Содержание
-
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАКДЕМИЯСЫАкушерлік және гинекология кафедрасыТақырыбы:Оперативті акушерия. Негізгі акушерлік операциялар.
Орындаған:Айнақұл Е Тобы:402 «Б» МПД Қабылдаған:Салимбаева Б.Т
-
Жоспар
Кіріспе Негізгі бөлім -Нәрестені бөлшектеп шығару -Басты тесу операциясы -Бассыздандыру операциясы -Бұғананы кесуоперациясы -Кесар тілігі -Операцияданкейінгікезең Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
-
Кіріспе
Жалпы хирургиядағы өзекті сұрақтар оперативті акушерияда да маңызды болып табылады. Операция алды дайындық, операциядан кейінгі күтім және асқынулардың алдын алу шаралары жалпы хирургиялық және акушериялық тәжрибеде жалпы болып келеді. Нәрестені бөлшектеп шығару Бөлшектеп шығару операциясы (эмбриотомия) жатырдағы нәресте өлі болғанда ғана жасалады. Қейде анаөміріне қауып төнгенде тірінәрестеге де жасауға тура келеді. Кейде ана өміріне қауіп тірі нәрестеге жасауға тура келеді. Бөлшектеп шығару операциясының түрлері: нәрестенің басын тесу, (краниотомия), бассыздандыру (декапитация), бұғананы кесу, (клейдотомия), кеуде меп іш құрылысын босату (эвисцерация, эвентерация), омыртқаны бөлшектеу (спондилотомия).
-
Басты тесу операциясы Басты тесу операциясының негізгімақсаты нәрестенің бас көлемін кішірейту. Бүл операция үщ тәсілден тұрады: а) басты тесу (перфорация); ә) ми бөлшектерін шығару (эксцеребрация), б) бастышығару (краниоклязия). Қажеттілігі: 1. Бас өлшемі мен жамбас өлшемі сәйкес келгенде. 2. Нәресте кемтарболғанда (гидроцефалия). 3. Нәресте басы жамбастың кіреберіс жазықтығына дурыс қондырылмағанда. Шарты: 1. Жатырмойнының толық ашылуы .2. Қағанақ суының болмауы. 3. Өлі нәресте. 4. Жамбассүйектерінің тарылуыныңIII, IV дәрежесінің болмауы. 5. Нәресте басының жамбасқуысы жазықтығына қондырылуы. 5. Көмекшінің қатысуы.
-
Краниотомия
-
Қажетті құралдар: БЛО тескіші, улкенқынап айна-лары, төрт тістіқысқыштар, бастышығаратын қурал (краниокласт) мен кюретка, қайшы. Операцияның тәсілі:I. Басты тесу. Олүшінарнайыайналарменқынапты ашьга, төрт тістіқысқышпен бас-тың құйқасын тартыптұрып, қайшымен 3 см кеседіҚуйқа кесілгенсоң тескішпен бас суйектерінеңбекпеи жікайналасындатеседі. II. Кюреткаарқылы ми бөлшектерін бөлшектеп, оны сыртқа шығарады, сонда бас көлемі кішірейеді. III. Бастышығару.Олушінкраниокластықолдапа- ды. Қурал екітармақтан (біртармақтың бас жағының ортасыашық, екіншісітұтас жабық), ал олардың қосылатын белігісаппен бекіткіштентурадыҚуралдың біріншітармағын бастьщтесігіне, екіншітармақты бет суйектің тусынаорнықтырып, екеуінбекітеді.
-
Соданкейін, акушерлікқысқаш салғандай бастышығарып, алады. Бул бас шығаратын құралды жиіколданбайдыӨйткені олжатыр мен кынаптыжаракаттауымумкін. Сондықтан мидышығарған соң, солтесіктснжан-жағына төрт тістікысқаштарды салыпбастытартьшшығарады.
-
Бассыздандыру операциясы Бул операция нәрестенің көлденең жатуының асқынуында қолданылады, себебі бұл жағдайда кесар тілігі арқылы әйелді босандыруға болмайды Бассыздандыру операциясын кынап арқылы жасайды. Қажеттілігі:нәрестенін көлденең жатуының асқынуы Шарты:жатыр мойыныньвд толық ашылуы, қолдың нәресте мойнына жетуі. Әйелге жалпытерең наркоз беріледі. Қажетті құралдар:1. Ілгектәрізді кұрал; 2. Үзын қайшы. 3. Қынап айналары. 4. Төрт тістіқысқыштар.
-
-
Тәсілі:Егернәрестенін, қолы қынапта немесеоданшыққан болса, онда оны дәкелі жіпкебайлаптаңып, біржағына қарай тартыпқою керек. Содансоң қолды қы-нап арқылы, жатырға енгізіп, нәрестенің мойнынтауып, саусақтармен оны қамтып ұстайды да, ілгектәрізді құ-ралды саусақтар арқылы нәресте мойнынаорналасты-рады. Ілгектәрізді қуралды сабынантөмен тартып, оң-ға-солға бұрайды, солкездемойыномыртқалары сынып, бір-біріненажырайды. Содансоң ілгектәрізді құралды шығарьш, узынқайшымен саусақтардың арасындамо-йындыкеседі. Кесілгенсоң денесінқолынан тартыпшы-ғарады, егершықпай жатсабұғананы кеседі. Денесішыққан сон қолмен басыншығарады, олүшін саусақты нәрестенің аузынатығып тартады.
-
Бұғананы кесуоперациясы
Бұл операция арқылы иық шеңберін кішірейтеді. Бу-ғананы кесу, бастыкескенсоң денесішықпаса, немесе аса ірінәрестелердің басы шығып, денесітурыпқалған-да жасалады. Олушінсаусақтармен бұғананы устаптұрып, орта-сынанқайшымен кеседі. Бірбұғананы кескендеиық шец-бері 2,5—3 см-гекішірейеді, ал екеуінкессе 5—6 см кі-шірейеді.
-
Кеуде мен ішқұрылысын босатуоперациялары Бұл операция нәрестенің көлденең жатуының асқы-нуында, бассыздандыруоперациясынжасауға жағдай болмағанда қолданады. Бұнда нәрестенің жамбасқуы-сының кіреберісжазықтышна жақын жатқан белігінтесіп, кеуде мен ішкұрылысын бөлшектеп, содансоң де-несіменбасынқолмен шығарады.
-
Омыртқаны бөлшектеу операциясы
Булоперациядакеуде мен ішқұрылысьшан босатқан соң нәресте денесішықпаса, омыртқаны қайшымен бө-ліп, дененібіртіндепшығарады.
-
Эмбриотомия Эмбриотомия-деп, табиғи босану жолдарынан нәрестені бөлшектеп шығару операциясын айтады. Эмбриотомия кезінде нәресте екі бөлікке бөлінеді. Бөлінген бөлікке байланысты декапитация, спондилотомия-тұлғаны бел омыртқа аймағында ажырату, деп ажыратылады. Тұлғаны ажырату кезінде, кей жағдайда көлемін кішірейту мақсатында қуыстарды тазарту жүргізіледі. Бұл операциялар экзентерация, эвентерация немесе эвисцерация деп аталады.
-
Көрсеткіштері:
Асқынған көлденең орналасу. Асқынған көлденең орналасуда- нәресте иығы келуші бөлігі болып табылады. Жиі иықтары-қолдармен келіп орналасады. Толғақтар және күшену күшімен келуші бөлігі –иықтары жамбас қуысына енеді, иықпен бірге кеуде мен іші де ене бастайды. Нәтижесінде, қолы иық белдеуіне дейін төмен түсіп, ісіне бастайды.Шекара сақина кіндікке дейін жоғары көтеріледі.Төменгі сегмент қатты созылады.Әйел тынышсызданады, тамыр соғысы жиілейді. Нәресте өледі, жатыр қуысында нәрестенің өліп, ыдырауынан және қоздырғыштардың енуінен газдар жиналады. Ыдырау процесіне байланысты қағанақ суы шіріген иісті, босанушы әйелде интоксикация әсерінен дене қызуы жоғарылайды. Жатыр жыртылуына қауіп туғанда және инфексияда жедел босандыру керек. Акушерлік бұру дәрігерлік қателік болып есептеледі. Бұндай жағдайларда декапитация немесе спондилотомия кқрсеткіш болып табылады.
