Содержание
-
Айнымалы ток
-
АНЫҚТАМА
Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасыпериодтытүрде өзгеріп отыратынэлектртогы. Ал техникада айнымалы ток дептоккүші мен кернеудің период ішіндегіорташамәні нөлге тең болатынпериодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланысқұрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
-
СИПАТТАМАЛАР
Периодты i(t) айнымалытоктың графигі Ток күші(және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундтпенберілген) ең қысқа аралығы период (Т) депаталады (1-сурет). Айнымалытоктың тағы бірмаңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электрэнергетикалық жүйелерде пайдаланылатынстандарттыжиілік — 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыстехникасындажиілігіжоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-кедейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайымақсат үшін өндіріс орындарында, медицинадажәне ғылым мен техниканың басқа салаларындаәр түрлі жиіліктегіайнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуінкемітпейтүрлендіруге болатындықтан ісжүзінде айнымалытоктыэлектрэнергиясынжеткізудежәне таратудакеңінен пайдаланады.
-
ӨНДІРІЛУІ
Айнымалы ток айнымалыкернеуарқылы өндіріледі. Ток жүріп тұрған сымтөңірегінде пайдаболатынайнымалыэлектрлі магниттікөріс айнымалытоктізбегінде энергия тербелісінтудырады, яғни энергия магнит немесеэлектрөрісінде периодтытүрде бірдежиналып, бірдеэлектрэнергиясыкөзіне қайтып отырады. Энергияның тербелуіайнымалы ток тізбектеріндереактивтітоктудырады, олсым мен ток көзіне артық ауырлық түсіреді және қосымша энергия шығынын жасайды. Бұл — айнымалы ток энергиясынберудегікемшілік. Айнымалы ток күші сипаттамасының негізінеайнымалытоктың орташажылулық әсерін, осындайтоккүші бар тұрақты токтың жылулық әсерімен салыстыруалынған. Айнымалы ток күшінің осындайжолменалынған мәні әсерлі мән (немесеэффективтік) депаталадыәрі ол период ішіндегі ток күші мәнінің математикалық орташаквадратынкөрсетеді. Айнымалытоктың әсерлік кернеу (U) мәні де осы сияқты анықталады. Ток күші мен кернеудің осындайәсерлік мәндері айнымалытоктың амперметрлері және вольтметрлері арқылы өлшенеді.
-
ТАРАЛУЫ,ТҮРЛЕНУІ
Айнымалытоктың үш фазалық жүйесі жиіқолданылады.Тұрақты токқа қарағанда айнымалытоктың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал оданкейін шала өткізгішті инверторларкөмегімен жиілігіреттелмелібасқа айнымалытокқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-біртереттеудіталапететінэлектржетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзанқозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.
-
ҚОРЫТЫНДЫ
Синусоидалыайнымалы ток тізбегіндегіесептішешувекторлық диаграмма арқылы жеңілдетіледі. Квазистационарайнымалытоктың күрделі тізбектегіесептеріншешуге Кирхгоф ережесі қолданылады. Мұндайда комплекстішамаларәдісі (белгілерәдісі) пайдаланылады. Оләдіс геометриялық операциялардыалгебралық формадаайнымалытоктың векторы арқылы өрнектеуге және айнымалы ток тізбектеріесептерінетұрақты токтізбектерінің барлық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Электр энергетикалық жүйелердегі айнымалы ток әдетте синусоидалыболыпкеледі. Керісіншеболған жағдайда оны азайтушараларыжасалады. Бірақ электрлікбайланыстізбектерінде, шала өткізгіштер мен электрондық құрылғылардағы айнымалытоктың синусоидалыболмайтындығы жұмыс процесінің өзінің әсерінен болады.
-
Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы 1-том
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.