Содержание
-
Бөлімі: Заттар және олардың қасиеттері.Табиғат ресурстары Пәні: Жаратылыстану Сынып: 3 Сабақтың тақырыбы: «Топырақтың құрамы» Оқу мақсаттары: 3.3.4.2. топырақтың негізгі құрамына зерттеу ( құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа); 3.1.2.3. экспериментті жоспарлау және жүргізу.
-
Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Бағалау
-
БілуЖаңа материалды бұрынғы білімді еске түсіре отырып беремінТапсырма мақсаты: Топырақта тіршілік ететін ағзаларды айтады.Тапсырма.Негеш пен Эврика топырақты зерттеуді жалғастырды.Олардың сұрақтарына жауап беріп, еске түсір.- Топырақта түрлі ағзалар тіршілік етеді, атап шық.- Тірі ағзаларға өмір сүру не үшін қажет?
Дескриптор: Түрлі ағзаларды атайды; Тіршілік етуге қажетті жағдайларды анықтайды.
-
ТүсінуЖаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Тапсырма мақсаты: Топырақта кездесетін тірі ағзадардың ерекшеліктерін спаттайды Тапсырма.Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды сипаттап бер.
Дескриптор: Тірі ағзалардың өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды сипаттап береді.
-
ҚолдануОқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырмалар беріледі. Тапсырма мақсаты: Топырақ құрамына қатысты бөліктерді топтастырады.Тапсырма.Топырақтың құрамына кіретін заттарды тап. Аталған заттарды бейнелейтін суреттер сал. Оларды бағыттама арқылы топырақтың қабаттарына «орналастыр».
Дескриптор: Топырақтың құрамына кіретін заттарды табады; Аталған заттарды бейнелейтін суреттер салады; Оларды бағыттама арқылы топырақтың қабаттарына «орналастырады». Дискілер Тоқаштар Аяқкиім Кәмпиттер Ұсақ тастар Дернәсіл Қоңыздар Ұсақ бұтақтар Жапырақтар Құм Өсімдік қалдықтары Кітаптар
-
ТалдауТақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт береді. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтайды Тапсырма мақсаты:Тәжірибе нәтижесінде топырақтың құрамын салыстырадыЗерттеу әрекетіТапсырма.Топырақ құрамында су, ауа, тірі ағзалардың қалдықтары бар екеніне бақылау жаса, байқаған өзгерістерді дәлелдеп, кері пікір айт.Ресурстар: Су құйылған стақандар, топырақ салынған стақандар, таяқшалар немесе бір реттік қасықтар, майлық қағаздар.
Зерттеуге арналған нұсқаулық Бір стақан суға бір шөкім топырақ салу; Топырақты таяқшамен араластыру және стаканды үстел үстіне біраз уақытқа қалдыру; Майлық қағаз алып, аздаған топырақ салып, алақанмен қысу, топырақты сілкіп тастау; Үстелдің үстінде тұрған су стақанына оны шайқамай қарау. Дескриптор Топырақ құрамына бақылау жасайды; Өз пірікін дәлелдейді.
-
ЖинақтауЖалқыдан жалпыға бағыттау. Тапсырма мақсаты: Топырақ құрамының негізгі бөліктерін құрастырады.Тапсырма.Әр пазлды зерттеу қорытындыларына негіздей отырып бағыттама арқылы құрастыру.
Дескриптор Топырақ қабаттарын рет-ретімен құрастырады.
-
БағалауИдеялар алмасу, пікір айтуды ұйымдастыру. Тапсырма мақсаты: Топырақ құнарлылығын табады.Тапсырма. Топырақ құрамы қалай өзгере алатынына болжам жаса. Мысалдармен дәлелде.
Дескриптор Болжам жасайды; Мысалмен дәлелдейді. видео
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.