Содержание
-
Сабақтың тақырыбы: 1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі.
-
Сабақтың мақсаты:1.1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі туралы баяндау.
3. Оқушыларды өз елінің өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. 2. 1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісінің себебі, барысы және нәтижесі жөнінде студенттер білімін дамыту.
-
Сабақтың жүрісі I. Ұйымдастыру; ІІ. Жаңа сабақ; ІІІ. Жаңа сабақты бекіту; ІV. Қорытынды
-
“Ауылды кеңестендіру” ұранымен Қазақстанда “жаңа революция” жүргізудің идеялық- саяси негізін кім жасады? Ф. Голощекиннің идеясына қарсы шыққан кімдер, оларға қандай айып тағылды? 1928 жылғы декрет не туралы? Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушілік зардаптары туралы не білесің? “Бесеудің хаты” мен Т Рысқұлов жазған хаттың тарихы қандай? Ауылды жаппай ұжымдастырудың тигізген әсері қандай?
-
Себебі
Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.
-
Қарсылық түрі
қалалар мен құрылыстарға кету; басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету; ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру; өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру; ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;
-
Сипаты
Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді.
-
Қозғаушы күші
Шаруалар бұқарасы
-
Орталықтары
Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Зырянов, Өскемен, Самар, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті. Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашықозғалысының көрінісі” деп бағаланды. Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті Орынбордағы 8-дивизия басып тастады. Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.
-
Нәтижесі
Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды. Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады. Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды. Алматы округінің көптеген аудандарының бүлік шығарған ауылдары Қытай жеріне ауып кетті. 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгелге дерлік қырып тасталды. Компартия 1932 жылы қыркүйекте Қазақстанның ауылшаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады. Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылып, халыққа күштеп қоғамдастырылған мал-мүлкі қайтарылды. 1935 жылы ақпанда екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды.
-
Жаңа сабақты бекіту 1. Қазақстанда 1929-31 жылдардағы қарулы көтерілістің себебі не? Ауылшаруашылығы салығының көбеюі Күштеп ұжымдастыруға қарсылық Шаруалардың шұрайлы жерлерінен айырылуы А В С
-
2. Ұжымдастыру жылдары бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланған көтеріліс? Батпаққара көтерілісі Семейдегі көтеріліс Созақтағы көтеріліс А В С
-
3. Алматы округінің ауылдары қайда жер ауып кетуге мәжбүр болды? Иранға Қарақалпақстанға Қытайға А В С
-
4. Ұжымдастыру жылдары республика аумағында қанша толқулар мен көтерілістер орын алды? 372 572 272 А В С
-
5. Ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданған жыл? 1932 жылдың ақпан айы 1934 жылдың ақпан айы 1935 жылдың ақпан айы А В С
-
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.