Содержание
-
Семей Мемлекеттік Медицина УниверситетіНеврология,психиатрия және наркология кафедрасы
Орындаған:Әсілбеков М.Т 547 топ,ЖМФ Тексерген:Шаймарданов Е.К. Семей 2016 жыл. СӨЖ Нашақорлық аурулармен туыстарының тәуелділігі.
-
Нашақорлық- ми қыртысының созылмалы ауруы,ол ремиссия мен рецидивпен өтіп отырады.Аурудың негізі-науқастың психофизикалық жағдайын өзгертіп, эйфориялық, тыныштандырғыш, ауырсынуды басатын және қоздырушы әсер ететін табиғи немесе синтетикалық заттарды қолдану.
-
Нашақорлықтың дамуында психикалық,соматикалық және неврологиялық бұзылыстар дамиды. Нашақорлық жеке "меннің" жоғалуына,және де науқастың өзіне ғана емес, қоршаған ортасына жағымсыз әсер етеді.
-
Нашақорлардың туыстарында (созависимые)- болып жатқан оқиғадан,стресстен қорғану үшін жаңа үйрену жағдайларын тауып өзін өзі ұстау қабілеті дамиды,бірақ бұл жағдайлар оған деструктивті әсер етеді.
-
Бұл термин “созависмость“ алғаш 1970 жылдары Миннесоттағы(АҚШ) бірнеше емдеу мекемелерінде қолданыла бастаған.
-
Тәуелді болған туыстары (созависимые)-өз-өзін бағалауы төмен болады.Ол ылғи да басқа адамдарға жаны ашиды,оларға көмектесуге және емдеуге тырысады.
-
Туыстары басқа адамдарға өз-өзімен болуға мүмкіндік бермейді,жағдайдың өздігінен жүруге кедергі жасайды.Өз қолына алуға тырысқанымен ол жағдайды ушықтырады.
-
Негізінде мұндай кісілер-бақытсыз және жараланған адамдар болып табылады. Жеке өзіндік бағалауды жоғарылату үшін қарым-қатынастың псевдоавторитарлы түрін қолданады,айғайлағыш,балағаттағыш болып келеді.
-
Америкалық ғалымдардың айтуы бойынша мұндай адамдардың –балалық шағы ауыр болған,ата-анасының біреуі болмаған отбасыларда туған не болмаса маскүнемдікке шалдыққан отбасыда өмір сүрген,отбасында ғана емес,мектепте де психикалық жарақат алып өскен адамдарды жатқызады.
-
Туыстарының тәуелділігінің себептері:
Әлемді өзге түрде қабылдауы:өзін-өзіалдаушылық және қиындықты жоққа шығару.Мысалы,өзіне жақын адамды нашақор немесе маскүнем деп қабылдамауы мүмкін.Ол баласын нашақорлық заттарды пайдалануы мүмкін емес,себебі тәрбиелі отбасыдан шыққан деп барлығын сендіреді.Не болмаса отбасында жақсы қарым-қатынас деп өзін сендірген.Ол ылғи да баласын бақылап жүрмін деп ойлап,өзін алдаумен болады.
-
Іс-әрекеті басқарылусыз(нелогичное). Мысалы,ол баласын нашақорлық заттарды пайдаланады деп күдіктенеді.Сол үшін ол берген ақшаларды соған жұмсайтынын біле тұра, оған ақша беруді жалғастырады.
-
Сезімдердің тежелуі және проблеманы жоққа шығару.Нашақорлықтың көріністерін көріп тұрса да,баласын нашақор деп санамайды.Наркотикалық тәуелділікті жоққа шығарып,емдеу үшін белсенді шаралар жүргізбейді.
-
Туыстарының тәуелділігінің дамуы.
Өзіндік қорғаныс сатысы Адаптация сатысы Шаршау (истощения) сатысы
-
Туыстарында нашақорда дамығандай психикалық симптомдар дамиды:Бақылаудың бұзылысы, қысым,маза бермейтін ойлар,өзін төмен бағалау,өзін жек көру,кінәлілік сезімі,агрессия,сөйлесудің бұзылысы, тұйықтану,апатия,депрессивті жағдайлар және де психосоматикалық бұзылыстар байқалады.
-
Тәуелді туыстарының жүріс-тұрысы. Нашақордың ата-анасы,әйелі науқасты түсініп,проблеманы өз күшімен жеңуге тырысады,науқасты бақылап,оны өзгерткісі келеді.Көбінесе нашақордың аналарында көрініс береді.Өзінің қызығушылықтарын, жоспарларын ысырып қояды. Олар науқасқа көмектесуге тырысуын тоқтатпайды,шаршамайды.
-
Туыстары науқастың роліне кіре бастайды: проблеманы жасыру,білдірмеу,науқастың қиындықтарын мойнына алу-түрмеден алып шығу,науқастың бастығына жағдайды жасыру,алкоголь немесе психобелсенді затты сатып алып беру т.б.
-
Туыстарының тәуелділігі қауіпті, бірақ емделеді.(Созависимость ядовита,но излечима.)
-
Емі-барлық отбасыны,туыстарын қамту керек. Психологиялық көмек-ең тиімді әдіс және балалары бар отбасыларда профилактика элементі болып табылады. Сезімдермен жұмыс. Жұрісті бақылау. Өзін өзі бағалауды реттеу. Өзіндік мақсаттарды қойып үйрену. Менің хақым бар –үйрету.
-
Қорытынды.
Қорытындылай келгенде,нашақорлық аурулармен туысқандарының тәуелділігі наркологияда алатын орны зор.Себебі,ол туыстарының психикалық,соматикалық, вегетативті бұзылыстарына әкеледі және емдеуді қажет етеді.
-
Қолданылған әдебиеттер.
Шабанов П.Д. –Наркология 2003г. В.Москаленко “Созависимость:характеристика и лечение“ Интернет желісі
-
Назарларыңызға Рахмет!!!!!!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.