Презентация на тему "Личное развитие"

Презентация: Личное развитие
Включить эффекты
1 из 29
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.5
2 оценки

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Скачать презентацию (1.05 Мб). Тема: "Личное развитие". Предмет: педагогика. 29 слайдов. Для студентов. Добавлена в 2017 году. Средняя оценка: 3.5 балла из 5.

Содержание

  • Презентация: Личное развитие
    Слайд 1

    Қарым-қатынас Микромодуль 3.6 Тапсырма Жағдайлық сұрақ Гипермәтін Өткізген: педагогика, психология пәндерінің оқытушысы А.А.Аманбаева

  • Слайд 2

    Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

    ақпараттық: оқушылардың қарым-қатынас туралы тұрмыстық ақпараттарына сүйеніп, қарым-қатынас қызметі, түрлері және дамуы жөнінде жаңа ақпарат көздерімен қаруландыру; коммуникативтік: қарым-қатынастың әрбір түріне жеке-жеке тоқталып, олардың әрқайсысына жазбаша және ауызша түрде талдау жасау, тақырыпты жан-жақты меңгеру үшін коммуникацияның әртүрлі тиімді құралдарын, әдіс-тәсілдерін қолдану; проблеманы шешу: қарым-қатынас түрлерін кез-келген сәтте қолдана білуге, өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануға қолдану барысында өзінің әрекеттерін реттеуге, өзіндік баға беруге, теориялық білімін өмірде қолдана білуге дайын болу;

  • Слайд 3

    Сабақ түрі:Жаңа оқу материалын хабарлау. Сабақтың технологиясы:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту, ұжымдық оқыту. Әдіс-тәсілдері:СТОстратегиялары: миға шабуыл, ассоциация, топтастыру, түртіп алу, презентация, Венн диаграммасы, рефлекция. Пәнаралық байланыс:Педагогика, этика, тәрбие жұмыс әдістемесі Көрнекілігі:Дәріс мәтіндері, оқыту құралдары, плакаттар, маркерлер, кестелер. Әдебиеттер:К.С.Жұмасова “Психология” А-2006.ж. Ә.Алдамұратов “Жалпы психология” А-1996.ж. М.В.Гамезо. И.А.Домашенко “Атлас по психологии” М-1986.г.

  • Слайд 4

    “Қарым-қатынас дегеніміз - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс - әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегияларын қалыптастыру, басқа адамды қабылдау мен түсінуді қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс”. Шевандрен.

  • Слайд 5

    Сабақтың жоспары: Қарым-қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі. 2.Қарым – қатынастың түрлері 3. Қарым-қатынастың қызметтері 4. Қарым-қатынастағы әдеп принципі. 5. Қарым-қатынаста кездесетін кедергілер 6. Тұлға аралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары:

  • Слайд 6

    қарым-қатынас Жаңа оқу материалын қабылдауға дайындық Ассоциация құру.

  • Слайд 7

    Қарым-қатынас Жаңа оқу материалын қабылдауға дайындық бөлімнің қорытындысы: Қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс. Сөйлесу Қабылдау Түсіну Бағалау Мойындау Ой алмасу Ақпарат беру

  • Слайд 8

    Қарым- қатынас мазмұны, қызметі. Қарым- қатынас типтері. Қарым- қатынастағы әдеп принципі. 4. Қарым-қатынаста кездесетін кедергілер. Ұжымдық оқыту технологиясы бойынша топты төртке бөледі:

  • Слайд 9

    Қарым – қатынас - тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым – қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді.И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе.Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде.Қарым– қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский зерттеген. Қарым-қатынас мәселесінің зерттелу деңгейі.

  • Слайд 10

    ٧Манипулятивті қарым -қатынас – партнерлердің өз мақсатын жасырын жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап – арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым – қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. ٧ Диалогты қарым-қатынас – біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым – қатынастың ерекшелігі – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. ٧Іскерлік қарым-қатынас - тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл - күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы. ٧Рухани - жеке тұлғааралық - бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады. Қарым – қатынастың түрлері

  • Слайд 11

    ٧ Тұлғааралық қарым – қатынасты қолдау және ұйымдастыру қызметі. Басқа адамдарды қабылдау, олармен жақын және іскерлік қарым – қатынас жағымсыз және жағымды эмоционалды қарым – қатынас орнату әрбір адам үшін бағалы нәрсе болып табылады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары эмоциялық қатынастармен шектелмесе де олар іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым – қатынастарға өз әсерін тигізеді. ٧ Тұлғаішілік қызмет – адамның өзімен - өзі қарым – қатынас жасауы (ішкі және сыртқы сөз) бұл - адамның ойлауын әмбебап тәсілі ретінде қарауы мүмкін. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым – қатынастың қызметін атқарады. Императивті қарым - қатынас – авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.

