Содержание
-
Тақырыбы: Этика түрлері Тексерген: Бидасова Г.К. Орындаған: Бектұрсын М.М. Факультет: Фармация Курс: 3 Алматы 2014 ж.
-
Фармацевтикалық этика
Фармацевтикалық этика – ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б.) қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.
-
Ресей фармацевтінің этикалық кодексі
Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгісі мыналар:
-
әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару; кәсіби деңгейін жоғары ұстау; аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру; кәсіби тәуелсіздігі; дәрілік заттарды таңдауда, тағайындауда және қолдануда көмек көрсету; әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу; мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету, алғыс білдіру; фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі; таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы;
-
«Фармацевт 7 жұлдызша»
денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері, команда мүшесі; жауапты шешімді қабылдауға қабілетті; дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты байланыстырушы, коммуникация бойынша маман; қоғам мақсаты үшін көшбасшылық көрсетуге дайын; ресурстар (игіліктер) мен ақпараттарды басқаруға қабілетті жетекші; өмір бойы ізденуге, білім алуға дайын; жас фармацевтер (провизорлар) дайындауда тәлімгер, жетекші;
-
2008ж. «ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі туралы кодексі» жасалды.
Фармацевтикалық және медициналық қызметкерлерінің беделі туралы Кодексінің 177 бабы. 1. ҚР медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің беделі туралы кодексі (әрі қарай- бедел Кодексі) қоғам және азаматтар алдында көрсететін қызметтері үшін медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің жауапкершілігін анықтайды;
-
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер өз қызметтерінде мыналарды жетекшілікке алуы керек: осы ҚР-ның бедел туралы Кодексін жетекшілікке ала отырып, қызметті атқару; ҚР азаматтарының денсаулығын нығайтуда ат салысу; науқасқа зиян келтірмейтін шешімді қабылдау; ҚР медициналық-фармацевтикалық қызметкерінің атағына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасамау; өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы түрде орындау; кәсіби білімін үнемі жетілдіру, нығайту; өз пайдасын ойлап, емдеу мен алдын- алудың әдістерін, дәрілік заттарын жарнамалауды және қолдануды болдырмау; еңбек ету ережелерін қатаң сақтау; денсаулық сақтау ұйымының мүліктерін ұқыпты және тиімді қолдану; жемқорлыққа қарсы тұру; жеке басының мақсаты мен пайдасы үшін қызметтік ақпараттарды қолданбау; ұжымда оңтайлы және тұрақты өнегелі-психологиялық жағдайлардың қалыптасуына үлгі көрсету; өзге медициналық қызметкерлер тарапынан кодекс нормаларының бұзылуына жол бермеу; кәсіби міндетін атқаруда бекітілген киім-үлгісін ұстану қажет;
-
Медицина және фармацевтика қызметкерінің науқаспен қатынасындағы міндеттері: адам құқығын, беделін, ерекшелігін оның жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, шеніне қарамастан сыйлау, құрметтеу; медициналық көмекті бәріне бірдей көрсету; адам өмірін сақтауда өзінің парызын үнемі сезіну; мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру; әріптестері мен өз арасында науқастарды қаржы және өзге де жағынан тонауға жол бермеу; қоғам тарапынан өзінің әрекетіне сын айтуға жол бермеу, төзімділік көрсету, өзінің кемшілігін конструктивті сынмен қарау және түзету, өзінің кәсіби әрекетін жақсарту;
-
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің әріптестермен қатынасындағы міндеттері:
бірыңғай қабылданған өнегелі-этика нормасын ұстану, мейірімді, әдепті болу; науқастар қажеттілігін қанағаттандыру үшін, керек жағдайда әріптестермен де кеңесу; басқа медициналық қызметкердің кәсіби мамандығына жария түрде күдік келтірмеу; Қазақстан медицинасының жетістігіне үлес қосу;
-
3. Осы бедел кодексін сақтау медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби парызы болып табылады. 4. Осы бедел кодексіндегі талаптарды орындамаған медициналық және фармацевтикалық қызметкер денсаулық сақтау ұйымының мүшелері мен жетекшісінің шешімі бойынша жауап береді. 5. Денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі осы бедел кодексінің мәтіндерін үгіт насихат түрінде таратады.
-
Деонтология
Деонтология - өнегелік талаптарын жазылымдар түрінде білдіретін, парыз мәселелерін қарастыратын ғылым. фармацевтикалық деонтология – фармацевт парызы және олардың кәсіби міндеттеріне қатынасы туралы ғылым Фармацевтикалық деонтологияның өзіндік бағыты бар және оны мынадай қарым-қатынаста енгізді: 1) фармацевт қоғаммен; 2) фармацевт дәрігермен; 3)фармацевт науқаспен; 4) фармацевт фармацевтпен;
-
Фармацевтикалық деонтологияның негізгі категорияларына мыналар жатады: парызы, міндеті, жауапкершілігі, ұятының болуы, рақымшылық (сострадание), біреуді уайымдау, жан ашу, жақсылық тілеу, қайырымдылық т.б.
-
Парыздар әртүрлі болады және соған сәйкес міндет деңгейлері де болады. Бірінші деңгейі – халық, мемлекет алдындағы парыз. Екінші деңгейі - өз мамандығы алдындағы парызы. Бұл еңбектің әлеуметтік маңызының болуы, сондай-ақ әртүрлі бұйрықтарды, нұсқауларды орындамай дәріханадан рецептсіз, дәрігердің тағайындауынсыз дәрілерді босатуға, рецептегі ингредиенттердің мөлшерін (дозасы) өзгертуге, дәрілер технологиясын өзгертуге және т.б. жол бермеу. Үшінші деңгейі – провизор –науқас арасындағы қатынаста орындалатын міндеттері. Төртінші деңгейі – фармацевт-дәрігер, фармацевт-фармацевт (фармацевт - инспектор- дәріхана басшысы арасындағы қатынас) және фармацевттің өз әріптестері арасындағы қатынаста орындалатын міндеттері.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.