Содержание
-
Жетекші: Аяпова Ж.О Орындаған: Айт-Базар Райхан Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ: 001-1 Алматы 2014 жыл Эмбрионалды гемопоэз
-
Мақсаты:Дамудың ұрықтық кезіндегі қан жасушаларының дәл қай мүшелерде, қай уақыттан бастап және қандай жолмен пайда болатынын көрсету
-
Гемопоэз (haemopoesis)–қанның түзілу процесі Эмбрионалды Эмбрионалды даму кезеңінде жүріп, қанның тін ретінде дамуына алып келеді Постэмбрионалды Қанның физиологиялық регенерациясы Эритроциттердің дамуы- эритроцитопоэз Гранулоциттердің дамуы-гранулоцитопоэз Тромбоциттердің дамуы-тромбоцитопоэз Моноцитердің дамуы-моноцитопоэз Лимфоциттердің дамуы-лимфоцитопоэз Иммуноциттердің дамуы-иммуноцитопоэз
-
Эмбрионалды гемопоэз
Эмбрионалды кезеңдегі қанның тін ретінде дамуын бірін-бірі кезекпен ауыстыратын 3 кезеңде қарастырады:
-
І Мезобластикалық кезең:
Қан жасушаларының ұрықтан тыс мүшелерде-сарыуызды қапшықтың мезенхимасы, хорион, сарыуызды сабақшада дамуы жүріп (ұрық дамуының 3-9 апта аралығында), ҚБЖ(қанның бағаналы жасушаларының) бірінші генерациясы пайда болады
-
Сарыуызды қапшықтың қабырғасындағы қан жасушаларының пайда болуы
-
Адамда эмбрионалдық дамудың 2-аптасының соңы мен 3-аптасының басында басталады; Сарыуызды қапшық қабырғасының мезенхимасында қанды аралшықтар пайда болады; Қанды аралшықтарды шектеуші жасушалар жалпайып, бір-бірімен бірігіп, болашақ тамырдың эндотелиалды төсенішін түзеді; ҚБЖ жартысы біріншілік қан жасушаларына (бласттар-базофильді ядросы мен цитоплазмасы және айқын байқалатын ірі ядрошықтары бар жасушалар) дифференцияланады; Біріншілік қан жасушаларының көп бөлігі митоз жолымен бөлініп, ірі мөлшерімен ерекшеленетін (мегалобласт) эритробласттарға айналады. Бұл өзгерістер бласттардың цитоплазмасында эмбрионалды гемоглобиннің (HbF) жинақталуымен түсіндіріледі;
-
Ұрықтық эритропоэз 1. Сарыуыызды қапшық тамырлары мен ұрық тамырларының байланысы а) Сарыуызды қапшық б) Хорион бүрлері в) Ұрық 2. Сарыуызды қапшық қабырғасындағы қанды аралшық: а) Мезодерманың висцералды жапырақшасы б) Энтодерма в) Эндотелиоциттер г) Дамып келе жатқан қан жасушалары
-
-
Қанды аралшық жасушаларының дифференциялануы
Сарыуызды қапшықтың энтодермасы Мезенхима жасушалары Ангиогенді жасушалардың топтасуы Біріншілік эритробласттар Эндотелий жасушалары
-
Мегалобластикалық қан түзулу: Кейбір эритробласттардың ядролары кариорексиске(жасушалық ядроның бөлшектенуі) ұшырап жасушадан шығарылады, ал кейбірінде ядросы сақталады. Нәтижесінде ядролы және ядросыз, ірілігімен ерекшеленіп мегалоцит деген атауға ие болған біріншілік эритроциттер пайда болады. Бұл процесс эмбрионалды кезеңге тән, бірақ постанатальды кезеңде кейбір аурулар (қатерлі қаназдық) болған жағдайда пайда болуы мүмкін; Мегалобластикалық қан түзілумен бір уақытта сарыуызды қапшық қабырғасында нормобластикалық қан түзілу басталады: бласт екіншілік эритробласттар полихроматофильді эритробласттар нормобласттар екіншілік эритроциттер (нормоцит)-мөлшері ересек адам қанындағы эритроцитпен шамалас; Сарыуызды қапшықтағы эритроциттердің түзілуі біріншілік қантамырларының қабырғасында интравоскулярлы жолмен жүреді Бір уақытта қан тамырлары қабырғасының маңайында орналасқан бласттардан икстравоскулярлы жолмен –нейтрофил,эозинофилдер дифференцияланады Қанның бағаналы жасушаларының қалған бөлігі дифференцияланбаған күйде қалып, қанның ағымымен ұрықтың әр түрлі мүшелеріне таралады . Мұнда олардың ары қарайғы қан жасушалары мен дәнекер тініне дифференциялануы жүреді. Сарыуызды қапшықтың редукциясынан (жойылуы) кейін негізгі қан түзуші мүше болып бауыр саналады.
-
3 4
-
ІІ Бауырлық кезең:
Ұрық дамуының 5-6 аптасында жүреді. Бұл кезеңде бауыр гемопоэздің негізгі мүшесіне айналады да онда ҚБЖ-ның екінші генерациясы пайда болады. Бауырдағы қан түзілу процесі шекті деңгейіне 5 айдан кейін жетіп, туылар алдында тоқтайды.
-
Бауырдағы қан түзілу
-
Бауыр эмбрионалдық дамудың 3-4-ші аптасында пайда болып, 5-ші аптадан бастап қанның түзілетін орталығына айналады Бауырдағы қанның түзілуі оның үлестерінде мезенхимамен бірге дамыған капиллярлардың жолымен экстраваскулярлы түрде жүреді: Бауырдағы қан түзілудің көзі-сарыуыз қапшығынан миграцияланып келген қанның бағаналы жасушалары бласт екіншілік эритробласттар полихроматофильді эритробласттар нормобласттар екіншілік эритроциттер (нормоцит)-мөлшері ересек адам қанындағы эритроцитпен шамалас;
-
Эритроциттердің дамуымен бір уақытта бауырда түйіршікті лейкоциттер, оның ішінде нейтрофильді және эозинофильді түрлері пайда болады. Базофильділігі азайып, ашық түске ие бола бастаған бласт цитоплазмасында спецефикалық түйіршіктер пайда болып, ядросы дұрыс емес пішінге ие болады Гранулоциттерден басқа бауырда тромбоциттердің ізбасарлары болып саналатын гигантты (ең ірі) жасушалар-мегакариоциттер қалыптасады. Эмбрионалды даму кезеңінің соңында бауырдағы қан жасушаларының түзілуі аяқталады.
-
Адам ұрығы бауырындағы эритропоэз 1. Эксцентрлі орналасқан ядросы бар эритробласт; 2. Нормобласттың пикнотикалық ядросының оқшаулануы; 3. Пикнотикалық ядроның цитоплазманың жіңішке тәжімен нормобласттан бөлінуі; 4. Органеллалары біркелкі ретикулоцит; 1 2 4 3
-
ІІ Бауырлық кезең соңында:
Бауырдағы ҚБЖ тимус (мұнда,7-8 аптадан бастап,Т-лимфоциттер дамиды),көкбауыр (12-аптадан гемопоэз басталады),лимфа түйіндеріне (10-аптадан бастап гемопоэз тіркеледі) қоныстанады.
-
Тимустағықанжасушаларының пайдаболуы
-
Көк бауырдың негізі эмбрионның бірінші айында қалыптасады. Осында келіп орналасқан қанның бағаналы жасушалары қанның формалы элементтерінің барлық түрлері (экстраваскулярлы жолмен пайда болады) Көк бауырдағы қан жасушаларының пайда болуы
-
Лимфа түйіндеріндегі қан түзу
-
ІІІ Медуллярлық (сүйек кемігі) кезең
Сүйек кемігінде ҚБЖ-ның үшінші генерациясы пайда болады. Мұнда гемопоэз ұрықтық дамудың шамамен 10-аптасында басталып, туылар кезге қарай үдей түседі. Ал, туылған соң сүйек кемігі гемопоэздің орталық мүшесіне айналады.
-
Сүйек кемігі эмбриональды дамудың 2-айында пайда болады. Алғашқы гемопоэтикалық элементтердің дамуы нәрестенің 12 аптасында жүреді. Бұл кезде сүйек кемігінің негізін фибробласттар мен ізашар алғашқы гранулоциттер құрайды. Бұл даму экстраваскулярлы жолмен жүреді. Осылайша сүйек кемігі универсальды гемоцитопоэз жасайтын орталық мүшеге айналып, постнатальды өмір тіршілігінде сол күйінде қалады. Сүйек кемігіндегі қан жасушаларың пайда болуы
-
Қорытынды: Жобамызбен айналысу барысында эмбрионалды даму кезеңінде тіршілік үшін өзіндік маңызы бар түрлі қан жасушаларының түзілу жолын, нақтылы уақытын білдік және олардың дамуында ұрықтың сарыуыз қапшығы, бауыр, көкбауыр, тимус, лимфа түйіндері, сүйек кемігі сынды мүшелердің маңызды рөл атқаратынына көз жеткізіп, олардың бірқатарының постанатальды кезеңде де қан жасушаларын түзуші мүше ретінде сақталып, өз қызметін жалғастыратынына куә болдық. Қорытындылай келе назарларыңызға эмбрионалды гемопоэздің сызба түрінде жасалған үлгісін ұсынамыз.
-
-
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.