Содержание
-
Судьяның моральдық және кәсіби деформациясыСудьялардың (моральдық, кәсіби) деформациясын жеңу мен алдын алу
-
Судьяның моральдық деформациясы
Мораль (латын тілінен аударғанда «moralis» - әдеп ғұрып, құлықтылық) дегенді білдіреді. Мораль – әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдеп ғұрып, т.б) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Мораль деп – белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым қатынаста болу қабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль – ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы. Ол адамдар арасындағы қатынастың сипаттамасын осы қоғамда қолданатын лайықты және лайықсыз, әділетті және әділетсіз, жақсылық пен жамандық түсініктеріне сәйкес анықтайтын нормалар мен қағидалардың жүйесін ұсынады. Мораль талаптарының сақталуы адамның ар-ұятымен, ішкі сеніммен, қоғамдық пікірмен, рухани әсердің күшімен қамсызданады. Мораль ол мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
-
Моральдың талаптарын сақтау рухани әсердің күшімен, қоғамдық пікірмен, ішкі сеніммен, адамның намысымен қамтамассыз етіледі. Осы қоғамға тән моралдың барлық талаптары толық, ешқандай да алуларсыз судьяларға да таралады. Бұл талаптар судьяның барлық мінез-құлық тәртібін іскерлік қызмет саласы мен күнделікті қызметтен тыс өмірінде де анықтайды. Судья лауазымдық қызметтерден тыс та судья болып қалады. Судьялардың V сьезінде 2009 жылғы 18 қарашада қабылданған Судья әдебінің кодексі судьяның әдептілік талаптарын оның кәсіби емес қызметіне де таралуын нақты қарастырады. Судьялардың моральдық мінез-құлқы мен сана сезімі жоғары оқу орындарымен емес осы адамның өмірі бойы қалыптасады, бірақ жоғары оқу орындары болашақ маманның кәсіби-моральдық бағдарын анықтауда көмек көрсету үшін аса маңызды рөл ойнайды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтына қабылдау сатысында аса үлкен мағына беру керек, әсіресе талапкердің моральдық деформацияға ұшыраудың икемдерін анықтау. Болашақ судьялардың құлықтылық тәрбие тәжірибесін талдау қажет. Оқытуды моральдық қайшылықтарды дұрыс шешу дағдыларының қалыптасу жолында құрастырған абзал, сонымен қатар магистранттарда аса әлеуметтік жауапкершілікке деген сезімнің, сот тәжірибесіндегі қателіктерге деген төзбес қатынасты және адамдарға деген адамгершілік қатынастың қалыптасуын дайындау керек деп ойлаймын.
-
Қазақ ойшылдары мораль хақында былай дейді
Әл-Фараби:«Бақытқа жол сілтеу » трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Оған жету үшін адам өзін өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Шәкәрім Құдайберді: «Үш анығында» - Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Еңбекпенен, өрнекпен Өнер ойға тоқылса Жайнаркөңіл, қайнар өмір Ар іліміоқылса. Моральдіар ілімідептанитынШәкәрім адамгершілікқұлық хақында көп ой қозғайды. Оладамжолыдегеніміз адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білу керек, сөйтіп өз ар ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүру керек.
-
Деформация сөзі латын тілінен аударғанда «deformation»-"бұрмалаушылық, теріс суреттеу" деген мағынаны береді
"Деформация" - дененің физикалық мінездемесінің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруін білдіріеді. Судьялардың моралдық деформациясының қоғам өмірінің белгілі бір жағдайларымен туындайтын (сыртқы себептері) және кәсіптік «түрдің» немесе «еңбектің» ерекше қасиетімен туындайтын (ішкі себептері) елеулі себептері бар. Судьялардың жаңа заманғы жағдайдағы моральдық деформациясының сыртқы себептері: Бағалы жұмыстың материалдық жағығана көзге көрінуі; Қоғамдық қатынастардың жетілуінің идеологиялық негіздерінің болмауы; Құқықтық және құлықтылықтық нигилизмнің жоғары сапасы.
-
Моральдық деформациясының ішкі себептері: Жұмыстың аса үлкен көлемі, құқыққорғау органдарының қызметкерлеріндежәне судьяларда; Ұжымның құлықтылық тәрбиесінің төмен деңгейі; Қызмет бабы бойынша жылжу мен материалдық ақыға қанағаттанбау; Кейбір шендегілердің сыбайлас жемқорлығына байланысты заңды істердің шешілу қорытындыларына қанағаттанбау; Іскерлік достастық сезімінің кейбір ұжымдарда әлсіз болуы;
-
Судьяның кәсіби деформациясы.
