Презентация на тему "Цитокиндердің анықтамасы,негізгі сипаттамалары.Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі"

Презентация: Цитокиндердің анықтамасы,негізгі сипаттамалары.Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі
1 из 23
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.0
1 оценка

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Презентация powerpoint на тему "Цитокиндердің анықтамасы,негізгі сипаттамалары.Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі". Содержит 23 слайдов. Скачать файл 0.39 Мб. Самая большая база качественных презентаций. Смотрите онлайн или скачивайте на компьютер. Средняя оценка: 3.0 балла из 5.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    23
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Цитокиндердің анықтамасы,негізгі сипаттамалары.Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі
    Слайд 1

    Цитокиндердің анықтамасы,негізгі сипаттамалары.Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі

    Мамандығы: Стоматология, 303 Тексерген: Мусабаева С.Ж.

  • Слайд 2

    Жоспары:

    Цитокиндер туралы түсінік. Цитокиндер жіктелісі. Цитокиндердің клиникада қолданылуы.

  • Слайд 3

    Цитокиндер-бұл гармон тарізді белоктармен пептидтерге жатады.Цитокиндер секреті және синтезі иммунды жүйе клеткаларында жүзеге асады. Қызметі мен құрылымына байланысты үш топтың цитокиндерін ажыратамыз. Цитокиндер қан клеткаларының өсуін және дифференцировкасын қадағалайды. Спецификалық емес қорғаныс реакциясына қатысады. Иммунды жүйенің бірқалыпты дамуына және иммунды жүйенің ішкі тұрақтылығын (гемостазын) қамтамасыз етеді. Клеткалардың дұрыс өсуі мен дамуына қатысып,апоптозды реттеп отырады.

  • Слайд 4

    Цитокиндер-иммундық жүйенің жасушаларының әрекеттесуінің гуморальдық құрастырушысы.

  • Слайд 5
  • Слайд 6

    Цитокиндер – интерлейкиндерді,лимфакиндерді, монокиндерді,хемокиндерді,интерферондарды іске қосады. ЦитоКиндер құрылысы жағынан гармондарға өте құсас. Гормондардан айырмашылығы цитокиндер бағана клеткасының көп бөлігін реттеп отырады.

  • Слайд 7

    Цитокиндер- түрлі антигендерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммундық жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ара-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммундық жүйенің белсенді жасушаларының нәруызды немесе полипептидті өнімдері болып табылатын медиаторлар.

  • Слайд 8
  • Слайд 9
  • Слайд 10

    Цитокиндерді өндіретін жасушалардың негізгі түрлері

  • Слайд 11

    Цитокиндердің ерекшеліктері

    Бір цитокин жасушалардың бірнеше түрімен өндіріле алады; Бір жасуша бірнеше цитокиндерді өндіреді; Бір цитокин бірнеше түрлі жасушаларға әсер ете алады; Әртүрлі цитокиндер белгілі бір жасушаның белгілі бір қызметін шақырады;

  • Слайд 12

    Цитокиндердің жіктелістеріне түсінік.

  • Слайд 13

    Интерлейкиндер

    ИНТЕРЛЕЙКИН-1 1972 ж төменгі концентрациядағы митогендермен әсерлесіп тимоциттердің көбейін қоздыруға қабілетті фактор ретінде табылған. ИЛ-1дің негізгі өндірушілері- моноциттер мен макрофагтар. ИЛ-1дің биологиялық эффектілері: иммунологиялық, қабынулық, қан түзулік және жүйе аралық. ИНТЕРЛЕЙКИН-2 1976ж Т-жасушалардың өсу факторы ретінде табылған. СД4 лимфоциттердің ішінде 90%, ал СД8 жасушаларының 10% ИЛ-2 өндіреді. Т- лимфоциттерге көрсететін басты әсері- митогендік әсер, яғни лимфоциттердің көбеюін және пісіп жетілуін қамтамасыз етеді.

  • Слайд 14

    ИНТЕРЛЕЙКИН-3 1981 ж Т- жасушаларды пісіп жеткізу факторы ретінде бейнеленген. Кейінірек ол гемопоэздің бастапқы сатыларын қоздыратын фактор екендігі дәлелденді. ИЛ-3тің өндіруші жасушалары-арнаулы антигендермен белсендірілген Тх1 мен Тх2. ИЛ-3- гемопоэздың бастапқы сатыларына әсер ететін, оны жедел реттейтін белсендірілген Т-лимфоциттің өнімі. Ол мес жасушаларының дамуына қатысады және NK- жасушаларының қалыптасуын тежейді. ИНТЕРЛЕЙКИН-4 1981 ж В- лимфоциттерді белсендіру факторы ретінде ретінде бейнеленген. ИЛ-4ті Тх2-лерөндіреді. Макрофагтардың қызметін басып, олардың ИЛ-1, IHФ және ИЛ-6 өнімін төмендетіп, ИЛ-4 қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

  • Слайд 15

    Ісік некроздаушы факторлар.1975 ж M.bovisпен қоздырылған және ЛПС егілген тышқандардың қан сарысуында гуморалдық факторлардың жинағы табылды. Бұл фактор егілген ісіктің ыдырауын шақырып ЛПС егілген орында геморрагиялық некрозды дамытады. Осы әсерге жауапты цитокин ісік некроздаушы фактор деп аталады. Нысана жасушалары мен биологиялық эффектілер бойынша ІНФ-ға ИЛ-1 мен ИЛ-6 жақын. ІНФ макрофагтарға, Т-, В- және NK- жасушаларына, қан түзуге, мес, шеміршектің, сүйек жасушаларына әсер береді. ІНФ ерекшелігі-тегі әртүрлі трансформацияланған ісік жасушаларына әсер етеді.

  • Слайд 16

    Колониябелсендіруші факторлар. Бұл цитокиндердің аталуы себебі- олар дақылда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан қан жасушаларының белгілі түрінің колонияларының өсіп өнуін шақыра алады. Гемопоэтиндер иммцндық жауап және арнайы емес қабыну кезіндегі жергілікті қабыну реакцияларында қанның жетілген жасушаларының сақталуы мен қызмет етуіне әсер келтіреді. Бұл топқа миелоидтық және моноцитарлық тізбектердің колонияларының қалыптасуын сүйемелдейтін 3 фактор кіреді: ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ.

  • Слайд 17

    Қан түзу үрдістерінің цитокиндермен реттелуінің қағидалары:

    Жасушалардың жетілу сатылары кофакторлардың реттелуімен өтеді. Қан түзу жасушаларының пісіп жетілу кезінде басты факторлар келесі кезекпен ауысып тұрады: ИЛ-3 және бағаналы жасушалардың әсері, ГМ-КСФ әсері және ИЛ-7 әсері. Арнайы цитокиндер белсендірілген жасушалардың лайықты тізбектеріне әсер етеді. Цитокиндердің қан түзу жасушаларына көрсететін әсері олардың апоптоз бағдарламасын тежеу арқылы сақталып қалуын демеуде және жасушалардың көбеюін қамтамасыз етуде.

  • Слайд 18

    Цитокиндер қабыну серпілісінің дамуында аса маңызды. Бұл серпілістің басталып кетуі, көбінесе, макрофагтар және басқа жергілікті жасушалық элементтер мен эндотелий жасушаларының цитокиндерді өндіруімен байланысты. Жергілікті қабыну үрдісінің ары қарай дамуы қаннан лейкоциттердің ауысуына, олардың активациясына және цитокиндерді өндіруіне байланысты. Цитокиндер қабыну кезіндегі тіндік үрдістердің үшеуінің де- экссудация, альтерация және пролиферация медиаторлары болып қызмет етеді.

  • Слайд 19

    Иммунды жүйенің жасушаларының өнімі болғандықтан, цитокиндердің иммунды жауапта зор маңызы бар:

    Т- лимфоциттерге антигенді презентациялайтын МНС молекулаларының экспрессиясын жоғарылатып, антигенді танып алуға көмектеседі. Цитокиндер жасушааралық арақатынастарға жауапты адгезия молекулаларының иммунды жасушалардың бетіне экспрессиялануына себепкер болады. Кейбір цитокиндер иммунокомпонентті жасушалардың миграциясына әсер келтіреді. Цитокиндер лимфоциттердің активациясы мен кейінгі пролиферациясында кофактор ретінде қызмет етеді. Цитокиндер цитотоксикалық жасушалардың пісіп жетілуін негіздейді. Эффекторлық иммунды қызметтердің іске асуы цитокиндердің белсенділігіне де байланысты.

  • Слайд 20

    Цитокиндерді клиникада қолдануы Цитокиндік және антицитокиндік терапия онкологиялық, аутоиммундық, аллергиялық және жұқпалы аурулардың ем шарасы ретінде және трансплантация кезінде қолданылады. Цитокиндер препараттары мүшелер мен тіндердің трансплантациясы кезінде де қолданыла алады. Бұл салада ИЛ-1, ИЛ-2 рецепторларымен байланысу қабілеті бар, бірақ оның биологиялық белсенділінен ажыратылған мутанттық аалогтары қолданылады. Қазіргі таңда цитокиндік терапияның ең дамыған тәжірибесі рак иммунотерапиясы саласында жинақталған. Ісік жасушалары цитокиндер өнімі арқылы иммундық механизмдердің активтілігін төмендететінібаршаға мәлім.

  • Слайд 21

    Цитокиндермен емдеу әдісі тек қана жүйе көлемінде емес, жергілікті түрде де қолданылады /тіндердің экзогендік зақымдалуында: жарақаттану, күю, трофикалық ойық жаралар, некроздар, жоғары қауіпті топтарға жататындардың жараларының бітуі нашарлағанда, ауыз қуысының, асқорыту жолдарының, жоғары тыныс алу жолдарының, несеп жыныстық ағзалардың шырышты қабаттарының, сүйектің, терінің қабыну аурулары кезінде/.

  • Слайд 22

    Цитокиндік терапия қолдану шектелуі

    Қысқа мерзімде элиминациялануы Жоғары жергілікті концентрацияны қалыптастыруының қиын болуы Терапевтикалық концентрацияны сақтау үшін жиі инъекциялардың қажеттігі Әсерлердің плейотроптығы Көп қайтара инъекция кезінде асқынудың пайда болуы Түререкшелігі Әсерлері цитокиннің мөлшеріне тұрақты болмауы Цитокиндік терапияның ағзаға әсерінің бақылауының қиын болуы Нәтижелерінің болжамсыз болуы

  • Слайд 23

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1.Ісікке қарсы иммунитет.Алматы 2004 2.Калиакбарова Г.Т.,Кожанова С.В.,Шортанбаев А.А: 3.Личиницер М.Р.,Степанова Е.В. Новые противоопухолевые препараты на основе моноклональных антител. 4.Ярилин А.А. Основы иммунологии:Учебник для студентов мед.вузов Шортанбаева ә.ә.,кожанова с.в. “жалпы иммунология” алматы 2008ж

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке