Содержание
-
Кәсіби мораль және этика
Сембекжабай, ИС-105.10
-
Этика
Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті. Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және моральға үйретеді.
-
Моральдың мазмұны жүйе ретінде 4 компоненттен құралады:
• Адамгершілік қатынас; • Адамгершілік мотивтер; • Адамгершілік сезімдер; • Моральдық сана
-
Моральдың атқаратын қызметі (Л.М.Архангельский бойынша):
• Реттеуші; • Тәрбиелеуші; • Танымдық; • Бағалау; • Бағдарлаушылық; • Мотивациялық; • Коммуникативті
-
Педагогикалық моральдың атқаратын қызметтері:
• Педагогикалық коррекция; • Диагностикалық және болжау функциясы; • Моральдық білімдерді шығару; • Моральға жат қылықтарға төтеп беруге дайындығын қалыптастыру; • Моральдық өзін-өзі қорғау; • Реттеуші; • Тәрбиелеу; • Бағалау-бағдарлаушылық. Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады.
-
Кәсіби этика
Кәсіби этика – еңбектік моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады. Кәсіби этиканың мәні мен маңызы – кәсіби міндеттерді сәтті орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.
-
Әдептілік
Әдептілік – белгілі моральдық нормалар мен принциптерді бұлжытпай орындау. Т.А.Ильина «Педагогикалық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтік қасиеті, бұл қасиетте оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен оқушылардың психологиясын терең түсініп, білуге негіз болады»,- деп көрсетеді. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. «Педагогтік әдеп, кең мағынасында педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адамдармен не ұжыммен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа дейді.
-
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі
1) Еңбек объектісі – адам; 2) Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте; 3) Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі; 4) Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік идеалы. Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
-
Педагогикалық мораль
Педагогикалық мораль – ұрпақтан ұрпаққа адамгершілік тәжірибені берудегі қоғамдық қажеттіліктермен негізделген педагогикалық ортада адамгершілік іс-әрекеттер мен адамгершілік қатынастарды реттеуші адамгершілік нормалар мен ережелер жиынтығы.
-
Кәсіби мораль принциптері
-
Моральдық принциптер
Моральдық принциптер – адамгершілік сананың бір формасы, онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі. Нормалар адам әрекетінің қандай болу керектігін нақты талап етсе, моральдық сапалар тұлға мінез-құлқының жекелеген жақтарын сипаттайды. Ал принциптер – белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді. Олар адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар береді және мінез-құлқының негізі болып табылады. Принциптер мораль құрылымының маңызды бөлігі, ол моральдың мәнін анықтайды.
-
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:
• Ізгілік принципі; • Педагогикалық оптимизм; • Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық; • Азаматтылық, патриотизм; • Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу; • Профессионализм, шығармашылық; • Сөз бен істің бірлігі
-
Кәсіби мораль – бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның адамгершілік міндеттері. Мұғалімнің педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемедері төмендегілер негізінде анықталады: а) өмірдің басты мазмұны ретінде; б) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы ретінде; в) іс-әрекет ретінде Кәсіби моральдық принциптер педагогикалық процестің дұрыс ұйымдастырлуына және жағымды қарым-қатынастың орнауына негіз болатын бастау ережелер болып табылады. Ол мұғалім еңбегін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.