Презентация на тему "9 лекция. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде"

Презентация: 9 лекция. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
Включить эффекты
1 из 41
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Посмотреть и скачать презентацию по теме "9 лекция. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде", включающую в себя 41 слайд. Скачать файл презентации 1.69 Мб. Большой выбор powerpoint презентаций

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    41
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: 9 лекция. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
    Слайд 1

    9 лекция. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

    Дайындаған: э.ғ.к., доцент Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

  • Слайд 2

    Жоспар:

    1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны. 2. Делегирлеу, өкілеттіліктер және жауапкершілік. Менеджмент жүйесінде өкілеттілікті делегирлеу және жауапкершілікті бөлу. 3. Сызықты және аппараттық (штабтық) өкілеттіліктер. Өкілеттілік және билік. 4. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы туралы түсінік. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түрлері: сызықтық, функционалдық, сызықтық−функционалдық (штабтық), матрицалық, жобалық. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  • Слайд 3

    1. Ұйымдастыру функциясының мазмұны

    Ұйымдастыру дегеніміз - ол мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін кәсіпорын құрлымын таңдау және жасау үрдісі. Ұйымдастыру функциясы жоспарлау функциясымен тығыз байланыста. Жоспарлау функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, ал ұйымдастыру функциясының басты компоненті адамдар болатын жұмыс құрлымымен құрастыру. Әрбір ұйым жұмыс түрлері мен олардың көлемдеріне байланыссыз белгілі бір тәртіппен ұйымдастыруға тиісті.

  • Слайд 4

    Ұйымдастыру үрдісі көп жағдайда ұйымның мақсатына жауап бере алатын, оның ішкі және сыртқы ортасынан ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады. Ұйымдастыру функциясын орындау үрдісінде басшылыққа алатын қағидалар жиынтығы бар, олар:

  • Слайд 5
  • Слайд 6

    Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қалыптасуында орын алған үрдістік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық көзқарастар құрылым кезде қолданылады. Және де бір бюрократтық (кеңсешілдік) деп аталытын көзқарас еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдіруімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүріс – тұрыс ережелерінің болуымен сипатталады. Сол жүйені М. Вебер «тиімді бюрократия» деп аталған.

  • Слайд 7

    Ұйымдастырудың басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандыру, пропорциялық, параллелдік (қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық. Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

  • Слайд 8

    Ұйымдастыру - бұл кәсіпорын құрылымын құру үрдісі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар. Басшының міндеті ұйымының мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым - бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш-жігерін өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиеттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікті өз мақсатына жететін құрылым».

  • Слайд 9

    Ұйымдастыру кезінде қолданылатын негізгі элементтер:

    Міндет:міндет дегеніміз - алдын ала жазылған жұмыс, жұмыс сериясы немесе алдын-ала келісілген мерзімде және алдын ала белгіленген тәсілмен орындауға тиісті жұмыс бөлігі. Ұйымдстырудағы міндет 3-категорияға бөлінеді: адамдармен, матералдармен, ақпаратпен жұмыс істеу. Жауапкершілік: іс-әрекеттерден немесе басқалардың іс-әрекеттерінен немесе бір нәрсеге кепілдік беру нәтижесінен туған есеп беру мәжбүрлегән жауапкершілік деп айтады.

  • Слайд 10

    Өкілеттілік: ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлерді күш жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілген шектеулі мүмкіндік немесе құқық болып табылады. Делегирлеу: мақсаттардың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу, жауапкершілік делегирленбейді. Орталықтандыру: шешімдердің жоғарғы жақтан қабылдануы. Орталықсыздандыру: шешім қабылдау үрдісінің төменгі жақтағыларға берілуі. Билік құқы: басқарушының өз ісін атқарумен байланысты төмендегілерге билік беруі. Бастық өз жұмысын басқа біреуге жүктегеннің өзінде жауапкершіліктен құтылмайды.

  • Слайд 11

    Ұйымдастыру үрдісітөрт сатыдантұрады:

    жасалатынжұмыстардың анықталуы және бөлімдерге бөлінуі; жұмысшылардың анықталуы және тағайындалуы; міндет пен жауапкершілікбайланыстарының анықталынуы; орын, ережелердің және әдістердің анықталынуы.

