Презентация на тему "Эмбриология"

Презентация: Эмбриология
Включить эффекты
1 из 37
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация для студентов на тему "Эмбриология" по медицине. Состоит из 37 слайдов. Размер файла 0.46 Мб. Каталог презентаций в формате powerpoint. Можно бесплатно скачать материал к себе на компьютер или смотреть его онлайн с анимацией.

Содержание

  • Презентация: Эмбриология
    Слайд 1

    Жоспар:

    I.Кіріспе II. Негізгі бөлім 1. Адам эмбриологиясы 2.Адамның жыныс жасушалары 3.Ұрықтану 4.Зигота 5.Бөлшектену анықтамасы 6. Білікті ограндардың қалыптасуы ІІІ. Қорытынды IV.Пайдаланған әдебиеттер

  • Слайд 2

    І.Кіріспе Эмбриология – организмнің эмбрионалдық дамуытуралығылым. «Эмбриология» термині грек тілінен “embrio - қабықшаларда” дегенненшығады. Медициналық эмбриология адамның эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын, оның зақымдануының себептерін, эмбриогенезгесыртқы ортаның факторларының әсерін және эмбриогенездіреттеумеханизмдерінзерттейді. Кейінгікездердемедициналық эмбриология экстракорпоральдық ұрықтану мен ұрықтың даму мүмкіндіктерін зерттеуде. Ол биология ғылымдарының жедел дамып кележатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткенғылыми жетістіктерібиологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда.

  • Слайд 3
  • Слайд 4

    Атапайтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркадажүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция  және ұрықтарды басқа организмдерге  көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология  — медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология) іргетасынқалайды.Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастапжұмыртқадан жарыпшыққанға немесетуғанға дейінгіұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың дамуының алдындаұрық алдыкезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіпжетілуі, өсуі және белгілібірпішінгеенуіжүреді.

  • Слайд 5

    Ал ұрықтың дамуынанкейінқарапайым біржұмыртқа клеткасынанжекеөмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп клеткалы организм пайдаболады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбіржануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ертекезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесіпостэмбрионалдыкезеңде жүреді. Барлық жануарлардаұрықтың дамуыұрық ұрықтанудан немесежұмыртқаның белсенділігінің артуынан  бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенезкезеңдерінен өтеді.

  • Слайд 6

    Бірклеткалыұрықтың бөліну арқылы көп клеткалыұрыққа айналукезеңін бөлшектену депатайды. Бөлшектену нәтижесінде көп клеткалыұрық — бластула түзіледі. Бластула әр түрлі жануарлардатүрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), құстарда, бауырыменжорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула депаталады

  • Слайд 7

    Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады.

  • Слайд 8

    Негізгі бөлім Аналық және аталық жыныс клеткалары организмде жетілгенмен өз бетінше майдаланып даму қабілеті болмайды. Бұған тек партеногенездік көбеюдің бұдан өзгешелігі бар. Партонегенездік көбеюмен кейінірек танысамыз.   Егер сперматазойд жұмыртқамен қосылса, активтігін тез жойып өледі. Сол сияқты протоплазмаға бай жұмыртқа клеткасы да ядроның кішілігінен туатын теңсіздіктің нәтижесінен көп ұзамай өледі. Сондықтан ұрықтану мен даму үшін жыныс клеткаларының тез кездесуі қажетті

  • Слайд 9
  • Слайд 10

    Ұрықтану, ұрықтанудың өтетін жеріне байланысты жатында және сыртқы ортада болып екіге бөлінеді. Сырттай ұрықтану кезінде жыныс клеткаларының қосылуы теңіздерде немесе тұзшы суларда өтеді. Іштей ұрықтануда жыныс клеткалары аналық жыныс жолында қосылады. Алғашқының дамуы суда, соңының дамуы аналық организмнің ішінде өтеді.   Жұмыртқаның сперматазойдпен қосылуға әзір болуы бағыттаушы денещіктің шығуына байланысты.   Мысалы теңіз кірпісінде жұмыртқаға екінші бағыттаушы денешік бөлінген соң енеді. Бағыттаушы денешік адамда сперматазойд жұмыртқамен жанасқанда ғана бөлінеді. Мұнымен қатар сүтқоректілерде спермаазойд пісу кезеңінің бірінші бөлінуінде, ал ланцетниктерде екінші бөлінуінде де енеді.