  • Слайд 12

    Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекетте адамдардың қарым –қатынасы жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде адамдардың бірігуінің шарты болып табылады Қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез – құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, әлемге қарым – қатынасы дамып отырады. Растау қызметі - басқа адамдармен қарым – қатынас барысында тұлға өзін тану үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің жеке тұлғасын, оның құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Қарым-қатынастың қызметтері

  • Слайд 13

    Қарым-қатынастағы әдеп принципі: Үнемі жылы шырай таныту. Мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл-күйін білдіреді. Сөйлем жылы сөзден тұрады. «Қымбаттым» деген сөзді жақсы көрмей тұрып та айтуға болады. Адамдармен араласуда - жақсы көзқарас таныту, жымию, күлімсіреу қарым-қатынастың жақсы екенін көрсетеді. Үнемі мадақтап отыру. Баланы үнемі мақтап, әрбір әрекетіне көңіл бөліп отыру баланың рухани өсуіне әсер етеді. Олар өздеріне сеніп тапсырылған іске сеніммен кірісіп, қабілетін толық ашуға мүмкіндік алады. Мадақтау, мақтау- балаға білім беру, мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып табылады. Ынтымақтастық. «Бірігіп зерттеу» барысында адамдардың бір- біріне ынтымақтастығы, өзара қарым - қатынасына, таным әрекетінің нәтижесі оңды әсер ететінін атап өтуге болады. Егер ойлау мен әрекет етуде бірігу болса, қарым-қатынас ынтымақтастығы тиянақты болады.

  • Слайд 14

    Қарым-қатынастағы тосқауыл - бұл коммуникатор мен респондент қарым- қатынасының барысында туындайтын, таза психологиялық феномен Коммуникативті кедергілер - ақпараттың анық еместігінен ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды. Көп жағдайда эмоция мен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Адамдар белгілі бір ақпаратты сезімдеріне сай қабылдайды. Фонетикалық түсініспеушілік қатысушылардың әртүрлі тілде және диалектіде сөйлеу барысында пайда болады. Семантикалық тосқауыл жағдайында қатынасушылардың мағыналар жүйесі әртүрлілігінен пайда болады. Түсінбеудің логикалық тосқауылы коммуникатордың ұсынатын логикалық пайымдауының респондент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінуі, дәлелдеу мәнеріне қайшылық тудырады. Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі қарым-қатынасқа түскен жеке тұлғалардың әлеуметтік, мәдени, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтарына байланысты.. Қарым-қатынаста кездесетін кедергілер:

  • Слайд 15

    Тұлға аралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары:

    Түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы: - 0-45 см. Жақындық ара қашықтығы (ерлі зайыптылар, достар, туыстар). - 45-120 см. Тұлғааралық қашықтық (әріптестер, таныстар). - 120-400 см. Әлеуметтік ара-қатынас (мұғалім мен оқушы, сатушы және сатып алушы). - 400-750 см. Қоғамдық дистанция.

  • Слайд 16

    Тапсырмалар

    3 1 2 4 5 6 7 8

  • Слайд 17

    Еркін жазу

    “Қарым - қатынас” ұғымын қалай түсінесіз? 1 – тапсырма

  • Слайд 18

    Венн диаграммасы

    Манипулятивті қарым - қатынас Ортақ белгілерін көрсет: Императивті қарым - қатынас 2 – тапсырма

  • Слайд 19

    Әдеп принципінің қарым-қатынаста көрінуін сипаттаңыз:

  • Слайд 20

    “Телефондағы әңгіме”, “Аялдамадағы кездесу”, ”Күтпеген дауыс” деген тақырыпта диалог құрастыру.

  • Слайд 21

    Сіз жан құрбыңызбен 16-шы желтоқсанға байлансыты мектептегі мерекелік шараны ұйымдастырушы ретінде бекітілдіңіз. Екінші күні осы мерекелік шараның жоспарын өзіңізше өте жақсы деп құрып, құрбыңызға таныстырдыңыз. Құрбыңызда жоспарын жақсы үлгі ретінде ұсынды. Құрбыңыздың жоспары ұнағанымен, сіз шараны өз жоспарыңызбен өткізуді дұрыс деп есептедіңіз. Сол арада араңызда түсініспеушілік пайда болды. Құрбыңыз: “Неге үнемі сенің айтқаныңдай болуы керек?” деп, бөлмеден ашулы күйде шығып кетті. Мерекелік шараның өтуіне екі-ақ күн қалды. Ол тек жұмыстағы серіктесіңіз емес, жақсы сырласыңыз болғандықтан, сізге осы жағдай маза бермеді. Сіздің әрекетіңіз? Жағдаят №1

  • Слайд 22

    Жағдаят №2

    Сен ата- анаңның тұңғыш перзентісің. Ата- анаң саған үлкен сенім артады, мақтан етеді. Кез - келген мәселені сенімен еркін, ашық талдай алады. Қарым - қатынастарың өте жоғары деңгейде. Бірде ата - анаң саған өте жауапты іс тапсырды, бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол істі уақытында орындай алмадың. Оны білген анаң саған реніш білдірді. Қарым - қатынасыңызда түсініспеушілік пайда болды. Енді не істейсіз?

  • Слайд 23

    Жағдаят №3

    7 сынып оқушылары өздеріне жаңадан тағайындалған сынып жетекшілеріне қызығушылық танытты. Бұрынғы сынып жетекшілерімен істеген істерін айтты. Олар биылда солай істеуді, ұйымдастыруды ұсынды. Бірақ сынып жетекшісі жұмысты «өз жоспарымен» жүргізетінін айтты. Балалардың сынып жетекшілеріне қызығушылықтары бұрынғы жетекшілердей болмады. Олар өз ұсыныстарын айтпады. Ал сынып жетекшісіне өз жоспарын орындау күннен күнге қиындай түсті. Осы жағдайдағы қарым- қатынасты талдаңыз?

  • Слайд 24

    Жағдаят №4

    Саматтың ата-анасы баласының жан - жақты дамуына көп көңіл бөледі. Ол мектеп жанындағы спорт секцияларына қатысады. Ал кешкісін анасы баласына музыка үйретеді. Бәрі Саматтың дарындылығына таң қалып, болашағы бар деп жүрді. Шынында ол алғашқы екі тоқсан бойынша «5»- ке оқып жүрді. Ал екінші жарты жылдықта сабақ үлгірімі күрт төмендеп кетті. Спорт та өз жайында қалды. Анасы сәл дауыс көтерсе, достарының үйіне кетіп қалатынды шығарды. Саматтың бұл әрекетіне не себеп болды деп ойлайсыз?

  • Слайд 25

    Жоба: “Дұрыс сөйлей білейік” Мақсаты: 4б,кб КШФ топтарының сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Проблема: Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің жүйесін сақтамауы. Осы мәселені шешу мақсатында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге арналған тапсырмалар жасалады. Мысалы анасын 8 наурыз мерекесімен құттықтау, оқу орнын бітірген соң колледж мұғалімдерімен хабарласып тұру немесе ұялы телефон арқылы хабарласып тұру, таңертең амандасқан танысымен кешке көргенде сөйлесу рәсімі. Шағын зерттеу жұмысы 4бКШФ тобында жүргізлді. Нәтижесі:аналарына денсаулық тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Колледж бітіргеннен кейін Жарас, Сайран. Болат. Әсел сынды мұғалімдердің хал – жағдайын сұрап, құттықтап тұратындығын айтты. Ал кеште көрген танысына А.Айденов “Бүгін күн қалай өтті? Сәтті ме?”, Э.Дүйсенғалиев “Кеш жарық! Күн қалай өтті?” деп жауап берген. Біздер осы жауаптарды толықтырып, нұсқаулар әзірледік.

  • Слайд 26

    Р е ф л е к с и я Білдім. Білгім келеді. Ұсынамын. 1. 2. 3. 4. 1. 2. 3. 4. 1. 2. 3. 4.

  • Слайд 27

    ТЕСТ ЖҰМЫСЫ

  • Слайд 28

    НӘТИЖЕСІ

  • Слайд 29

    Назарларыңызға рахмет!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке