Презентация на тему "Передний и задний тампоны"

Презентация: Передний и задний тампоны
Включить эффекты
1 из 24
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
4.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Интересует тема "Передний и задний тампоны"? Лучшая powerpoint презентация на эту тему представлена здесь! Данная презентация состоит из 24 слайдов. Средняя оценка: 4.0 балла из 5. Также представлены другие презентации по медицине для студентов. Скачивайте бесплатно.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    24
  • Слова
    медицина тампоны
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Передний и задний тампоны
    Слайд 1

    Орындаған: Құмарбекова Н.Е Қабылдаған: Кулимбетов А.С. Топ: 10-012-02қ Факультет: жалпы медицина С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА СӨЖ Тақырыбы: Алдыңғы және артқы тампонада Кафедра: оториноларингология

  • Слайд 2

    Жоспары:

    Кіріспе Негізгі бөлім Алдыңғы тампонада Артқы тампонада Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

  • Слайд 3

    Кіріспе

    Мұрыннан қан кету - мұрыннан және жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы көпіршікті емесқанның бөлінуімен көрінетін жалпыжәне жергіліктіпатологиялық процестерменкөрінетін клиникалық симптом. Этиологиясы: - Жүйелі аурулар(атеросклероз, АГ, бауыраурулары) - Инфекциялық аурулар(грипп,дифтерия,скарлатина,қызылша.) - Гиповитаминоз. - Интоксикация (ауырметаллдар, хром, қорғасын, фосфор) - Дәрілік заттар (антикоагулянттар, цитостатиктер) Қан аурулары (лейкоз,анемия,агранулоцитоз, миеломдыаурулар, гемофилия, идиопатичлық; тромбоцитопениялық пурпура) Ослер-Рандю-Вебер синдромы Мұрынның, мұрын қуысының шырышты қабатының жарақаттары; мұрын қуысының тамырлық жаңа түзілістері.

  • Слайд 4

    Патогенетикалық жіктелуі (И.А. Курилин). I. Мұрын қуысындағы тамырларқабырғасының патологиясынәтижесінде: жарақаттар; мұрын қуысы шырыштықабатының дистрофиялық процессі; мұрын қалқанының қисаюы; мұрын қуысындағы тамырларжүйесінің даму ақауы; мұрындағы және қосалқыларындағы жаңа түзілістер (мұрын қалқанындағы қанағыш полип, ангиомалар, ангиофибромалар). II. Гемокоагуляциялық құрылымы бұзылыстарының көрінісі ретінде : қан ұю жүйесі плазмалық факторларының белсенділігінің төмендеуі; қан ұюдағы тромбоцитарлы фактор белсенділігінің төмендеуі; ұюға қарсы жүйе белсенділігінің төмендеуі; гиперфибринолитикалық жағдай.

  • Слайд 5

    III. гемокоагуляцияжәне мұрын қуысы тамырларжүйесіндегі араласпатологиялық әсерлерден шақырылған: атеросклероз, гипертониялық ауру кезіндеэндотелидің дистрофиялық зақымдалуы; геморрагиялық диатез; бауырдың созылмалыаурулары (гепатит, цирроз); мұрын және мұрын қосалқыларының созылмалықабыну аурулары (іріңді, аллергиялық); қан аурулары.

  • Слайд 6

    Клиникалық көрінісі Негізгі симптом:мұрыннан және жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы көпіршікті емесқанның бөлінуі. Қосымша симптомдар: қанды құсу (жұтып қан асқазанға түскен кездепайдаболады); мелена (қара нәжіс) ұзақ қайталамалы мұрыннан қан кету кезінде; жөтел кезіндетөменгі тынысжолдарынажәне көмейге қанның түсуі; терісінің бозаруы; суық тер; жиіжәне жұмсақ пульс; АҚ өзгеруі; бас айналуы; басындажәне құлағында шудың болуы; есінің бұзылуы.

  • Слайд 7

    Қоңырау шалғандарға кеңес беру:

    Науқасты ыңғайлы қалыпта отырғызу (басын сәл еңкейтіп отыру) жағасын босату. Науқастың алдынақанды жинауүшін ыдыс беру. Мұрынның кіреберісжеріне тампон қою [ 3% сутегіасқын тотығына немесе 0,1% адреналин ерітіндісінесалынған тампон және оны10-15 минутқа мұрын қанаттары арқылы басу. Науқасты ауызарқылы терең және баяу демалдыру. Мұрын аймағына 30 минутқа салфетка арқылы мұз қою. Жеделжәрдем бригадасыншақыру.

  • Слайд 8

    Жедел жәрдем шақыру кезіндегі іс-әрекет:

    Міндетті сұрақтар: Қанкету қай мұрын қуысынан басталды? Науқас қан жұта ма? Қанкету ұзақтығы? Қанкету көлемі ( миллилитр)? Ортостазнемесегиповолемиясимптомдарыкөрінеді ма? Бұрын мұрыннан қан кету болдыма?Болса,емнәтижесі болдыма? Қанкету симптомдарыменкөрінетін аурулары бар ма (артериальды гипертензия, бауыраурулары, алкоголизм)? Ацетилсалицилқышқылын, стероидтыемесқабынуға қарсы дәрілерді қабылдай ма?