  • Слайд 11

    Сперматазойд жұмыртқамен қосылғанда қос нәсілді клетканың құрылысы, физиологиялық қасиеттері және басқа күрделі қызметі арта түседі. Ұрықтануды қамтамасыз ететін алғы шарттар организнің эволюциясымен тығыз байланысты.  Қабылдауыш төмпешіктер қабығы жоқ жұмыртқалардың да бетінде түзіледі. Сперматазойд төмпешікпен жанасқаннан соң активтік қозғалысын жойып, жұмыртқаның протоплазмасына тартылады. Сперматазойдтың жұмыртқаға қарай қозғалысын токсис д.а.

  • Слайд 12

    Көптеген жануарлардың жұмыртқалары сперматазойдқа оң хемотоксистік әсер ететін зат алмасу продуктысын бөліп шығарады. Ұрықтанбаған жұмыртқа жолымен қозғалып сперматазойдпен кездесетін жеріне келіп тұрады. Жыныс жасушалардың қосылу үрдісі ұ р ы қ т а н у деп аталады. Ол диплоидты генетикалық құрылымның қалпына келтірілуімен қосақталып, аналық жасушаны әрі қарай дамуға белсендіреді. Ұрықтану нәтижесінде түзілетін диплоидты жасуша з и г о т а деп аталады. З и г о т а – жаңа организмнің бастапқы даму сатысы. Гаметогенездің аяқталуы және эмбриогенезге көшу партеногенез (табиғи немесе жасанды) нәтижесінде ұрықтанусыз да жүргізіле алуы мүмкін, бірақ кез келген жануар үшін, табиғи партеногенез кезінде болсын, ұрықтану дара дамудағы міндетті (тұрақты немесе партеногенезбен алмастырылатын) үрдіс болып табылады.

  • Слайд 13

    Ұрықтану 3 кезеңнен тұрады: 1)гаметалардың дистанттық әрекеттесуі; 2)контакттық әрекеттесуі; 3) пронуклеустардың бірігуі, синкарионның түзілуі.

  • Слайд 14
  • Слайд 15

    Жыныстық қатынас кезінде бөлінген 3 мл-ге жуық шәует құрамындағы 3*108 сперматозоидтар қынап күмбезіне құйылады. Шәуеттің құрамындағы шырыш, фруктоза, С витамині, простогландиндер және түрлі ферменттер қынаптың қышқыл ортасының рH-ын 6-6,5-ке дейін өсіреді . Мұндай сілтілі орта сперматозоидтардың 24-72 сағат бойы өмір сүруіне және олардың ұрықтандыру қабілетінің 12-24 сағт бойы сақталуына қолайлы жағдай болып табылады. Әйтсе де, аталық жасушалардың біразы өліп, жатыр түтігінің ампуласына тек 200-400 спермийлер жетеді.

  • Слайд 16

    Бірінші саты - дистанттық әрекеттесу – жыныс клеткаларының қосылу мүмкіндігін жоғарылататын бейспецификалық факторлардың реттік жиынтығынан тұрады. Мұнда басты рольді жыныс клеткалары бөлетін гамондар атқарады:жұмыртқа клеткасы – гиногамон (І,ІІ), спермий – андрогамон (І,ІІ). 7 сағат бойы өтетін капацитация кезінде аналық жныс жолдарының бөлінділері әсерінен спермий акросомасындағы рецептор – гликозилтрансфераза жалаңаштанады. Дистанттық әрекеттесуде хемотаксис құблысы, яғни гиногамон І-дің концентрациясы жатыр түтігінің ампуласында жоғары болғандықтан спермийлер осы бағытқа миграцияланады.

  • Слайд 17

    Екінші саты – контактты әрекеттесу кезінде овоцитке жеткен 200-400-ге жуық сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен әрекеттеседі. Ол акросома және оның ферменті – спермализин арқылы жүзеге асады. Спермализиндер мөлдір зонаны ерітіп, сперматозоид перивителлиндік кеңістікке шығады да спермий ооплазмаға енеді.

  • Слайд 18

    Үшінші саты. Кортикальді реакция – астында орналасқан кортикальді гранулдардың мембраналары плазмалеммамен тұтасып, ішіндегі заттарын шығарады. Мөлдір қабықтан қалыптасқан ұрықтану қабығы овоцитті полиспермиядан қорғайды. Бөлшектену. Зиготаның митоз жолымен жүйелі түрде бөлініп бластомерлердің түзілуі. Ұрықтың бөлшектенуі 1-тәуліктің соңынан басталып, 3-4 тәуліктер арасында өтеді. Адам зиготасының бөлшектенуі бір тәуліктің аяғында толық, тең емес, асинхронды түрде жүреді. Пайда болған бластомерлердің (30 сағат ішінде) саны екеу. Бұл бластомерлердің біреуі «күңгірт», ал екіншісі «ашық» түсті. «Ашық» түсті бластомерлер ұсақ, олар ұрықтың ортасында орналасқан «күңгірт» түсті бластомерлерді бір қабат болып сыртынан қоршайды.

  • Слайд 19
  • Слайд 20

    Олардан трофобласт дамиды. Ал ішкі «күңгірт» түсті бластомерлер эмбриобласты құрайды. Одан ұрық дамиды. 3-ші және 4-ші тәулікте 7-12 бластомерлер, ал 50-60 сағаттан соң морула түзіледі. Морула – жұмыр келген шар тәрізді, құрамында 105-107 бластомерлері бар ұрық.  Имплантация – ұрықтың жатырдың шырышты қабығына енуі. Имплантацияның екі сатысын ажыратады: адгезия және инвазия. Жетінші тәуліктен бастап трофобласт пен эмбриобласттың инплантацияға дайындығы жүреді. Трофобласт жасушаларында құрамында ферменттері бар лизосомалары көбейіп,жатырдың шырышты қабығын бұзады да, ұрық оның астындағы дәнекер тініне енеді. Сөйтіп, ұрық ара қанымен тікелей байланысады.

  • Слайд 21

    Ұрықтың анасында қан толы шұңқырлар (лакуналар) түзіледі. Гаструляциясының бірінші сатысында ұрық түйіні – ұрық қалқанына айналады. Имплантация 40 сағатқа созылады. Имплантациямен қоса ұрық жапырақшаларының түзілуі жүреді. Бұл ұрықтық дамудың қауіпті кезеңінің бірі болып табылады. Трофобласт имплантацияның бірінші сатысында жатырдың шырышты қабығына бекініп, екі қабатты цитотрофобласт және симпластотрофобластқа түрленеді. Ал, екінші сатысында симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттер бөліп, жатырдың кілеегйлі қабығының эпителиін оның астындағы дәнекер тінін бұзады да, трофобласттан шыққан бүрлері қан тамырлар қабырғасына өтеді. Осының арқасында ұрықтың айналасында ана қаны толы шұңқырлар пайда болады, мұны имплантациялық шұңқырлар дейді.

  • Слайд 22

    Алғашқы екі аптада ұрық ана тінінен бөлінген қалдық өнімдермен қоректенсе ( гистиотрофты қоректену), ал кейін қоректік өнімді ана қанына алады (гематотрофты коректену). Ұрық ана қанынан қоректік заттармен қатар, одан тыныс алу процесіне керекті оттегін де алады. Мұнымен қоса, жатырдың шырышты қабығының қайта қалпына келуі тез арад жүзеге асады. Бұған дәнекер тінідегі гликогенге бай децидуальді жасушалардың қосар үлесі өте маңызды. Сонымен ұрықтың гистиотрофты қоректенуінің гематотрофтыға ауысуының арқасында эмбриогенездің келесі сатысы гаструляция мен ұрықжапырақшалары, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы басталады. 

  • Слайд 23

    Ұрықтық кезең Гаструляция – ұрық жапырақшаларының пайда болу үрдісі ұрық жасушаларының орын ауыстыру қабілетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Адам ұрығында гаструляция деламинация және иммиграция арқылы іске асырылады. Деламинация – ұрықтың екі жапырақшаға - эпибласт және гипобластқа бөлінуі. Бұл құбылысқа белгілі бір мезгілде ұрықтың бластомерлерінің бөлінуі ұрықтың сыртқы бетіне параллельді жазықтықта өте бастауы, сонымен қатар жасушалардың бір қабаты екіге жарылуы жауапты. Осындай гаструляция барысында ұрық сыртқы жазық жасушалар қабатынан (эктодерма) және ішкі биік жасушалардан тұратын қабатынан (энтодерма) тұратын шарға айналады. 

  • Слайд 24

    Иммиграция кезінде эктодерманың қабырғасынан жасушалар белсенді түрде бөлініп шығып екі жапырақшаның арасында үшінші жапырақшаны мезодерманы түзейді. Гаструляцияның алғашқы фазасы эмбриогенездің 7 тәулігінде басталып имплантациямен қатар өтеді. Бұл фаза деламинация әдісімен іске асырылады. Эмбриобласт екі жапыраққа жарылады: сыртқы – біріншілік эктодерма немесе эпибласт.

  • Слайд 25

    Эпибласт – трофобластқа бағытталған ұрықтың сыртқы беті, мұның құрамындағы жасушалардан эктодерма, мезодерма және хорда дамиды. Еікнші жапырақшасы бластоциста қуысына қарай бағытталған ішкі жасушалар тобы – гипобласт, мұның құрамына ұрықтық және ұрықтан тыс энтодерма материалдары кіреді. Ұрықтық дамудың сегізінші тәулігінде эпибласттан амнион көпіршігінің төменгі қабырғасы түзіледі. Ал гипобласттан сарыуыз көпіршігінің жоғарғы бөлігі дамиды. Деляминацияның соңынан апйда болған ұрықтың сыртқы және ішкі жапырақшаларынан бластоциста қуысына көшкен жасушалардан, ұрықтан тыс мезодерма қалыптасады. 11-тәулікке қарай бұл жасушалар бластоциста қуысын толтырады.

  • Слайд 26

    Пайда болған мезинхима трофобластқа қарай өсіп, біртіндеп оның ішіне енеді. Осының нәтижесінде ұрықтан тыс мүше – хорион қалыптасады. Бұл хорион – біріншілік бүрлері бар ұрықтың бүрлі қабығы болып табылады.  Гаструляцияның екінші фазасы эмбриогенездің 14- 15-ші тәулігінде басталады, имиграцияның нәтижесінде жасушалар көшеді. Бұл амнион көпіршігінің түбіндегі жасушалардың белсенді түрде көбейіп алдымен ұрықтың алдыңғы артқы бөлігіне қарай, сосын ортасына жинақталып барып созылады да, осының нәтижесіне ұрықтың біріншілік жолағы пайда болады. Бұдан мезодерма қалыптасады. Ұрықтың бас бөлігіндегі бір топ жасушалар тобынан біріншілік түйін пайда болады. Бұл түйіннен хорда бастауы қалыптасады да, біліктік қаңқаны түзеді. Кейіннен хорда инволюцияға ұшырайды.

  • Слайд 27

    Біріншілік жолақтың материалы сыртқы жапырақша мен ішкі жапырақша арасына көшіп, мезодерманың екі қанатшасын қалыптастырады. Осылардың нәтижесінде ұрық үш қабатты жалпақ дискі тәрізді болып құрамында экто-мезо-энтодермадан тұратын қалыпқа келеді.  Прогенез -  жыныс жасушаларының дамуы мен пісіп жетілуі. Аталық жыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі т.б.  Аналық жыныс жүйесіне: аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, түтігі мен қынап жатады.  Гаметалардың  генетикалық, метаболизмдік және физиологиялық ерекшеліктері бар.  Біріншіден, гамета ядросының генетикалық аппараты хромосомалардың гаплоидтық жиынтығынан (n=23  хромосомдар) тұрады.

  • Слайд 28
  • Слайд 29

    Ұрықтану кезінде жыныс жасушалар заготаға бірігіп, хромосомдар жиынтығының адамға тән диплоидты саны қалпына келеді. Екіншіден, жыныс жасушалар зат алмасу деңгейінің төмендігімен өзгешелінеді, атап айтқанда , оларда ДНҚ синтезделмейді және РНҚ мен  ақуыздардың синтезі баяу өтеді. Сондықтан олар әртүрлі зиянды заттардың әсеріне белгілі дәрежеде резистентті (төзімді) болып келеді. Осы қасиеті  арқасында гаметалар генетикалық ақпаратың ұрпақтар қатарында өзгерілмей берілуін қамтамасыз етеді.  Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, аталық және аналық гаметалар  арасында да бірнеше айырмашылықтар бар.

  • Слайд 30

    . Көбею кезінде аталық жыныс жасуша екі негізгі қызметтерді атқарады: 1) хромосомдардың гаплоидты жиынтығын аналық жыныс жасушасына ендіру.; 2) оның даму бағдарламасын іске қосу. Аталық жыныс жасушасы сперматозоидтың өлшемі ұсақ, диаметрі 4-5 мкм,  уз. 70 мкм , көлемі аналық жыныс жасушасынан  , көлемі аналық жыныс жасушасынан 300 есе төмен. Пішіні сүйір, жылдамдығы өте жоғ. 30-50 мкм/сек. Оның жылжуын құйрығы қамтамасыз етеді. Сперматозоидтар қынаптан жатыр түтігіне дейінгі 20 см аралықты  үш - төрт сағатта өтеді. Сперматозоидтардың тағы бір ерекшелігі олардың спермада орасан көп болуы 150-400 млн. Егер бұл көрсеткіштен төмен болған жағдайда олигоспермия дамып, ер адамда бедеулікке ұшырайды.  

  • Слайд 31

    Сперматозоид  төрт бөліктен тұрады: басы, мойны, денесі, құйрығы. Плазмолеммамен қапталған. Басының пішіні бет жағынан қарағанда дөңгелек болады, қырынан жалпақша. Мұнда ДНҚсы жинақталған активті емес гаплоидты ядросы бар. Оның құрамындағы 23 хромосомдардың 22сі аутосома, ал 1уі жыныс хромосомдар. Х немесе У.  Мойны проксималды және дистальды цетроилдерден тұрады. Спермийдің аралық бөлігі спиральды түрде қоршалған митохондриялардан тұрады.  Құйрығы 9 жұп микрофибрилдерден тұрады. Олар серпімділік қасиет береді, сыртынан фибрилді футляр қаптайды.  Аналық жыныс жасушасы (овацит) өлшемі үлкен шар тәрізді пішінге ие, өздігінен қимылдай алмайтын,  диаметрі 130-200мкм, көлемі сперматозоидтан  300 есе жоғары болады. Цитоплазмасында ЭПТ, рибосомдар жыне Гольджи аппараттары жақсы дамыған, қоректік макромолекулалары (фосфолипид, көмірсулар) бар.

  • Слайд 32

    Білікті ограндардың қалыптасуы. Гаструляциядан соң ұрықтың дамуының екінші кезегі жапырақшалардың ерекшелену және органдардың қалыптасуы басталады. Хордалы жануарлардың денесі үзынша екі жақты симетриялды болады. Дененің құрсақтың бөлімін алдыңғы жағында ауыз, артқы жағында аналь тесігі орналасады. Ұрықтың арқалық жағында нерв түтігі, ал оның астында біліктіә қанқа-хорда орналасады. Хорда мен нерв түтігінің бүйірлерінде бұлшық еттер жатады. Алталған органдардың астында ішек, тыныш және басқа ішкі органдар орналасатын дененің қуысы түзіледі. Арқалық органдардың көмплексі (нерв түтігі, хорда және бұлшық еттер) білікті органдар деп аталады

  • Слайд 33

    Білікті органдар қалыптасатын кезеңді нерула деп атайды. Нерула нерв жүйесінің бастамасындағы өзщгерістер мен сипатталады. Ол өзгерістер ланцетникте нервы пластинкасының жиектерінде ээктодерманың өсуінен басталады. Тұзілген нерв жұлғалары бір-біріне қарсы өсіп түйіседі, бұдан кейін әуелі науаша, содан соң нерв түтігі түзіледі. Эктодерманың артқы бөлігі бластонораның үстіне өсуіне байланысты нерв түтігі шщек қуысымен қатынасатындай болып жалғасады. Нерв түтігін шек қуысымен қалыптастыратын, қосатын каналдд нерв шек каналы деп атайды.

