Презентация на тему "С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Эндометриоз"

Презентация: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Эндометриоз
Включить эффекты
1 из 27
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Посмотреть и скачать бесплатно презентацию по теме "С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Эндометриоз", состоящую из 27 слайдов. Размер файла 0.36 Мб. Каталог презентаций, школьных уроков, студентов, а также для детей и их родителей.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    27
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Эндометриоз
    Слайд 1

    С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Эндометриоз

    Орындаған:Тәттімбет Е. Факультет:Жалпы медицина Курс:4 Тобы:042-2к Тексерген:Алиева Ш.У.

  • Слайд 2

    жОСПАР:

    І. Кіріспе ІІ. Этиологиясы, патогенезі. ІІІ. Жіктелуі. ІV. Клиникасы. V. Жатыр, жатыр мойын эндометриозы. VІ. Диагностикасы. VІІ. Емі, алдын-алу. VIII.Қолданылған әдебиеттер.

  • Слайд 3

    Эндометриоз жатырдың ішкі кілегейлі қабатына(эндометриге), құрылысы және қызметіне ұқсайтын тіннің өсуі.Патологиялық процесс, гормондарға байланысты ауру. Тек ол жатырдың кілегейлі қабатынан тыс жерлерде болады. Ең бірінші ол кіші жамбас қуысындағы мүшелерді: аналық бездерді, жатыр түтікшелерін, тік ішек жатыр байламдарын, тік ішек пен қуықты зақымдайды. Егер ол қан арқылы таралатын болса, онда ол басқа мүшелерді (бүйрек, өкпе, көзді, т.б.) зақымдайды. Эндометриоз қатерсіз ісікке жатады және әйелдерде бала көтере алатын жасында кездеседі. .

  • Слайд 4

    эндометриоз:

    Экстрагениталды Гениталды Сыртқы Ішкі

  • Слайд 5

    Ішек эндометриозы; Зәр шығару жолдарының эндометриозы Өкпе эндометриозы; Операциядан кейнігі тыртық эндометриозы; Көз эндометриозы ж.т.б. Экстрагениталды эндометриоз

  • Слайд 6

    ГениталдыЭндометриоз

    Сыртқы Ішкі 1.Жатыр мойыны 2.Қынаптық 3.Жатыр түтігі 4.Аналық бездер 5. Кресттәрізді және кең жатырлық байламдар 6.Жатыр-тікішектік шұңқыр ішпердесі 7.Ретроцервикальды 1.Жатыр денесі 2.Жатыр түтігінің интерстициалды бөлігі 3.Жатыр қылтасы

  • Слайд 7

    Эндометриоз дамуының негізгі теориялары:

    Эндометриоз метапластикалық дизонтогенетикалық генетикалық Транслокационды (имплантационды) иммунологиялық гормоналдық (эндокринді) Жатыр қуысындағы лимфатикалық және қантамырлық тіндердің диссеминациясы Хирургиялық операция кезіндегі жатыр қуысы эндометриінің транслокациясы экологиялық

  • Слайд 8

    Эндометриоздық патогенез Бұл толық ашылмаған. Дегенмен метаболизм және жыныс гормондарының өзгерістері гипоталамдық-гипофизарлық аналық бездер аралық байланыстың бұзылуы эндометриозды тудыратыны анық. Эндометриозбен ауыратын әйелдердің 25-40% етеккір циклі дұрыс қос фазалы.Соңғы жылдары эндометриоздың патогнезіне иммундық гомеостаздың да бұзылуының қатысы барлығы анықталған. Организмде иммундық процесстің орталыққа лайықты болуы гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездерінің жүйесі арқылы орындалады.

  • Слайд 9
  • Слайд 10
  • Слайд 11

    Клиникасы Ұзақтығы. Эндометриоз созылмалы ауру. Клиникалық белгісі жатырдың және оның қосалқы мүшелерінің созылмалы ауруларына ұқсайды. Аурудың үдей түсуі етеккір циклінің бастапқы кезеңінен немесе жүктілікті үзгеннен кейін аурудың белгілері (ауру, ететккірдің бұзылуы) ай сайын білінеді, тіпті кейде төзуге болмайтындай жағдайда жетеді. Ауырғандық генитальды эндометриозға тән. Етеккір алдында білініп, ол аяқталғаннан кейін бірнеше күннен кейін келесі етеккірге дейін басылады. Кейде альгодисменорея тым ауыртып келеді, ауру орнынан тұра алмай қалады. Етеккірдің бұзылуы. Етеккір келер алдында (3-5 күн бұрын) 75-80% және бірнеше күн етеккірден соң жатырдан қоңырқай түсті қан жағындысы шығады. Мұндай құбылыс ететккір фазада жатырдың бұлшық еттері ісінуіне байланысты эндометроид ошақтан қатыныс жатыр кілегейлі қабатына қарай ескі етеккірлік қанды шығарады. Эндометроидты пайда болған ісіктер етеккір алдында ұлғайып кейін аздап кішірейеді. Жатыр қосалқы мүшелері мен іш перделік эндометриоздарда әрдайым кіші жамбастағы мүшелер арасында жабысқақтық болады.

