Содержание
-
Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: Ауру-ауыз судан Медицина факультеті Молдашева А. І курс ЖМ – 424 топ Уақыты:13.00-14.45 2014-2015 оқу жылы
-
Жоспар
Қазақстанның тұщы су қорлары Су арқылы тарайтын аурулар Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы Судың физикалық және химиялық қасиеттері Суды залалсыздандыру әдістері
-
Қазақстанның тұщы су қорлары
Су біздің планетамыздың ең кең тараған нысаны болып табылады.Жердің бүкіл су қорының 0,3%-ы ғана тұщы су қорын құрайды.Қазақстанның Батыс бөлігі тұщы су көзінен тапшылық көруде.Әсіресе Ақтауда тұщы су көздері мүлдем жоқ,осыған орай 1963жылы теңіз суын тұщыландыруға арналған дистилляциялық қондырғы орнатылған,ал 1973жылы сол қалада әлемде алғаш рет атомдық тұщыландырғыш салынды.
-
Судың сапасына қойылатын талаптар
Ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиоионды жағынан қауіпсіз және химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы қажет.
-
-
Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адаморганизміүшін қауіпсіз болыптабылатынтабиғи су. Адам денсаулығы ауызсудың сапасынатікелейтәуелді. Осыған байланыстыауызсуға мемлекеттіксанитарлық талаптарқойылады.Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балданаспауыкерек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-денартық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммольболуыкерек. Ауызсудың кермектігінанықтайтын кальций, магнийтұздары аз болса, адамсүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауызсудағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-дентөмен болуы – флюорозжәне кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуыасқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларынашалдықтырады. Ауызсудың температурасы8 – 150Саралығында, минералдығы 1 г/л-гедейінболуытиіс. Ауызсуға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 лсудағы ішектаяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптарқойылады.Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендікөзгеруіне байланыстыҚазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалыауызсуменқамтамасыз етумәселесі өткір қойылып отыр.
-
Судың физиологиялық маңызы
Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2-2,8лді құрайды.Адам ағзасы тәулігіне 1,5-лге жуық суды кіші дәрет арқылы,400-500мл тері қабаты арқылы,350-400мл тыныс алу кезінде,100-150мл нәжіс арқылы шығарады.
-
Судың гигиеналық маңызы
Судың сапасы оның органолептикалық қасиеттерімен,химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады. Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен,дәмімен,иісімен сипатталады.
-
-
Судың химиялық құрамы бойынша
Минералды тұздардың көп концентрациясы суға жағымсыз дәм береді,асқазан-ішек жолдарының қызметіне теріс әсер етеді,ол суларды тұрмыста және өндірісте қолдану мүмкін емес. Ішуге қолданылатын су ашық су көздеріне өндірістік мекемелердің тазартылмаған қалдық сулары жіберілсе судың құрамында химиялық заттардың:сынап,мышьяк,қорғасын,хромның улы концентрациясы пайда болады.
-
Судың физикалық қасиеті
Судың мөлдірлігі Судың түсі Судың дәмі мен иісі
-
Судың мөлдірлігі
Судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты.Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белгі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.
-
-
Судың түсі
Ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы,су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін.Судың түсі нормада 20градустан көп болмауы керек.
-
Судың дәмі мен иісі
Судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты,олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді.Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді.Ал жер асты суларының иісі мен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздар мен газдар да әсер етеді,мысалы,хлоридтер мен көмірсутектер.Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды.
-
-
Судың химиялық қасиеті
Санитарлық ережеге және нормага сай су химиялық жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар,суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер,адамдардың іс әрекеттері нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болу керек. Құрғақ қалдық.Судың құрғақ құрамының жиынтығы құрғақ қалдықпен анықталады,ол 1литр суды булағанда қалатын зат.Ол судың минерализация дәрежесін көрсетеді.