-
Эмбриотомия жасаудың шарттары: Жамбас тар болмау керек және босану жолының жұмсақ тіндерінің дайын болуы. Шынайы коньюгата 6 см болуында босануды жүргізу-тек классикалық кесір тілігі арқылы мүмкін болады. Жатыр ернеуінің ашылуы кем дегенде 3 көлденең саусаққа ашылуы керек. Асқынған көлденең орналасуда жатыр мойнының ашылуы толық болады, бірақ толық ашылмауы кездессе-онда саусақтармен ашу керек немесе радиарлы кесінді жасау керек. Операцияның орындалуы. Операция алдында нәрестенің өлі немесе тірі екендігіне және жатыр жыртылуына тексеру керек. Сондай-ақ декапитация жасау үшін нәресте мойнына дейін жету мүмкіндігіне қарау керек.
-
Кесар тілігі
Кесар тілігі — әйелді құрсағы арқылы босандыру, бұл операция кезінде жатырды кесіп, нәресте мен бала жолдасын алады. Әйелге жүктілік және босану кезеңдерінде жедел жәрдем көрсету үшін, кесар тілігін акушер-гинекологтармен қатар хирургтар да кеңінен қолданады. Ерте кезде кесар тілігін тек өлген әйелге ғана жасаған, бірақ көп мемлекттерде бұған рұқсат етілмеген (құ-ран бойынша елген ана мен бірге баласы да өлуі керек деген). Кесар тілігінің ғылыми даму тарихы тек XVI ғасырдың соңында, XVII ғасырдың басында басталды. Г. Г. Гентердің мәліметі бойынша, тірі әйелге тұңғыш рет кесар тілігін Италияда (1540 ж) хирург жасаған. Тарихи дәлелденген мәлімет бойынша тұңғыш кесар тілігін тірі әйелге 21 апрельде 1610 ж (бұдан 370 жыл бұрын) Виттенбергте неміс хирургі Траутман жасаған. Әйел операциядан кейін 24-ші күні қайтыс болған, бірак оның өлімі операцияға байланысты болмаған, баласы тірі қалған. Россияда тұңғыш рет кесар тілігін 1756 ж. Эразмус жасаған. XVIII ғасырда да кесар тілігі өте сирек жасалған, себебі көп әйел операциядан кейін қан шығынының артуы мен қанның инфекциялық улануынан қайтыс болған. Тіпті XIX ғасырдың соңына дейін кесар тілігінен кейін ана өлімінің көрсеткіштері өте жоғары болған (80% және одан да жоғары).
-
XVIII ғасырда да кесар тілігі өте сирек жасалған, себебі көп әйел операциядан кейін қан шығынының артуы мен қанның инфекциялық улануынан қайтыс болған. Тіпті XIX ғасырдың соңына дейін кесар тілігінен кейін ана өлімінің көрсеткіштері өте жоғары болған (80% және одан да жоғары).
-
Кесар тілігінің даму тарихының II дәуірі (сатысы) 1876 жылы Рейн тұңғыш рет жатырды алып тастау ұсынғаннан кейін басталды (ананың өлім көрсеткіші 24,8%-ке дейін төмендеді). Ал, кесар тілігінің үшінші дәуірі жатыр тігісін енгізуге байланысты. 1881 ж. тұңғыш рет Шмидт кесар тілігінен кейін үш қабат тігіс салу әдісін ұсынды, бұл әдіс операциядан кейінгі асқынулардың төмендеуіне әсер етті. Ерте кезде кесар тілігін сезімсіздендіру үшін ішімдік-ті, апиынды қолданған. XIX ғасырдың ортасына дейін кесар тілігі наркозсыз жасалған. Тек XIX ғасырдың соңында ғана асептика, антисептика ережелерінің, наркоз жаңа тігіс тәсілдерінің енгізілуіне байланысты кесар тілігінде жана даму сатысы басталды. Бірақ бұл жағдайдарға қарамастан кесар тілігінен кейін ана мен бала елімінің көрсеткіштері әлі жоғары (ана өлімі 0,21—3,9%, ал бала өлімі 1,9—11,8%). Соңғы 10 жыл аралығында кесар тілігінің қолдану кеңейді, әсіресе нәресте жағынан қажеттілік көрсеткіштері есті.
