Содержание
-
-
Қара мойнақ ауруы
Ауру белгілері:Тамыр мойнында қара дақ ретінде байқалады. Зақымданған сабақтары қарайып, шіриді. Өсімдік солып көбіне өліп қалады. Олар топырақтан жеңіл жұлынады. Аурудың сақталу көзі таралуы: инфекция көзі- топырақ, өсәмдік қалдықтары, залалданған тұқым. Ауруға себеп болатын факторлар: жоғарғы ылғалдылық, дұрыс емес қоректндіру, ауа температурасының күрт жоғарылауы.
-
Жалған ақ ұнтақ ауруы
Ауру белгілері:Жапырақтары, сабақтары, өзектері залалданады. Жапырақтарда ашық сары дақтар, астында ылғалды ауа райы жағдайында сұрғылт- ақшыл өңездер пайда болады. Аурудың сақталу көзі таралуы: патоген өсімдік қалдықтарында сақталып, залалданған тұқым арқылы таралады. Ауруға себеп болатын факторлар: ылғалды ауа-райы және қалыпты ауа температурасы әсер етеді.
-
Шырышты бактериоз ауруы
Ауру белгілері: Көсеусабақтары мен қаудандары залалданады. Қаудандардың сулы шіріктенуі түрінде байқалады. Қаудандары көсеусабақтарнан оңай сынады. Аурудың сақталу көзі таралуы: патоген өсімдік қалдықтарында, ауру көсеусабақтары мен қаудандарда сақталады. Ауруға себеп болатын факторлар: ауыспалы егістің сақталмауы, жауынды ауа райы, топырақ ылғалдылығының жоғары болуы.
-
Жалған ақ ұнтақ
Ауру белгілері: Сабақтарында, жапырақтарында ақшыл-жасыл, ұзынша келген дақтар ретінде байқалады. Жапырақтары тез сарғайып, солып қалады. Аурудың сақталу көзі таралуы: ауру қоздырғыштары тұқыммен, пиязшықтармен, өсімдік қалдықтары арқылы. Ауруға себеп болатын факторлар: жинар алдында ылғалды ауа райы, пияздың піспей қалуы, температураның жоғары болуы.
-
Мойын шірігі
Ауру белгілері: Вегетация соңына қарай әлсізденген пиязды залалдайды. Пиязшықтарының мойнында батыңқы, іріңді дақтар пайда болады. Олардың бетінде мамық, сұр өңездер пайда болады. Аурудың сақталу көзі таралуы: Өсімдік қалдықтарында, топырақта, қоймаларда сақталады. Ауруға себеп болатын факторлар: ылғалды ауа-райы, пияздың піспей қалуы, қоймадағы температураның жоғары болуы.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.