Содержание
-
Бөлімі: Жануарлар Пәні: Жаратылыстану Сынып: 3 Сабақтың тақырыбы: «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар» Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу; 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
-
Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Бағалау
-
БілуЖаңа материалды бұрынғы білімді еске түсіре отырып беру. Тапсырманың мақсаты: Жануарлардың топтарға бөлінетінін біледі.Тапсырма.Суреттегі жануарларды қандай топтарға бөлуге болатынын атап шық. Сен қанша топ құрай алдың?
Дескриптор: Жануарлардың топтарын атайды; Суреттен жануарлар тобын құрайды.
-
ТүсінуЖаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау.Тапсырманың мақсаты:Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажыратып, сипаттама береді.Тапсырма.Омыртқалы және омыртқасыз жануарларға сипаттама бер.
Дескриптор: Омыртқалы жануарларға сипаттап береді; Омыртқасыз жануарларға сипаттама береді.
-
ҚолдануОқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырмалар беріледі.Тапсырма мақсаты: Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды айырмашылығын біледі. Тапсырма.Суреттегі жануарлардың қайсысында омыртқа жоқ екенін көрсет. Оларға сәйкес келетін әріптерден сөз құрастырып, рет-ретімен қой.
Дескриптор Омыртқасыз жануарларды көрсетеді; Омыртқа қызметін білдіретін сөзді табады.
-
ТалдауТақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт береді. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтайды.Тапсырма мақсаты: Жануарлардың тіршілік ету жағдайын салыстырады. Тапсырма.Мектеп алаңынан немесе саябақтан омыртқалы және омыртқасыз жануарларға бақылау жаса, салыстыр.
Зерттеуге арналған нұсқаулық Әр оқушы алаңнан жануарларға бақылау жаса, зерттеу күнделігіне жазады; Жануарларды омыртқалылар немесе омыртқасыздар тобына бөледі; Жануарлардың ерекшелігін белгілеп, салыстырады; Нәтижесін диаграмма түрінде сызады. Дескриптор Нұсқаулық бойынша ұсынылған әрекеттерді орындайды; Жануарларға бақылау жасап, зерттеу күнделігін жазады; Жануарлардың ерекшелігін белгілеп, салыстырады; Бақылау нәтижесін бағандық диаграммаға сүйеніп сипаттайды. Ресурстар:
-
ЖинақтауЖалқыдан жалпыға бағыттау. Тапсырма мақсаты:Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ерекшеліктерін ажыратады.Тапсырма.Өзіңнің сүйікті жануарың туралы эссе жаз.
Жоспар: Сүйікті жануардың суретін сал; Ол қайда тіршілік етеді; Немен қоректенеді; Биологиялық негізгі сипаттамасы қандай; Бұл жануар жайында қызықты дерек жазып бер. Дескриптор Сүйікті жануардың суретін салады; Жоспар бойынша сүйікті жануары туралы эссе жазады.
-
БағалауИдеялар алмасу, пікір айтуды ұйымдастыру.Тапсырма мақсаты: Омыртқасыз жануарлар туралы тұжырымдар жасайды.Тапсырма. Ұлудың, қоңыздың, улы медузаныңомыртқасы жоқ, олар қалай қорғанады? Өз ойыңыз. Пікіріңізді дәлелдеңіз.
Дескриптор Өз ойын айтады; Пікірін дәлелдейді. видео
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.