Презентация на тему "Микроэволюция.Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі."

Презентация: Микроэволюция.Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.
Включить эффекты
1 из 31
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
1.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация powerpoint на тему "Микроэволюция.Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.". Содержит 31 слайда. Скачать файл 1.54 Мб. Самая большая база качественных презентаций. Смотрите онлайн с анимацией или скачивайте на компьютер. Средняя оценка: 1.0 балла из 5.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    31
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Микроэволюция.Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.
    Слайд 1

    Микроэволюция.Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.

  • Слайд 2

    Микроэволюция(микрожәне эволюция) – бір түрге жататын популяциялардыңішінде жүретін әрі сол популяциялардыңгендікқорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялықпроцестердіңжиынтығы.

  • Слайд 3

    Микроэволюция терминін 1938жылы ғылымғаенгізген Ресейғалымы Н.В. Тимофеев-Ресовский. Н.В. Тимофеев-Ресовский (1900-1981)

  • Слайд 4

    Микроэволюция - мутациялық өзгергіштіктің негізінде, табиғи сұрыпталудың нәтижесінде жүзеге асады.

  • Слайд 5

    Микроэволюция негізінде эволюциялық факторлардың (мутация, миграция, оқшаулану, тіршілік үшін күрес, сұрыпталу, т.б.) әсерімен популяциядағыгенотиптік құрамның өзгеруі нәтижесінде сол популяцияда жаңа түр пайда болады. Арыстан Мутацияға ұшыраған Арыстан

  • Слайд 6

    Микроэволюция процесінің жүзеге асуына әсер ететін факторлар: популяция санының ауытқуы генетикалық ақпараттардың алмасуы оқшаулану гендердің ығысуы

  • Слайд 7

    Микро және макроэволюцияның арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

  • Слайд 8

    Бір қарағанда өте күрделі болып көрінетін макроэволюциялық феномендерді - микроэволюцияның түсініктерімен жеткізуге болады. Макроэволюциялық сатыда пайда болатын нәрселердің бәрі ең бірінші популяция мен түрлердің өзгерістерімен қатысты. Осы процестер микроэволюция туралы оқудың негізін қалайды. Макроэволюцияның және микроэволюцияның бөлінуі - әр түрлі масштабтағы эволюциялық құбылыстарды анығырақ білу мақсатында бөлінеді.

  • Слайд 9

    Популяция туралы түсінік.

    Популяция (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.

  • Слайд 10

    Популяция терминін 1903 жылы Дания биологы В.Иогансен енгізді. В.Иогансен (1857 – 1927)

  • Слайд 11

    Әр популяция өзіне ғана тән статистикалық сипаттамалары және динамикалық сипаттамалары бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статистикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын анықтау ұзақ мерзімді қажет етеді.

  • Слайд 12

    Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық, физиологиялық механизмдер арқылы және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады. Ақбөкендер

  • Слайд 13

    Популяциялар құрылымы

    Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады.

  • Слайд 14

    Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады.

  • Слайд 15

    Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Ал кездейсоқорналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтаныпорналасуда особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Пингвиндер колониясы

  • Слайд 16

    Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға жатады. Тырналардың жылы жаққа ұшуы

  • Слайд 17

    Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар болады. Дельфиниум гүлі

  • Слайд 18

    Түрдің популяциялық құрылымы

    Әрбір түр белгілі бір территорияда (ареалда) популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласып жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипатталады.

  • Слайд 19

    Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі деңгейде болады. Ол өзгешеліктер олардың мінез-құлық, морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне де қатысты болуы мүмкін. Ареалдың әртүрлі бөлігіндегі ақ қояндар бір-бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы бойынша айырмашылықтары болады.

  • Слайд 20

    Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ қояндардың аш ішектерінің ұзындығы Орал тауының орманды далаларындағы өкілдеріне қарағанда 2 есе ұзын. Бұл қоректену ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы қатты азықтардың мөлшеріне байланысты. Ямал түбегін мекен ететін ақ қоян

  • Слайд 21

    Генетикалық біртұтастығына және көбею түріне байланысты популяциялар мынандай түрге бөлінеді: панмиктикалық (айқас ұрықтану) клонды клонды-панмиктикалық

  • Слайд 22

    Популяциядағы түрлер саны

    Популяция саны туралы сұрақ аз сандылықпен байланысты. Одан әрі көрсететіндей популяция саны басқа популяциялық сипаттамалар сияқты реттеледі. Әр жағдайда популяцияның минималды саны әр түрлі түр үшін арнаулы болады. Алыс Шығыстағы тигр осындай жағдайда.

  • Слайд 23

    Әр түрлі санақ бойынша тигр популяциясы түрі жүзден аз. Қорғаудың қатаң түріне қарамастан санның кездейсоқ азаюы популяцияны қысқартатыны сонша қалған бірліктер көбею үшін партнер жиілігі болмағандықтан қайтыс болады. Осындай жағдайда басқа ірі жануарлар мен құстар да болады. Амур тигры

  • Слайд 24

    Популяция динамикасы

    Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

  • Слайд 25

    Популяциядағы түрлер санының динамикасының масштабы біршама маңызды. Мысалы, Англияның оңтүстік батысындағы аралдарда жабайы түрде кроликтер популяциясы мекендейді. Максималды көбейген мерзімде кроликтердің жалпы саны 10000 дейін, ал бір күні суық қыстан соң 100 түрге жетті. Кроликтер популяциясы

  • Слайд 26

    Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: популяцияның сандық мөлшері; популяция тығыздығы; популяциядағы туылу саны; популяциядағы өлу саны; популяция өсімі; өсу қарқыны;

  • Слайд 27

    Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы

    Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни, белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы особьтардьң сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі ағзаларда биотикалық потенциал әрқалай. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін Bacillus coli бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Bacillus coli бактериялары

  • Слайд 28

    Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Trichinella spiralis) - 1.8 мың жұмыртқа салса, бал арасының аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал айбалық (Mola mola) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.

  • Слайд 29

    Еліктің аналығы Айбалық

  • Слайд 30

    Популяцияның генетикалық құрылымы.

    Популяцияның генетикалық құрылымы – особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генофонд деп, ал бір ағзаның хромосомосындағы бүкіл гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан, популяция – генотиптер жиынтығы.

  • Слайд 31

    Популяцияның жыныстық құрылымы.

    Популяцияның жыныстық құрылымы – особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы. Көптеген түрлерде болашақ особьтың жынысы ұрықтану кезінде хромосомдардың комбинацияларының өзгеруі нәтижесінде анықталады.

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке