Содержание
-
ҚЕХС сәйкес активтердің есебіҚЕХС (IAS 2)Босалқылар
-
Босалқылар - бұлар:а) қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;(b) осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі; немесе(c) өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
2
-
Босалқылар бастапқыда өзіндік құны бойынша бағаланады.Босалқыларды сатып алуға жұмсалған шығындарға сатып алу бағасы, импорттық баж салықтары мен басқа да салықтар (ұйымдар кейіннен салық органдары арқылы өтейтін салықтардан басқалары).
3
-
Өзіндік құнды айқындау тәсілдері: - арнайы сәйкестендіру әдісі; ФИФО; орташа құн әдісі
-
Қаржылық есептілікте босалқылар:міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуі тиіс. Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда əдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.
-
ҚЕХС (IAS16)Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар
-
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар бұлар негізгі құралдар мынадай материалдық активтерді білдіреді: а) тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және (b) бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануды көздейтін.
-
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуы тиіс, егер: а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса; және (b) осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
-
Бастапқы тануда жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануы тиіс.
-
Бастапқы танудан кейінгі бағалау бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін; қайта бағалау бойынша есепке үлгісі Қайта бағалау әдістері: - Пропорционалды әдіс; - Есептен шығару әдісі.
-
Тозуды есептеу әдістері: Біркелкі түзу сызықты әдісі; Өндірістік әдіс; Қалдықты азайту әдісі.
-
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс: шығып қалғаннан кейін; не оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
-
ҚЕХС (IAS 38)Материалды емес активтер
-
Материалдық емес актив - бұл физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілетін ақшалай емес актив.
-
МЕА мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуы тиіс, егер: а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса; және осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса; бірегейлендірілетін болса; бақылау болса
-
Бастапқы тануда материалды емес активтер бастапқы құн бойынша бағалануы тиіс.
-
Ішкі құралған материалдық емес актив тану талаптарына сәйкес келетінін анықтауүшін ұйым активті құру процесін: (а) зерттеу сатысына; және (b) әзірлеу сатысына бөледі.
-
Әзірлемелерден пайда болатын МЕА тану белгілері: (а) материалдық емес активті құрудың техникалық жүзеге асырылуын, ол пайдалану немесе сату үшін қол жетерліктей болуын; (b) өзінің материалдық емес активті құру және оны пайдалану немесе сату ниетін; (c) өзінің материалдық емес активті құруға немесе сатуға қабілеттілігін; (d) материалдық емес актив ықтимал экономикалық табыстарды құруын; (e) әзірлемені аяқтау үшін және материалдық емес активті пайдалану немесе сату үшін жеткілікті техникалық, қаржылық және басқа ресурстарға қол жететіндігін; (f) материалдық емес активті әзірлеу барысында жұмсалған шығындарды сенімді бағалай алу қабілеттілігі.
-
Бастапқы танудан кейінгі бағалау бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін; қайта бағалау бойынша есепке үлгісі
-
МЕА тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс: шығып қалғаннан кейін; не оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
-
ҚЕХС (IAS 40)Инвестициялық жылжымайтын мүлік
-
Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
-
Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынадай кезде ғана активтердіңқұрамында тану керек: инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар; және инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.
-
Инвестициялықжылжымайтынмүлікбастапқыданақтышығындарыбойыншабағалаукерек. Бастапқыбағалауғаоперацияларбойыншашығындардыенгізукерек.
-
Бастапқы танудан кейінгі бағалау бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін; әділ құн бойынша есепке үлгісі
-
ҚЕХС (IAS 41)Ауылшаруашылық
-
Осы Стандартта келесі объектілерге байланысты: биологиялық активтерді; жиналыпжатқанкездегіауылшаруашылықөнімін; жəне ауыл шаруашылығына қатыстымемлекеттіксубсидиялардыесепкеалуүрдісіндеқолданылуытиіс.
-
Биологиялық актив – өмір сүретін жануар немесе өсімдік. Ауылшаруашылық өнімі – ұйымның биологиялық активтерінен жиналған өнім.
-
Ұйым биологиялық активті немесе ауылшаруашылық өнімін мынадай жағдайда ғана тануы тиіс: (а)ұйым активті өткен оқиғалардың нəтижесінде бақылайды; (b)ұйымның осы активтен болашақ экономикалық пайдалар алумүмкіндігі бар; жəне (с)активтің əділ құнын немесе нақты құнын жеткілікті анықтықдеңгейінде бағалауға болады.
-
Биологиялық активтер әр есептік күнге бастапқы тану кезінде сатуға жұмсалатын шығындар шегеріліп əділ құн бойынша бағаланады
-
Ауылшаруашылық өнімдері өнімді жинау күніне сатуға жұмсалатын шығындар шегеріліпəділ құн бойынша бағаланады
-
ҚЕХС (IFRS5)Сатуға Арналған Ұзақ Мерзімді Активтер Және Тоқтатылған Қызмет
-
Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) қаржылық жағдай есебі құнының оны пайдалануды жалғастыра беруінен емес, негізінен сату есебінен толтырылса, ұйым оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.
-
Сатуға арналған деп жіктеу үшін келесі тану белгілері танылуы керек: • актив осы жағдайда сатуға дайын; • активтісатубойыншамәмілені жүзеге асыружоғары ықтималды; • сатужоспары бар; • мекемеменеджерлерісатыпалушыныактивтііздестіруде; • активтерқолайлы баға бойыншасатуға ұсынылады; • активтержақындағы 12 айда сатылуыжоғары ықтималды.
-
Сатуға арналған ұзақмерзімді активтер екі мағынаның ең төменгісі ретінде бағаланады: ағымдағы баланстық құн; сату шығындарын шегере отырып әділ құн Сатуға арналған ұзақмерзімді активтер амортизацияланбайды.
-
ҚЕХС (IFRS 6) Минералдық Ресурстарды Барлау Мен Бағалау
-
Тану кезіндегі бағалау Минералдық ресурстарды барлау мен бағалау жөніндегі активтер өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.
-
Минералдық ресурстарды барлау мен бағалау жөніндегі активтерге жұмсалатын шығындардың элементтері: а) барлау жұмыстарын жүргізуге құқықтар алу; (b) топографиялық, геологиялық, геохимиялық және геофизикалық зерттеулерді өткізуге жұмсалған шығындар; (c) барлау бұрғылауына жұмсалған шығындар; (d) барлау қорларын бақылауға жұмсалған шығындар; (e) сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуға жұмсалған шығындар; және (f) минералдық ресурстың техникалық жағынан жүзеге асырылуға және коммерциялық тиімділігін бағалауға байланысты шараларды өткізуге жұмсалған шығындар.
-
Танудан кейінгі бағалау: Минералдық ресурстарды барлау мен бағалау жөніндегі активтерді танығаннан кейін ұйым өзіндік құн бойынша есепке алу үлгісін, не қайта бағалау құн үлгісін қолдануға міндетті.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.