Содержание
-
Тақырып: Аутистикалық спектр бұзылыстары.Аутизм Орындаған : Исабайқызы Н Топ: 616-2 Тексерген:Ахметова Д.А Алматы 2017ж
-
Жоспары:
Кіріспе Негізгі бөлім Аутизм түрлері Емі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
-
Аутизм (гр. аutos - өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді.
-
Аутизм терминінің астарында аутизм мәселесін қарастырушы ғалымдардың бірі К.С.Лебединскаяның көрсетуі бойынша «өзінен, шынайы өмірден алшақтау немесе сыртқы әрекеттерге әсердің парадоксалдығы, пассивтілік немесе ортамен қарым-қатынаста ерекше жарақаттанғыштық» түсінігі жатыр. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген АҚШ психиатрі – Лео Каннер. Аутизм соқырлық, кереңдіктен де жиі кездеседі. Соңғы жылдары аутизмнің кездесу жиілігі 10 мың жаңа туған балада 15-20 жағдай, онда да қыздардан гөрі ұлдарда 4 мәрте жиі кездеседі. Ресми дерек бойынша Қазақстанда 1099 бала аутизмге шалдыққан деген пайымдаулар бар.
-
Этиологиясы
Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандардерттің 300-ге жуық себебінатапотыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ.Еліміздеорташаесеппен 50 баланың біріаутизмгешалдығады екен. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептеріанық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректерібойыншааутизмменауырған балалардың себебіорталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынанболады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенінкөптеген зерттеушілермойындайды. Соныменбіргемидың органикалық зақымдалуы да аутистбалалардажиікездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, заталмасуөзгерістері, анасыжүкті және туукезіндеалған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер етумүмкіндігі бар.
-
Жіктелуі:
Ғалым Л. Каннердің зерттеулері бойынша ерте балалар аутизмі дамуының симптомдарын үшке бөліп жіктеуге болады: 1.Аутикалық көңіл-күй (қайғырулар, күйзелулер) 2.Стереотиптік қайталана беретін мінез-құлық көріністері; 3.Сөйлеу дамуының ерекше бұзылулары. [3] Сонымен қоса Л.Каннердің пікірінше, ерте балалық аутизмі өз бетінше бұзылады дей келе, оның негізгі белгілерін атап көрсетеді: --Адамдармен толыққанды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндіктің болмауы; --Сыртқы әлемнен оқшаулану; --Көзбен байланыстың жеткіліксіздіі немесе жоқтығы; --«Мен» дамуының кідірісі [4].
-
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутистбалаларды 4 топқа бөлуге болады: аурудың ауыркөрінісімен сипатталатынтоптағы балаларбезушілік, ортаданоқшаулау, ешнәрсеге көңіл аудармауерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді.Мұндай балаларсөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атынатапшақырғанда үндемей, дыбысшығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Оларбіржеріауырыпжарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішіндебағытсыз ары-беріжүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдындатиспесең бірнешесағаттар бойыотырабереді. Үлкен адаммұндай баланың назарынаударайындептырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді. Бұл топтың балаларыадамның көзіне тікеқарамайды, басқа нәрселерге де көзін тікеқадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысыменсыртқы пішініменбалалардың назарынөздеріне аудартқызады. Мысалы: кілемнемесалашабіткеншежүре береді. Бұл балалардың бірқалыптылығы сағаттар бойытерезедеотырыпбірбағытқа қарап отырабереді. Ал бірнәрсе керекболса, оларүлкен адамдыертіпапарып, керектінәрсеге қолын салады. Балалараздапбелсенді, оларқоршаған ортадантолық безбегенбетіндеқорқыныш бар, қимылдары еркінемес, сөздері түсініксіз, бірсөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырыпаяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды.Бұл топтағы балаларөте дауласқыш, ешөкінбейді, бәрін керісіншежасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды,тек өзі сөйлейді, ешкімдітыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысықатты.Сөзі монолог түрінде. Кейдеересекадамсияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді.Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды. Бұл балалардааутизмнің жеңіл түрі.Балалардың мимикасышектеулі, алаңдаушы болыпкеледі, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз.Оларұялшақ, жасқаншақ болыпкеледі. Оларөтірік айту, алдаудыбілмейді. --
-
Мұндайда баланың жалпыдамуытежеледі. Мінезітұйықтала түседі.Атынатапшақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. Танып-білугеұмтылмайды.Тіптіжаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай баладақалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты адамисезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бәрібір.Өз әлемінде, өзімен өзі өмір сүреді.Тәулік бойыұйықтамай жүре беруімүмкін.Ештеңені қажет етпейді.
-
Аутизмнің емі. Дәрі-дәрмектермен емдеу синдромдық принцип бойынша тағайындалады және ауру белгілерін азайтуға бағытталады. Эпилепсия ұстамалары болған жағдайда оған қарсы дәрілер тағайындалады. Сырқат баланың ауруханада жатып емделуі ұзақ болмауы тиіс. Бұнда ескеретін жайт, ауруханаға баланы ата-анасыз жатқызады, сондықтан бала үшін бұл үлкен психологиялық жарақат. Түзеу жұмыстары интеллектуалдық дамуы төмен балаларға қажет, ол сырқат баланың эмоциялық, қарым-қатынас аясын, қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігін ескеретін арнайы әдістеме бойынша жүргізілуі тиіс. Ең дұрысы – педагогикалық әсерді, музыкалық, би және басқа сабақтарды, міндетті түрде психотерапияны қамтитын кешенді жұмыс.
-
Емі
Аутизмнің емі. Дәрі-дәрмектермен емдеу синдромдық принцип бойынша тағайындалады және ауру белгілерін азайтуға бағытталады. Эпилепсия ұстамалары болған жағдайда оған қарсы дәрілер тағайындалады. Сырқат баланың ауруханада жатып емделуі ұзақ болмауы тиіс. Бұнда ескеретін жайт, ауруханаға баланы ата-анасыз жатқызады, сондықтан бала үшін бұл үлкен психологиялық жарақат. Ең дұрысы – педагогикалық әсер, музыкалық, би және басқа сабақтар.
-
Аутизм кезіндегі психотерапия. Ерте бала аутизмі кезінде, әсіресе сөйлеу және инттелектуалдық бұзылысы бар балаларда, психотерапия кешенді терапиялық емнің құрамдас бөлігі болуы тиіс. Оперантты оқыту (мінез терапиясы) АҚШ және кейбір басқа елдерде (Норвегия, Оңтүстік Корея, бірқатар араб елдері, белгілі бір деңгейде Германияда да) өте кең таралған. Әдіс түрлі аспектілері бойынша қажетті мінез-құлықты қалыптастыратын сыртқы шарттарды болжайды: әлеуметтік-тұрмыстық дамуда, сөйлеуде, оқу пәндерін және өндірістік дағдыларды меңгеруде. медико-психо-педагогикалық түзету әдістері. Шетелдік әдістерге қарағанда айырмашылығы – педагогтар, психологтар мен психиатр-дәрігерлер арасындағы тұрақты өзара әрекеттестікке кешенді мән беріледі.
-
Аутист балалар суды өте жақсы көреді. Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70%-ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Жылқы терапиясы
-
2 сәуір – бүкіләлемдік аутизм жайлыақпарат таратукүні.
-
Қорытынды
Мұндай балалардың мүмкіндіктері шексіз, тек оның көзін аша білу керек. Қорыта келе, айтарымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз осы аутизмге шалдыққан жандарда кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге, оларға өздерінің күшті қырларын жетілдіре түсуге көмектесе отырып, толыққанды өмір сүрулеріне қолұшын созайық.
-
Пайдаланылған әдебиеттер: “Общая психопатология”.Морозов, Шумский. “Психиатрия”. Н.М.Жариков., Л.Г.Урсоков., Д.Ф.Хритинин., К.Т.Сарсембаев. Алматы-2010 “Психиатрия” Р.Г.Илешева
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.