-
Қазіргі акушерлік салада кесар тілігі ең жиі қолданылатын, операцияның бірі, оның жиілігі әртүрлі. М. С. Малиновскийдің мағлұматтары бойынша (1974) 0,5—3%, В. И. Кулаков (1973) — 0,58—6,87%. Ал Алма-тыдағы № 1 перзентхананың көрсеткіші бойынша кесар тілігінің жиілігі 1973-77ж аралығында 2,08%. 1992 ж. 7,5%, орта есеппен соңғы 10 жылдағы кесар тілігінің жиілігі 2—16,9% аралығында, шетел ғалымдарының көрсеткіші бойынша 15—16%. Кесар тілігін қолдану жиілігі біріншіден акушерлік асқынудың түрлеріне, босанудың жолдарына, дәрігерлердің білім дәрежесінс байланысты. Кесар тілігінің жиілігі, оның қажеттілігімен тығыз байланысты. Қажеттілігін тұрақты және түрақсыз деп екіге бөледі. Қептеген жылдар бойы кесар тілігін тек тұрақты қажеттілік бойынша жасап келді. Тұрақты қажеттілік кезінде, жұктілік мерзімі жеткен әйел босану жолдары арқылы езі босана алмайды.
-
Тұрақты қажеттіліктері: Жамбас қуысының анато-миялық тарлығының III, IV дәрежелері және II дәрежеде, нәресте салмағынын, ірілігі; бала жолдасының толык төмен жатуы; қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі; жатырдың жыртылу қаупі және оның басталуы; бала жолдасының жартылай темен жатуында қан шығынының артуы; нәрестенің туына кедергі болатын кіші жамбас қуысындағы жыныс ағзаларының ісіктері; бүрынғы кесар тілігнен кейінгі тыртықтың мардымсыздығы (әлсіздігі) гестоздың ауыр түрлері; қынап пен жатыр мойнының тарылуы; қынаптың вена тамырынын. кеңеюі; миопияның жоғары дәрежесі; нәресте басыиың маңдайымен қондырылуы; нәрестенің жатырда көлденен жатуы; жатыр мойнының катерлі ісігі.
-
Тұрақсыз қажеттіліктері. Жүктілік мерзімі жеткен әйелдің өз бетімен босануы мүмкін, бірақ ана мен бала өміріне туатын қауіп-қатер жоғары болады. Олар: жамбас қуысының клиникалық тарлығы; тар жам-бас куысының клиникалық тарлығы; тар жамбас куы-сының 1—2 дәрежесі; толғақтың әлсіздігі; нәресте елдер, нәресте салмағының ірілігі, оның құйрығымен келуі; бала кіндігінің кынапқа түсуі; нәрестенің гипоксиясы мен асфиксиясы; көп жылдар бедеулікте болған әйелдер; ұзаққа созылған жүктіліктің акушерлік асқынуымен қабат келуі; гестоздың жеңіл, орташа түрлері; жыныс мүшелерінен тыс қатерлі ісік; нәрестенің жатырда қиғаш жатуы; жатыр мойнының тыртықты өзгерістері. Тұрақты және түрақсыз қажеттіліктер аралығына шекара қою өте қиын.
-
Кесар тілігінің шарттары: Бұл операцияның шарттарын М. С. Малиновский хирургиялық және акушерлік деп екіге бөлген. Хирургиялық шарттардың бірі — операцияны жоғарғы дәрежелі маман дәрігер, жаңа техника құралдарымен жабдықталған операциялық бөлмеде жасау керек. Акушерлік шарттар:—1. Әйелдің дене ыстығы қалыпты болу керек. 2. Қағанақ жарылмаған, егер қағанақ суы мезгілсіз кеткен жағдайда сусыз уақыттың ұзақтығы 12 сағаттан аспауы керек. 3. Тірі нәресте (бұл иіарт ана өміріне қауіп туғанда ескерілмейді — плацента мезгілсіз белінгенде). 4. Әйелдің операцияға келісімі. Сезімсіздендіру. Соңғы жылдары анестезиология ғылымының жетістіктеріне байланысты кесар тілігінде негізгі қолданатын ауырсыздандыру тәсілі эндотрахеалды миорелаксанттармен біріккен наркоз. Кейбір жағдайларда жергілікті сезімсіздендіру тәсілін қолданады. Сезімсіздендіру премедикациядан басталады — бір сағат бұрын операция алдында 1 мл 0,1%-тік атропинді, 1 мл 2%-тік промедолды тері астына жібереді, осыдан кейін наркоз береді. Наркоздың басы мен жатырдан нәрестені шығарып алу аралығы 7—10 минуттан аспауы керек.
-
Қесар тілігінің тәсілдері Кесар тілігі жүктілік немесе босану кезеңдерінде де жедел немесе жоспарлы түрде жасалады. 1. Қесар тілігі жоспарлы түрде жасалса әйелге кешкісін душ алдырып, ішін тазартады, түнде дұрыс ұйықтау үшін сабырлық (успокаивающие) дәрілерін береді. Таңертең операциядан екі сағат бұрын әйелдің ішегін кайталап тазалап, премедикация алдында қуықтағы зәрді түтікшемен шығарады. 2. Қесар тілігі жедел жасалса — операция алдында ішекті, асқазанды тазартып, премедикация жасап, қуықты зәрден босатады. Кесар тілігінің тәсілдері екі түрге бөлінеді: интраперитониалды және экстраперитониалды. Қазір дүние жүзі бойынша интаперитониалды түрін (жатырдың төменгі бөлігін көлденең тілу) жиі қолданады.
-
Бұл операция 4 сатыдан тұрады. Алдымен құрсақ терісін кеседі, теріні кесудің екі түрі бар: кіндік пен шат арасын тік кесу; шаттан 3 см жоғары көлденең кесу. Біріншісінде теріні кескен соң, басқа қабаттарды (шел, шандыр, құрсақ еттері және ішкі сірілік пердені) біртіндеп кеседі, шандыр мойынағаш тәрізді кесіледі. Содан соң оны көтеріңкіреп, құрсақ еттерінен кіндікке дейін ажыратады. Құрсақ еттері мен ішкі сірілік псрде керісінше тік кесіледі. Ішкі сірілік пердені ашқаннан кейін, жатырды екі жағынан сулы дәкемен орайды. Қуық-жатыр қатпарын ашады, оны төмснірек түсіріп, содан соң жатырдың төменгі сегментін көлденең 2 см-ге тіледі. Саусақтармен тілікті (10—12 см-гс дейін) ұлғайтып, жатыр қуысын ашады. Қағанақ суын жарып, нәресте баспеи жатса оны жатыр сыргына шығарып, қолтығынан тартып туғызады. Егер нәресте құйрық жағымен жатқан болса, оны Ілабынан, ал аяғымен жатса аяғынан ұстап тартып туғызады. Осыдан кейін бірден жатырдың жиырылуын жоғарлату, қан шығынын азайту үшін жатыр етіне метил- эргометринді немесе окситоцинді жібереді, тез арада кіндіктен ұстап жайлан тартып, бала жолдасын жатырдан шығарып алады, жатыр қуысын қолмен тексеріп тазартады. Бірден жатыр тілігінін бұрыштарына мық- тап жіп салады. Егер жатыр мойын өзекшесі ашық бол маса Гегар кеңейткіштерімен кеңейтеді. Содан соң жатыр тілігін біртіндеп екіқабаттап тігеді (Ельцов Стрелков тәсілі). Ең ішкі шырышты қабатты тіккенде жіпті жатыр қуысына қарай байлайды, ине жатыр қуысы жағынан кіріп, сол жатыр қуысымен шыгады. Екінші қабатта тігіс жатыр сыртында болады. Содан сок қуық жатыр қатпарымен тіліктін, үстін жапсыра тігеді.
-
Операция бітісімен құрсақ үстіне 2 сағатқа мұз қояды, 6—8 сағаттан кейін әйелге төсекте бұрылуға болады. Бірінші тәулікте тыныс алу жаттығулары, қимыл әрекеттері, төсекте отыру рұқсат етіледі. Тамақтану тәртібі сорпа, кисел, минералды су. Екінші тәулікте тұруға болады. Алғашқы екі тэулікте инфузиялық емдер кеңінен жургізіледі. Қанға 1—1,5 литр сұйық дәрілерді кұяды (полиглюкин, гемодез т. б.). Сонымен бірге инфекцияға қарсы және сезімсіздендіретін дәрілерді кенінен қолданады. Ең негізгісіішекқызметін жақсарту үшін 40 мл 10%-тік натрий хлорийдіерітіндісінвенаға, 1 мл 0,05% прозериндітәулігіне екіреттеріастынажібереді. Үшінші тәулікте әйелге жүруге болады, тамақтану тәртібі — № 1. Жатырдың жиырылуынжақсарту үшін, окситоцин, питуитрин, метилэргометриндікөкетке тәулігіне екіретретсалады. Егерәйел үшінші-төртінші тәулікте өз бетіншеүлкен дәретке отырмасатазартуклизмасынжасайды. Төртінші тәуліктен бастапжалпыға ортақ тамаққа кәшеді.Егерана мен баланың жағдайы жақсы болса 2—3 күндері сәбиді емізугеболады, 7—8 күндері операцияданкейінгітігістіалады. Ал 9—10 күндері қынаптық тексерудіжүргізіп, қанның, зәрдің құрамын қайта тек-середі. 11 —12 күн өткен соң үйіне шығаруға болады.
-
Кесартілігіненкейінгіасқынулар Бұл операцияданкейінгінегізгіасқынулар — қан шы-ғының артуы, септикалық инфекция аурулары (жатыр-дың кабынып, аскынуы). Кесартілігіненкейінгіасқыну-лардың жалпыжиілігі 25% аралығьшда. Ең ауырасқыну — кесартілігіненкейінгіішперденің қабынуы. Кесартілігіненкейінгіасқынулардың алдыналу Әйелдер кеңес орнындаананыішкіинфекциялык ауру ошақтарынан тазарту (тіс, бүйрек ауруы). Кесартілігіненкейінтігістідұрыс салу. Операцияданкейінгікезеңді дұрыс жүргізу.
-
«Қуыстық» қысқашты салу тәсілі «Қуыстық қысқашты нәресте басы жамбасқуысында, Іебежігіқышғащ (оң не сол) өлшемде орналасады. Нәресте басы жамбасқуысының жазықтығында болғандықтан «куыстық» қысқашты салу тәсілі «шығар» қысқашты салуға қарағанда әлде қайда күрделі. «Қуыстық» қысқашты салу тәсілі «шығар» қысқашты салутәсіліндей бес сатыдантұрады. «Қуыстық» қысқашты салудажо-карыдаайтылған «үштік» ереженітолық бұлжытпай орындаукерек. Маңызды шарттың бірі — төбе жігіқай қыйғашта екенінқынаптық зерттеуарқылы анықтау.
-
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI:
1. АбраменкоВ.В.,Ланцев Е.А.Кесарево сечение в перинатальной медицине. М.,1985 г. 2. Давыдов С.Н. Место операций кесарево сечения в снижении пери- натальной смертности, М.,1979 г.,с.17-18. 3. Ельцов-Стрелков В.И.,Голдина А.Н. К вопросу о технике кесарева сечения, М.,1979 г. 4. Кулаков В.И.,Прошина И.В.Кесарево сечение.Экстренноеродораз- решение 5. Кулаков В.И.,ЧернухаЕ.А.,КомиссароваЛ.М.,БабичеваТ.В.,Фило- нов С.М.Результаты кесарево сечения в зависимости от методики положения шва на матку и шовного материала, Акушерство и гинеко- логия, М.,1997 г. 6. Персианинов А.С.,РасстригинН.Н.,Кесаревосечение.Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.