-
Су құрамындағы химиялық элементтер
Темір Хлоридтер Сульфаттар Фтор қосылыстары
-
Темір
Теміркөбіне жерастысуларының құрамында темірдің дигидрокарбонатытүрінде кездеседі.Суауаменқатынасқа түскенде теміртотығып, темірдің гидроксидінеайналады.Олсуға қоңыр түс береді.Егерсудың құрамында темірдің мөлшері 0,3-0,5мг/лденкөп болсасудың органолептикалық қасиеті нашарлайды,алоның мөлшері судың құрамында 1-2мг/л болған кезде,лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді.Орталықтандырылған судың құрамында нормадатемірдің мөлшері-0,3мг/л, ал жергілікті су көзі суының құрамында1мг/лденкөп болмауыкерек.Судың құрамында кальций мен магний тұздарының болуысудың қаттылығына әсер етеді. Судың қаттылығы 1,75моль/лге дейінгі суды жұмсақ су,1,75-3,5 дейінгі су- орташа жұмсақ су,35-70 аралығындағы суды қатты,ал 7,0-ден жоғары суды өте қатты су деп атайды. Стандарт талаптарына сай ауыз судың қаттылығы нормада 3,5моль/л немесе 7мг-экв/лден көп болмауы керек.
-
Хлоридтер
Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мөлшерде 20-30мг\л дейін кездеседі.Құрамында хлордың мөлшері 350-500мг\л болса,онда суда тұзды дәм пайда болады.Ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді.Стандартқа сай судың құрамында хлоридтер нормада 350мг\лден аспауы керек.
-
Сульфаттар
Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі.Судың құрамында сульфат мөлшері мг\л болса,онда суда ащы тұзды дәм пайда болады.Мұндай суды бұрын қолданып көрмеген адамдарда ол диспепсия туындатуы мүмкін.Стандартқа сай судың құрамында сульфат 500мг\л аспауы керек.
-
Фтор қосылыстары
Судың құрамында фтор қосылыстарының құрамында фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады.Судың құрамындағы фтордың мөлшері нормада 1,2-1,5мг\л болу керек.
-
-
Жұқпалы ауру таралуында су факторының рөлі.
Егер ауыз судың құрамына жұқпалы ауру қоздырғыштары түссе,су эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.Су арқылы мынандай жұқпалы аурулар тарайды: іш сүзегі тырысқақ дизентерия
-
Су арқылы берілетін вирустарға
Жұқпалы сары ауру Полиомиелит Аденовирустар А және Б коксаки вирустары
-
Қоздырғыштың таралуы
Су жолымен берілу факторы адамдардың туберкулезді жұқтыруында да маңызды,тіпті қоздырғышы жұқтырылған суда шомылғанның өзінде қауіпті боп табылады.Туберкулез милобактериялары су нысандарына туберкулез ауруханаларының,санаториялардың ағынды суларынан,сонымен қатар малдарды суару кезінде түседі.
-
Қоздырғыштардың таралуы
Адамның су арқылы сібір жарасын да жұқтыру қаупі бар,ол биофабрикалардың және жүн жуатын орындардың ағынды суларын залалсыздандырмай су көздеріне жіберген кезде болады.
-
Су инфекциясының пайда болу себептері
Сумен қамтамасыз ету көзінде санитарлық қорғау аймағының нашар ұйымдастырылуы; Су құбырындағы судың нашар тазартылуы және залалсыздандырылуы; Су құбырларының ескіруі себебінен сулың екіншілік бактериалды ластануы; Ашық су көздерінен алынатын суды өңдеусіз шаруашылық және ауыз су мақсатында пайдалану.
-
Эпидемиялық қауіпсіздік
Ауыз су құрамында қалыпты жағдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек.Осы мақсатта судың қауіптілігін оның құрмындағы микробтың жұқпалы ауру қоздырғыштары бар немесе жоғымен емес,өйткені оларды анықтау қиынырақ,сондықтан жанама көрсеткіщтермен анықтайды.
-
Ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау
Сумен қамтамасыз ету кезінде екі түрлі су көзі қолданылады:жер асты сулары және ашық су көздері. Жер асты сулары.Үшке бөлінеді: Топырақтық Грунтты Пластаралық
-
Топырақтық жер асты сулары
Топырақтық су топыраққа атмосфералық түсімдер түскен кезде пайда болады,ол жердің бетінде орналасады.Жаңбыр жауғанда,қар ерігенде оның мөлшері көбейеді,өйткені ол жерге сіңіп үлгермейді. Грунтты сулар жер бетіне ең жақын орналасқан су қабаты.Оның астында су өткізбейтін қабат болады.Грунтты су атмосфералық түсімдермен:қар және жаңбыр суымен қоректенеді.Сонымен қатар қоздырғыштармен оңай ластанады. Пластаралық сулар екіге бөлінеді:пластаралық қысымсыз су,пластаралық қысымды сунемесе артезианды су.
-
Суды тұтыну
Суды тарату тәсіліне байланысты сумен қамтамасыз етудің екі түрі бар:жергілікті(орталықтандырылмаған),су тарату жүйесі болмайды,суды тікелей су көзінен (құдықтар,суаттардан) алады. Су құбыры дегеніміз тұтынушылардысапалы сумен қамтамасыз етуге арналған қондырғылар кешені.
-
Ауыз судың сапасын жақсарту әдістері
Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу,су тазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Мөлдірлену- суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі операциясына тұндыру жатады. Судың коагулияциясы.Коагулияция деп молекулалық тартылыс күшінің әсерінен судағы қалқып жүрген өлшенді бөлшектердің өзара жабысуы нәтижесінде іріленіп тұнуы.
-
Суды залалсыздандыру әдістері
Көптеген ғалымдар суды залалсыздандыруды шартты түрде үшке бөлген: Реагентті(химиялық) реагентсіз(физикалық) Аралас
-
Химиялық әдіске
Хлорлау.Қазіргі кезде бізде және шет елде кеңінен қолданылады.Ол газ тәрізді хлорлы әк,гипохлорид,хлорамин,хлордың қос тотығын қолдану арқылы іске асады. Суперхлорлауды эпидемия ошағында қолданады.
-
Физикалық әдістеріне
Ультракүлгін сәулелендіру Иондаушы сәуле Ультрадыбыс Электрлік зарядтар Термиялық өңдеу
-
Ультракүлгінмен залалсыздандыру тәсілі
УКС-биологиялық әсерлесудің әр түрлі дәрежесі бар оптикалық спектрдің бөлімдеріне жіктеледі. УКС-су ағысының үстінде сондай-ақ оның ағын қабаттарында шамдарды орналастыру арқылы жүргізіледі.
-
Ультрадыбысты залалсыздандыру
УДЗ барлық микроорганизмдерді патогенді және патогенді емес,вегетативті және споралы,анаэробты және аэробтыларды өлтіреді. Термиялық өңдеу.Бұл әдіске қайнату жатады.Біз біраз минут қайнатқанда микроорганизмдердің вегетативті формалары өледі,ал споралары белсенділігін жоғалтады.
-
Су арқылы берілетінаурулардың халық арасындатаралуыныңалдыналуүшін төмендегі шаралардыіскеасырған жөн: - ауызсудың сапасынаүнемі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу - қайнатылған ауызсуынпайдалану; - ашық су көзіне шомылғанда сақтық шараларынжасау; - кезкелгенашық су көздеріне шомылмау; - жеке бас гигиенасынсақтау; - елді-мекендерді таза ауызменқамтамасыз ету; - мүмкіндігінше елді-мекендердікәріз жүйесімен қамтамасыз ету; - ашық су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын қатаң сақтау; - балалармекемелеріндеэпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін қадағалау; - зиянды, ластанған іркіндісулардызалалсыздандыру; - ашық су көздерінің сапасынүнемі қадағалау; - тазартустансаларындатиімдізарарсыздандырузаттарынпайдаланужәне олардың тиімділігінқадағалап отыру; - кезеңді медициналық тексеруденөтіп отыру
-
Назарыңызға рахмет!!!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.