Презентация на тему "Грипп. Парагрипп. Құс тұмауы.Орындаған: Қадирбекова Ж Қалдыбаев Н Қабылдаған:Сагитова С"

Презентация: Грипп. Парагрипп. Құс тұмауы.Орындаған: Қадирбекова Ж Қалдыбаев Н Қабылдаған:Сагитова С
Включить эффекты
1 из 42
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

"Грипп. Парагрипп. Құс тұмауы.Орындаған: Қадирбекова Ж Қалдыбаев Н Қабылдаған:Сагитова С" состоит из 42 слайдов: лучшая powerpoint презентация на эту тему с анимацией находится здесь! Вам понравилось? Оцените материал! Загружена в 2017 году.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    42
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Грипп. Парагрипп. Құс тұмауы.Орындаған: Қадирбекова Ж Қалдыбаев Н Қабылдаған:Сагитова С
    Слайд 1

    Грипп. Парагрипп. Құс тұмауы.Орындаған: Қадирбекова Ж Қалдыбаев Н Қабылдаған:Сагитова С

  • Слайд 2

    ЖОСПАРЫ:

      Кіріспе. Грипп. Этиологиясы.Эпидемиологисы.Клиникасы. Алдын алу шаралары. Парагрипп. Құс тұмауы. Ресми деректер. Қазақстанда тіркелген оқиғалар. Алдын алу шаралары. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.

  • Слайд 3

    ГРИПП(инфлюэнца):

    Грипп (Grippus)-ауру қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиникасында жалпы улану белгілерімен және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.ДДҰ мәліметтері бойынша бүкіл әлемде 40млн. адам жұқпалы аурулармен ауырады, оның 90%-ы гриппен және жедел респираторлы вирусты инфекциялар құрайды. ЖРВИ тобында грипп маңызды орынды алады.

  • Слайд 4
  • Слайд 5

    Этиологиясы:

    Тұмау вирусы ортомиксовирус туыстығына жатады. Құрамына РНК-сы бар. Үш серотипін: А, В, С ажыратады. Тұмау вирусы шар тәрізді, липопротеинді қабықшасы бар, бүдірлермен қапталған. Екі гликопротеинннен құралған – нейроминидаза (10 тип асты) және гемаглютинин (13 тип асты). Вирустың А тобы антигенді қасиетін өзгертіп, бір анттигенді немесе екі антигенді-антигенді шифт алмасуларға алып келеді. Бір антигенді алмасулар әрбір 2-3 жылда, ал екі антигенді алмасулар – сирек жүреді. Тұмаудың В вирусы А тобына қарағанда аз өзгерістерге түседі, ал С тобынын құрылысы тұрақты, бірақ эпидемия, пандемия сияқты спорадикалық ауруларды тудырмайды. А типінін барлығы жануарларда адамға беріледі, тек құс тұмауы ғана (Н5 N1) жұғуы мүмкін. Шошқа ағзасында адам тұмауы мен құс тұмауы мутацияланып, генетикалық реассортацияға түсіп, патогенді вирусқа айналады.

  • Слайд 6
  • Слайд 7

    Эпидемиологиясы:

    Аурудың инфекция көзі-гриппен ауырған науқас адам. Науқастың жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптеп таралады. Инфекцияның берілу механизмі- аэрогенді, таралу жолы-ауа тамшылы. Эпидемиялардың қайталану уақыты мен аурушылылдық деңгейі тұрғындардың жүре пайда болған типтік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А грипптен кейін 1-3жыл, ал В грипптен кейін 3-6 жыл сақталынады.

  • Слайд 8
  • Слайд 9

    Патогенезі:

    Тұмаудың патогенді әсері оның биологиялық қасиетіне: эпителиотроптылығына, улылығына және антигенді әсеріне байланысты. Патогенезінде негізгі 5 кезеңді ажыратады: Вирустың тыныс жолдар клеткаларындағы репродукциясы. Вирусемия, токсикалық және токсикалық аллергиялық рекциялар. Әр түрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері вирустың өзіне және клетканың ыдырау өнімдеріне байланысты. Тыныс жолдарының зақымдалуы. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды асқынулары.

  • Слайд 10
  • Слайд 11

    Патологиялық үдерістің кері дамуы. Вирусемия мен токсиқалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды. Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркулярлық бұзылыстарға әкеп соғады. Респираторлы жолдар эпителиінің тосқауылдық қызметінің бұзылуы, лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеі бактериалды асқынуларға, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.

  • Слайд 12

    Клиникалық көріністері:

    Инкубационды кезеңі бірнеше сағаттан екі тәулікке (А тұмау) кейде 3-4 тәулікке (В тұмау) созылады. Ауру өте жедел, кенеттен, дене қызуының жоғары сандарға дейін жоғарлаумен жүреді. Қызба 2-5 күнге созылып, кейіннен қалпына келеді. Аурудың бірінші сағатында дене қызуы жоғары, қатты бас ауруы пайда болады, құсу, ұйқының бұзылуы (үркілі ұйқы, ұйқышылдық), көз алмасын козғалтуда ауырсыну байқалады. Ауыр жағдайда қысқа мерзімді талмалар, галлюцинация, естің бұзылысы, менингиалды симптомдар (бұлшыкет ригиттілігі, Кернинг және Брудзинский симптомы) болады. Интоксикацияның жоғарылауынан (күшеюінен) геморрагиялық синдром дамып, мұрыннан қан кетеді, теріде және шырышты қабаттарда геморрагиялар пайда болады.

  • Слайд 13
  • Слайд 14

    Тұмауда катаральды синдром әлсіз және «құрғақ катар» түрінде жөтелумен, тамақтың қырнауымен, ауырсынуымен жүреді. Құрғақ жөтел, кеудеде қысу, басу сезімі болады. Объективті қарағандабеттегі әлсіз гиперемияға, склераның инъекциясына көңіл бөлінеді. Аңқаның таңдайлық бадамша бездері шамалы гиперемирленген, әлсіз ісінген, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктелген. Тұмауда өкпе сегментарлы зақымдалып, сегментарлы өкпе ісінуі болады. Кеудеде тұрып қалу, ауа жетіспеушілік сезімі көрінеді. Ұзақтығы – 2-3 тәулік. Рентгенограммада – пневмония. Ауырлығы бойынша жеңіл, орташа, ауыр немесе токсикалық және гипертоксикалық формаларын ажыратады. Ауырлық дәрижесін интоксикация көрінісіне (гипертермия, неврологиялық симптомдар – бас ауру, бас айналу, естен тану, тырысулар, менингиалды симптомдар, жүрек-тамыр жүйесінің бұзылысы, циркуляторлы бұзылыстар және жүрек бұлшықеті зақымдалады) байланысты.

  • Слайд 15
  • Слайд 16

    Тұмау асқыныстары:

    Тұмау асқыныстары 3-4 күнге қарай дене қызуы жоғарылайды, жөтел пайда болады, қанда нейтрофильді ығысумен лейкоцитоз болады. Екіншілік пневмония (пневмококктар, гемофильді таяқша, стафилококктар); Вирусты пневмония көбінесе жүрек және өкпе ауруларымен (СӨА) науқастарды өлімге алып келеді; Науқастардың 20-40 %-де түбір маңы пневмония дамиды. Ол нашар тыңдалады. Синуситтер, гайморит, отит, бронхит Менингит, менингоэнцефалит.

  • Слайд 17
  • Слайд 18

    Алдын алу шаралары: Ең алдымен белсенді вакцинация. Вакцинаны болжамды нейроаминидаза және гемаглютинин негізінде жасалады. Қазіргі кезде поливалентті А,В,С вакциналар жасалуда. «Ваксигрипп»- тазарған инактивтелген тұмау вакцинасы 6 айдан 3 жасқа дейін. Тұмаулық тірі аллантоисты вакцина интраназальды қолдануға арналған 3-14 жастағы балаларга арналған. Тұмаулық тірі вакцина интраназальды қолдану үшін 7 жастан бастап, жасөспірімдерге және үлкендерге. Инфлювак (Нидерланды) Гриппал (Германия) Гриппол (Ресей)

  • Слайд 19

    Вакцина жүргізуге көрсеткіштер:

    -65 жастан жоғары адамдар -3 жасқа дейін -жүрек және өкпенің созылмалы ауырулармен ауыратын науқастар -қауіп топтары -инфекционисттер

  • Слайд 20
  • Слайд 21

    Парагрипп

    Парагрипп ауа тамшылы жолмен жұғып, жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайтын, ларингит және шамалы уланумен білінетін жедел вирусты инфекция. Парагрипп ел ішіне көп тараған, гриптен кейін екінші орынды алады. Этиологиясы. Парагрипп вирустары грипп қоздырғыштарына ұқсас, 4 түрлі вирустары парамиксовирустарға жатады. Вируста шығыршықты РНҚ, полисахаридтер, липидтер және үстінде орналасқан гемаглютин бар. Вирус сыртқы ортада төзімсіз, үй бөлмесінде 4 сағаттан кейін өледі. Дезинфекцияда, ультракүлгін әсерімен тез жойылады. Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады.

  • Слайд 22

    Эпидемиологиясы. Қоздырғыштарының көзі ауру адам. Науқас бір апта бойы (әсіресе 2-3 күндері) вирусты сыртқы ортаға таратады. Кісіге науқаспен жанасуда жұғады. Парагрипп инфекциясы жыл бойы кездесіп, күз, қыс айларында көбейеді. Патогенезі. Вирус ауамен жоғарғы тыныс алу жолдарына түсіп, көмей маңындағы цилиндрлік эпителийлерді зақымдап, шырышты қабықтарды ісіндіріп, көмейді тарылтады. Иммунитет тұрақты емес.

  • Слайд 23

    Клиникасы. Жасырын кезең 1-7 күн арасында. Ауру біртіндеп басталады. Аурудың бірінші күнінен бастап тамағы жыбырлап, дауыс қарлығып, күшті “ит үргендей” жөтел, мұрын бітеді одан кейін ринорея пайда болады. Үлкендерде дене қызуы, қалыпты немесе қысқа уақыт көтерілуі мүмкін. Жалпы улану шамалы, әлсіздік, дене ауырсынуы, бас ауыруы мүмкін. Ауыз жұтқыншақ шырышты қабығы қызарады. Балаларда,әсіресе жас балаларда ларингит ауыр жүреді, екі аптаға дейін созылады. Ауру қалдықсыз бітеді. Шеткі қанда өзгеріс болмайды. Аурудан кейін дамыған иммунитет тұрақты емес. Әртүрлі асқынулар (пневмония,круп) балаларда болуы мүмкін.

  • Слайд 24

    Диагнозы. Клиникасы басқа жедел респираторлы аурулармен салыстырылады. Мұрынның қабығынан алынған жағындыдан вирустың антигенін анықтайды. Вирусологиялық және серологиялық диагностика жүргізуге болады. Ажыратпа диагнозды гриппен жүргізеді. Грипп жедел температура, уланумен басталады. Гриптің негізгі белгісі тахеит, парагрипте ларингит. Емделуі. Жеңіл және орта ауырлықты түрлерінде науқастар үйде емделеді. Оларға симптомдық емдер тағайындайды (аяғын жылы сумен ванна, қыша қағаз қояды). Ауруы ауыр науқастар ауруханада емделеді. Антибиотиктер бактериальды флорамен дамыған асқынуларында ғана тағайындалады. Арнайы профилактикасы жоқ.

  • Слайд 25

    ҚҰС ТҰМАУЫ

  • Слайд 26

    Құс тұмауы –қоздырғышы Н5N1 штамымен тарайтын жұқпалы аурушаңдық немесеүй және жабайы құстардың жоғарғы контагиозды вирустық ауруы. Тыныс алу жүйесін және ішек-қарын жолын зақымдайды. Ағзаны жалпы тежеумен сипатталады. А типті тұмаудың түрлерімен қоздырылады.          Үй құсы арасындағы құс тұмауының вирусы қоғамдық денсаулық сақтауға қауіпті. Өйткені, вирустар адамдарға жұғуы мүмкін.         

  • Слайд 27

    Адамдар үшін бұл дерт өте ауыр жағдайда өтеді. Жасырын (инкубациялық) мерзім орташа есеппен 2-3 күнге созылады. Ауру қалтыраудан, бұлшық еттердің  ауыруынан, құсу, іштің өтуі, дене қызуының көтерілуінен басталады. Пневмонияның дамуы, бауыр мен бүйректердің зақымдануы да мүмкін.          Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, құстың барлық түрі осы ауруды қабылдағыш келеді. Құс тұмауының вирусы шошқаларға да жұғуы мүмкін.

  • Слайд 28
  • Слайд 29

    Эпидемиологиясы:

             Бұл дертауа-тамшыжолыменберілетінжұқпалар тобынажатады. Яғни, жұғу тынысалужолдарыарқылы болады. Ал, адамға жұғудың бірнешежолы бар. Негізгілерінің бірі – күту кезіндежоғары потагендітұмаумен ауыратынүй құсымен байланысжасаунемесе осы жұқпадан өлген ауру құсқа жақындау болыптабылады. Адамға аурудыжұқтырудың басқа жолдарымыналар: үй немесежабайықұстың шикіетінұстау.  Оның ішінжарып, мүшелеу кезіндежәне осы іспенайналысқан кездежеке гигиена ережесінсақтамаған жағдайда. Жабайықұстар, әсіресе суда жүзетін үйрек, қаздар індеттің таралукөзі болыптабылады.   Үй құстарының ішіндебұл індетке тез шалдығып, індеткөзі болатын –тауықтар мен күрке тауықтар. Олартұмауды тез жұқтырып, жаппайқырылып қалады.

  • Слайд 30
  • Слайд 31

    Клиникалық белгілері:

    Дене қызуы көтеріледі, тамақтың қызаруы, бұлшық еттердің әлсізденіп ауыруы, конъюктивиттің пайда болуы, сөйтіп пневмонияға, жедел респираторлық ауруларға, өкпелердің вирустық қабынуларына тезұласады және бүкіл ішкі ағзалардан қан ағып, жедел өлімге әкеледі екен. Жасырын кезеңі үш күннен аспайды, Тіпті энцефалопатиялық, яғни психопатиялық жағдайлар, құрысу талмалары, галлюцинация-лар, қан тамырларының бұзылуы, қан құсу және т.б.Мидың да ісінуі мүмкін.

  • Слайд 32
  • Слайд 33

    Ресми деректер бойынша:

    Құс тұмауының вирусынадамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылыГонконгтатіркелген. Ондақұс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адамнауқастанып, алтауықайтыс болған. 2003 жылықұс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапониядатараған. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылданберіқұс тұмауымен 100 адамсырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресмидеректербойынша, 2005 жылдың 7 айындаәлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адамтіркелген, аталған кеселгенегізін 25 жасқа дейінгіжастаршалдыққан ол 70% құрайды. Оның ішінде 25 адамөлген. 1997-1999 жылдардағы індеттерденкейінқұс тұмауына қарсы вакциналардайындалабасталды, оларклиникалық сынақтардан өтуде.

  • Слайд 34
  • Слайд 35

    Қазақстанда тіркелген оқиғалар:

    Құс тұмауын ТМД елдерінің ішінде былтыр Қазақстан бірінші болып басынан кешірді. Былтырғы тамыз айында Қазақстанның үш облысындағы көлдерден, атап айтсақ - Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жабайы құстардың өлімі тіркеліп және олардан аса жұқпалы Н5N1 типтегі құс тұмауы анықталған соң, осы облыстардағы сегіз елдімекенде карантин жарияланған болатын. Олардың 4-еуіндегі карантин шаралары толық орындалып, қыркүйек айының басында олардан карантин алынып тасталды, қыркүйектің соңында аңшыларға құс атуға рұқсат берілген-ді.Ал биылғы көктемде Қазақстанда құс атуға рұқсат болмауы мүмкін дейді мамандар. Былтыр құс тұмауы салдарынан Қазақстанда карантин жарияланған елді мекендерде барлығы 14 мыңдай тауық, үйрек, қаздар өртеліп, оған үкімет бюджеттен арнайы қаулымен 5 миллион теңге қаржы бөлетіндігін мәлімдеген еді. Мамандар биыл да құс тұмауы байқалған елді мекендердегі құстардың өртелетіндігін айтып отыр.

  • Слайд 36
  • Слайд 37

    Алдын алу шаралары:

    Бүгінгі күнде Қазақстан Республиасында құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Құс фермаларында ветеринарлық қадағалау, залалсыздандыру талаптары күшейтілген, құс тұмауына күдікті 5000 құс өртелінді. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті ауырған құрған құстарды басқаларынан жеде оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және аспапты талаптарды қатаң орындау қажет.

  • Слайд 38
  • Слайд 39

    Сақтану ережелері:

    Үй құстарын күту кезіндежекебасының гигиенасынсақтап, арнайыкиім кию қажет; Құс және құс өнімдерін заңсыз саудаорындарынансатыпалудыәдетке айналдырмаған жөн; Құс етінмүшелегеннен кейінарнайыбөлшектегіш тақтаны және қолды мұқият жууқажет; Құс пен жұмыртқаны дайындаубарысындатемпературалық тәртіпті сақтаған жөн; Жұмыртқаны 10 минуттан кем емесқайнату керек; Құсты дайындаубарысында 45 минут пісірунемесеқуыру қажет; Кәуап немесе «гриль» тауығы мұқият қуырылуы тиіс.   Жекебасыңыздың гигиенасынсақтаңыз және оны балаларыңыздан талапетіңіз. Құстардың арасында ауру белгілерібайқалған жағдайда, жеделтүрде жергілікті ветеринар қызметкерлеріне, медицина, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарынахабарлап, ауырған құсты дереуоқшаулау;

  • Слайд 40
  • Слайд 41

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1 А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар 2 www.google.kz 3 Покровский В.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004.-826с. 4 Шувалова Е. П. Инфекционные болезни. Ростов-Н/Д.: Феникс, 2001.-960с. 5 Малов, В.А. Сестринское дело при инфекционных заболеваниях 6 Қ.А.Жұманбаев, Ғ.К.Жұманбаева “Жұқпалы аурулар”

  • Слайд 42

    Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке