Содержание
-
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Биохимия кафедрасы СӨЖ “Дәрумендер” Тексерген: Аймағамбетова Ж.С.Орындаған: Даданбекова Д. Факультеті: Фармация Курс: ІІІ Тобы:003-2 Алматы, 2014
-
Жоспар
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Дәрумендердің классификациясы 2.2.Атқаратын қызметтері мен кездесуі 2.3.Дәрумендердің өзара байланысы ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Кіріспе
.Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегізаталмасудың бірқалыпты болуыүшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активтіорганикалық қоспалар. Витамин (латыншаvіta – тіршілік) туралыілімнің негізін 1880 жылы орысдәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері КазимежФунк солкезгедейінжасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминіненгізді.
-
Гиповитаминоз адамда витаминнің жетіспеушілігі. Гипервитаминоз витаминдердің организмге артық мөлшерде түсуіне байланысты патологиялық жағдай. Авитаминоз витаминнің болмауына байланысты патологиялық үй. Егерде адам организмінде бірден бірнеше витамин болмаса, полиавитаминоз дамиды.
-
Витаминдер Суда еритін (В тобының және С, Н,Р витаминдері) Майларда еритін (А,Е,Д,К витаминдері)
-
В1 витаминi (тиамин ) ағзада дұры с заталмасуыүшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегендешаршағандық сезіліп, ас қорыту процесібұзылады. Ор ганизмтиамингезәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминінеәсіресе сыра ашытқысы, келтірілгенжәне тығы здалған наубайханалық шикізаттаранағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынанпісірілгеннанболғаны жөн. Денежәне ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 витаминінкөп қажет етеді.Тәуліктік дозасы 1.5-2.0 мг.
-
В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дерсияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, олбиологиялық тотығу процестерінеқатысады. Жарақаттардың тез жазылуынамүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспегенжағдайда ерінқұрғап, кезереді, ұшық шығады, денегетүскен жарақат баяужазылады. Вгвитаминінанашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады. Тәуліктік дозасы 1.5-2.0 мг.
-
В6 витаминi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болыптабылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігіжасбалалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетіндеқара дақ пайдаболады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, іріқара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин ағзада жеткіліктіболады. В6 витаминінмолырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізукезеңдерінде жиірекбайқалуы мүмкін.Тәуліктік дозасы 2.0-4.0 мг.
-
В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесінеқатысады. Бұл витамин жетіспегенжағдайда ағзада қан азаюпроцесідамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сарыуызының құрамында В12 витаминіанағұрлым аз.Тәуліктік дозасы 0.003 мг.
-
В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер етукүші әлі жеткіліктізерттелмеген. Емдікмақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауырауруларынажәне басқа да сырқаттарға пайдаланылады.Тәуліктік дозасы 25-150 мг.
-
С витамині (аскорбинқышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алуәрекетін арттырады. Сүйекке және тіскеберіктікқасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезіндезияндызаттардың түзілуін тежейді. Олқарсы денелердітүзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегіқантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергіжасайды. С витаминіжетіспегенжағдайда ағза тез шаршайды, сілемейліқабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адамкауіптіқұрқұлақ (цинга) ауруынашалдығады. Адам ағзасы С витаминінтүзбейтіндіктен, тамақпен біргеқабылдануы керек. С витаминіағзаға қыс пен көктем айларындакөбірек қажет. Жаңа піскенкөкөністер, жемістержәне тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
-
Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігінарттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминіменараласқанда анағұрлым тиімді. Р витаминішайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.
-
РР дәрумені (ниацин) . Табиғатта ең таралған суеріткіштоптарыникотиндіқышқыл және никотинамиддегенатпенбелгілі.Көмірсулар алмасуынжақсартады, тамырлардыкеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жэұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуынаәсер етеді.РРдәрумені жетіспегенжағдайда көңіл-күйдің болмауы,еріннің құрғақтығы менбозарыңқылығы,ішөту және бұлшық етауруы.Көктем мен жазкезіндетерідеқызғылт тез өсетін дақ пайда болады,зақымданған теріжуандайды да кірқызыл-қоңыр түске боялады,қабыршықтанады.Тәуліктік дозасы 10-20 мг.
-
Фолийқышқылы (фолацин) қан құралу процестеріментығыз байланысты. Негізіненжапырақты көкөністердің құрамында болады, соныменбірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқыла бар. Пантотенқышқылы заталмасуының маңызды реакцияларынақатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатынкөптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл витаминнің тәулік ішіндеадамағзасына қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткіліктіболуға тиіс.Тәуліктік дозасы 0.3-1.0 мг.
-
Н дәрумені Бұл дәрумен бас терісінің саулығы үшін өте маңызды. Олқайызғақтан сақтап, бас теріауруларының алдыналады.Бауыр, бүйрек, сүт және жұмыртқа сарысы осы витаминге бай. Тәуліктік дозасы 0.15-0.3 мг.
-
Майда еритін витаминдер
А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуынаәсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алуәрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витаминішаштың, тырнақтың өсуі мен терідегіжасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Олжетіспегендетеріқұрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашаркөреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) депатайды. А витаминібауырда, сүтте, жұмыртканың сарысындакөп болады. Өсімдіктердің кызыл, сарыжемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
-
D витамині (кальциферол) адамның терісіндекүннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектенбөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасыD витаминінтағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилердеD витаминінің жетіспеуіненболатын ауру мешел(рахит) депаталады. Мешелауруынашалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды.Аяқ сүйектері денесалмағының әсерінен майысады, сүйек баяудамиды, ұйқысы қашады.Жұқпалы ауруларменкөп ауырады. Сондыктанжассәбилердің мешелауруынашалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады.D витаминібалық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
-
Евитаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жынысбездерінің қызметін жақсартады. Олөсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.Тәуліктік дозасы 20-40 мг.
-
К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестерінеқатысады.Өсімдіктердің көктеп енетінбөліктерінде (жасылжапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малданалынатынөнімдердің ішіндебауырданбасқа да К витамин жоқ.Тәуліктік дозасы 1.0-2.0 мг.
-
Витаминдерқұрылысының бұзылыстары
Қоршаған орта факторларының әсерінен витаминдердің құрылысы бұзылып, олар өздерінің биологиялық активтілігін жоғалтады. Кейбір витаминдердің сезімталдығы жоғары болады, ал кейбір витаминдердің керісінше сыртқы орта факторларына төтеп бере алады. Витаминдер табиғи жолмен немесе химиялық синтез арқылы пайда болғаннан бастап және де адам организміне тускенге дейін, осы түрлі қоршаған орта факторларының әсерлеріне шалдығуы мүмкін.
-
Олар: Ауаның құрамындағы оттегі Асқын тотықтар Ылғал Ортаның pH Металлдардың ионы (темір) Күн сәулесі Жоғары температура Микрооорганизмдер Ферменттер Адсорбенттер
-
Витаминдердің өзара әсері
С витаминіЕ және Р витаминіменағзаға тускенкезде, оның қасиеттері жоғарылайды. Ал В12 витаминімен бірге түсетін болса, керісінше атқаратын қызметтері мен қасиеттері тежеледі. В12 витаминін ешқашанда С витаминімен бірге қолдануға болмайды, жоғарыда айтқандай бұл жерде екі витаминнің қызметтері тежеледі.Сонымен қатар В1 витамині кейбір кезде аллергиялық реакцияларды дамыту мүмкін, ал осы В 12 витамині бұл аллергиялық реакцияларды одан сайын қоздырту мүмкін. В1 витаминін магний және кальций иондарымен бірге қолдануға болмайды, себебі олар оның суда ерігіштік қасиетін тежейді. В2витаминіВ6 витаминімен қолданған кезде қасиеті артады. Ал темір, цинк иондары керісінше жұмысын төмендетеді. В6 витаминін В2 витаминімен қолдануға болады, ал В12витаминіменжоқ.СебебіВ12витаминінің құрамындағы кобальт В 6-ның құрылысын бұзады. В9витаминінің сіңірілуін цинк ионы бұзады, ал С витаминікерісіншесіңірілуін арттырып, оның тіндердекөбірек сақталуына жәрдемдеседі.
-
А витаминінің қасиетін цинк ионы арттыратын болса, оның тежелуіне Е витамині алып келеді. Д витаминінің тежелуіне А витаминіне секілді Е витамині әсер етеді. Бірақ та өз кезегінде Д витамині кальций және фосфор иондарының сіңірілуіне жәрдемдеседі. Е витаминінің қасиеттері артады, егерде адам организмінде Д витамині, цинк, магний, селен иондарының концентрациясы төмендейтін болса. Сонымен қатар Е витаминінің қызметтерін С витамині арттырады. К витаминінің қызметін А және Е витаминдері тежейді. Сондықтан да бұл витаминдерді міндетті түрде жеке қолдану керек.
-
-
Қорытынды
Витаминдер дегеніміз тағам құрамында болатын, маңызы зор, өмірге өте қажетті төмен молекулалы, химиялық табығаты мен құрылысы әр түрлі органикалық заттар. Адам үшін витаминдер организмге өте аз мөлшерде керекті алмастырылмайтын тағам факторы. Omnes salvos volumus!
-
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Биохимияны студенттердің өздігінен оқып білуіне арналған оқу құралы,І бөлім, С.М.Плешкова, С.А.Абитаева, Алматы 2009 жыл. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том http://www.vitaminix.ru/27-sovmestimost.php http://sportwiki.to/%D0%92%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%BD_%D0%921 http://nebolet.com/vitaminy/b15.html http://massaget.kz/bastangy/krasota/9382 http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D3%99%D1%80%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.