  • Слайд 9

    Дәрігерге дейінгікөмек іс-шараларының әсері болмаса не қан кету жалғаса берсе істелуікерек:

    мұрынның алдыңғы томпанадасы мұрынның артқы тампонадасы(алдыңғы томпанадаәсері болмаса); 12,5% ерітінді(2,0-4,0 мл көкткамырға немесебұлшықетке); 1% викасолерітіндісі (2,0 мл көктамырға); 5% аскорбинқышқылы (5,0-10,0 мл көктамырға); 10% кальций хлорид ерітіндісін (10,0 мл көктамырға); 5% ε-аминокапронқышқыл ерітіндісін (100,0 мл көктамырға ); Жүрек және тынысәрекеттері бұзылыстарын бақылау.

  • Слайд 10

    Негізгі бөлім

  • Слайд 11

    Алдыңғы тампонада

    Көрсеткіші: гемостатикалық шараларды қолданғанда да қан кету тоқтамаса Қажет құралдар: бүгілмелі пинцет не мұрындық корнцанг, мұрындық кеңейткіш (айна), маңдайлық рефлектор, жалпақтығы 1,5 см ұзындығы 40-50 см-лі дәкелі турунда, гемостатикалық және бактерицидті заттар (аминокапрон қышқылы, 5-10% синтомицин және левомицетин эмульсиясы, дицинон)

  • Слайд 12
  • Слайд 13

    Процедураның орындалуы

    Науқас отыру қалпында отырады. 40-50 см-лік гемостатикалық, бактерицидті затпен шыланған тампонды дәрігер пинцетпен шетінен 4-5 см қалдырып ұстайды. Сол қолымен мұрындық айнамен мұрын танауын ашып, пинцетпен ұзын дәкелік турунданы енгізеді. Оны мұрын қуысының түбінен бастайды. Ілмектерді бір-біріне гармошка ретінде тығыз жабыстырады, олар артынан алдына, төменнен жоғарыға қарай салынады. Алғашқы ілмекті салғанда оның ұшы танаудан шығып тұру керек. Сыртынан таңғыш салады. Тампонды вазелинмен майлау дұрыс. Дәкелі турунда мұрын қуысында 24-48 сағатқа дейін болады.

  • Слайд 14

    1-зақымдалған қан тамырлары

  • Слайд 15
  • Слайд 16
  • Слайд 17

    Артқы тампонада

    Көрсеткіші: алдыңғы тампонада тиімсіз болғанда; мұрын қуысына операция жасағанда қатты қан кеткенде. Қажет құрал-жабдықтар: резиналы катетер, бүгілмелі пинцет, мұрындық корнцанг, 3-2, 5-2 см-лі 3 рет қалың жібек жіптерімен байланған стерильді дәкелі тампон (ұзын жіптері қалдырылады), литикалық дәрі дәрмек (1 мл 1% промедолерітіндісі, 1 мл 2% димедрол, 2 мл 50% анальгин), гемостатикалық зат.

  • Слайд 18

    Процедураның орындалуы

    Науқастың қажет тампон дайындау үшін мұрын-жұтқыншақ бөлігінің мөлшерін анықтайды. Әдетте олар үлкен екі саусақты қосқан кездегі мөлшеріне тең. Тампон және жіптің мықтылығын тексереді. Жіңішке резиналы катетерді төменгі мұрын жолы арқылы жұмсақ таңдайдан көрінгенше өткізеді. Әр катетер ұшын пинцетпен тартып ауыздан 4-5 см-ге дейін шығарады Тампоны бар жіпті катетер ұштарына байлайды, жіп ұзындығы 20 см-ден кем болмау керек. Мұрын арқылы катетерді сыртқа тартады. 2 жіп танаудан шығады.

  • Слайд 19

    Оң қол сұқ саусағымен тампонды мұрын-жұтқыншақ бөлігіне қарай тығыздап итереді. Тампон хоаналарда орнатылады. Алдыңғы тампонаданы да жасауға болады. Дәкелі төсемшені мұрын кіреберсі алдына байлайды. Ауыз қуысында қалған екі жіпті мойынға пластырьмен бекітеді. Асқыну алдын алу (ортаңғы құлақ ауруы) үшін тампонды 2 күннен артық ұстамауға тырысу керек. Антибиотиктертағайындалады.

  • Слайд 20

    А) мұрын-жұтқыншақ тампонының мөлшерін анықтау; б,в,г) тампонада кезеңдері

  • Слайд 21
  • Слайд 22
  • Слайд 23

    Қорытынды

    Мұрынға алдыңғы және артқы тампонада жасау техникасын әрбір болашақ дәрігер жақсы білуі қажет. Алдыңғы тампонададан артқы тампонада тиімділігі жоғары болып келеді және орындалу жолы да күрделірек. Тампонада жасалған соң турундаларды уақытында алу керек. Артқы тампонада да көмектеспей жатса оперативті араласуға жүгінеді.

  • Слайд 24

    Пайдаланылған әдебиеттер

    Овчинников Ю.М., Гамов В.П. Болезни носа, глотки, гортани и уха. Москва «Медицина» 2003, 116 б www.vrachinfo.ru/termin_tamponadad_nosa http://www.medlitportal.ru/zadnyaya-tamponada Қан кетулер кезінде көрсетілетін жедел жәрдем және диагностикалау алгоритмі. Алпысова А.Р. Мақаласы 2011, Қарағанды

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке