Содержание
-
СӨЖ Тақырыбы:Дәм сезу талдағыштары Кафедра: Қалыпты физиология кафедрасы Орындаған:Рымбаева Е. 241-ЖМ Қабылдаған:Садыкова Э.А.
-
Жоспары:
1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім а) Дәм талдағыштары туралы түсінік б) Дәм талдағыштарының адаптациясы в) Дәм сезімталдығының аурулары 3.Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
-
Анализатор,яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) - ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе Иіс сезу және дәм сезурецепторлары шетте орналасқан (экстерорецепторлар) хеморецепторлар болып табылады. Сыртқы ортамен байланысу түрінен: 1. Дистанттық: иіс сезу; 2. Контакттық: дәм сезу Кіріспе
-
Дәм талдағыштары туралы түсінік
-
Дәм қабылдағыштары
Дәм қабылдағыштары-дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағына,жұмсақ таңдайда,тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан.Әсіресе тілдің ұшында,екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі Адамда дәм сезу баданасы=10 мың Қабылдағыш пен тірек жасушалары=8-12 Ұзындығы мен ені= 70 мкм Дәм сезу баданасының пішіні =сауытша тәрізді,төбесінде тесігі болады
-
Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасқан.Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады Қабылдағыштардың ұзындығы=10-20 мкм Қабылдағыштардың ені=3-4 мкм Ұшқары жеріндегі өте сезімтал шағын түктердің саны=30-40 Демеуші заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың тесіктері арқылы өтеді Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды Әрбір қабылдағыштардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады Қабылдағыштар организмнің ең аз өмір сүретін жасушаларына жатады Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына жылжып келетін жаңа жасушамен алмасады Көшкен кезде сүйке ұштары қабылдағышқа айналады
-
Дәм қабылдағыштары дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар Ащы =тілдің түбінде Тәтті= тілдің ұшында Қышқыл және тұзды дәмді= тілдің бүйірлерінде Алайда кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде орналасқан қабылдағыштардың ащы тітіркендіргішке сезімталдығы,оның ұшындағыларға қарағанда,тек 6 есе,ал бүйіріндегілермен салыстырғанда 4 есе жоғары екендігі көрсетіледі Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып, тіл,жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың жалпы будасына келеді Бұлардан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді Одан ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін,үшінші нейрон басталады
-
-
-
Қабылдағыштардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін “ажырату сезімталдығы” деп аталады Адамда дәм сезудің әркелкі абсолют табалдырығы болады Ол организмнің әртүрлі (аштық,тоқтық,т.б)жағдайларына байланысты
-
Дәм сезу талдағышы ми қыртысының артқы орталық қатпарының төменгі жағында - дәм сезу орталығына барады (Сильвий сайы).
-
Дәм сезімталдығының аурулары
Жас ұлғайған сайын дәм ажырату сезімталдығы кемиді. Дәрі қабылдау,темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді Агевзия= дәм сезімталдығының жойылуы Гипогевзия= дәм сезімталдығының кемуі Парагевзия= дәм сезімталдығының қалыптан тысқа әуес болушылығы Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады,яғни оның сезімталдығы төмендейді Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды тітіркендіргіштерге тез бейімделеді Ал қышқыл,әсіресе тітіркендіргіштерге бейімделісі өте баяу өтеді Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі Бұл айқас “бейімделу” деп аталады Тұздыға бейімделу тәттіге,ал тәттіге бейімделу қышқыл мен ащыға сезімталдықты арттырады.Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып,ал тәтті тамақтан кейін алма,жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді Бірнеше дәмді заттарды араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың дәмінен басқа жаңа түйсік пайда болады. Дәм талдағыштарының адаптациясы
-
Қорытынды
Дәмдіқабылдайтынрецепторлартілдіңкілегейқабықшасындағыдәмемізікшелеріндеорналасқан.Дәмемізікшелерінетіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) жәнекезеген(Х) жүйкелерініңұштары (рецепторлар) келіпаяқталады. Осы жүйкеұштарыарқылыащы, тәтті, тұздыжәнеқышқылдәмдерқабылданады. Қабылданғанжүйкеимпульстерісопақшамидың ромба ойысындағыядролардааяқталады, ал осы ядроларданбасталғаннейрондарталшықтарымидыңкөрутөмпегініңсыртқыбөлігінебарады. Осы сыртқыядроданбасталғанқосымшанейрондарарқылыжүретін импульс ми сыңарларыныңдәмсезуорталығынажетеді.
-
Қолданылған әдебиеттер:
“Адам физиологиясы” (Cәтбаева Х.Қ.,Өтепбергенов А.А.,Нілдібаева Ж.Б.) “Адам анатомиясы”(А.Рақышев) “Гистология”(Аяпова Ж.О.) www.google.kz Www.yandex.ru www.medical.ru
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.