Презентация на тему "Қызылша (корь)"

Презентация: Қызылша (корь)
Включить эффекты
1 из 29
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.2
21 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Интересует тема "Қызылша (корь)"? Лучшая powerpoint презентация на эту тему представлена здесь! Данная презентация состоит из 29 слайдов. Средняя оценка: 3.2 балла из 5. Также представлены другие презентации по медицине для студентов. Скачивайте бесплатно.

Содержание

  • Презентация: Қызылша (корь)
    Слайд 1

    Тақырыбы:Қызылша (корь)

    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ Қабылдаған: Хатамов Ф. Д Орындаған:Байларова А Тобы: ЖМ-108 СӨЖ

  • Слайд 2

    Жоспары:

    І. Кіріспе Қызылша ауруы туралы түсінік ІІ. Негізгі бөлім Этиологиясы, эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникасы, жіктелуі. Алдын алуы, емі. ІІІ. Қорытынды І V . Пайдаланылған әдебиеттер

  • Слайд 3

    Қызылша ауруытуралытүсінік.

    Қызылша жедел инфекция, ауа- тамшылы жолмен жұғатын, циклмен өтетін, ауыз, тыныс жолдарының, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, ірі дақты бөртпелермен және улану белгілерімен сипатталады. Иммунизацияға дейін қызылша балалар арасында кең таралған және ауыр түрімен өтетін ауруларға жатады. Үш жасқа дейін балалар арасында өлім 42% болған. Егу жүргізгеннен кейін ауру сырқаулық шұғыл төмендеді, ал өлім тіпті кездеспейтін болды деп айтуға болады. Бірақ соңғы он жылда қайтадан ауырғандар саны өсті, әсіресе ересек балаларда және ересек адамдар арасында. Мысалы, 1990 жылғы ҚР көрсеткіш 1,6 1993 жылы- 3,81 1998 жылы – 18, 89 болды 100000 халық арасында.

  • Слайд 4
  • Слайд 5

    Этиологиясы:

    Қызылша қоздырғышы PolinosamorbiliorumParamyxoviridae– вирусы, тұрақты антигендік қасиеттері бар. Панатропты қасиеті бар, бірақ лимфоидты, ретикулоэндотелиальді тіндерге, тыныс жолдары және нерв жүйесі клеткаларына таңдамалы әсер етеді. Қызылша ауруы вирустың салдарынан дамитынын 1911 жылыАндерсон, Гольдберг ашқан. Қызылша вирусының құрамында бір жіпті РНК полимераза бар. Вирустың сыртқы қабаты липопротеидті мембрана. Осы мембрананың сырты гликопротеидтермен қапталған. Қызылша вириондарының антигендері көп, сыртқы қабат антигендері, ішкі белок антигендері. Қызылша вирусы сыртқы ортаға сезімтал: жарық 8-10 минут әсер еткенде өледі, температура 56 градуста 30 минут ішінде өледі, 37 градус температурада 2 сағат ішінде өледі.

  • Слайд 6

    Эпидемиологиясы:

    Инфекция көзі тек ауру адам. Таралу жолы ауа-тамшылы жолмен. Егілмеген балалар өте тез жұқтырып алады. Қазіргі кезде қызылшамен 1-9 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, көбінесе осы жастан жоғары балалар ауырады 68% дейін, мектепбалабақшаға баратынбалаларарасында ауру төмендеді. Егілгенбалаларарасында 18% ауырады.

  • Слайд 7

    Егілген балалардың қызылшамен ауыру себептері:

    Вакцинаның иммуногендігі төмен; Тірі вакцинаның сериясы стандартты болмағанда; Көбінесе жаз мерзімінде егу жасалған балалар жиі ауырады; Әр түрлі себептермен иммуноглобулин алғанда; Егуден 1 ай ішінде бала басқа аурулармен ауырса және иммунодепрессивті препараттар алғанда; Сонымен егілген балалардың қызылшамен ауыру себептерін екіге бөлуге болады: Біріншілік Екіншілік Біріншілік – егілген вакцинаға иммундық жауаптың болмауы. Екіншілік – бар иммунитетті жоғалту.

  • Слайд 8
  • Слайд 9

    Патогенезі:

    Вирус тыныс жолдары және көз конъюктивасы арқылы енеді, сосын қанға өтеді. Инкубациялық кезеңде вирус эпителий клеткаларында және лимфа түйіндерінде көбейеді. Катаральды кезеңде инфекция кірген жерлерде қабыну болады. Қанның толуы, ошақты ісіну және вакуолизация, эпителийдің беткейлі (Бельский-Филатов дақтары) пайда болады. Қызылшалық бөртпенің шығу механизмі: Бөртпе тері клеткаларымен иммунокомпонентті лимфоциттер арасындағы реакция. Периваскулярлы қабыну ошақтары дамиды. Қабыну салдарынан эпидермистің деструкциялық ошақтары пайда болады, қабыршақтанады. Эритроциттердің теріге шығуы гемосидерияның ыдырауы салдарынан пигментация пайда болады. Өкпе және лимфа қан айналу бұзылады, аралық тіннің клеткалық инфильтрациясы, бөлік аралық перибронхиальды дәнекер тіннің продуктивті инфильтрациялық реакциясы дамиды.

  • Слайд 10

    Қызылша вирусы нейротропты. Ми клеткасында қызылшалық антиген мен иммунокомпонентті лимфоциттердің әсерлесу салдарынан неврологиялық бұзылыстар болады.ОНЖ-гібұзылыстар 4 түрге бөлінеді. Қызылшалық энцефалопатия –жүйке клеткасының дистрофиясы дамитын дисциркуляторлы бұзылыстар. Қызылшалық энцефалит,менингоэнцефалит- бас миының және жұлынның ақ затындағы экссудативтіөзгерістер және қабыну инфильтрациясы. Екіншілік инфекция тудыратын, кеш қызылшадан кейінгі менингит немесе энцефалит. Баяу қызылша дамуы.

  • Слайд 11

    Клиникасы:

    Қызылша циклмен өтетін ауру, төрт клиникалық кезеңі бар.

  • Слайд 12

    Инкубациялық кезең9- 11 күн, немесе 17-28 күнге созылуымүмкін. Бұл кездеаздапденеқызуы көтеріледі және жоғары тынысжолдарының, көздің шырыштықабатының жеңіл қабынуы, 1-2 күн ғана қызылша тәрізді бөртпе шығады. Инкубациялық кезеңнің бесіншікүні 50% ауруларда Браунли симптомы пайда болады, ол төменгі көз қабағының қызарып, ісінуі. Сонымен қоса іші ауырады, метеоризм, іш өтеді, бала азады.

  • Слайд 13
  • Слайд 14

    Продромальды кезең– 3-4 күн. Жалпы улану белгілерімен шырыш қабаттардың катарынан басталады – экссудативті компонент басым болады-ринит, конъюктивит. Көзден жасағады, жарықтан қорқу болады. Ауыз шырышты қабаты ісінген және қызарған, сілекей көп бөлінеді. Бірінші күннің сқңында немесе екінші күні ауыз шырышты қабаттарында және жұмсақ таңдайда нүкте тәрізді геморрагиялық преэнантемаларды көреміз. 2-3 күні Бельский-Филатов дақтары пайда болады.Сонымен қатар қатты таңдайда, бадамшаларда энантемалар пайда болады, қызыл бір біріне қосылатын дақтар. Мұрыннан қан кетуі мүмкін. Кішкентай балалардың іш өтуі, ересек балаларда қатты іш ауруы болады. Осы кезеңнің сқңында балаларда иектерде, мойнында, кеудесінде ақшыл қызыл бөртпе шығады(қысқа уақыттық бөртпе)

  • Слайд 15

    Бөртпе шығу кезеңі- 3-4 күн. Дене қызуы жоғарылайды, адинамия, тәбеті төмендейді. Катар симптомдары күшейеді. Тамағында көкшіл реңді гиперемия, бадамшалар үлкейген, ақ жабындымен жабылған. Тістің еттері қызарған,ісінген, жөтел, конъюктивит, блефароспазм. Қызылшада бөртпе этаппен шығады. Бөртпе түсі қызғылт түстен қанық қызылға дейін. Бетте, шатта, арқада бөртпе ашық, анық болып келеді. Жамбасқа, аяққа, шынтаққа, тізеге бөртпе соңынан шығады, ал кейде мүлдем шықпауы мүмкін. Бөртпе варианттары- майда дақты, қосылмайтын, қосылатын есекжем сияқты, көпіршікті, геморрагиялық,пемфигоидты, көлкілдеуік тәрізді. Бөртпенің кете бастау кезеңі бұл кезде дене қызуы төмендейді, жалпы жағдайы,тәбеті жақсарады. Пигментация дамиды, бетте, мойында, белде, денеде қабыршақтанып түлеу болады.