Кәсіби деформацияның мәні – қызметтік рөльді орындау әсерінен адамның сол және өзге де тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі, кәсіби шеңберден тыс жерде де байқалатын тұлғаның кәсіби түрі пайда болады. Сондықтан судьяның кәсіби деформациясының ұғымы судьяның обьективтілігі ұғымымен байланысты: судья деформацияның пайда болуына байланысты дәлелдемелерді обьективті зерттей алмайды, оларды обьективті бағалай алмайды, тұтастай – істі обьективті қарастырып, шеше алмайды. Кәсіби деформация көптеген кәсіпте туады, сонымен қатар судьяларда. Судьялардың жұмысбастылығы, нормативтік актілерде белгіленген нормадан асуы, бұл барлық соттарда істер санының өсуімен байланысты. Судьяның кәсіби қызметіне әсер ететін тағы бір фактор заңнама ерекшеліктерімен байланысты. Іс жүргізу нормалары күрделі және көп, оларды пайдалану судьялардан көп күш салуды қажет етеді. Жеке заңнамалық актілер арасындағы көптеген қайшылықтардың орын алуымен қиындай түседі. Бұл судьяның іс бойынша шешім қабылдау процесін күрделілендіреді.
-
Кәсіби деформация келесі жағдайларда көрінеді: іс қарау кезінде өз міндеттерін адал атқармау; өз жұмысының мәнін жаман елестету; жұмыс жоспарын құру және жүзеге асыру кезіндегі ескірген стереотиптік тәсілдерді қолдану; сот отырысына қатысатын тұлғаның индивидуалдығы және істің құрылымын тіркемей, процеске қатысушылармен біртиптік қарым-қатынас тәсілін қолдану; заңды біле тұра бұзу; айыпталушының анық және сақталуы тиіс барлық құқықтарының бұзылуы (қорғаушының жоқтығы); аса меңмендік, күмәндік және т.б психологиялық қасиеттердің салдарынан болатын кінәсіздік презумпциясы қағидасының сақталмауы;
-
Кәсіби деформация маманның қалыптасуының кезеңінде кәсіби қызметте туындауы мүмкін. Ол өзін-өзі ұстау, сөйлеу қасиетінде көрінеді. Кейбір жағдайларда тұлғаның кәсіби түрі жайлы айтылады. Кәсіби деформация мамандық түріне қарамастан ертелі-кеш барлығында пайда болады. Оның нәтижелері тұлғаның сондай-ақ оның кәсіби деформациясының мұндай сынаққа қаншалықты дайын екендігіне тәуелді. Егер адам мұндай құбылыстың барлығында болатындығын және тұлғаның кәсіби деформациясы мәселелерін шешумен байланысты арнайы әлеуметтік-психологиялық қызметтердің бар екенін білсе, мұндай уақытша қиындықты жеңу қиынға соқпайды. Егер мұндай білімі болмаса, тұлғаның алғашқы кәсіби деформациясы уақыт өте келе девианттық мінез-құлықтың ауыр түріне өтуі мүмкін.
-
Судья әр кез әр іс бойынша айыпталушыны, жәбірленушіні жеке бағалауына қарамастан жасалған қылмыстың жағдайларын толық, обьективті және жан-жақты зерттеу жөніндегі заң талаптарын орындау тиіс және осы негізде айыпталушының кінәлі немесе кінәсіздігі жөніндегі шешімге келу керек. Бұл кәсіби міндетті орындау кәсіби қызметте жиі пайда болатын жағымсыз психологиялық сезімнің пайда болуына жол бермейді. Жазушы Виктор Курочкин бұл жағдайды былай сипаттайды: «Өткенге бір жыл да болмады, ал менің жанымның бір бөлігі – ең жақсы бөлігі жоғалып кетті. Өткенге бір жыл да болмады, ал мен автомат болып кеттім. Адамды 15 жылға соттап, мен ол туралы сол мезетте ұмытып кетемін, Отанымның пайдасына көп және жемісті еңбек еттім деген оймен тәбетпен тамақтанамын, рахаттанып ішемін және тәтті ұйықтаймын. Енді мен автоматпын. Мен үшін адам жоғары, құпия және нәзік жаратылыстың орнына қылмыстың субьектісі боп қалды».
-
Тәжірибеге жүгінсек, судьяларда кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында олардың жұмыс нәтижелеріне кері әсерін тигізетін тұлғалық қасиеттер пайда болуы мүмкін. Аталған жағымсыз қасиеттер кәсіби деформацияны куәландырады. Оларға ең алдымен адамдарға сенімсіздік, күдіктілік, жауапсыздық, дөрекілік, менмендік, мазасыздық жатады. Аталған мінез-құлықтың жағымсыз жақтары судья қызметіне қарсы көрсетілген кәсіби деформацияның жалпы көріністерінің бірі ретінде көрінеді. Судьяның кәсіби деформациясына адалдық, ізгілік, парыз сезімдері дамыған адам ғана қарсы тұра алады. Судьяға қажетті жоғары адамгершілік қасиеттері оның қиындықтар мен қарсылықтарға толы күнделікті өмірінде пайда болып жетіледі. Ол үшін судья моральдық-психологиялық дағдыланған болу қажет және соттық тәжірибеде әрбір қателігі үшін жауапты болуы керек.
-
Судьялардың деформациясын (моральдық, кәсіби) жеңу мен алдын алу
Судьялардың деформациясын алдын алу (моральдық, кәсіби) жұмыстары психологиялық шаралармен қатар психологиялық емес ұйымдастырушылық-басқарушылық, тәрбиелік сипаттағы шаралардан тұрады. Судьялар деформациясын алдын алу процесінде шешілетін жеке тапсырмаларға келесілер жатады: Судьяларда кәсіби иммунитетті және жұмыстағы жоғары мәдениеттікті өндіріп шығару; Барлық судьялардың құлықтылық-психологиялық тұрақтылығы мен іскерлік бағытталуын дамыту; Судьяларды судья әдебінің кодексіне сәйкес жұмыс істеуін құрастыруды қалыптастыру; Қызметшілерге басшылық жасаудың түрі мен әдістерін жетілдіру; Құқыққорғау органдарының бөлімшелері мен қызметтерінде моральдық-психологиялық жағдайдың ең ұтымдысын құрастыру
-
Көптеген ғалымдар кәсіби деформацияны жеңу мен алдын алудың көптеген жолдарын ұсынады. Осылайша, О.П.Шамонина өзінің «Профессиональная деформация личности как актуальная проблема социологии девиантного поведения и социологии профессий» деген еңбегінде тұлғаның кәсіби деформациясын жеңудін мүмкін жолдарын ұсынады: Алдағы кәсіби қызметке кәсіби дайындық болу керек; Әртүрлі әлеуметті топтағы адамдарменқарым-қатынасқа түсе білукерек, соныменқатар өмірлік қиын жағдайлар мен шым-шытырық оқиғалардан шыға білукерек: Уақытылы өзінің жеке және кәсіби өзекті мәселелерін шешу керек, жұмысты «үй жұмысына» айналдырмау керек: Әруақытта кәсібилілігін, кәсіби шеберлілігі мен кәсіби құзіреттілігі деңгейін жетілдірукерек, себебі бұл бір жағынан өз күшіне деген және таңдалған шешім жолының дұрыс екендігіне сенімділік білдіреді, ал басқа жағынан кәсіпқойдың аз мөлшер деңгейінде тұлғаның кәсіби деформациясының мәселелерімен соқтығысады
-
Басқа авторлар, кәсіби деформацияның әсерін біршама азайтуға болар еді ,егер заңгерлер өз психикасын нервтік-психикалық шамадан артық қысымнан кәдімгі қорғаушылық механизмдерін іскерлікпен қолдана алса, онда олар жағдайлық шаршауды, психикалық шиеленісті шешуді жоятын жеткілікті жеңіл, сонымен қатар қолжетімді тәсілдерді иеленуші еді. Бәрінен бұрын жұмыстың дұрыс тәртібін, оны демалыспен ақылға сыйымды алмастырып отыру туралыны ұмытпаған жөн. Кейбір кезде өзіңнің өмір сүру көрінісін кішкене өзгерту керек, нервтік-психикалық шиеленістерге тұрақтылық шегін тез арада көтеру үшін жаман әдеттерден бас тарту қажет. Бұдан басқа, өзінің жеке-психологиялық ерекшеліктері есебінде күйзеліс жағдайларында өзін қалай саналы ұстау керектігін және қандай тәсілмен өзі аса тым алаңдаушылықты, эмоциялық шиеленісті, шаршауды, осы кезде өз жұмысының тиімділігін жоғарлата отыра, өз сезінушілігін және көңілін жақсарта білу қажет. Заңгерге өз-өзіне психологиялық көмек көрсетуді, уақытында психикалық шиеленісті шешетін жеңіл қол жетімді тәсілдер мен құралдарды қолдануды үйрену керек
-
Назарларыңызға рахметорындаған Ырсымбетов М
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.