Презентация на тему "Внутриматочные инфекции"

Презентация: Внутриматочные инфекции
1 из 22
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
4.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация для студентов на тему "Внутриматочные инфекции" по медицине. Состоит из 22 слайдов. Размер файла 1.58 Мб. Каталог презентаций в формате powerpoint. Можно бесплатно скачать материал к себе на компьютер или смотреть его онлайн.

Содержание

  • Презентация: Внутриматочные инфекции
    Слайд 1

    С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті. Кафедра: Микробиология, вирусология және иммунология. Тақырып: Құрсақ ішілік инфекциялар. Инфекциялық процестің жастық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың инфекцияларының патогендік ерекшеліктері. Орындаған: Қуаныш Ф.Қ Факультет: ЖМ Курс: 2 Топ:007-01 Тексерген: Алматы 2014 ж

  • Слайд 2

    ЖОСПАР

    І Кіріспе Құрсақ ішілік инфекциялар. ІІ Негізгі бөлім: Этиологиясы. Патогенезі. Клиникасы. Жіктелуі. Құрсақ ішілік вирустық инфекциялар. Құрсақ ішілік бактериялық инфекциялар. ІІІ Қорытынды.

  • Слайд 3

    Құрсақ ішілік инфекциялар

    Құрсақ ішілік инфекциялар– екі қабат әйелден немесе босану кезінде туу жолдарынан қоздырғыш өтуінен болатын инфекциялар. Уақытына байланысты антенатальды немесе интранатальды деп аталады.

  • Слайд 4

    Құрсақ ішілік инфекциялар.

  • Слайд 5

    Этиологиясы.

    Трансплацентарлы қан ағымы арқылы Жоғары өрлеу арқылы. Құрсақ қуысынан, жатыр мойынынан. Төмен түсу арқылы. Құрсақ қуысынан және жатыр түтікшелерінен. Тікелей құрсақ қабырғасынан инфекциялану.

  • Слайд 6

    Инфекциялық процесс дамуына мынадай факторлар әсер етеді: Гипоксия; Жүктілік ақаулары; Құрсақ ішілік дамуының артта қалуы; Шала туылу; Анасының көп мөлшерде дәрі – дәрмек ішуі.

  • Слайд 7

    Құрсақ ішілік инфекциялардың дамуы

    Құрсақ ішілік инфекциялардың дамуы көбінесе бала жолдасының бүтіндігінің өткізгіштігінің бұзылуына байланысты және қоздырғыштың вируленттілігіне, ұрықтың иммундық жауабының түріне байланысты. Неғұрлым ертерек жұқтырса, соғұрлым ауыр түрде өтеді, қауіпті болады. Құрсақ ішілік инфекциялардың ауруларының дамуы бір – біріне ұқсас болады.

  • Слайд 8

    Патогенезі.

    Антенатальды инфекциялар Бала жолдасының зақымдалуы Фетоплацентарлық жетіспеушіліктің күшеюі. Шала туылу; Түсік тастау; Өлі туылу; Тұншығу (асфиксия) Ұрықта Igдеңгейі төмендеуі Антидене комплексі пайда болуы Энцефалит Гломерулонефрит цирроз

  • Слайд 9

    Клиникасы

    Улану белгілері Әлсіздік; Дене салмағын қоспауы; Тері түсінің бозғылт, сұр болуы; Склерема, сарғаю; Пурпура Респираторлы бұзылыстары: Тахипноэ Ентігу Тыныс тоқтауы Көгерудің болуы

  • Слайд 10

    Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары: Құсу; Лоқсу; Іш кебу; Диарея, т.с.с. ОЖЖ зақымдалуының белгілері: Гипертензия; Гипотензия; Тырысулар; т.с.с.

  • Слайд 11

    Жүрек – қан тамырлық бұзылыстар: Тахикардия; Жүрек үндерінің кереңделуі; Жүректің салыстырмалы шекараларының кеңеюі; Терісінің мрамор түстес болуы; Ісінулер; Қан кетулер; Тромбоцитопения; Спленомегалия; Сарғаю; Қан аздық; Қан қысымының төмендеуі, т.с.с.

  • Слайд 12

    Құрсақ ішінде дамитын инфекциялар Вирустық Бактериялық

  • Слайд 13

    Құрсақ ішінде дамитын вирустық инфекциялар.

    Көптеген вирустық инфекциялар іштегі балаға (немесе ұрыққа) өтіп, әр түрлі өзгерістер, оның ішінде вирустарға тән қабыну үрдістерін қоздыра алатыны анықталған. Оларға: қызамық вирусы, цитомегалия, жел шешек, жай герпес, паротит, коксаки, сарысулы гепатит, аленовирус, АИВ және т.б. жатады.

  • Слайд 14

    Жатырішілік герпес.

    Жатырішілік герпес ДНК вирустарына жатады. Оның қоздырушысы 2– типтегі вирус, Herpes simplex, сирек жағдайда 1 – тип. Вирустар эпителий жасушаларында көбейіп, олардың үлкеюіне, ядроларда ірі вирустық қоспалардың пайда болуына соқтырады. Зақымданған жасушалар кейін бөлшектеніп, жойылып кетеді. Өлген жасушалар айналасында қабыну реакциясы аз немесе тіпті жоқ, тек қан айналымының бұзылуы көрінеді.

  • Слайд 15
  • Слайд 16

    Тума цитомегалия.

    Цитомегалия (cytos – жасуша, megalos- үлкен)- сөл бездерінің қабынуымен (сиалоаденит) және алып, ядроішілік қоспалары бар жасушалардың пайда болуымен және аралық қабынуымен сипатталатын ДНҚ вирустық инфекция. Вирустар плацента арқылы өтіп, эмбриопатия, фетопатияларға соқтырады. Ол жаңа туылған нәрестелер мен шала туылған балаларда генерализацияланған (жайылған) ауыр инфекция түрінде өтеді.

  • Слайд 17
  • Слайд 18

    Құрсақ ішінде дамитын бактериялық инфекциялар.

    Құрсақ ішінде дамитын бактериялық инфекцияларға: листериоз, туберкулез, мерез, бруцеллез, хламидиоз, және т.б. кіреді. Сонымен қатар кейбір паразиттер (токсоплазма, трипанасома), саңырауқұлақтар (кандидоз, аспергиллез, криптоккоз) да гемотогендік жолмен таралуы мүмкін. Инфекция гемотогендік жолмен түскенде плацентаның қабықтарына қарағанда парензимасының қабынуы көбірек кездеседі, бүрлернің қабынуы (виллит) басым болады. Таралу түрлеріне қарап виллит ошақты немесе диффузды, продуктивті немесе экссудативті (жиі іріңді) болуы мүмкін. Плацентаның қабынуы нәрестеге инфекцияның таралу көзі болып саналады. Көп жағдайда ол нәрестенің жатыр ішінде өлуінің себебі бола алады. Нәрестенің инфекциялық ауруларында инфекция таралған көбінесе сепсистік түрде өтеді.

  • Слайд 19

    Жатыр ішінде дамитын листериоз.

    Жатыр ішінде дамитын листериоз. Оның қоздырушысы – Listeria monocytogenesis. Листериоз – антропозооноздарға жататын созылмалы жұқпалы ауру. адамға листериоз ауру малдардың сүтін ішкенде, етін жегенде жұғады. Жүкті әйелдерде листериоздық пиелит, пиелонефрит, эндоцервицит кездеседі. Іштегі балаға инфекция плацента арқылы немесе төменнен жоғары қарап қыннан жатыр қабырғасына, одан ұрық қабықтарына және бала айналасындағы сұйықтыққа өтеді. Инфекция қан арқылы таралғанда гранулематозды сепсис дамиды. Ол іштегі баланың немесе жаңа туылған нәрестенің көптеген ағзаларында тарының үлкендегіндей майда гранулемалардың (листериомалардың) пайда болуымен сипатталады. Теріде майда, домалақ сары түсті айналасы қызарған түйіншіктер көздің, ішектің шырышты қабықтарында, әсіресе бауырда, ұйқы безінде, бүйректерде, көкбауырда, өкпеде табылады.

  • Слайд 20

    Жатыр ішінде дамитын туберкулез.

    Жатыр ішінде дамитын туберкулез өте сирек кездеседі. Инфекция негізінен қан арқылы плацентаға таралады, ол жерде туберкулездік плацентит дамиды. Осы жағдайда бауырда, көкбауырда ірі казеозды некроз ошақтары көрінеді. Егер инфекция қағанақ сұйықтығына түскен болса, ол аспирация жолымен өкпеге, жұтылу арқылы ішекке өтеді. Өкпеде, ішекте көптеген майда алғашқы туберкулездік аффектер пайда болады, аймақтық лимфа түйіндерінде де туберкулездік қабыну үрдісі дамиды.

  • Слайд 21
  • Слайд 22

    Қорытынды.

    Құрсақ ішіндегі инфекциялық аурулар нәрестенің 70 күннен 280 күнге дейінгі аралықтағы сырқаттары кіреді. Оларды ерте және кеш дамитын түрлерге бөледі. Жатыр ішінде дамып жатқан бала 5-6 айдан бастап микробтар мен вирустар әсеріне қабыну реакциясы арқылы жауап бере бастайды, бірте – бірте бұл реакция жеке инфекцияларға тән түр алады. Іштегі бала денесіне дарыған инфекция қоздырушылары ұрықтың өз - өзінен түсіп қалуы, өлі немесе шала туылуының себебі бола алады.

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке