Содержание
-
Интеграция теориясының негіздері
Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясы айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан.Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады.
-
Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ереркше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”.
Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекетттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.
-
Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады. Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды.
-
Интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды: біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сиымдылығы; екіншіден, интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін.
-
Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. Олар:А.Предоль, В.Репке. Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді.
-
Олар: Еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған; Кедендік одақ – жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген; Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады; Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады; Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады. Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды. 1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді.
-
Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикысы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.
Швед ғалымы Г.Мюрдальдің айтуы бойынша рыноктық көзқарасты ұстанатындардың теориялық жағдайдағы концепциялары кедей және бай елдердің дамуын бірдей қылуды көздейді, іс жүзінде поляризация одан ары күрделене түспек. Оның айтуынша, бұл ұлттық-саяси мүдделердің ықпалымен айқындалады. Осыған сәйкес ол мемлекеттік реттеу рөлін және экономикалық координациясын, әсіресе даму темпін және деңгейді біркелкі қылу үшін әлеуметтік саясаттың рөлін күшейтуді ұсынады.
-
К.Дойч интеграцияның ең басты қозғаушы күші тек ұлттық мемлекет емес, сонымен қатар, партиялық жүйелер, қысым жасау топтары және басқа ішкі саяси аренадағы акторлар жатады деп ойлайды. Оның пікірі бойынша мемлекеттердің ішкі интеграциялануы қауіпсіздік қоғамдастығына қол жеткізгенде ғана бола алады. Осыған байланысты осы мектептің жақтаушылары интеграцияға әсер ететін екі факторды белгіледі: Біріншіден, қоғамдастықта өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұнда интеграцияланбаған топтар әр уақытта конфронтация күйінде болады. Екіншіден, белгілі бір топтардың потенциалды мақсатына қол жеткізу үшін саяси интеграцияланған қоғамдастық жағдайында барлық мүмкіншілікті топтастыру. Оң нәтижеге жету үшін интеграция барысында К.Дойч интеграцияланушы бірлестіктер арасында, коммуникациялық құралдар арасында бір біріне бағыныштылық керек дейді.
-
Интеграция бұл белгілібіржүйенің қозғалысы және дамуыүрдісі, мұнда қатысушылардың саны және өзара қатынасы күшейе түседі. Бірбірінеқатынасында өзіндік кішірейеді, ал дезинтеграция болса, интеграцияға қарама-қарсы, яғни қатысушылар саны азаяды, өзара қарым-қатынас әлсірейді, тарау, құлдырау, жайылу, бөліну, оқшаулану үрдісі. Бірақ дезинтеграция әр уақытта күйреу, жойылудыбілдірмейді. Яғни кейбіржағдайларда интеграция үрдісті тоқтатушы ретінденемесекеріәсерін тигізушіретіндеболуымүмкін. Интеграция әр уақытта дезинтеграция үрдісімен байланысты, бұл оның алғышарты немесесалдарларыболуымүмкін.
-
Интеграциялық топтар ХХ ғасырдың екіншіжартысындаәлемнің түкпір-түкпірінде дүниеге келебастады. Қазірде дүние жүзінде 30-ға жуық интеграциялық бірлестіктер бар. Осылардың ішінде ең ірілерінің бірі 40жылдан астаминтеграциялық тарихы бар Еуропалық Одақ. Бірнешежылбұрын Батыс жарты шарындажаңа интеграциялық бірлестік НАФТА (Солтүстік америкалық еркінсаудатуралыкелісім), мүшелері АҚШ, Канада, Мексика. ЛатынАмерикасындағы МЕРКОСУР, құрамында Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай. Оң түстік Шығыс Азиядағы АСЕАН.
-
Назарларыңызға рахмет! Орындаған: Ниетхан Әсем Мо-341
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.