  • Слайд 12

    І. Жатыр эндометриозы

    Бұл генитальды эндометриоздың ішінде өте жиі кездесетін бір түрі. Олар іштен туа біткен және жатырға жасалынған операциялардың салдарынан дамиды. Осылардың ең баста клиникалық белгісі альгодисменорея (етеккірдің ауыртып келу.) Туа біткен эндометриозда альгодисменорея етеккірдің алғашқы келген күннен немесе 2-3 жылдан кейін басталады. Операциядан кейін (жатырға) ауырғандық бірте-бірте етеккір алдында кейде етеккір кезінде және өте сирек етеккірден кейін үдей түседі. Ауырғандық сезім ошақтың неғұрлым нерв өрімдеріне (төменгі сегментке жақын) болса, соғұрлым күшейе түседі. Сол кезде жүрек айнып, құсу, несептің ауыртып келуі, ауырғандық сезімдер тік ішек, шап немесе басқа да аймақтарға әсерін тигізуі мүмкін. Көпшілік әйелдерде етеккір алдында, соңында қоңырқай сұйық заттар бөлініп шығады. Жатыр жайлап жүктіліктің 8-9 апталық мерзімге дейін ұлғаяды.

  • Слайд 13

    ІІ. Жатыр мойын эндометриозы

    Екі түрде кездеседі: Үстіңгі қабатта (экзоцервикалді) Тереңгі қабатта (эндоцервикалді) Олар киста тәрізді. Оның диаметрі 2-3 см жетеді. Кистаның ішінде қоңырқай қоймалжың сұйық болады. Жатыр мойнын эндометриозы ешқашан ауырмайды. Тек одан етеккір кезінде қан бөлініп шығады.

  • Слайд 14

    Диагностикасы: 1.Науқастың шағымдарын,анамнезін жинау; 2. Қарап тексеру және гинекологиялық зерттеудің нәтижелері; 3.Жалпы клиникалық зерттеу әдістері(QАК,QАМ,қан тобын, Rh фактор,биохимиялық зерттеу әдісі,коагулограмма ж.т.б.); 4.Функционалды диагностикалау тесты; 5.Қандағы гормондардың деңгейін анықтау; 6.УДЗ (трансабдоминальды и трансвагинальды); 7.Гистероскопия 8.Цервикоскопия 9.Кольпоскопия 10.Рентгентелевизионды гистеросальпингография 11.КТ,МРТ,ректороманоскопия,ирригоскопия,УЗИ почек,цистоскопия,хромоцистоскопия,урография 12.Лапароскопия

  • Слайд 15

    Дифференциалды диагностика :

    Эндометриоз Жүктілік кезіндегі ақау Жатырдан дисфункционалды қан ағу Қабыну аурулары Жатыр миомасы Эндометридің гиперпластикалық процестері Жатыр мойны және денесінің рагы Аналық безінің рагы

  • Слайд 16

    Эндометриоздың емі консервативті хирургиялық Гормоналды емес терапия Гормондық терапия Эндометриоз ошақтарын жою Радикалды хирургиялық ем

  • Слайд 17

    Емі:

    Консервативті, хирургиялық және аралас. Негізі гормональдық терапия. ЖАс әйелдерде, гормонда терапия арқылы аналық бездердің функциясын уақытша доғару. Осыған байланысты циклдік эндометриядағы өзгерістер тоқталады және аурудың негізгі белгілері жоғалады. Климактериялық кезеңде гормональдық терапия аналық бездердің функциясын басу үшін бағытталған гормональды препараттарды қолдану тәсілдері әр түрлі. Эндометриозды емдеу үшін мынадай схемалар қолданылады:

  • Слайд 18

    1. Прогестиндер, эстрогенсіз компоненті, типі норэтистеронацетат немесе этиланацетат 5 мг-нан, примолют-нор немесе норколут 5 мг-нан, оргастерон, оргаметрил, туринал, т.б. препараттарды 1 таб.күніне 1 рет, етеккірдің бесінші күнінен 25 күніне дейін курсы 6 цикл. Қажет болса, 12 айға дейін созуға болады. Аурудың ауыр түрі болса, үздіксіз 5-6 айдан дозасын, етеккір алдында және етеккір кезінде ½ таб.асырып күніне 2-2,5-3 таб.дейін жеткізеді, содан кейін 1 таб.дейін төмендетеді.

  • Слайд 19

    Егер етеккір функциясы басылмаса және ауырғандығы доғарылмаса, онда қосымша оксипрогестерон капранат 12,5%-2 мл. 250 мг көктамырға, етеккірдің 16 күні (егер цикл 24 күнді болса) немесе 18 күні (28 күн). Егер анемия айқын болса және ауыр ауыратын белгі болса, онда оксипрогестерон капронат 250 мг (4 мл) күніне 2 рет (15 және 20 күні). Егер бұл да әлсіз болса, келесі етеккірдің бірінші күні – тестэнат 10%-1/100 мг көктамырға немесе ампула сустанон – 200 немесе 1 мл.омнадрен 250. содан кейін етеккірдің дұрысталғанына қарай 3-4-5, циклдің арасында біртіндеп емділікті төмендетеді. Ол үшін прогестиндерді тек етеккір циклінің 2 фазасында 10-12 күндей береді. Тестэнаттың немесе сустаноп – 250 орнына анаболиттік стероидтарды қоладанды. – ретаболил 50 мг етеккір циклінің 1 және 10 күндері.

  • Слайд 20

    2. Прогестин – эстрогенді препараттар. Бисекурин, нон-овлан, норациклин, овулен, регевидон, т.б. 3. Тестаген – андрогенді немесе анаболиттік стероидтармен емдеу. Негізі жастары 35-тен асқан әйелдерге қолданылады, тек актерлер мен дикторларға қолдануға болмайды. Оксипрогестерон капранат 12,5%-2 мл етеккірдің 16-күні (17,18, 19 күндері циклдің ұзақтығына байланысты). Ал циклдің 1 күні 1 рет тестэнат 10%-1 мл етке немесе 1 ампула сустанон-250. Егер 3-4 курстан кейін эндометриоздың ағымы басылмаса басқасына көшуге болады. 4.Метиландростендиол 0,025 г немесе метилтестостерон 0,005 г етеккірдің 5-7 күнінен бастап күніне 2-3 рет 15 күндей тілдің астына қойып, бұл 3-4-6 курсқа созылып біртіндеп дозасын төмендетеді. Тестэнат, тетрастерона немесе сустанон-250 орнына етеккірдің 4-5 күнінен тестестерон-пропионат 5% (1 мл 50 мг) етке күн аралатып 8 рет. 3 курстан кейін дозасын 6-5-4 инъекцияға дейін төмендету керек. Эндометриозда жиірек психоневрологиялық аурулар бауыр, бүйрек, асқазан асты без аурулары, т.б. Болғандықтан оларды да емдеу қажет.

  • Слайд 21

    ІІ. Хирургиялық емдер 1. Гормоналды емдерден эффект болмаса, жатыр қосалқы мүшелеріндегі ісіктер үлкен болса, операциялардың көлемі мүшелердің зақымдалуымен клиникасының ауырлығына байланысты. 2. Зақымдалған мүшені сылып алу А) жатырды оның мойнынан сылу. Жатыр эндометриозында көп қан кетіп, анемизация болғанда; Б) жатырды толық алу, егер жатыр мойнында зақымдалған болса;

  • Слайд 22
  • Слайд 23

    3. Аналық без эндометриозында оны толық сылу немесе жартылай сылу. 4. Жатыр мойыншағының артқы бөлігін сылу; 5. Лапароскопия кезінде анықталған эндометриоздың кіші формасын күйдіру (коагуляция).

  • Слайд 24

    Алдын алу шаралары

    1. Қыздарда етеккірлік қандар жатырлық түтікше арқылы құрсақ жаққа енуі мүмкін. Сондықтан оларға етеккір кезінде әртүрлі спортты доғара тұру керек. 2. Анасы жағынан тұқым қуалайтын факторлар. Алгодисменорея болса, жас кезінде прогестинді және етеккір кезінде спазмолитиктерді қолдану керек. Тек гормонды препараттарды қолдану кольпоцитологиядан, негізгі температураны және қандағы гормондар құрамын білгеннен кейін қолдану керек.

  • Слайд 25

    3. Туа біткен эндометриоз болса, онда етеккір алдында және кезінде витамин Е 200-250 мг күніне 2 рет. Егер бұл жеткіліксіз болса унитол, аскорбин қышқылын қолданады. Иммуномодуляторлар левимозол аз дозада. Бұл көмектеспесе лапороскопия. 4. Цервикалды каналдың бітелуі немесе атрезиясы болса, онда етеккір келер алдында оны кеңейту және жатыр қуысының жабысқақ жерлерін ыдырату керек. Бұл етеккірдің 1-2 айдай болмаған жағдайында қолданылады.

  • Слайд 26

    5. Ішкі жыныс мүшелерінің қабыну процестерін емдеу. 6. Жатырға операция жасағанда жатыр қуысы ашылса, оны қайта тіккенде шырышты қабатсыз тігу керек. 7. Жиі түсіктік және жатыр қуысын диагностикалық қыра беруден де эндометриоз пайда болады. Жүктілікпен босану нағыз эндометриоздың алдын алу болып табылады. 8. Жатыр мойнын диатермалағаннан кейін оның жазылуын етеккірге дейін тездету керек

  • Слайд 27

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Нұрқасымұлы Жомарт “Гинекология”, Алматы-2007ж. А.Т. Раисова, Р.Ғ.Нұрқасымова “Акушерия және гинекология”, Алматы-2006ж. Г.М.Савельева “Гинекология”,”ГЭОТАР-Медиа ”,2006ж www.med-lib.ru www.wikipedia.org www.medlinks.ru

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке