Содержание
-
Ағылшын тілі сабағында оқылым мен жазылымға үйретуде сын тұрғысынан ойлау модульін қолдану
Мақсаты: Тыңдаушылардың СТО-ы арқылы өзіндік пікір айту, әр түрлі жағдаяттарды шешу, ой-қозғауын өз тәжірибесінде пайдаланып, шығармашылығын дамытуға ықпал ету
-
СТО-ның міндеттері:- СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады - Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт - Шығармашылықпен көкейкесті ойлау - Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу - Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе тудыру - Үйрету – түсінуіне көмектесу - Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу - Мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу - Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу - Дәлелдер негізгі болуы шарт - Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу - Еріксіз ойландыратын, қортынды жауаптар, шығармашылыққа итермелейді.
-
Түйінді ойлар
"Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын."(А.Эйнштен) деген сөзді негізге ала отырып, оқушылардың өздері әрекет етуіне сыни тұрғыдан ойлануы маңызды деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұрын ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-бет).
-
Неге маңызды, сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу деңгейі жоғарылайды, және де ой ұшқыр демекші оқушылардың ойлау мүмкіндіктерін қолдана білу керек. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. (Мұғалімдерге нұсқаулық, 41-бет). Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді.
-
Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұрын ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-бет). Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасынан тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 42бет). Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс яғни сын тұрғысынан ойлау оқушыларды болжай алуға құндылықтарды айқындауға, проблемаларға мойынсынбауға және оларды шешуде табандылық танытып, түрлі мәселелер мен міндеттерді шешуде басымдықтарды анықтаудың маңызын түсіне алуға дағдыландырады. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз ойларын ашық жеткізуге өмірлік тәжірибеден сабақ алуға, басқалардың идеяларын тыңдап сыни баға беруге дағдыланады.
-
- қызығушылығын ояту- ой шақыру- ой қозғау - мағынаны тану- ой толғаныс
Сын тұрғысынан ойлау әдістері
-
Сынитұрғыдан ойлауүлгісі
сынитұрғыданойлаудағдылары ТАЛДАУ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ӨЗІН- ӨЗІ РЕТТЕУ БАҒА ТҮСІНДІРУ ҚОРЫТЫНДЫ сынитұрғыданойлау
-
-
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. Джигсо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.ДЖИГСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді34.42.
-
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
-
Еркін жазу.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
-
Венн диаграммасы
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді
-
Ассоцациямен жұмыс
.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады. Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
-
Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды. Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады. Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р.Сперри мен Р.Орнстайн жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық мүмкіндікке жол ашылады. Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік: бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетді; соңғы нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады. Аталған ми бөлшектерінің толық жұмыс істеуіне, тұлғаның сыни ойлау іскерліктерінің қалыптасуына тиімді тәсіл ретінде бізге ғалымдар «Ассоцациямен » жұмыс, «Мind Map» тәсілін ұсынады. Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу.
-
Блум таксономиясы
Бағалау Жинақтау Талдау Қолдану Түсіну Білу
-
Эдвард де Боно “6 ойлау шляпасы”
М А Қ С А Т Ы: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”
-
6 ойлау шляпасы
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!» Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
-
Түртіп алу (INSERT)
V – мен мұны білемін ---- - мен білетіннен өзгеше + - мен үшін жаңа мәлімет ? – білгім келеді
-
Бес жолды өлең
1. Бір зат есім 2. Екі сын есім 3. Үш етістік 4. Бір толық сөйлем 5. Бірінші зат есімге синоним сөз
-
Сабақтың жоспары: 1. Психологиялық дайындық. 2. Ой ашар. 3. Үй тапсырмасынтексеру. 4. Жаңа сабақ. І. Қызығушылықты ояту. а) Ой қозғау. ә) Өзіндік жұмыс. б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT) ІІ. Мағынаны ашу сатысы. а) Топпенжұмыс. ә) Бес жолдыөлең. ІІІ. Ой толғаныс сатысы. а) Венн диаграммасы. ә) Бағалау. б) Үйге тапсырма.
-
Суреттердің 6 айырмашылығын табыңыз.
-
-
Визуалдыдәлелдер негізіндегісынитұрғыдан ойлау
Тапсырма: Суреттердітөмендегі қағидаттар бойыншатоптастырыңыз 1. 100 жылбұрын 2.100-50 жылбұрын 3.50-25 жылбұрын 4. Соңғы 25 жыл
-
ТЕК КӨРГЕН ТҮСТІ ОҚЫҢЫЗ! ҚАРА АҚЖАСЫЛ КҮЛГІНҚОҢЫРСАРЫСАРҒЫШ АЛА КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫРСАРЫСАРҒЫШАЛАКҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШАЛАКҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР
-
Сыни тұрғыдан ойлау модулінің басқа модульдермен өзара байланысуы
Диалогтік оқыту Жасерекшелігінескереотырыпоқыту және саралапоқыту Оқытуды дамытуүшін бағалау Сынитұрғыдан ойлау
-
Рефлексия
Сіздің ойыңызша, аталған тапсырмалардыорындауарқылы оқушылардың қандай практикалық дағдыларын қалыптастыруға болады? Осыған байланыстыөз ойларыңызды жазыңыздар.
-
“Сыни тұрғыдан ойлау”дегеніміз не?
«сынитұрғыдан ойлау» дегендіқалай түсінеміз? сынитұрғыдан ойлаудың біранықтамасын табыңыз «ненібілдіреді…» дегентәсілді аталған анықтамаға қолданыңыз
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.