Содержание
-
“Астана Медицина Университеті” АҚ
ВЕО Тақырыбы: Өкпе сегменттерінің анатомиялық – топографиялық құрылысы. Орындаған: Кенжебекова М.Т Тексерген: Сүлейменова Ф.М.
-
Жоспар:
Кіріспе а)Тыныс алу жүйесі Негізгі бөлім а) Өкпе. Өкпенің құрылысы б) Өкпенің сегмненттірініңанатомиялық – топографиялық құрылысы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
-
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтамыз. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынсалу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Тыныс алу жолдары тыныс алу кезінде оттегі мен көмір қышқыл газын бойынан еркін өткізу үшін, қабырғалары шеміршектік және сүйектік тіндерден тұрады. Тыныс алу жүйесі Тыныс алу жолдарының ішкі немесе қуысқа қараған беті кірпікшелі эпителтиймен көмкерілген, онда бездерге бай шырышты қабықтан тұрады.
-
Тыныс алу жүйесі Тыныс алу бөлігі Ауа өткізгіш жолдар Тынысалуактісініскеасыруүшің: 1) мұрын қуысы,2) жұтқыншақ,3) көмей,4) кеңірдек5) бронхтар. Газ алмасудың өңделуі: 1) өкпе2) плевра - (дәнекер тіндіқабықша)
-
-
Қызметтері Мұрын қуысы: ауа өкпенің жұмсақ тінімен жанасуы үшін шаңнан тазартады. ауаны жылытады, ылғалдандырады. рефлекторлы түшкіру.
-
Көмей
Рефлекторлы жөтел. Дауыс және сөйлеуді қадағалайды. Ауаны кеңірдікке өткізу.
-
Кеңірдек
Trachea, іші қуыс, ауаны өкпеге өткізуды қамтамасыз етеді, ұзындығы шамамен 15-18 мм түтік тәрізді мүше. Көмейдің тікелей жалғасы, оң және сол басты бронхтарға бөлінеді.
-
Өкпе
Өкпе, (pulmo) – тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында, cavumthoracis, өкпеқаптың ішінде, pleura pulmonalis, орналасқан жұп мүше. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді, әрі біршама қысқа жәнекең. Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу. Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның келуі және көмірқышқыл газымен байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы, кеуде қуысы қабырғалары мен көкеттің белсенді тынысалу қозғалыстары және өкпенің жиырылғыштық қабілетінің тыныс жолдары қызметімен ұштасқан әрекеті нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Бұл кезде төменгі үлестердің желдетіліп, көлемінің өзгеруі, негізінен кеуде торының жоғарғы бөлімінің қозғалыстары арқылы іске асырылады.
-
Өкпенің топографиясы
Өкпенің ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см, бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы VII- мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
-
Өкпенің сегменттік құрылысы.
Өкпеде 6 түтікті жүйе бар: бронхтар, өкпе артериялары мен веналары, бронхтық артериялар мен веналар, лимфа тамырлары. Бұл жүйелер тармақтарының көбісі өкпенің ішкі топографиялық негізін құрайтын тамыр – бронх будаларына сәйкес өкпенің әр үлесі бронх -өкпе сегменттерідепаталатынжекебөліктерден тұрады.
-
Оң және сол өкпеде 10 сегменттен ажыратылады. Әрбір сегмегттің аталуы топографиясына сәйкес айтылады. Оң өкпе. Жоғарғы үлесте үш сегмент бар. Segmentumapicale(SI) жоғарғы үлестің жоғарғы – медиальды бөлігін алып жатады, кеуде торының жоғарғы тесігіне кіреді және өкпеқап күмбезін толтырады. Segmentumposterius(SII) негізі сыртқа және артқа қарай бағытталған, сол жерде ІІ-IV қабырғалармен шектеседі, ұшы жоғарғы үлестік бронхқа бағытталған. Segmentumanterius(SIII) I және IV қабырғалар арасында негізімен кеуде торының алдыңғы қабырғасына қарап жатады, ол оң жүрекшеге және жоғарғы қуыс венаға жанасады.
-
Ортаңғы үлесте екі сегмент бар: Segmentumlaterale(SIV) негізі алға және сыртқа қарай, ал ұшы жоғары және медиальды бағытталған. Segmentummediale(Sv) төс маңында кеуденің алдыңғы кеуде қабырғасымен IV- VI қабырғалар арасында жанасады, ол жүрек пен көкетке түйісіп жатады.
-
Төменгі үлесте 5сегмент бар: Segmentumapicale (superius) (SVII) төменгі үлестің сынатәрізді ұшын алып, омыртқа маңында орналасады. Segmentumbasalemediale (cardiacum)(S VII) негізінен төменгі үлестің медиастинальды және ішінара төменгі үлестің көкеттік бетін алып жатады. Ол оң жүрекше мен төменгі қуыс венаға жанасады. Segmentumbasaleanterius (S VII) төменгі үлестің көкеттік бетінде жатады, ал үлкен бүйір жағы қолтық аймағында VI – VIII қабырғалар арасында көкірек қабырғасына жанасып жатады. Segmentumbasalelaterale (SIX)негізі көкетпен жанасады, ал бүйір жағы қолтық аймағында, VII – IX қабырғалар арасында кеуде торы қабырғасына жанасып төменгі үлестің басқа сегменттері арасына сыналай еніп жатады. Segmentumbasaleposterius (SX) омыртқа бағанасы жанында орналасқан; ол өкпеқаптың қабырға көкет қойнауының артқы қарай жатады.
-
Сол өкпенің жоғарғы үлесінде 5 сегмент бар: Segmentumapicoposterius (SI+II) пішіні мен орналасу қалпы бойынша оң өкпенің жоғарғы үлесінің seg.apicaleжәне seg.posterius сәйкес келеді.Сегмент негізіІІІ – V қабырғалардың артқы бөліктерімен жанасады. Медиалды жағынан сегмент қолқа доғасы және бұғанаасты артериясымен жанасады. Segmentumanterius (SIII) ең ірі сегмент болып табылады. Ол I – IV қабырғалар арасында жоғары үлестің қабырғалық бетінің едәуір бөлігін, сондай – ақ көкірекаралық бөліктің бір бөлігін алып жатады. Segmentumlingularesuperius (SV) алдынан III – V қабырғалар арасындағы жоғарғы және қолтық аймағында IV – VI қабырғалар арасындағы жоғарғы үлестің бөлігі болып табылады. Segmentumlingualeinferius (SV) - жоғарғы үлестен төмен орналасады, бірақ көкетпен жанаспайды деуге болады. Сол өкпе
-
Сол өкпенің төменгі үлесінде 5 сегменттіажыратады: Segmentumapicale (superius) (SVI) омыртқабағанасы жанында орналасады. Segmentumbasalemediale (cardiacum) (SVII ) 83% жағдайда келесі сегмент – segmentumbasaleanterius (SVIII) бронхымен ортақ сабау арқылы басталатын бронхтары болады. Соңғы сегмент жоғарғы үлестің тілшелік сегменттерінен fissuraobliquaарқылы бөлінеді және өкпенің қабырғалық, көкеттік және медиастиналдық беттерінің түзілуіне қатысады. Segmentumbasalelaterale (SIX) қолтық аймағында XII – X қабырғалар деңгейінде төменгі үлестің қабырғалық бетін алып жатады. Segmentumbasaleposterius (S X ) ірі, сол өкпенің төменгі үлесінің басқа сегменттерден артқа қарай орналасқан бөлігі болып табылады, ол VII – X қабырғалармен, көкетпен, төмендеген қолқа және өңешпен жанасады. Segmentumsubapicale (subsuperius) тұрақты болмайды.
-
Кері байланыс: 1) Мұрын қуысы 2) Көмей 3) Кеңірдек және бронхтар 4) Өкпе Ауаны тазартып, ылғандандырып, жылытады. Ауаның өкпеге еркін өтуін қамтамасыз етеді. Дауыс шығуына ықпал ететін, рефлекторлы жөтелді шақырады. Альвеоларлы– капиллярлы мембрана арқылы газ алмасудыреттейді.
-
Тыныс алу жүйесі адам ағзасында өте маңызды орын алады. Ағзадағы барлық жасушалар, мүшелер оттегінің қатысуымен жұмысын атқарып отырады. Тыныс алу тек тірі организмге тән қасиет. Қорытынды
-
«Пока дышу, надеюсь»Овидий.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.