Презентация на тему "Жүректің гистологиялық құрылысы. Эмбриондық даму ерекшеліктері."

Презентация: Жүректің гистологиялық құрылысы. Эмбриондық даму ерекшеліктері.
Включить эффекты
1 из 30
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
5.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

"Жүректің гистологиялық құрылысы. Эмбриондық даму ерекшеліктері." состоит из 30 слайдов: лучшая powerpoint презентация на эту тему с анимацией находится здесь! Средняя оценка: 5.0 балла из 5. Вам понравилось? Оцените материал! Загружена в 2018 году.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    30
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Жүректің гистологиялық құрылысы. Эмбриондық даму ерекшеліктері.
    Слайд 1

    Жүректің гистологиялық құрылысы. Эмбриондық даму ерекшеліктері.

  • Слайд 2
  • Слайд 3

    Жоспар:   Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы. Жүректің өткізгіш жүйесі Жүректіңқызметі мен оның жасерекшеліктері. Пайдаланылған әдебиеттер

  • Слайд 4
  • Слайд 5

    Жүрек, оның құрылысы мен қасиеттері, дамуы.

    Жүрек -қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқтаусыз қызмет етіп, қан тамырларында қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тоуліктің ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттерінің қызметіне байланысты өндіріледі. Бұл 200 кг жүкті 100 м биіктікке көтергенмен бірдей. Ал дене еңбегі бұл жұмысты 2 есе күшейтеді деуге болады. Айталық, 1 сағаттай ауыр жұмыс кезінде жүректен өтетін қанның мөлшері 2000-2500 л. Мұндай жұмыс жүректі қанмен күшті қамтамасыз етуді тілейді. Адамның жүрегінің салмағы 250-360г, яғни дене салмағының 1/200 бөлігіне тең, бірақ ол қан айналымындағы бүкіл қанның 1/10 болігін пайдаланады. Жүректі қанмен қамтамасыз ететін қан тамырлары жеке жүрек-қан тамырлар жүйесі.

  • Слайд 6

    Жүректің негізі эмбриогенездің 3-ші аптасында қалыптасады. Энтодерма мен спланхнотомның висцералды жапырақшасы арасында іш жағынан эндотелиймен қапталған 2 эндокардиалды түтікшелер пайда болады. Олар эндокардтың бастамасы, яғни болашақта жүректің ішкі қабатын қалыптастырады. Одан әрі даму кезінде олар қалынданып, мио-эпикардиальды пластинкаларға айналады. Ішек түтігі қалыптасқан сайын жүректің осы екі бастамалары жақындасып бірте- бірте бірігеді. Нәтижесінде жүректің ортақ бастамасы- жүрек түтікшесі пайда болады. Бұл екі қабатты түтікшенің эндокардиалды бөлігінен- эндокард, ал миокардиалды бөлігінен- миокард пен эпикард дамиды.

  • Слайд 7
  • Слайд 8

    Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы -эпикард (грек. эпи - үстіңгі + кардиа - жүрек), ортаңғы -миокард (грек. миос - бүлшық ет + кардиа) және ішкі -эндокард (грек. эндон - ішкі + кардиа). Жүректің еті -миокард- ерекше құрылымды көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұрады. Оның калыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері -- сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық. Миокард ырғақты жиырылып және босап, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Бұл жүрек еттерінің қалыпты жиырылуы.

  • Слайд 9

    Эндокард

    Эндотелий –жалпақ полигональды жасушалардан құралған Эндотелийасты- аз дифференцияланған жасушаларға бай БТД ұлпа Бұлшықетті- эластикалық қабат

  • Слайд 10
  • Слайд 11

    Миокард- жүректің ортаңғы ең қалың қабығы.ол жүректің типті қысқарғыш бұлшықет жасушаларынан-жасушалы кардиомиоциттерден тұрады. Сонымен қатар миокардта атиптік, жүректің өткізуші жйесінің миоциттері орналасады. Миокардтың бұлшықет элементтері арасында БТД ұлпаның жұқа қабаттары , коронарлық тамырлар, нерв ұштары бар.

  • Слайд 12
  • Слайд 13

    Эпикард- жүректің сыртқы, сероздық қабығы перикардтың висцеральды жапырағы болып есептелінеді. Эпикард дәнекер ұлпаның астындағы миокард пен тұтасып бітетін нәзік қабаты. Бұл эпителий өндіретін сұйықтық перикардиалды қуысқа бөлініп майлау рөлін атқарады. Перикардтың паиретальді жапырағының негізін жақсы дамыған дәнекер ұлпасы құрайды. Оның да перикардиальді қуысқа қараған беті мезотелиймен қапталған. Эпикард пен перикардта көптеген нерв ұштары аяқталады.

  • Слайд 14
  • Слайд 15

    Адамның жүрегі бұлшық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше . Олсалмағына, жынысынақарай бөлектенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырақ. Жалпыұзындығы - 12-14 см, ең жалпақ жері- 10-11 см. Журекоң және сол жақбөлімдерден тұрады. Олардың әрқайсысында екі-екіденқуыстары бар: жүрекше және қарынша депаталатынқуыстар.Жүректің оң жақ бөлігін солжақ болігіненқалың ерекшеқұрылымды жүрек еттерібөліп тұрады. Қарынша мен жүрекшенің арасындасолжағында қос жаппалыжәне оң жағында үш жаппалықақпақшалары (клапандары) болады. Солжақ жүрекшеден денедегіең үлкен қолқа тамыры, ал солжақ жүрекшеден өкпе артериясыбасталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе артерияларының арасында жарты ай іспеттіқақпақшалары (клапандары) бар.

  • Слайд 16

    Бұдан басқа жүрек етіндеерекшеталшықтар болады. Бұл етталшықтарының өзінен-өзі автоматтыжиырылуынабайланыстыжүректе қозу пайдаболып, олқозу қарыншадан жүрекшеге өткізіледі. Мұңдай етталшықтары құрылысыбойынша да, физиологиялық қасиеттерімен де жүрек етіненерекшеболады. Олардың көлденең жолағы оншаайқын емес, оның есебінеқозу оңай пайдаболадыжәне залалдыәсерге төзімді келеді. Бұл талшықтар қозуды жүректе өткізетін болғандықтан оны жүректің өткізгіш жүйесі депатайды. Жүректің ерекшеталшықтарының жалпымөлшері оншакөп емес. Ондайетталшықтарының шоғырларын түйіндер дейді.

  • Слайд 17
  • Слайд 18

    Мұндай түйіннің бір шоғыры оң жақ жүрекшеге жоғарғы қуыс венасы құйылатын жерде, яғни синуста орналасқан, сондықтан синоатриалдық немесе синустық-жүрекшелік түйін деп атайды. Осы түйінде жүректің жиырылу ырғағына қозғау болатын қозу импульстері туады. Бұл жүрек автоматиясының бірінші дәрежелі бөлімі. Екінші түйін оң жақ жүрекше мен қарыншаның арасындағы миокардта орналаскан. Жүректің бұл жерінде қозу жүрекшеден қарыншаға жайылады. Мұны атриовентрикулярлық немесе Ашоф-Тавар, немесе жүрекше-қарынша түйіні деп атайды. Атриовентрикулярлық түйін Гисс будасына жалғасады, ол екі талшық болып, біреуі оң, екіншісі сол жақ карыншалардың қалқасын бойлап тармақталады. Қозу жүрекше-қарынша түйінінен Гисс будасының бойымен қарыншалардың еттеріне ауысады.

  • Слайд 19

    Жаңа туған сәбидің жүрегі көлденең орналасқан. 1 жасқа жақындағанда отыру мен тәй-тәй басып тұруынабайланысты диафрагма (көк ет) төмен түседі де, қиғашталады және жүрек сәл бұрылып, кеудеқабырғасына жүректің оң жақ қарыншасының бетіжақындайды.Сөйтіп 2-3 жасқа жеткенде жүректің ұшы Ү-ші қабырғаға дейінжетеді де, 10 жастаересекадамдардағыдай болады. Жүректің салмағы дененің жалпымассасыменсалыстырғанда үлкен: 0,63-0,80 %, ал ересекадамда 0,48-0,52 %. Алғашқы жылдажүрек тез оссдІ: 8 айдыңішіндеоның салмағы 2 есеартады, 3 жастаүш есе, 5 жаста төртесе, 16 жаста 11 есеұлғаяды. Ер балалардың жүрегінің салмағы біріншіжылда 110-127 г қыздардың жүрегінің салмағьнан 108-120 г артық. Жыныстық жетілубасталған кездеқыздардың жүрегі тезірекөсіп, ер балалардың жүрегінің салмағынан артық болады: ербалаларда - 130-134 г, қыздарда - 140-143 г, бірақ 15-16 жастаолардың жүректерінің салмағы теңеседі де кейінненжігіттердің жүрегі салмақтырақболады: қыздарда - 190-200 г, жігіттерде - 193-260 г. Кейіннен ер азамат пен әйелдердің жүрегінің салмағының бұл айырмашылығы сақталады.

  • Слайд 20
  • Слайд 21

    Адам өмірінде жүректің дамуы басқа ішкі мүшелерден, әсіресе жүйке жүйесі мен қаңқаның дамуынан екі рет артта қалады. Бірінші рет, 6-7 жаста жүрек пен қан тамырларының өсуі кешігеді, ал жүректің нервпен қамтамасыз етілуі бұлшық еттердің дамуынан озады. Сондықтан бұл мезгілде балалардың дене еңбегін гигиеналық талаптарға сай мөлшерлеу аса маңызды. Екінші рет, жүрек күшінің қоры бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің қызметімен 50 жастың мөлшерінде сәйкес келмейді. Сондықтан 50 жастан асқан адам спортпен өте белсенді шұғылданып, көп күшті қажет ететін жарыстарға қатысқанда жүрегі шыдай алмай, инфаркт болып қалған жағдайлар спорт тарихында кездеседі.

  • Слайд 22

    Жүректіңқызметі мен оның жасерекшеліктері.

    Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып, босайды, содан соң толық демалыста болады. Жүрек етінің жиырылуын систола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен алғанда ересек адамның жүрегі 1 минөтте 70-75 рет жиырылады, яғни бүкіл цикл 0,8 с. Жаңа туған сәбидің жүрегінің соғу жиілігі 1минөтте 120-168 рет.

  • Слайд 23
  • Слайд 24

    Жүрек қызметі. Жүректің жиырылуыоның бұлшықетінде периодтытүрде пайдаболатынқозу үрдістерінің салдарынанболады. Жүректегі қозу ондажүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодтытүрде пайдаболады. Осы құбылыс автоматиядегенатқа иеболды. Миофибрилдары аз, эмбриондыбұлшықетті тінгеұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннентұратын миокардтың белгілібірбөліктері автоматияға қабілетті. Айрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты- жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бірбөлігі мен қарыншааралық пердедеорналасқан жүрекше- қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек басының бөлігінде жүрекше- қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардінебатырылған өткізгіш миоциттертізбегіне (Пуркиньеталшықтары) ауысады

  • Слайд 25

    Жүректің өткізгіш жүйесі

    Қойнау-жүрекше түйіні (синусно-предсердный узел); (nodussinoatrialis, лат. nodus — түйін,sinus — қойнау,atrium — жүрекше) — жүректің өткізгіш жүйесін құрауға қатысады.Олжүректің оң құлақшасы мен алдыңғы (адамдажоғарғы) қуыс вена аралығындағы шекаралық сайтұсында орналасады. Қойнау-жүрекше түйіні жүректің өткізгіш кардиомиоциттерінентұрады.Олардың цитоплазмасындамиожіпшелертым аз болады, ал диаметріжиырылғыш кардиомиоциттердің диаметрінеқарағанда 2-3 есежуандаукеледі. Қойнау-жүрекше түйінінің орталығында жүректің ырғақты (ритм) жиырылуынатүрткі болып, оны ісжүзіне асыратынмайдадөңгелекше келгентүрткі жасушалар (пейсмекержасушалар) орналасады

  • Слайд 26
  • Слайд 27

    Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркиньеталшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуыменанықталады, яғни жасушалымембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігіменанықталады. ӘП-ң шыңы кезіндемембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді

  • Слайд 28
  • Слайд 29

    Жүректің өткізуші жүйесінің жасушалары жеңіл ыдырайтын гликогенге бай, оларда анаэробты гликолиз өтеді, ал аэробты ферменттерінің активтігі төмен. Бұл жасушаларда калийдің деңгейі төмен, ал кальцийдің деңгейі жоғары(жұмысшы кардиомиоциттермен салыстырғанда). Миокардта афференттік және эфференттік нерв талшықтары көп, олардың қозуы жүрек соғуының ритмін өзгерте алады.

  • Слайд 30

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    С.А.Ажаев, Гистология www.google.com

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке