Содержание
-
Қараманов Рахметолла Естебайұы
1909-1986
-
Жылойлықтар марқұм Рахметолла Қарамановтың есімін аса қадір тұтады. "Қазақстан тарихы" оқулығында "...ол Орал өңірінің жас офицерлері" К.Мәденов пен Р. Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушасының төбесіне тікті..." (Алматы, 1993, 203 бет).
-
Рахметолла Естебайұлы Караманов 1909 жылы Атырау облысы, Ембі ауданы, Уялы ауылында, жұмысшы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1929 жылы ауылдың аудандық халық ағарту бөлімінде сауатсыздықпен күрес бөлімінің бастығы ретінде бастаған. Содан кейін Доссор кентінің 45-ші мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1931-35 жж. Кеңес Армиясында қызмет етті, взвод командирі болды. 1935-37 жылдары. Ұлан-Батырдағы Моңғол Халық Республикасы Сауда өкілдігінде әскери қарауыл бастығы қызметін атқарды.
-
1942 жылы Қосшағыл ауылынан майданға шақырылды.1942-45 Беларуссия майданының 266 дивизиясының, 1008 полкі, екінші атқыштар батальоны құрамында қызмет етті. Ұлы отан соғысы жылдарында Р.Е. Караманов өз Отанының нағыз патриоты екенін дәлелдеді. Батальон партиялық ұйымының хатшысы ретінде ол жауынгерлерді жеңіс үшін күресуге шақырды.
-
1008-ші атқыштар полкінің командирі, подполковник Царев жазған құжатта
«Одер өзенінен Берлин қаласына дейінгі шабуыл кезінде дұшпанның мықты бекінісін бұзуда Қараманов жолдас партия–комсомол күші мен әскери активті алға қойған әскери тапсырманы орындауға дұрыс ұйымдастыра білді.1945 жылғы 17 сәуірде Ной–Харденбург селосы маңында Альти–Одер өзенінен өту кезінде әскери тапсырманы жеке құрамға жеткізе отырып, батальонды шабуылға көтерді және шапшаң қимылмен дұшпанды алдыңғы шептен қуып шықты. Бораған оқтың астында өз өмірін тәуекелге тігіп, жер бауырлап ДЗОТ–қа жетіп, оған бірнеше граната лақтырып, тоғыз неміс солдатын жойды. Сөйтіп, батальонның одан әрі шабуылын қамтамасыз етті.
-
1945 жылдың 23 сәуірінде Берлин қаласына тіке шабуыл кезінде жау пулеметпен және фауспатронның көмегімен ротаның алға жылжуын тоқтатқан қиын сәтте Қараманов жолдас жеке өзі фауспатронмен дұшпан бекінген үйдің қабырғасын жарып жіберді, сол арқылы ішке кіріп, граната лақтырып, жеті неміс солдатын құртты, он бесін тұтқындады. 945 жылы 26 сәуірде ротаның әскери құрамында бір топ жауынгермен неміс автоматшылары орналасқан үйге басып кірді және күші тең емес ұрыста немістің 17 солдатын жойды. Оның батальоны әскери тапсырмаларды үлгілі орындап келеді. Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылып, Кеңес Одағының Батыры атағын беруге толық лайық».
-
Соғыстан кейінгі жылдары Р.Е.Караманов халық шаруашылығы саласында жемісті еңбек еткен. Партия шақыруы бойынша 1954 жылы Сталин атындағы колхоздың төрағасы болып жіберілді. Қысқа мерзім ішінде ол артта қалған колхоздарды аяққа қойып, оларды алдыңғы қатарлы қатарға көшіре алды. Караманов Р. Е. өзін жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсетті.Ол ұзақ жылдар бойы қаржы жүйесінде жемісті еңбек етіп, Жылыой, Есбол, Мақат аудандарының қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.10 жыл бойы жоспарлау жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы болды. 1971 жылдан бастап еңбек демалысына шығып, қоғамдық жұмыстармен үздіксіз айналысты. Болашақ ұрпақты коммунистік, әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне белсенді қатысты.77 жасында ұзақ аурудан кейін 1986 жылдың 22 қаңтарында қайтыс болды.
-
Назарларыңызға рахмет
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.