  • Слайд 34

    Нерв түтігінің қалыптасуымекн бір кезде ұрықтың ішкі жапырағынан келешек органдарынан материалдары бюіртіндеп бөліне бастайды. өзгерістерді ұрықтың көлденен кесіндісінен байқауға болады. Ол кесіндіде хорда бастамасының сыртқы иілуін, жалпы пластинкадан шығуын және цилиндр тәрізді бөдінген тартпаға ауысуын көруге болады. Хорданың түзілуімен қатар мезодерманың бөліктенуі ішкі жапырақшаның екі жағындағы шағын клетка тәрізді өсінділерден пайда болынан басталады. өсу үстінде олар энтодермадан бөлініп, ұрықтын ұыза бойына екі тартпа тәрізді орналасады. Хорда және мезодерма бөлінгеннен соң энтодерманың жиектері біртіндеп артқалық жағына жиналып түседі де, тұйықталып шек түтігін түзеді.

  • Слайд 35

    Мезодерманың бөліктенуі мен оның сегменттерге бөлінуі қатар өтеді. Мезодерманаң тартпалары көлденең бөлініп, алғашқы сигменттер, яғни саммиттер түзеді. Сегменттелу ұрықтың бас бөлігінен басталады, құйрық бөлігіне тарайды. Түзілген самиттер хорданың нерв трубкасының және шектердің екі жағында симетриялы орналасады. Ланцетниктегі самиттердің ерекшеленуін омыртқалылардан ерекше өтеді. Омыртқалыларда мезодермалық тартпалардың арқалық бөлігі ғана сегменттеліп бөлінеді. Ланцепниктерде тартпалардың барлығы самиттерге толық бөлінеді. Бөлінген самиттердің іле-шала арқалық бөлігі меотомға және құрсақ бөлігі спланхнотомаға ажырайды. Меатондар бір-бірінен бөлектенетін болса, спланхнотомдар бір-бірімен қосылып, оң және сол жақты қуыс түзеді. Ол қуыстар кейіннен шек трубкасының астында бірігіп, дененің екінші жалпы қуысын құүрайды.

  • Слайд 36

    Қорытынды: Эмбриология негіздері. Адамдар мен жануарлардың организімдері мен тканьдерінің тіршілік әрекетін, және құрылысын дұрыс түсіну үшін олардың шығуы мен дамуын білу қажет.Бұл процесті эмбриология зерттейді.Эмбриология организімнің жеке дамуы жөніндегі ілім.Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады.

  • Слайд 37

    Пайдаланған әдебиеттер

    1.Ажаев С.А. Гистология: оқу құралы, 1-ші бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы/ С.А. Ажаев Түркістан 2011ж.-201 с.: ил 2.Аяпова Ж.О. Гистология-2: оқу құралы/ Ж.О.Аяпова, -Алматы: Эверо,2011. 3.Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология: оқу құралы/Ж.О.Аяпова.- Алматы: Кітап, 2007,2009. -288 б 4.ӘДІЛҚАНОВА .Ш.Р ДАРА ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ. оқу құралы, Алматы 2012 ж 5.Гистология, цитология және эмбриология атласы/ П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов, С.Л. Кузнецов, Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина. –Астана-Москва: МИА,2005. -399 б. 6.Әбілдинов Р.Б. Атлас гистология, цитология және эмбриология: оқу құралы/ Р.Б. Әбілдинов, Р.И. Юй, Ж.О. Аяпова.-Алматы: Эффект, 2006.

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке