Презентация на тему "Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде"

Презентация: Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
Включить эффекты
1 из 58
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.5
21 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Интересует тема "Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде"? Лучшая powerpoint презентация на эту тему представлена здесь! Данная презентация состоит из 58 слайдов. Средняя оценка: 3.5 балла из 5. Также представлены другие презентации по истории для 10-11 класса. Скачивайте бесплатно.

Содержание

  • Презентация: Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде
    Слайд 1

    Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде

    Дәріс-слайд Тақырыбы

  • Слайд 2

    Дәрісжоспары

    Соғыстын басталуы және сипаты.Қазақстан соғыс қарсаңында. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. Жауды тойтаруға барлық күшті жұмылдыру. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның экономикасы. Тақырыпқа арналған сұрақтар

  • Слайд 3

    Фашистік Германия

    1940 жылғы 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасады. Мақсаты: 1) КСРО-ға қарсы соғыс ашу. 2) “Қауырт соғыс” идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау.

  • Слайд 4

    Фашистер жоспары бойынша КСРО

    Сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі; Ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат;

  • Слайд 5

    Фашистер жоспары КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариятқа бөлуді көздеді

    Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы. Украина. Московия – Ресей жері. Кавказ Еділ-Орал. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан) Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар: Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытайдың Шыңжаң аймағы, Ауғанстанның солтүстігі.

  • Слайд 6

    Рейхскомиссаритқа бөлінген КСРО-ның Европа бөлігі

  • Слайд 7

    Фашистік Германияның көздеген экономикалық және саяси мақсаттары:

    Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау. Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру.

  • Слайд 8

    Соғыстың басталуы

    1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. /ссылка---Дәрісжоспары/

  • Слайд 9

    Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылға жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы (командирі генерал М.В.Панфилов) жасақталды. Армия қатарына 1196164 (1 млн 200 мың) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. /ссылка---Дәрісжоспары/

  • Слайд 10

    Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшірілп әкелінген 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 ж.ж. әскери оқі орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.

  • Слайд 11

    Мәскеу шайқасы (1941 жылдың 30 қыркүйек – 1941 жылы 6 желтоқсан)

    Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы жау шабуылын алғашқы қарсы алды. Брест қамалының қорғаушылары 1941 жылдың 23 маусымынан 1 айдан астам уақыт жауға төтеп тұрды. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар: А. Наганов, В. Фурсов, Қ. Тұрдыев, Қ. Әбдірахманов, Қ. Иманқулов, Ғ. Жұматов, Ш. Шолтыров т.б. /ссылка---Дәрісжоспары/

  • Слайд 12

    Брест Қамалы

  • Слайд 13

    Брест қамалының қорғаушыларына арналған ескерктіш

  • Слайд 14

    Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар

    Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер, журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды нығайтуға көмектесті. Халықтарды күшпен көшіру (депортация), зорлық элементтері бар еңбек колонияларын құру әрекеттері іске асырылды. 1945 жылғы мәлімет бойынша зорлықпен жер аударылғандар 2 млн 464 мыңға жуық болды.

  • Слайд 15

    Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойынан 360 мыңнан астам неміс әкімшілік жолымен Қазақстанға көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балқарлар, Қырым татарлары, месхеті түріктері қудаланып, депортацияға ұшырады.

  • Слайд 16

    Қазақстанның 700 мыңнан астам еңбекшілері (200 мыңы қазақтар) еңбек колонияларына шақырылып, Орал мен Сібірдің қорғаныстық маңызы бар объектілерінде еңбек етті. Еңбек армиясы лагерьлерінің аумағы – Коми АКСР-інен Қиыр Шығыстағы Ванино қолтығы аралығы. Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтай кеніштерінде Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешен мен ингуштар еңбек етті.