  • Слайд 16
  • Слайд 17

    Қызылшада лимфа түйіндері ісініп, ауырады. 50% балаларда көкбауыр зақымдалады. Жүрек қантамыр жүйесінде тахикардия, тондар әлсірейді бұл өзгерістер катаральды кезеңде –ақ басталады. Тыныс алу жүйесі көбінесе жиі зақымдалады, өзгерістері бірінші күндері байқалады. Зәр шығару, жүйке жүйесі, ас қорыту жүйелері де бұзылады. Қанда:Инкубациялық кезеңде және продромальды кезеңде гемограммада лейкопения-нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз,эозинопения немесе анэозинофилия плазматикалық клеткалар болуы мүмкін. Тромбоциттер төмендейді, қан ұю уақыты баяулайды ДВС синдромы дамиды.

  • Слайд 18

    Қызылшаның жіктелуі:

    Типіне қарай: типті, атипті. Ауырлығына қарай: жеңіл, орташа, ауыр түрі. Ауыр түрінің варианттары- геморрагиялық, атаксодинамикалық, диспноикалық. Атипті түрі олар инкубациялық кезеңде иммуноглобулин не болмаса қанның басқа препараттарын қабылдаған. Жеңіл түрі- дене қызуы ұзақ емес, 38-38.5 градус, бөртпелер онда қосылмайды, бозғылт пигментация болады. Орташа ауыр түрі- 38-39 градус, бас ауруы, жабысқақ жөтел, бөртпе көп, қосылады.

  • Слайд 19
  • Слайд 20

    Ауыр түрі геморрагиялық варианты

    Сирек кездеседі, қызуы 38-39 градус және одан да жоғары. Катар симптомдары- әлсіздік, аденамия. Катаральды кезеңнің өзінде мұрыннан қан кетеді және қан қоюлар болады. Бөртпе шыққанда осы белгілер күшейеді және көкшіл реңді бөртпе шығады. Осы түріндегі асқынулар бүйрек үсті безіне, миға қан құйылу, жүрек жетіспеушілігі болады.

  • Слайд 21

    Атаксодинамикалық түрі

    Өте жедел дамитын, өте ауыр түрі, 3-5 күн ішінде бала өліп кетуі мүмкін. Дене қызуы алғашында өте жоғары, әлсіз, адинамия, аяқ қолдарының треморы құрысулар кейде құсу және іш өту болады. Пульс жиі, әлсіз АҚҚ төмендеген, жүрек үндері әлсіз, акроцианоз, аяқ- қолдары салқын болады. Кома дамиды. Бөртпе бірінші күні бетте, денеде сирек, көкшіл. Көбіне 1-2 жастағы балаларда, иммунды жүйенің дефектісі бар, аллергиясы бар балаларда дамиды.

  • Слайд 22
  • Слайд 23

    Диспноикалық түрі

    Капиллярлы бронхит белгілерімен өтеді, гипертермия, цианоз, ентігу өте мазасыздандыратын жөтел, соңынан көпіршікті қақырық шығады. Оттегі жетіспейді, акроцианоз, жүрек жағынан, жүйке жүйесі жағынан өзгеріс болады. Бөртпе көп емес, көкшіл реңді. Өкпеде қорапты тыныс, құрғақ сырыл, тұрақсыз крепитация. Бұл түрі де сирек, иммунды жүйесінде дефектісі бар, аллергиясы бар балаларда дамиды. Бала өліп кетуі мүмкін.

  • Слайд 24
  • Слайд 25

    Емі:

    Асқынбаған кезде емі- симптоматикалық. Ауру үй жағдайында бөртпе шыққаннан 5 күнге дейін жекеленеді.

  • Слайд 26

    Алдын алуы:

    12 айында қызылшаға қарсы вакцинамен бірге активті иммунизация жүргізіледі- ірі вирусты 27)3 вакцинасымен. Егуден кейін 95% адамда мұрын жұтқыншақта және қанында антиденелер түзіледі.

  • Слайд 27

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Балалар аурулары, К. Асқамбай www. google.com Педиатрия, Хабижанов

  • Слайд 28
  • Слайд 29
Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке