Презентация на тему "Патология кезіндегі өкпе аускультациясы. Құрғақ және ылғалды сырылдар"

Презентация: Патология кезіндегі өкпе аускультациясы. Құрғақ және ылғалды сырылдар
Включить эффекты
1 из 29
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

"Патология кезіндегі өкпе аускультациясы. Құрғақ және ылғалды сырылдар" состоит из 29 слайдов: лучшая powerpoint презентация на эту тему с анимацией находится здесь! Вам понравилось? Оцените материал! Загружена в 2018 году.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    29
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Патология кезіндегі өкпе аускультациясы. Құрғақ және ылғалды сырылдар
    Слайд 1

    Патология кезіндегі өкпе аускультациясы. Құрғақ және ылғалды сырылдар

    Орындаған: Мәуітова Айдана ЖМ 3 курс 3-2 топ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Кафедра: “Ішкі аурулар пропедевтикасы”

  • Слайд 2

    Жоспар: 1. Өкпе аускультациясына жалпы сипаттама 2. Аускультация жасау ережесі 3. Өкпе аускультациясы кезіндегі патологиялық тыныстар 4. Қосымша тыныс шуылдары (құрғақ және ылғалды) 5.Шуылдардың пайда болу механизмі 6.Балалардағы ерекшеліктер 7.Қолданылатын дәрілік препараттар 8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Слайд 3

    Аускультация- организмдегі өзінен-өзі пайда болған дыбыстарды, көбінесе ауалық, сұйықтық қозғалыстардың дыбыстарын тыңдау

  • Слайд 4

    Аускультацияның ережелері мен жүргізу әдістері

    1.Науқастың қалпы. Тұрған не отырған адамды тыңдау ыңғайлырақ, бірақ керек жағдайларда жағдайы ауыр ауруларды жатқан күйінде де тыңдайды 2.Тексеретін бөлменің іші тыныш, әрі жылы болуы тиіс. Салқын бөлмеде бұлшық еттер жиырылып, қосымша дыбыстар береді.

  • Слайд 5

    3.Дәрігер науқасты алдынан тыңдағанда сол жағында тұрады. 4.Стетоскоп немесе фонендоскопты тыңдалатын дене тұсына тығыз жанастырады, бірақ аса қатты баспайды. 5.Егер аппараттың басы тығыз басылмаса, тыңдалып отырған орган мен есту мүшелері арасындағы жабық жүйе бұзылып, дыбыстар өзгереді.

  • Слайд 6

    6.Ал науқастың дене түгі жақсы дамыған болса, тыңдалатын жерді дымқылдау қажет, әйтпесе түгі мен стетоскоптың жанасуында қосымша дыбыстық құбылыстар естіледі. 7.Фонендоскопқа дағдылану, яғни үнемі бір құралмен тыңдау қажет.

  • Слайд 7

    Өкпе аускультациясы кезіндегі патологиялық тыныстар

    1)Везикулярлық тыныстың әлсіреуі. Физиологиялық Кеуде клеткасының бұлшық еттерінің немесе оның май қабатының ерекше қалыңдауы Патологиялық Өкпе аурулары мен өкпе қабының патологиялық өзгерістері кезінде Мысалы: эмфизема, крупозды пневмония т.б

  • Слайд 8

    2)Күшейген везикулярлық тыныс Астениктерде және балаларда болады. тез жүгіргенде Физикалық ауыр жұмыс істегенде Өкпеде немесе өкпе қабының бір жағы зақымдалса екінші жағынан везикулярлық тыныс күшейеді

  • Слайд 9

    3) Қатайған везикулярлы тыныс Қатқыл, біркелкі емес, жуан Мысалы: бронхиттер, бронхтың ішкі бетінің шырышты қабатының бөртіп ісінуі нәтижесінде, ауаның өту жылдамдығы бронхылардың бойы бірдей болмағандықтан, тербеліс амплитудасы да бірдей емес.

  • Слайд 10

    4)Үзілісті тыныс Ауа өткізгіш жолдарындағы бөртпелердің болуынан тыныс үзілісті болады.

  • Слайд 11

    Потологиялық бронхиалды тыныс Өкпе тінін тығыздайтын ауруларында Өкпеде қуыс пайда болса Компрессиялық ателектазда Ашық пневмоторакста

  • Слайд 12

    Қосымша тыныс шуылдары

    1)сырыл Құрғақ Ұсақ бронхтарда туатын сырылдар ысқырыққа ұқсайды, жоғары болады Ірі бронхтарда ызыңдаған төмен тембрлі сырыл Ылғалды Ірі көпіршікті сырылдар ірі бронхтар ішінде пайда болады, ашық, сыңғырлап естіледі Орташа көпіршікті сырылдар бронхит кезінде естіледі Ұсақ көпіршікті сырылдар бронхопневмонияның пайда болғанын анықтайды.

  • Слайд 13

    2)сықыр

    Эксудаты бар альвеола ішінде пайда болады. Себептері: өкпе қабынуында және ұзақ уақыт төсекте шалқасынан жатқан адамдарада Сықыр тек дем алу фазасында ғана естіледі. Дауысы шаштарды құлақ үстіне үйкегендей

  • Слайд 14

    3)Өкпе қабаның үйкеліс шуылы

    Дем алу үрдісінің екі фазасында да естіледі Кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді Өкпе қабының үйкеліс шуылы фонендоскопқа сықырдан жақсылау естіледі Пайда болуы: құрғақ плеврит

  • Слайд 15

    Ылғалды сырылдар мен сықырдың пайда болу механизмі Бронхфиалық демікпе

    Аллергиялық (атопиялық) Аллергиялық емес Аллергендермен иммундық жүйенің әсерленуінен дамиды. Аллерген болып: өсімдік тозаңдары, тағамдық заттар, жәндіктердің улары т.б. есептеледі Кеңірдекшелердің сезімталдығы көтерілуі- нен сүлде қабыну дамуымен көрінетін, ересек адамдарда алғаш байқалатын, дерт

  • Слайд 16

    Бронхиалдық астманың медиаторлары :Ag – антиген Il-3, Il-4, Il-5, Il-6 - интерлейкины Ag Т-клетка В-клетка МАКРОФАГ IL4, IL5, IL6 IL3 тучная клетка эозинофил Ag IgE IgE IgE Ag IL6 МЕДИАТОРЫ Ауа өткізгіш жолдардың бұлшық еттерінің жиырылуы Кілегейлі қабықтың ісінуі Эпитеийдің қабынуы 33

  • Слайд 17
  • Слайд 18

    Өкпе қабының үйкеліс шуылының пайда болу механизмі өкпесыртылық рестрикциялық гиповентиляция кезінде дамиды. Құрғақ плеврит кезінде плевра бетінде фибрин жиналады да плевра кедір бүдір болады.

  • Слайд 19

    Балалардағы ерекшелік

    Балаларда ересектермен салыстырғанда везикулярлық тыныс күшейіп қатты естіледі. Балалардың кеуде клеткасы жұқа әрі серпімділік қабілеті жоғары болады. Бұл тыныс пуэрилді деп аталады

  • Слайд 20

    Нәрестелер пневмопатияларының патогенезі

    Құрсақ ішіндегі гипоксия, ацидоз, гипотермия Өкпе ұяшықтарында сурфактант өндірілуі азаюы Ұяшықтардың бүлінуі, солып қалуы, оларда микроциркуляцияның бұзылуы, ісіну дамуы Гипоксемия, гиперкапния, ацидоз ОЖЖ, жүрек т.б. ағзалардың қызметтері бұзылуы

  • Слайд 21

    Бронх өткізгіштігі бұзылысы (бронхообструктивті) синдромында қолданылатын заттардың жіктемесі

    I.Бронхолитикалық заттар 1.Адреномиметиктер А. α,β –адреномиметик Адреналин гидрохлориді Б. β1, β2 – адреномиметик Изадрин В. β2 –адреномиметиктер Сальбутамол Фенотерол Тербуталин Г. Әсері ұзартылған β2 –адреномиметиктер Сальметерол Формотерол Д. Симпатомиметик Эфедрин гидрохлориді

  • Слайд 22

    2.М-холиноблокаторлар 2.1.Талғамсыз әсер ететін М-холиноблокаторлар Атропин сульфаты Метацин Ипратропий бромиді 2.2.Талғап әсер ететін М-холиноблокатор Тиотропий бромиді 3.Фосфодиэстераза ингибиторлары (миотропты спазмолитикалық заттар) Эуфиллин Теофиллин

  • Слайд 23

    Адреномиметиктердің бронхолитикалық әсер механизмі

    β2 адренорецепторларды қоздырады ↓ Аденилатциклаза ынталанады ↓ цАМФ-тың деңгейі жоғарылайды ↓ Жасушаішілік Са ионының деңгейі төмендейді ↓ Нәтижесінде: 1.Бронхтың тегіс салалы еттерінің тонусы төмендейді; 2.Мес жасушалардан спазм шақыратын биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин) бөлінуі тежеледі.

  • Слайд 24

    Адреномиметиктердің қолданылуы

    1. Бронхообструктивті синдром ұстамаларынтоқтату үшін – адреналин (к/т) 2 . Бронхообструктивті синдром ұстамаларын тоқтату және алдын алу үшін – изадрин, сальбутамол, фенотерол, тербуталин (ингаляциялық жолмен), эфедрин гидрохлориді (к/т және ішке) 3. Бронхообструктивті синдром ұстамасының алдын алу үшін (түнгі ұстамаларының алдын алу үшін) - әсері ұзартылған бета 2 адреномиметиктер – сальметерол, формотерол (ингаляциялық жолмен)

  • Слайд 25

    Өкпе тіні қабынуларында

    Антибиотиктер қоланылады. Пенициллиндер Цефалоспориндер Макролидтер Тетрациклиндер Аминогликозидтер Сульфаниламидтер

  • Слайд 26

    Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері

    Кішкентай балаларда тыныс жолдарының обструкциясы тегіс салалы еттердің спазмына ғана байланысты емес, сонымен қатар шырышты қабықтың ісінуіне байланысты дамиды, сондықтан бронхолитиктердің тиімділігі төмен

  • Слайд 27

    Балалар практикасында бронхообстуктивті синдромда альфа- адреномиметик - мезатон және М-холиноблокатор – ипротропий бромиді қолданылады Мезатон Тыныс жолдарының шырышты қабықтары қан тамырларын тарылтады Ісінуді тоқтатады, тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсартады Әсер ету ұзақтығы – 30 минут. Жедел вирустық инфекцияларда дамитын обструкцияларда қолданылады

  • Слайд 28

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    Айтмембет Б.Н Ішкі ағза ауруларынң пропедевтикасы 2007ж Әділман Нұрмахамбетұлы Патофизиология 2007 ж Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.  Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. – М.: Новая волна, 2007 – 1206 б. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. Б.48-68. Сәтбаева Х.Қ, Өтепбергенова, Нілдібаева Адам физиологиясы 2008 ж www.google.ru

  • Слайд 29

    Назарлаңызға рахмет!!!

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке