Презентация на тему "Синдром раздраженного кишечника"

Презентация: Синдром раздраженного кишечника
Включить эффекты
1 из 21
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
4.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Посмотреть презентацию на тему "Синдром раздраженного кишечника" для студентов в режиме онлайн с анимацией. Содержит 21 слайд. Самый большой каталог качественных презентаций по медицине в рунете. Если не понравится материал, просто поставьте плохую оценку.

Содержание

  • Презентация: Синдром раздраженного кишечника
    Слайд 1

    Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіАнатомия кафедрасы

    СӨЖ Такырыбы: Асқорыту жүйесі мүшелерінің топографиялық анатомиясының балалардағы ерекшеліктері. Орындаған: Турдалиев Ербол 3-041топ Тексерген: Ахметова Г.Ж. Қарағанды 2016ж

  • Слайд 2

    Жоспар

    Кіріспе Негізгі бөлім Асқазан. Ішектер. Балалардағы ерекшеліктері. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Слайд 3

    Асқазан

    ventriculus немесе gaster, өңеш пен он екі елі ішек арасындағы бұлшық етті-эластикалық кеңейген ас қорыту түтігі, онда тамақ жиналады және қорытылады. Жоғарғы- кіретін тесігі арқылы тамақ түсетін бөлігі кардиалді (ostium cardiacum), ал төменгі шығатын тесігі привратник(ostium pyloricum) деп аталады. Асқазанның алдыңғы қабырғасы(paries anterior) және артқы(paries posterior) беттері бар. Асқазанның алдыңғы бөлігі артқыға қарағанда шығыңқы. Екі қабырғасы да бірінен-біріне өтеді, жоғарғысы қысқа және ойысты-асқазанның кіші иіні (curvatura ventriculi minor) және төменгісі ұзын, шығыңқы-үлкен иіні(curvatura vent­riculi major).Асқазанның кіші иіні оңға және жоғарыға, үлкен иіні-солға және төменге бағытталған. Асқазанның пилорикалық(привратник,pars pylorica) бөлігінің ішінде дөңгелек бұлшық ет(қысқыш- сфинктер привратника, m. sphinc­ter pylori) орналасқан. Бұл бөлікте сол жақ( привратниковую пещеру, antrum pyloricum) және оң жақ(канал привратника, canalis pyloricus) бөліктерге бөлінген. Асқазанның кардиалді және пилорикалық бөліктерінің ортасында денесі(corpus ventriculi) бар. Асқазанның ең жоғарғы, кардиалді бөліктің сол жағында түбі(свод,fundus (fornix) ventriculi) орналасқан. Кардиалді бөлікпен, түбінің арасында үлкен иінді анықтауға болады, онда кардиалді ойыс(incisura cardiaca) бар, ал денесі мен привратниктің арасында кіші иіннен шығатын бұрыштық ойыс(incisura angularis) бар.

  • Слайд 4

    АҚЖ балаларда ерекшеліктері:

  • Слайд 5

    Жаңа туылған балаларда:

    Асқазан ұршық тәрізді пішінде және ұзынша түрде орналасқан. Асқазан түбі жетілмеген, үлкен иіні алға қарай шығып тұрады. Привратникті бөлігі нашар жетілген. Асқазанның едәуір өсу және пішінің өзгеруі 1 жасқа дейін болады. 10 айда дөңгелек пішінде, 2 жаста алмұрт тәрізді түрге келеді.Асқазанның өсіне қарай үлкен иіні, привратник бөлігі және түбі үлкейеді. 7-8 жаста асқазанның пішіні үлкен кісілердің пішіне сәйкес келеді. Асқазанның орташа сыйымдылығы 1,5-2,5 л, жаңа туылған нәрестеде 7 мл, асқазанныңкөлемі тез ұлғаяды, 12 жаста 1,5 л келеді. Ерлерге әйелдерге қарағанда сыйымдылығы артық болады. Үлкен кісілерде асқазанның кардиалді бөлігінен привратникке дейін ұзындығы 20-30 см, ал жаңа туылған нәрестелерде 5 см, 12 айлық балада -8-9 см, 8 жаста 8-9 см болады.

  • Слайд 6

    Асқазанның өңештен асқазанға ауысатын(өңештің-асқазанға ауысуы) жері кардиалді бөлігіне жақын қақпақшалы жапқыш және өңеш-кардиалді қысқыш (m. sphincter esophagocardiacus) болады. Өңеш-кардиалді қысқыш өңештік тесік деңгейінде өңештің қабырғасында орналасқан және кардиалді тесікке де созылып жатады. Ол циркулярлы бұлшық етті қабықтан түзілген. Асқазанның он екі елі ішекке ауысатын жерінде привратник(тығыз бұлшық етті сақина түрінде, дөңгелек бұлшық еттен түзілген-қалыңдығы 1 см)орналасқан және кілегей қабықта екі жармалы жазылғыш(valvulae pyloriсае) алдыңғы және артқы орналасқан.

  • Слайд 7

    Асқазанның топографиясы.

    Асқазанқұрсақ қуысының жоғарғы қабатында асқазан ойысында орналасқан, артқыжағынан бел және көк етің қабырғалық бөлігімен, жоғарыда-байырдың сол бөлігінің төменгі бетімен, көк еттің ортаңғы сіңірлі және күмбезімен, төменде- бүйректің жоғарғы полюсін жабатын іш пердемен, көк бауырдың асқазандық бетімен, көлденең ішекпен және оның шарб майымен, алдынан бауырдың сол бөлігімен және құрсақтың алдыңғы қабырғасымен шектеліп жатыр. Қалыпты жағдайда асқазанның кіші иіні жоғарыда, оң жаққа таман, үлкен иіні-төменде, сол жаққа таман орналасқан. Асқазан эпигастралді және жартылай құрсақтың алдыңғы қабырғасының кіндік аймағында кескінделеді. Асқазанның үлкен бөлігі ортаңғы сызықтың сол жағында, аз бөлігі оң жақта орналасады. Асқазан ұзынша, қиғаш және көлденең бағыттарда орналасуы мүмкін. Біріншісі- долихоморфты, екіншісі- ме­зоморфты, үшіншісі- брахиморфты пішіндегі адамдарға тән болады.

  • Слайд 8

    Асқазанның синтопиясы

    Толуына байлнысты өзегріп отырады. Асқазанның алдында және артында кеңістік орналасқан: алдыңғысы – асқазан алды сумка(bursa pregastrica), атқысы-шажырқай сумка(bur­sa omentalis) деп аталады. Асқазанның алдыңғы қабырғасы (оң жақтан солға қарай) көк етпен, құрсақтың алдыңғы қабырғасымен және бауырдың төменгі бетімен жанасып жатады. Асқазанның артқы қабырғасы қолқаға, ұйқы безіне, көк бауырға. Сол жақ бүйректің жоғарғы полюсіне, сол жақ бүйрек үсті безіне жартылай көк етке, көлденең тоқ ішекке жанасып жатады.

  • Слайд 9

    Жасқа байланысты ерекшеліктері.

    Жаңа туылған балаларда асқазнның ұзындағы 5 см, ені — 3 см . 3 айда 6—7 см және 5—5,5 см,1 жаста — 8—9 см және 6—7 см, 8 жаста — 14—18 см және 8—10 см құрайды.Жаңа туылған балаларда орташа физиологиялық көлемі 7—14 см3 құрайды, 3 күннен кейін 28 см3 ұлғаяды, 10 күнде — 80 см3 дейін ұлғаяды, 10 ай өткеннен кейін 100 см3 жетеді, 1 жаста — 250—300 см3, 2 жаста — 300—500 см3, 3 жаста — 400—600 см3. Тамақтандыруға байланысты баланың асқазаны үлкейеді. 4 жастан 7 жасқа дейінасқазан аздап үлкейеді, 7 жастан бастап тез өсу басталады, 10—12 жаста 1300—1500 см3 құрайды. Жасанды тамақтанған баланың асқазаны табиғи тамақтанған баланың асқазанынан үлкен болады. Жаңа туылған балалардың асқазаны және басқа ішкі мүшелері жақсы жетілмеген. Асқазанның түбі, кардиалді және пилорикалық бөліктері әлсіз жетілген.

  • Слайд 10

    Асқазанның өсуі мен түзілуі бірте-бірте қалыптасады: 2-3 айлығында пилорикалық бөлігі дамиды, 4—6 айлығында едәуір дамып жетіледі. Асқазанның түбі 10 айлық кезінде анықтала бастайды. Бұлшық етті сақинасының нашар жетілгендіне байланысты жаңа туылған балалар құсады. Кейбір балаларда асқазанға кіре берісте қатпар(сфинктер) түзіледі, оның қызметі қысқыш ретінде болады. Кадиалді бөлік 8 жаста жетіледі.

  • Слайд 11

    Жаңа туылған балаларда асқазанның кілегей қабығы қалың, кішкене қатпарлары бар, асқазан бездері нашар жетілген. Кілегей асты қабық қан тамырларға бай, олардың арасында дәнекер ұлпалар орналасқан. Бұлшық етті қабық нашар жетілген. Сыртқы ұзынша бұлшық еттен, ортаңғысы циркулярлы бұлшық ет талшықтарынан түзілген.Олар m. sphincter pylori-ді түзеді. Терең бөлігінде нашар дамыған циркулярлы бұлшық ет талшықтары орналасқан. Жаңа туылған балалардың құрсақ қуысын ашқанда асқазанның кішкене бөлігі көрінеді, үлкен бөлігі сол жақ қабырға астында және бауырдың сол бөлігімен жабылып орналасқан. Кейбір жағдайда үлкен иіні көлденең ішекпен жабылып жатыр. Бауырдың сол бөлігінің көлемі кішірейген сайын асқазанның алдыңғы қабырғасы құрсақ қабырғасына жақын, көк етке, сол жақ бүйрекке жанасып жатады.

  • Слайд 12

    Ащы ішек (intestinum)

    Асқазанның пилорикалық бөмінен басталады және илеоцекальді бұрышта аяқталады. Жіңішке ішектің ұзындығы өзгермелі,ересек мәйітте 5—7 м.Тірі адамдарда бұлшықет қабықшасының тонусы әсерінен кіші болады. Жіңішке ішектің салыстырмалы ұзындығы жасына байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туғандарда оның ұзындығы дене ұзындығынан 7 есе ұзын,ересектерде тек 3-4 рет қана.Ащы ішектің бір-біріне өтетін 3 бөлімін ажыратады: 1) он екі елі ішекті, duodenum, асқазаннан басталады; 2) ащы ішект, jejunum, ортаңғыбөлімін құрайды; 3) мықын ішекті, ащы ileum, — соңғы бөлімі. Он екі елі ішек пен ащы ішектің арасындағы шекара екі елі –ащы ішектік иіліс болып табылады. Ащы ішек пен мықын ішектің анатомиялық шекарасы болмайды,екі ішектің бір-бірінен ажырататын белгілері біртіндеп өзгереді. Ащы ішек және мықын ішек ішастармен барлық жағынан жабылады,іш қуысында шажырқайға mesenterium ілініп тұруына байланысты қозғалмалы болады және көптеген ілмектер түзеді. Осыған байланысты бұл бөлім шажырқайлық ішек деп аталады.шажырқайлық ішектің 2/б ащы ішекке,ал 3/5 мықын ішекке жатқызады. Жіңішке ішекте астың механикалық және ферментативтік өңделуі,өнімдердің сіңірілуі және шлактардың шығуы жүретіндіктен, қызметі жағынан асқорыту жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.

  • Слайд 13

    Он екі елі ішек, duodenum

    Ересектерде ұзындығы 25-30 см және ені 4-6 см иілген таға тәрізді түтік,жаңа туған нәрестелерде —сәйкесінше 7,5—10 және 0,8— 1,5 см. Тағаның шығыңқы беткейі оңға және артқа бағытталған,иілген бөлігі—асқазанасты безінің басын айналып жатады.

  • Слайд 14

    Он екі елі ішектің таға тәрізді доғасының сегменттеріне байланысты төрт бөлімге бөлінеді:

  • Слайд 15

    Жаңа туған нәрестелерде он екі елі ішектің сақина тәрізді формасы жиі кездеседі,оның жоғарғы бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда ұзынырақ 4-айлық жаста барлық ішектердің жалпы ұзындығы әсіресе төмендеген және көлденең бөлімінің ұзындығы ұлғаяды. Ішектің даму процестерінің бұзылысында ішектің орналасу аномалиялары байқалады: қозғалмалы ішек,шажырқайы болады және іш қуысында ілмек түзіп орналасады; 2) ішектің кері немесе теріс орналасуы, si­nus vescerum inversus кезінде байқалады;

  • Слайд 16

    Он екі елі ішектің топографиясы.

    Он екі елі ішек барлық жағдайда ішастардан тыс орналасады;тек жоғарғы бөлігінің бастапқы бөлімі ғана ішастармен жабылған. Алдыңғы құрсақ қабырғасының эпигастральді және кіндік аймағына проекцияланады. Жоғарғы бөлігінде алдында ішектен бауыр мен өт қабы, артында — жалпы өт түтігі, қақпа венасы,бауырлық және гастродуоденальді артериялар, жоғарыдан — бауырдың шаршы бөлігі және шарбы қалтасы, төменнен — асқазанасты безінің басы орналасады. Төмендеген бөлігі салдынан бауырға ,көлденең тоқ ішекке және оның шажырқайына жанасып жатады, артынан оң жақ бүйрек,оң жақ бүйрекүсті безі және төменгі қуысты вена орналасады, сол жағынан—асқазанасты безінің басы,жалпы өт түтігі және асқазанасты безінің түтігі және оң жағынан — жоғарылаған көлденең ішек және оның оң жақ иілімі орналасады. Алдынан көлденең бөлігінен жоғарғы шажырқайлық тамырлар,аттас жүйкелік өрім және көлденең тоқ ішек, артынан — қолқа,төменгі қуысты вена,оң жақ бел бұлшықеті және сол жақ бүйректің тамырлары, жоғарыдан — асқазанасты безі, төменнен — оң жақ шажырқайлық синус орналасады.

  • Слайд 17
  • Слайд 18

    Жаңа туғандарда соқыр ішек

    Кішкентай (ұзындығы 1,5 см-ға, диаметрі 1,3—1,7 см-ға дейін). 2 жаста оның өлшемі 2-3 есе ұлғаяды. Соқыр ішектің формасы балаларда 1 жылы конус пішінді болып келеді. Жаңа туғандарда соқыр ішек жоғары орналасады-бауыр астында,мықындық қырда. Ішек түсуі 1 жаста белгілі сатыда жүреді. Құрт тәрізді өсінді 1 жастағы балаларда салыстырмалы ұзын және жуан (ұзындығы 2—8 см, диаметрі 0,2— 0,6 см) және соқыр ішектің кең тесігімен байланысады. Жаңа туғандарда соқыр ішек кішкентай (ұзындығы 1,5 см-ға, диаметрі 1,3—1,7 см-ға дейін). 2 жаста оның өлшемі 2-3 есе ұлғаяды. Соқыр ішектің формасы балаларда 1 жылы конус пішінді болып келеді. Жаңа туғандарда соқыр ішек жоғары орналасады-бауыр астында,мықындық қырда. Ішек түсуі 1 жаста белгілі сатыда жүреді. Құрт тәрізді өсінді 1 жастағы балаларда салыстырмалы ұзын және жуан (ұзындығы 2—8 см, диаметрі 0,2— 0,6 см) және соқыр ішектің кең тесігімен байланысады.

  • Слайд 19

    Соқыр ішек

  • Слайд 20

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    .С. Досмагамбетова, С.Б. Жәутікова , С.Д. Нұрсұлтанова, Жүрек-қан тамырлар жүйесі модулі : оқулық = Модуль Сердечно-сосудистая система : интегрированный учебникучебник / ҚММУ, 2014. Адам анатомиясы. ІІІ том. Астана2010. 239-247беттер. Клиникалық анатомия.Идирисов Ә.А., Қайназаров А.Қ.,Алмабаев Ы.А., Алматы 2009. google.kz

  • Слайд 21

    НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке