Содержание
-
Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу
-
Ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу туралы Облыстық жалпы білім беру мектептеріндегі ата-аналар мен оқушылардың білім беру жүйесі туралы ақпаратқа сұранысын бағалауды жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Оқыту мен тәрбие үрдісінің жағдайы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын бағалау мақсатында 2011 жылдың 26 сәуірі күні облыста таңдап алынған мектептердің 4, 5 және 9-шы сыныптарында зерттеу жұмысы жүргізілсін. Зерттеуге көрсетілген сынып оқушылары мен ата-аналарының жалпы санынан 10 пайызы қатысуы қамтамасыз етілсін. 2. Ата-аналар мен оқушыларға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әдістемелік сауалнамалар нұсқасы бекітілсін. (№ 1-ші қосымша). 3. Жалпы орта білім беру бөліміне (Ж.Исатаева): - зерттеуді өткізу үшін таңдап алынған мектептердегі оқушылар саны мен сыныптар тізімін бекіту; - 2011 жылдың 13-ші сәуірі күні аудандық және қалалық білім бөлімінің басшыларымен кеңес өткізу тапсырылсын. 4. «Ақтөбе ақпараттандыру және білім сапасын бағалау АҒӘО» МКҚК-на (Қ.Серікбаев), облыстық кадрларды білімін жетілдіру және қайта даярлау институтына (Ш.Көбенова): - зерттеу мәліметтерінің базасын құру үшін ақпарат жинауды қамтамасыз ету (таңдап алынған мектеп, оқушылардың саны және сыныптар бойынша іріктеу); - 2011 жылдың 13 сәуірі күні аудандық (қалалық) білім беру бөлімі басшыларымен кеңес өткізуді ұйымдастыру; - аудандық (қалалық) білім беру бөліміне барлық қажетті материалдарды электрондық тасымалдаушы арқылы жіберу; - 2011 жылдың 27 сәуірінен 12 мамырына дейін зерттеу нәтижелерінің талдауын және алғашқы өңдеуін, жинауын қамтамасыз ету;
-
- 2011 жылдың 25-ші мамырында Білім Басқармасына барлық материалдардың түпнұсқасын тапсыру міндеттелсін. 5. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларына : 2011 жылдың 25-ші сәуіріне дейін: - зерттеуді өткізу туралы бұйрық шығару; - бекітілген үлгідегі зерттеуге қатысушылар іріктеуін облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне тапсыру; - зерттеуге қатысатын мектеп басшыларымен кеңес өткізу; - зерттеуге қатысатын мектептерді дайындау, оларды сауалнаманың қағаз бланкілері және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қатаң тапсырылсын; - 2011 жылдың 27 сәуірінен 12 мамырына дейін зерттеу нәтижелерінің талдауын және алғашқы өңдеуін, жинауын қамтамасыз ету; - облыстық білім беру сапасын бағалау қызметіне материалдарды тапсыру жүктелсін. 6. Зерттеуге қатысатын білім беру ұйымдарының басшыларына: - 2011 жылдың 25-ші сәуіріне дейін бекітілген үлгі бойынша зерттеуге қатысатындарды іріктеу жұмысын аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне тапсыру; - зерттеуді өткізуге бұйрық шығару; - зерттеу рәсімі бойынша нұсқау беретін кеңес өткізу; - зерттеу жұмысын жүргізуге жағдай жасау; - 2011 жылдың 26-шы сәуірінде сауалнама өткізу; - 2011 жылдың 6-шы мамырына дейін мәліметтерді түсіндіру және сауалнама нәтижелерін талдау, өңдеу жүргізу; - 2011 жылдың 6-шы мамырында аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне материалдарды тапсыру міндеттелсін; 9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма бастығының орынбасары Д.Исмағамбетоваға жүктелсін.
-
Зерттеудің мақсаты: 1. Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастар деңгейін бағалау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратқа ата-аналар мен оқушылардың сұранысын белгілеу және қанағаттандыру. 2. Білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін оқыту және тәрбиелеу сапасын жетілдіру бойынша басқару шешімдерді қабылдау үшін отбасы мен мектеп арасындағы қатынастар туралы ақпаратпен қамтамассыздандыру. Зерттеудің міндеттері: 1. Мектептегі білім беру қызметінің көрсетуі туралы ата-аналар мен оқушылардың ағымдық ақпараттандырылған жағдайын бағалау және олардың сұранысын анықтау. 2. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейін ақпараттық сұранысын әсер етулерін анықтау. 3. Ата-аналардың, оқушылардың ақпарат алу қайнар көзін тауып, олардың ақиқатқа сәйкестігін анықтау. 4. Мектептің ата-аналар үшін ашық деңгейін бағалау. 5. Оқушылардың оқыту сапасын жоғарлатуға ата-аналардың әсер етуінің деңгейін бағалау. 6. Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту бойынша ұсынымдарды өңдеу. 7. Тиімді басқару шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік білім беру басқару органдарын және білім беру ұйымдарының жетекшілерін, білім беру жүйесі туралы ата-аналар мен оқушылардың ақпараттық қамтамассыздандыруын бағалау, зерттеулердің қорытындылары бойынша объективті ақпаратпен қамтамасыздандыру.
-
Сауалнама жүргізу: 1. Ата-аналарға сауалнама жүргізу: 1) Сауалнамаға 4, 5, 9-шы сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. 2) Сауалнама 3 бөліктен тұрады: сауалнама сұрақтарының 1-ші бөлігі баласы оқитын мектептің маңыздылығын анықтауға мүмкіндік береді; 2-ші бөлігінде ата-аналарға келесі оқу сатысын таңдауда негізгі көзқарасын білдіру ұсынылады. Шешім қабылдай отырып, ата-аналар нені білгілері келеді? сауалнаманың 3-ші бөлігінде жауап берушінің отбасы, оның баласы, білім беру туралы ақпаратты алу көзі, оған қанағаттануы туралы ақпараттар бар. Сауалнамалардағы жауаптарды кодтау: Өте маңызды - 3. Білгім келеді, бірақ міндетті емес - 2. Қажет емес ақпарат - 1. Жауап беруге қиналамын - 0.
-
2. Оқушыларға сауалнама жүргізу: 1)Сауалнамаға 4, 5, 9-шы сынып оқушылары қатысады. 2) Сауалнама 8 сұрақтан тұрады (1-7 жабық сұрақтар, 8 – ашық сұрақ). Оқушылар сауалнамада берілгендердің маңыздылығын анықтайды. Сауалнамалардағы жауаптарды кодтау: Өте маңызды - 3. Білгім келеді, бірақ міндетті емес - 2. Қажет емес ақпарат - 1. Жауап беруге қиналамын - 0.
-
Зерттеу жұмысын іріктеудің құрылымы
-
Оқушылар: Аудан коды: Ақтөбе-1, Алға-2, Әйтекеби-3, Байғанин-4, Қарғалы-5, Қобда-6, Мәртөк-7, Мұғалжар-8, Ойыл-9, Темір-10, Хромтау-11, Шалқар-12, Ырғыз-13 1 - (мектеп коды), 4а - (10 а сынып) (қ) - (қазақ тілінде оқыту) 1 - (оқушылар) Мысалы: 9.1.4б(қ)1 Ата-аналар: Аудан коды: Ақтөбе-1, Алға-2, Әйтекеби-3, Байғанин-4, Қарғалы-5, Қобда-6, Мәртөк-7, Мұғалжар-8, Ойыл-9, Темір-10, Хромтау-11, Шалқар-12, Ырғыз-13 1 - (мектеп коды), 10а - (10 а сынып) (қ) - (қазақ тілінде оқыту) - (ата-аналар). Мысалы: 10.2.5а(о)2
-
Әдістемелік нұсқаулар жиынтығының құрылымы: Облыстық білім басқармасының Бұйрығы 2. «Нұсқаулы», «Рекомендация» - қазақша және орысша әдістемелік нұсқаулар 3. Анкетирование база данных. Изуч.технологии – оқушылар мен олардың ата-аналарымен өткізілген сауалнама қорытындысы туралы 4. «Выборка» - Зерттеу жұмысын іріктеудің құрылымы 5. «14.1. и 14.2. Зерендинский район» - мектеп, аудан бойынша зерттеулердің қорытындысы мен презентация жасау нұсқаулары 6. “Сауалнама” – қазақша сауалнама жиынтығы 7. “Анкета” – орысша саалнама жиынтығы
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.