  • Слайд 12

    2. Делегирлеу, өкілеттіліктер және жауапкершілік. Менеджмент жүйесінде өкілеттілікті делегирлеу және жауапкершілікті бөлу

    Жоспардың /бағдарламаның/ орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымды құруды басқарудың маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру береді. Аталған функцияның мақсаты - басқарушы және басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Ұйымдастыру еңбекті мамандандыру мен бөлісуді құрай отырып, адамдар еңбегінің тиімділігін арттырады.

  • Слайд 13

    Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

  • Слайд 14

    Басшының ең бастыміндетіөзіне бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойылған міндеттердішешуге, және олардымейліншежақсы атқаруға қабылетті ұйым құруға бағыттау болыптабылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.

  • Слайд 15

    Өкілеттіліктер -ұйым ресурстарынпайдаланудажәне қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бірмәселелерді шешугебағыттауда берілетіншектеулімүмкіндік немесеқұқық. Делегирлеу-мақсаттардың орындалуынатолық жауапберетінадамға өкілдік пен шешімдердіжүзеге асырудыжүктеу. Жауапкершілік - алдатұрған мақсаттарды орындаужөніндегі міндеттемежәне олардың қанағаттанарлық шешімінежауап беру.

  • Слайд 16

    Делегирлеутек қана өкілеттіліктер қабылдаған кездеғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуімүмкін емес, өкілеттіліктерді беру үрдісі екітұжырымдамаға жүгінеді. Классикалық тұжырымдама бойыншаұйым арасындаөкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға беріледіжәне бұл өкілеттілікті қабылдау тұжырымдамасы кейбіржағдайда орындаушыұйымдағы өз міндеттерінтолық ұғынған кездебасшының бергенөкілеттілігін қабылдамай тастайдыдегенүғымға негізделеді. Дегенмен, кез-келгенжағдайда өкілеттіліктер шектеуліболыпкеледі.

  • Слайд 17

    Басқару құрылымын айқындаған кездеұйымдық жүйе мақсатын жекеанықтап, осы мақсатқа жетуүшін қажетті үрдістерді білуқажет. Әрбір кәсіпорын үшін мақсат тұтастай алғанда бірдейкеледі, ал олөндірістік, ғылыми техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік болуымүмкін. Осыған орайбасқару органы /аппаратты/ құрылады. Аппараттыөкілеттіліктер: кеңес беруші; қызмет көрсетуші және жеке аппарат болыпжіктеледі.

  • Слайд 18

    Кеңес беруші аппарат

    Сызықты басшылық арнаулыбілімдіқажет ететінерекшемәселе туындағанда тиістімамандардыөзіне уақытша немесетұрақты негізіндежұмысқа шақыра отырып, кеңес беруші аппарат құрады. Олардың міндеттіндебасшылықты өз мамандығы бойыншақызметкерлерді баулу және жаңа техниканыжәне технологияныжетілдіру, құқық және т.б. салалардажоғары дәрежелі кеңес беру, үйрету енеді.

  • Слайд 19

    Қызмет көрсетушы аппарат қоғаммен байланыс, қаржыландыру, маркетингтікзерттеулер, жоспарлау, жабтықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологиянықорғау міндеттерінорындайды. Жеке аппарат жоғары басшының еңбегін тиімдіұйымдастыруға ықпал ететінжекехатшы мен көмекші қызметкерден құралады. Жекеаппараттың ресмиөкілеттілігі болмайды, дегенменкөптеген мәселелерді шешудеатқаратын мүмкіндігі зорболыпкеледі.

  • Слайд 20

    3. Сызықты және аппараттық (штабтық) өкілеттіліктер. Өкіліеттілік және билік

    Ұйымдық өкілеттілік – бүкіл ұйымның ресурстарына жауап беру. Сызықтық өкілеттілік – жоғарыдан төмен қарай басшылық ету – басқару иерархиясы. Иерархиялық құрылым – скалярлық процесс деп аталады.

  • Слайд 21

    Ұйымдастыру функциясының міндеті - өндіріс процесіне қатысты жүйедегі әрбір қызметкерлердің орны мен ролін анықтап, белгілеу, бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, жоспарда көрсетілген іс-әрекеттің жүзеге асуын қамтамасыз ету. Яғни, әрбір қызметкер өз міндетін анық түсініп, барлығы бірігіп, ұйымның көздеген мақсатына жетеді.

  • Слайд 22

    Өкілеттілік пен билік – бір-бірімен байланысты, билік – ықпал ету мүмкіндігі. Айырмашылығы, өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады. Өкілеттілік жеке тұлғаға емес жеке тұлғаның лауазымына беріледі, ал лауазымы болмаса да, кейбір адамдар жеке басының ерекше қасиетіне байланысты билік жүргізе алады. Компетенция – бекітіліп берілген сала бойынша қызметкерлердің біліктілігі мен өкілеттілігінің және міндеттерінің жиынтығы.Басқару қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы, олардың бойында жауапкершілік сезімнің дамуы ең бірінші олардың компетенттігі мен саналылығына байланысты.

  • Слайд 23

    Ұйымдастыру қызметі арқылы ұйымның құрылымы мынандай қағидалар негізінде құрылады:

    1. Жүйелілік– ұйымның жұмысын толық қамти отырып, белгілі бір жүйеге келтіріп, бүкіл жүйенің тиімділігін арттыру. 2. Шектеулік- әрбір қызметкердің міндеті, белгіленген құқы, өкілеттілігі, жауапкершілігінің болуы. 3. Мамандандыру- әр бөлімге, әр адамға өзінің саласы мен мамандығы бойынша нәтижесіне толық жауап беретіндей жұмыстарды тапсыру. 4. Үздіксіздік- еңбек ұжымы өзі қабылдаған шешім бойынша міндеттерін динамикалы түрде үздіксіз орындауы шарт. 5. Ырғақтылық– белгілі бір уақыт аралығында орындалатын жұмыс көлемі, сол қарқыннан төмендемей, қайталанып отыруы тиіс. 6. Жеделдік– басқару жүйесін жетілдіру барысында талданған мәселелер бойынша дер кезінде шешім қабылдау. 7. Икемділік– басқару жүйесі кез-келген өзгерістерді қабылдап, жұмысты үзіліссіз жалғастыруға бейім болуы қажет.

  • Слайд 24

    4. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы туралы түсінік. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түрлері: сызықтық, функционалдық, сызықтық−функционалдық (штабтық), матрицалық, жобалық. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері

    Ұйымдық жүйелердің тиімді құрылымы тұтастай және басқару жүйелері жекелей тиімді басқару үшін қажетті жағдай болып саналады. Құрылым ұйымдағы байланыстырушы буып болып саналады, жоспарлаудың нышандары мен ұйымдастырылуына жұмысты бөлу және оны үйлестіру әдістері ықпал етеді, әрбір басқару звеносының, әрбір бөлімшенің өз жұмысын қалай істейтіндігін салыстыруға мүмкіндік береді. Ұйымның құрылымы жұмысты кездейсоқ бөлу арқылы емес, тікелей және көлденең еңбек бөлінісі арқылы жауапкершілігіне, мамандығына, салаларына сәйкес пайда болады.

  • Слайд 25

    Құрылымның түрлері:

    Cызықтық құрылым – тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Мұндай құрылымда басқарудың барлық қызметтері басшының өкілеттілігінде болады, кейінгі органдар тек бір басшыдан ғана тиісті нұсқауларды алады, яғни бұл құрылымда басшы басқарудың барлық қызметтерін дербес атқарады. Сызықтық құрылым тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болатындықтан, мұнда деңгейлері, лауазымы, жауапкершілігі әртүрлі, ал салалары, мамандықтары бірдей болуы мүмкін.

  • Слайд 26

    Cызықтық құрылым

  • Слайд 27

    Функционалдық құрылым – көлденең еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Басқару функцияларын бірнеше басшылар әрбір сала мен мамандықтарына қарай жүргізеді. Мұнда деңгейлері бірдей қызметкерлер мамандықтары мен жұмыс салаларына қарай бөлінеді. Артықшылықтары: 1. Іскерлік және кәсіптік мамандануды жетілдіріп, ынталандырады. 2.Іс-қызметтегі бір-бірін қайталауды және материалдық ресурстардың артық тұтынылуын қысқартады. 3. Функционалдық іс-қызметтерді іске асыруда үйлестіруді жақсартады. Кемшіліктері: Бөлімшелер, әрқайсысы өздерінің мақсат, міндеттерін бірінші кезекте іске асыруға күш салады, сол себепті орталық мақсат, міндеттер жеке мақсат, міндеттердің көлеңкесінде қалу мүмкіндігі бар. Ол ішкі келіспеушілікті туғызады.

  • Слайд 28

    Функционалдық құрылым

  • Слайд 29

    Сызықтық — штабтықбасқару

    Басқару құрылымының бұл түрі сызықтық және функционалдық басқару ұйымдарында пайда болған қиындықтардың әсерінен туындайды. Аталған құрылымды А.Файоль кеңінен насихаттады. Кейде бұл жүйе шоғырланған басшылық жүйесі деп аталады. Сызықтық құрылым негізге алына отырып, маңызды проблемалар бойынша мамандар шоғырланған штабтар құрылады. Штабтар білікті шешімдер әзірлейді, дегенмен, бұл шешімдерді сызмқтықбасшы бекітіп, оларды орындау үшін төменгі қабаттарға береді.

  • Слайд 30

    Бұл құрылымның басты артықшылығы — шешімдер әзірлеген кезде дара басшылық білікті (компетентті) мамандар қызметімен ұштастырылады. Кемшілігі: мәселелер көп болған жағдайда штаб ұлгая бастайды, қызықтық басшыға түсетін салмақ орасан зор артьш кетеді.

  • Слайд 31

    Басқаруды мамандандыру процесінің тереңдеуі басқару жүйесін қиындатып, күрделі жүйелердің икемділігін талап етеді. Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элементтер енгізіледі, олар мыналар:

  • Слайд 32

    Сызыктық-штабтык құрылым

  • Слайд 33

    Бағдарламалық — мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағыттанған жобалық құрылым орын алады. Бұл құрылымда ғылыми-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледі.

  • Слайд 34

    Жобалық құрылым

  • Слайд 35

    Кемшілігі: бағдарламалар арасындағы қажетті жағдайда мамандарды қайта бөлісудің қиындығы, осыдан туындайтын тиімді еңбек бөлісінің күрделілігі. Жобалау қызметі — уақытша құрылым, дегенмен барлық қажетті ресурстарымен қамтамасыз етіледі. Құрылым өзіне жүктелген міндеттерді орындағаннан кейін не таратылып жіберіледі, не жаңа жоба алады. Жоба бойынша басқару сызықты басшылықты нақтылап, дәлдей түседі және толықтырады.

  • Слайд 36

    Өнім бойнша басқару ұйымдағы өндіріс және өткізу салаларының бірқатар бұйымғы мамандандырылған жағдайында тиімді болады. Бұл құрылымда нақтылы бұйымды өндіру мен өткізудегі өкілеттілік пен жауапкершілік толықтай бір басшыға беріліп, басқа функционалдық бөлімдер сол өнім бойынша басшылыққа толықтай жауапты болады.

  • Слайд 37

    Өнімнің маңыздылығы мен дара басшылық оны өндіру мен өткізудегі қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуге мүмкіндік туындайды. Дегенмен, оның да кемшілігі: әртүрлі өнімді өндірудегі қызметтердің қайталануына байланысты шығындар санының өсуіне және құрал-жабдықтар мен шикізатты барынша пайдалануға мұршаның болмауы болып табылады.

  • Слайд 38

    Жаңалықтар тасқыны көп және үнемі болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгізу қызметі құрылады. Мұнда ағымдағы өндіріс сызықтық және функционалдық қызметтердің қарауына қалады да, бастамаларды жетістіктерді іздестіру барысы арнайы құрылған жаңалықтар енгізу бөліміне беріледі.

  • Слайд 39

    Матрицалық құрылым

    Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлімшелерді басқарудың тиімдіүйлесімін беретінбірден-бірқұрал болыпматрицалық құрылым. Матрицалық құрылымекіқұрылымды, сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-мақсаттық құрылымдарды ұштастыруды, яғни ұйымдағы жекелегенқызмет салаларыменқатар, нақтылы мақсатты орындайтынбағдарламалық бөлімдер мен олардың бас-шыларыорыналады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттердіжүзеге асырудаорындалумерзімінжәне мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркінәрекет етуінежағдай жасайды.

  • Слайд 40
  • Слайд 41

    Соныменқатар, көлбеу басшылықтың арқасында бөлім басшыларының мамандардыеркінауыстыруы, тиімдіпайдалануыжәне тиістіжұмыстармен толық қамтамасыз етуі. арқылы барлық қызметтерді мұкият ұйымдастыруға жағдай жасалынады. Бірқатар қындықтар тудыратынжағдай сол, матрицалық құрылымда дара басшылық қағида орындалмайды.Осыданбарып, әртүрлі келіспеушіліктер, үйлесімсіздік туындауымүмкік.Сондықтан да матрицалық құрылым басқару қызметкерлерінен жоғарға кәсіптілік пен ұйымдастырушылық қабілетті талапетеді.

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке