықтаушылардан алу ретіесептелінуі V. Еңбек және төлемнің есебі VI. Меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі VII. Қаржылық есеп беру VIII.Ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі. IX. Кәсіпорының меншік капиталы X. Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері XI. Ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары ХП.Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кететін шығындар ХШ..Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау ХІV.Ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау XV.Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

  • Слайд 3

    Кіріспе Өндірістік тәжірибенің нақты мақсаты – білім алушының білім алу қабілетін арттыру, мамандығының ұшқыр,терең қабілетіне,білімнің кілтін ашу арқылы болашақта қабілеті жоғары маман болуға,тәжірибе жинауға,өз елінің елеулі тұлға ретінде өз мамандығының іскері болуға бағытталған.

  • Слайд 4

    “АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ”ТАРИХЫ

    «Аягөз қазақ лицей мектебі» –білім беру бағытында қызмет корсетеді. Шығыс Қазақстан обылысы Аягөз ауданы Қабанбай көшесінде орналасқан..Онда 90 адам жұмыс істейді.

  • Слайд 5

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның өндірістік құрылымы мен шаруашылык субъектінің есебі

  • Слайд 6

    “АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ” ДИРЕКТОРЫ Қасымжанов Айтқазы Оралбекұлы

  • Слайд 7

    Бас бухгалтер Экономист

  • Слайд 8

    Негізгіқұралдар және материалдыемесактивтересебі Негізгіқұралдаресебі. Кәсіпорында негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі құралдары қабылдау-тапсыру (орын ауыстыу) актісі негізінде құралдар құрамына жекелеген объктілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезіне (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуы, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

  • Слайд 9

    Материалдық емес активтер есебі «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің– ның материалдық емес активтеріне тоқталатын болсақ: жалпы алғанда,материалды емес активтер келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімді келешекте табыс келтіретін ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қолмен ұстауға жатпайтын экономикалық ресурстар.Бұлардың физикалық үлгісі болмайды .Халықаралық стандарттарға сәйкес, сезілмейтін активтер (саудалық марка, патенттер) егер олардың өлшеу құны бар болып, мекеме сатып алған болса, активтер құрамына қосылады.

  • Слайд 10

    Тауарлы - материалдық запас және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі  Тауарлы - материалдық запастардың жабдықтаушылардан алу реті және оның құжатталуы. Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар сатып алынады.

  • Слайд 11

    Қоймадағы және дүкендегі тауарлар есебінің ұйымдастырылуы

    Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады. Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді: Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.

  • Слайд 12

    Тауарлы есеп тағайындауді қабылдау және тексеру тәртібі

    Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады. Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауапты немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

  • Слайд 13

    Тауарлар мен ыдыстарға инвентаризация жүргізу тәртібі Инвентаризациябастамас бұрын, инвентаризация жүргізуші комиссия мүшелері белгіленеді. Мұндағы материалды бухгалтер және қоймашы жүргізеді. Біріншіден аурухананың техникалық құралдарына инвентаризацияны бастайды.Стат кабинетінен бастап, компьютер құралдарына есеп ашылды. Олар негізгі құралдар есебіне жататындықтан 24150000040 бұл нөмір компьютер жабдығының инвентаризациялық нөмірі,ол нөмір 11 саннан тұрады.

  • Слайд 14

    Еңбек және төлемнің есебі Жұмысшылардың жұмысқа келуі мен жұмыстан шығарылу жөніндегі құжаттардың ресімделу тәртібі “Аягөз қазақ лицей мектебі»АҚ қызметкерлердің айдың аяғына дейін жұмыстан шығарғанда немесе ол демалысқа шыққанда еңбек төлемі бойынша есеп айырысу құжаты жасалады. Оның деректері 1 ай өткеннен кейін есеп айырысу төлеу тізімдемесіне көшіріледі. Айдың бірінші жартысы үшін есептелген аванс және екінші жартысы үшін есептелген еңбек төлемін төлеу тізімдемесі бойынша беріледі

  • Слайд 15

    Еңбекақы бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуі Жеке еңбек шарты – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын жұмысты орындауға міндеттенеді. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ -1 үлгі) құжаттайды.

  • Слайд 16

    Еңбекақыбойынша ұсталымдар. Еңбекақы есептеген кезде бекілілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып  қалынады. Еңбекақы қорына  байланысты  әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбекақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді. Міндетті зейнетақы жарнасы 10% Жеке Табыс Салығы= 10% Әлеуметтік салық 11% Проф союз – мөлшерлеме бойынша   Соның ішіндеәлеуметтік жарна 5%

  • Слайд 17

    Қорларға аудару есебі. Салықтар мен зейнетақы қорларының аударылуы  Міндетті зейнетақы жарналарын - ұстап қалудың жарлығына сәйкес әзірленген және төлеушілердің міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуы мен жинақтаушы зейнетақы қорына аударудың тәртібі белгілейді.Сондай – ақ аурухананың есеп саясаты жарлығында бекітілген. Заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмайтын аурухана қызметшілеріне айналысатын жеке тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарында жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуші ретінде тіркеуге жатады.

  • Слайд 18

    VI. Меншік капиталы мен қаржылық қорытындылардың есебі Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

  • Слайд 19

    Қаржылық қорытындылардың шығарылуы мен есебі Ұйымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және ұйымның, тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мәліметтер экономикалық ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін сипаттап отырады. Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады. Қаржылық нәтиже ұйымдар қызметінің тиімділігін және қосымша келтірілген ресурстардың осы жылғы сипатын анықтау үшін де қажет.

  • Слайд 20

    VII. Қаржылықесепберу.   Жылдық есеп берудің құрылуы және байланысы, алдын - ала жүргізілетін жұмыстар тәртібі.   Аягөз қазақ лицей мектебі қаржылық есеп тағайындаудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды тағайындау болып табылады. Қаржылық есеп тағайындаудің пайдаланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай – ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

  • Слайд 21

    Жылдық есептің құрылуы тәртібі, жылдық табыс бойынша декларация   Жылдық есеп беру барысын есептер алдында жалпы табыс -өнімді, жұмысты, қызметті ауруханаға келушілерінен төлемнен түскен табыстан өнімнің нақты каржылық нәтижесі, кезең шығыстары - жұмыстың, қызметтің , жалпы және әкімшілік шығыс, сатып алу бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары, негізгі қызметтен тұскен табыс, яғни - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы

  • Слайд 22

    Мекеменің қаржылық жағдайының бағалануы, түсіндірмелік жазуының құрылуы Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп тағайындаудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Слайд 23

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙІ МЕКТЕБІ» ұйым каржысы.Кәсіпорының қаржылық есеп саясаты.Ұйымның қаржылык механизмі

    «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің ұйымдар қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функциларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады. Экономикалық мәні жағынан ұйым қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарынқалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларынорындауға пайдалануүшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бірбөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланыстыболатынақшалай қатынастарды білдіреді.

  • Слайд 24

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙІ МЕКТЕБІ» Кәсіпорының меншік капиталы 9.1. Меншік капиталы және оның капитал қалыптастырудағы рөлі

    Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. 

  • Слайд 25

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙІ МЕКТЕБІ» Ұйымды қаржыландырудың қарыз көздері

    «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің қарыз капиталы– облигациялар, т.б. бағалы қағаздар шығарудан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банк несиесі есебінен құралатын капитал. Қарыз капитал меншікті капиталмен бірге баланстың пассивін қалыптастырады.

  • Слайд 26

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның негізгі капиталы және каржы ресурстары

    «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің ұйымның өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәсілі. Өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың ішкі қаражат көздері есебінен қаржыландырылуы. Пайда, амортизациялық аударым Өзін-өзі қаржыландыру көздері болып табылады. Алынған таза табыс өндірісті ұлғайтуға және жетілдіруге, жұмыскерлерді көтермелеуге, дивидендтерге және еңбек ұжымының әлеуметтік мәселелерін шешуге, өзге де мақсаттарға пайдаланылады

  • Слайд 27

    .«АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кететін шығындар

    «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің өндіріс процесінде еңбек құралдары мен еңбек заттарын пайдалана отырып, жұмысшылардың күшімен қандай да бір дайын өнім өндіріліп шығады. Ең басты мақсат өндіріс процесінде шығарылатын өнімді неғұрлым сапалы және арзан өндіру. Кәсіпорында өндірісті мынадай түрлерге бөледі: Негізгі өндіріс – бұл өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, өнімді стауға және зауыт ішінде тұтынуға арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады. Көмекші өндіріс – негізгі өндіріске қызмет көрсетеді. Қосымша өндіріс – негізгі өндірістен қалған қалдықтарды және негізгі өндіріске материалдарды дайындайтын цехтар.

  • Слайд 28

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау

    «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің қаржылары бірегей қаржы жүйесінің құрамды бөлімі. Шаруашылық субъектілер қаржысы ақшалай түрде көрсетілген өндіріс процесінің негізгі шаруашылық субъектілер қаржысы өзіне кәсіпорын, фирма, қоғам, ассоциация, салалық жеке меншіктің дамуы кәсіпорынның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі: жеке, Ұлттық шаруашылықтағы әр салаларының қаржылары өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Шаруашылық субъектілер қаржысы саласындағы көп жақты қатынастар іріленген топтарға мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру кезінде кеңейтілген. Өндіріс пен мемлекеттік ұсынылған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді төлеу бойынша қорларды, табысты қайта бөлу кезінде шаруашылық субъектілер мен жоғарғы персоналды, мүлікті сақтандыру бойынша шаруашылық субъектілер мен сақтандыру ұйымдары шаруашылық субъектілердің негізгі қызметімен қаржылық ресурстарды қамтамасыз етед.

  • Слайд 29

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау

    Қаржылық есеп тағайындау – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп тағайындау нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп тағайындау Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің қаржылық есеп тағайындауі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.

  • Слайд 30

    «АЯГӨЗ ҚАЗАҚ ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІ» ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

    Қаржылық жағдай дегеніміз - кәсіпорын өзінің қызметін қаржыландыру. Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде мекеменің мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, «Аягөз қазақ лицей мектебі»-нің өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

  • Слайд 31

    Назарларыңызға рахмет!!!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке