Содержание
-
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіС.Ж.Асфендияров атындағыҚазақ Ұлттық Медицина университеті
СӨЖ Тақырыбы: Бастың милық бөлігі. Миға жалпы шолу. Ми негізіндегі бассүйек нервтері түбіршіктерінің топографиясы Орындағандар: ЖМ факультетінің 1-курс студенттері Әсетова А.А Былташ С.Т. Тобы: 10-004-2 Тексерген: Шапамбаев Н.З. Алматы 2010/11 оқу жылы
-
Жоспары: 1. Миға жалпы шолу 2. Ми жүйкелері 3.Үлкен ми сыңарларының жоғарғы латеральды беті 4.Үлкен ми сыңарларының төменгі беті
-
Пайдаланылған әдебиеттер: Дайырбекова М.М.,”медицина” баспасы, 2002ж.230-264 беттер. Рақышев А.Р., “кітап” баспасы 2004ж. 110-120 беттер
-
Ми- бассүйек қуысында орналасқан және пішіні жалпы алғанда бассүйек қуысының пішініне сәйкес келеді. Оның жоғарғы латеральды немесе дорсалды беті бассүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті біршама жалпайған тегіс емес.
-
-
мидың 3 ірі бөлігін ажыратуға болады: Үлкен миМишықМи сабауы cerebrumcerebelumtruncusencehalicus
-
truncusencephali cerebrum cerebellum
-
Екі ми сыңары бір-бірінен сагиталды бағытта өтетін саңылау арқылы бөлінеді.
-
Fissuralongitudinaliscerebri
-
Ми сыңарлары бойлық саңылаудың тереңінде өзара дәнекермен – сүйелді денемен(corpus callosum) және басқа соның астында жатқан құрылымдармен байланысқан. Бойлық саңылау сүйелді дененің алдыңғы жағында өтеді де, ал, артқы жағында, ми сыңаларының артқы бөліктерін олардың астында жатқан мишықтан бөлетін, көлденең ми саңылауына жалғасады. (Fissuratransversacerebri)
-
Мидың төменгі бетінен үлкен ми сыңарлары мен мишықтың төменгі жағы ғана емес, сонымен қатар ми сабауының бүкіл төменгі беті, сондай-ақ мидан шығатын нервтер де көрінеді.
-
-
Ми жүйкелері сыртқы ортаның алуан түрлі әсерінен күрделі қалыптасқан. Олар мүшелердің жұмысын өзара байланыстырып, қызметін реттеп, организмнің тұтастығын сақтап отырады. Олардың күрделі құрылысы, қызметінің мән-маңызы бұл - жүйкелерді эволюциялық даму кезеңдерінің тұрғысынан қараған жөн.
-
-
Ми жүйкелері ұрық даму кезеңінің 5-6 аптасынан бастап 10 апта аралығына дейін толық қалыптасады.
-
Ми бағанының аймағынан белгілі бір тәртіппен шыққан талшықтар жиынтығы ми жүйкелері деп аталады. Ми жүйкелері 12 жұп жүйкеден түзілген. Олардың реттік саны рим сандарымен белгіленген. Ми жүйкелерінің аттары атқаратын қызметі мен жүйкелерінің мүшелеріне немесе жүретін жолдарына тікелей байланысты.
-
I иіс сезу жүйкесі – n.olfactori II көру жүйкесі – n.opticus III көз-қимыл жүйкесі –n. oculomotorius IV шығыр жүйкесі – n.trochlearis V үшкіл жүйке – n.trigeminus VI әкеткіш жүйке – n.abducens VII бет жүйкесі – n.facialis VIII кіреберіс-ұлу жүйкесі – n.vestibulocochlearis IX тіл жұтқыншақ жүйкесі – n.glossopharyngeus X кезеген жүйке – n.vagus XI қосымша жүйке – n.accessorius XII тіласты жүйке – n.hypoglossus
-
Иіс сезу буылтығы Көру жүйкесі II Көз-қимыл жүйкесі III Шығыр жүйкесі IV Үшкіл жүйкесі V Әкеткіш жүйкесі VI Бет жүйкесі VII Кіреберіс-ұлу жүйкесі VIII Тіл-жұтқыншақ жүйкесі IX Кезеген жүйкесі X Тіласты жүйкесі XII Қосымша жүйкесі XI
-
Ми жүйкелері құрамы мен атқаратын қызметіне қарай: сезімтал; қозғалғыш; аралас
-
I жұп – иіс сезу жүйкесі Маңдай үлестерінің төменгі бетінде иіс сезу буылтықтары,(bulbiolfactorii) байқалады, оларға мұрын қуысынан торлы сүйектің (lamina cribrosa)тесіктері арқылы бассүйек нервтерінің I жұбын, иіс сезу нервтерін түзетін жіңішке нерв жіптері өтеді.(filaolfactoria)
-
II жұп – көру жүйкесі Алдыңғы тесіктелген заттар ортасындағы кеңістікте көру қиылысы жатады. Хиазманың жоғарғы бетінен-Fissuralongitudinaliscerebri- тереңіне қарай кететін өте жұқа сұр түсті табақша - lamina terminalis – шығады. Көру қиылысы артында сұр төмпе – орналсады, оның ұшы құйғыш – деп аталатын тар түтікке созылған,бұл түтік түрік ертоқымында орналасқан гипофизге жалғасады. Сұр төмпешіктің артында екі шар тәрізді, ақ түсті дөңестер – емізіктәрізді денелер жатады. Олардың артында едәуір терең аяқшааралық шұңқыр орналасады. Ол бүйірлерінен ми аяқшалары деп аталатын екі жуан білік тәрізді түзіліспен шектелген.
-
Мысалы: көру жүйкесі сабағының немесе жүйке айқасының толық және жартылай зақымдануына, нұрлы қабақтың жарыққа тітіркену қабілеті нашарлануына, жойылуына байланысты көз жартылай, тіпті мүлдем көрмей қалуы мүмкін. Көру жүйкесінің қызметі – көз алмасының сол немесе оң жақ тор қабықшасына түсетін сәулені қыртысасты орталығына өткізу. Осыған байланысты оң жақ көру жүйкесі жолының зақымдануы әсерінен тор қабықшасының сол жақ бөлігіне түсетін сәуле жолдары әлсірейді.
-
Шұңқырдың түбі тамырларға арналған тесіктермен торланған, сондықтан артқы тесіктелген зат деп аталады. Оның қасында, екі ми аяқшасының медиалды жиегінің жүлгесінен бассүйек нервтерінің III жұбы көз қозғалтқыш жүйкесі шығады. Оның қозғалғыш орталықтары екі ядродан тұрады: соматикалық қозғалғыш ядро, парасимпатикалық немесе Якубович-Эдингер-Вестфаль ядросынан тұрады. Бұл ядролар ортаңғы мидың терең қабатында орналасқан.
-
Көз шарасының ішінде бұл жүйкелердің соматикалық ядросының жүйке талшықтары жоғарғы және төменгі бұтақтарға бөлінеді: а) көз қимыл жүйкесінің жоғарғы бұтағы көз шарасының ішінде бірнеше майда кішігірім бұтақтарға бөлініп, көз алмасының жоғарғы, төменгі, ішкі тік еттері мен төменгі қиғаш етін жүйкелендіреді; б) көз қимыл жүйкесінің төменгі бұтақтары күрделі. Себебі, соматикалық қозғалтқыш және парасимпатикалық жүйке талшықтарынан құралған. Соматикалық қозғалтқыш ядроның жүйке талшықтары көз алмасының төменгі тік етін, көз алмасының медиалды ішкі тік етін және көз алмасының төменгі қиғаш етін жүйкелендіреді.
-
Мысалы: птоз деген ауру кезінде көздің жоғарғы қабығын көтеретін бұлшықеттің сал болып қалуының салдарынан көздің жоғарғы қабығы салбырап, жұмылып қалуы мүмкін.
-
-
Ал, алмасының медиалдық тік еттерінің сал болып қалуының әсерінен көз алмасының сыртқа қарай ауытқуы мүмкін. Көз қимылын жүйкенің парасимпатикалық бөлімінің сал болып қалуының салдарынан қарашықтың көлемі кеңейіп, көз жақыннан көру қабілетін жоюы мүмкін.
-
-
Ми аяқшаларының артында жуан көлденең құрылым – көпір жатады, ол бүйір жақтарына қарай жіңішкеріп мишыққа барады. Көпірдің мишыққа ең жақын бүйір бөліктері мишықтың ортаңғы аяқшалары деп аталады.Олар мен меншікті көпірдің шекарасынан екі жағынан жұп – үшкіл жүйке шығады.
-
Көпірдің артында сопақша ми – medulla oblangata – жатады; онымен көпірдің артқы жиегі арасында,орталық сызықтың бүйір жақтарында VI жұп әкететін нервтің n abducensбасы көрінеді. Одан әрілеу бүйір жағында мишықтың ортаңғы аяқтарының артқы жағынан қатар тағы екі нерв:VII жұп бет нерві, n facialisжәне VIII жұп – кіреберіс-ұлу нерві, n Vestibulocochlearis, шығады.
-
Сопақша мидың пирамидасы мен оливасы арасынан ХII жұп тіласты нервінің n hypoglossus – түбіршігі шығады. IХ жұп, Х және ХI жұптардың –n. Glossopharingeus, n.Vagus және n.Accesorius түбіршіктері оливаның артындағы жүлгеден шығады. XI жұптың төменгі талшықтары жұлынның мойындық бөлігінен шығады.
-
Назарларыңызға рахмет!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.