  • Слайд 17

    Көшіп келушілер тасқыны тоқтамай, қазақстандықтар 532 мыңнан астам адамды, 149 балалар үйлерінің, мәскеулік 16 интернат тәрбиеленушілерін қабылдады. Тылда ынтымақты шаруашылық құру ісінде туысқан республикалар арасындағы мамандар алмасудың зор маңызы болды. 1944 жылы Қазақ қайта өңдеу зауытының 2000 металлургі Сібір мен Оралдың металлургия зауыттарында тәжірибе жинақтады. Еңбек армиясында каторгалық еңбек және казармалық режим қатал сақталды.

  • Слайд 18

    Ерлік көрсеткен дивизиялар. 316-атқыштар дивизиясының ерлік жолдары

    Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы шайқасты. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Риганы азат еткені үшін 2-дәрежелі Суворов орденімен марапатталды

  • Слайд 19

    1942 жылы қаңтар-ақпанда Старая Русса-Холм аралығындағы “қарлы жорықтағы” ерлігі үшін Ленин орденімен марапатталды. Шығыс және орталық Латвияны азат еткені үшін құрметті “Ригалық” атағымен марапатталды.

  • Слайд 20

    Генерал-майор И.В. Панфилов, Штаб басшысы И.И. Серебряков,  Аға батальон комиссары С.А. Егоров 

  • Слайд 21

    Ерлік көрсеткен дивизиялар

    1075-атқыштар полкі 1941 жылғы 16 қарашада 28 танк жоюшылар тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді 219-атқыштар полкі 1941 жылғы 24 маусымда Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті.

  • Слайд 22

     Ерлік көрсеткен қазақстандықтар

    Е.П. Рыков 1) Дивизия комиссары 2) 1941 жылғы қыркүйекте оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі басқарған 800 жауынгер 3 тәулік бойы шайқасып, бәрі қаза тапты. 3) Киевтегі орталықтағы көшеге және Катонқарағай орта мектебіне Е.П.Рыков есімі берілді.

  • Слайд 23

    К.А.Семенченко 1) Танк әскерлерінің генерал-майоры. 2) 1941 жылы 22 шілдеде соғыс тарихында алғаш рет Кеңес одағының Батыры алған қазақстандық. Л.А.Владимирский 1) Қара теңіз флотының контр-адмиралы. 2) Атыраулық батыр, ерлігімен ерекшеленді.

  • Слайд 24

    1943 ж. желтоқсанда Алматы жастары ұшқыш С.Луганскийге жаңа ұшақ табыс етті.

  • Слайд 25

     Ерлік көрсеткен қазақстандықтар

    Бақытораз Бейсекбаев 1) Ұшқыш 2) Ұлы Отан соғысы жылдарында бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткендер А.Маслов экипажы болды. Соның құрамында ол да болған. 3) Ресейдін батыры 4) 1998 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды.

  • Слайд 26

    Бақытораз Бейсекбаев (1920-1941)

  • Слайд 27

     Ерлік көрсеткен қазақстандықтар

    В.Г.Клочков 1)Ротаның саяси жетекшісі 2)”Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу” ұранын көтерді. И.В.Панфилов 1) 316 дивизия командирі, генерал 2) 1941 жылғы 18 қараша ерлікпен қаза тапты. И.В.Карпов 1) Қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант болған.

  • Слайд 28

    П.Б.Вихрев 1) Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі 2) Жетекшілігімен 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. 3) Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. 4) П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді.

  • Слайд 29

    Б.Момышұлы 1) Батальон қолбасшысы, жазушы. 2) Соғыста ерлікпен шайқасты. 3) Бауыржан Момышұлына 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыр-атағы берілді. 4) “Халық қаһарманы” атағы берілді. Төлеген тоқтаров 1) Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицерін көзін жойды. 2) Кеңес Одағының Батыры.

  • Слайд 30

    БауыржанМомышұлы(24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)

  • Слайд 31

    Төлеген Тоқтаров (19 желтоқсан 1921 ж. – 10 ақпан 1942 ж.)

  • Слайд 32

     Ерлік көрсеткен қазақстандықтар

    Мәлік Ғабдуллин 1) Ротаның саяси жетекшісі. 2) Ерлігі: ол басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. 3) Кеңес Одағының Батыры. Рамазан Амангелдиев 1) 238-атқыштар дивизиясының автоматшысы. 2) Ока жағасында Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапты.

  • Слайд 33

    Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915—2.01.1973)

  • Слайд 34

    Мәскеу шайқасының тарихи маңызы

    “Блицкриг” сәтсіздікке ұшырады. Гитлерлік армияның жеңілмейтіндігі туралы аңыз күйреді. Кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбегейлі бетбұрыс басталды.

  • Слайд 35

    Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы соғыс жағдайына көшірілді

    Бейбітмақсаттарғажұмсалатынқаржымейліншеқысқартылды Көптегенкәсіпорындарқорғанысөнімдеріншығарабастады. /ссылка---Дәрісжоспары/

  • Слайд 36

    Майданғажақынөңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдерҚазақстанғакөшірілді

    Тамақөнеркәсібінің 54 кәсіпорныкөшіріліпәкелінді. Жеңілжәнетоқымаөнеркәсібінің 53 кәсіпорныкөшіріліпәкелінді. Көшірілгенкәсіпорындардың 20 шақтысы майдан қажетінелайықталыпқайтақұрылды. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе. Республикадааяқкиімсаласыныңқуаты 12 есе, былғарысаласыныңқуаты 10 есеөсті.

  • Слайд 37

    Соғысжылдарыпайдаболған машина жасауөнеркәсібі

    Алматы ауыр машина жасаузауыты; Шымкенттегіпресс-автомат зауыты; Көкшетаудағымеханикалықзауыт.

  • Слайд 38

    КСРО төңірегіненжұмыскүшінтарту

    Республика жұмысшытабыныңқатарынаодақтасреспубликарданмамандаркеліпқосылды: 1)3200 кенші мен 2000 құрылысшы – Донбасс шахталарынан; 2) 2000 машина жасаушы Воронеж бен Луганскіден; 3) Тоқымашылар, тамақөнеркәсібіқызметкерлері, мыңдағантеміржолшылар, 7 мыңдай инженер-техниктер: Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді: 1) Атырау мұнай өңдеу зауытын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. 2) Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.

  • Слайд 39

    Ел ішіне жұмыс күшін тарту

    1942 жылғы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. 1942 жылғы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің “Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы” Қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады.

  • Слайд 40

    Қарағанды шахталарының бірі

  • Слайд 41

    Өндіріс қарқыны

    Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген: 1) Қорғасынның 85%-ын; 2) Көмірдің 1/8 бөлігін; 3) Молибденнің 60%-ын; 4) Октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.

  • Слайд 42

    Жүк тасымалдау

    1942 жылы Түркістан-Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді 1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек пойыз жөнелтілді.

  • Слайд 43

    Түркістан-Сібір темір жолы (Ә.Қастеев)

  • Слайд 44

    Соғыс жылдары салынған құрылыстар

    1943 жылғы ақпанда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылды. 1943 жылы сәуірде қайта өңдейтін Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылданып, “Қазметаллургстрой” тресі ұйымдастырылды. 1943 жылы сәуірде Жезқазған комбинаты құрылды.

  • Слайд 45

    1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп объектілері: Текелі қорғасын-мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина зауыты. Алматы вагон жасау зауыты. Атырау мұнай өңдеу зауыты. 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37%-ға өсті.

  • Слайд 46

    Ауыл шаруашылығы.Ауыл шаруашылығындағы жағдай

    1942 жылы ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 600 мыңға кеміді. Ұжымшар өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы – 48%, орнына 194 жылы – 75%-ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы – әйелдер. Бүкілодықтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жер алқаптары егістікке арналды.

  • Слайд 47

    Шымкент қорғасын зауыты

  • Слайд 48

    Ауыл шаруашылығындағы белсенділік. Ауылшаруашылық еңбекшілері патритоттық қозғалыстың бастаушылары

    1) Алматы облысы. Қоғалы ауданы Малшылар – мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық жарыстың бастаушысы. 2) Семей облысы. Үржар ауданы “Таудың қызыл қырандары” артелінің еңбеккерлері – соғыс вахтасына тұруды ұйымдастырушы. 3) Ақтөбе облысы. “Құрман” ұжымшары Звено жетекшісі Шығанақ Берсиев – тарының гектарынан 201 ц. Өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаушы (1943 ж.)

  • Слайд 49

    4) Қызылорда облысы. “Авангард” ұжымшары Звено жетекшісі Ыбырай Жақаев – күріштің гектарынан 260 пұт жинап, рекорд жасаушы 5) Алматы облысы. Қаскелен ауданы III Интернационал ұжымшарының звено жетекшісі М. Мұхамедиева – қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім жинаушы 6) Павлодар облысы. Звено жетекшісі Анна Даңкова – тарының гектарынан 52 ц. өнім жинаушы.

  • Слайд 50

    Ыбырай Жақаев(1891-1981)

  • Слайд 51

    Тыл еңбеккерлері

  • Слайд 52

    Тыл еңбеккерлерінің Панфиловшыларға Жаңа жылға әкелінген сыйлығы

  • Слайд 53

    Бүкілхалықтық көмек

    Майданға және басқыншылардан азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек ұйымдастырылды. Мәскеу шайкасы кезінде Шымкент темір жол торабының комсомолдары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап, бастама көтерді. 1942 жылғы қыркүйекте “Қазақстан комсомолы” деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді.

  • Слайд 54

    1943 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстанның ауыл жастары “Қазақстан комсомолы” сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді. “Қазақстан пионері” торпедалы катерін жасауға оқушылар қаржы жинады 1943 жылғы желтоқсанда Алматы жастары ұшқыш С.Луганскийге жаңа ұшақ табыс етті. И. Павловқа, Н. Добровольскийге, Р. Бекетовке есімдері жазылған ұшақтар және Қ. Сыпатаев атындағы сүңгуір қайық, бірнеше танк колонналары, эскадрильялар жасалды.

  • Слайд 55

    Оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, металл сынықтарын жинап, өздері тапқан 4 млн сомды “Қазақстан пионері” қорына аударды. С.М.Киров атындағы КазМУ-дың студенттері “Кеңес студенті” атты танк колоннасын жасауға 600 мың сом аударды. Республика жастары “Қазақстан комсомолы” жойғыш ұшақ эскадрильясын жасақтауға 3 млн сом жинады. Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан босатылған 12 қала, 45 ауданды қамқорлыққа алды.

  • Слайд 56

    Қазақстан еңбеккерлері танк колонналары мен авиация эскадрильяларын жасау үшін 480 млн сом тапсырды. Республика еңбекшілері майданға сыйлықтар, сәлемдемелер, жылы киімдер жіберіп отырды. Қазақстан комсомолы Сталинград трактор зауыты мен “Красный Октябрь” зауытын қамқорлыққа алды. 1943 жылы зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына республикадан 1439 комсомол жіберілді.

  • Слайд 57

    ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:

    1. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі мәдеиниеті. 2. «Ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберудіөтінемін» депсұранғанкім? 3. Атырау облыстық мемлекеттікқорғаныс комитетісоғыс жағдайын қашан енгізді? 4. Қанша Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды? 5. Соғыс жылдарыауылшаруашылығының төмендеу себептері. 6. 1943 жылықаза тапқаннан кейінКеңес Одағының батыры атағы берілгенӘбу Досмұхамедовтің ерлігінің мазмұны. /ссылка---Дәрісжоспары/

  • Слайд 58

    Назарларыңызға рахмет

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке