Содержание
-
19 Қылмыстылық себептері мен шарттары. Детерминация түрлері Қылмыстылық себептері мен шарттары Қылмыстылық себептері – өзінің заңды салдары ретінде қылмыстылық пен қылмысты тікелей туындататын әлеуметтік-психологиялық детерминанттар. Қылмыстылық шарттары – өздігінен қылмыстылықты туындата алмайтын, бірақ оның туындауына және жетіліп отыруына белгілі бір мән-жайлармен ықпал ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық шарттарының үш негізгі топтары серіктес – оқиғалар мен құбылыстардың жалпы көрінісін сипаттайды, құбылыс орны мен уақытының мән-жайлары; қажетті – бұл шарттар болмаса құбылыстар орын алмас еді; жеткілікті – барлық қажетті шарттардың жиынтығы.
-
Детерминация түрлері Детерминация – латынның «determinare» – айқындау, анықтау деген сөзінен шыққан, дүниедегі құбылыстардың өзара байланысын, тәуелділігін анықтауға байланысты философиялық ұғым. Осы мағынада себептілік детерминизмнің бір түрі болып табылады. Себептілік өздігінен табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысының барлық түрлерін қамти алмайды. Мұндай түрлерге келесілер жатады: Уақыты бойынша байланыс – құбылысты немесе процессті «ертерек-кешірек» қағидасы бойынша сипаттайды. Мұндай байланыс алуан түрлі болып келеді. Орын алған факт (салдар) ретінде қылмыстық әрекеттің алдында бірқатар кезеңдер жүріп өтеді: ниеттің туындауы, қол сұғушылық объектін, қылмыс жасау құралдарын таңдау, қатысушылар арасында рольдерді бөлісу, қылмыстық әрекеттің басталу уақыты туралы шешім қабылдау. Кеңістік бойынша байланыс – қылмыстылықтың территория бойынша, елдегі жекелеген аумақтардың әлеуметтік, географиялық, этнографиялық және өзге де ерекшеліктеріне қарай нақты қылмыс түрлерінің таралуынкөрсетеді. Жағдайлардың байланысы – бір жай-күйдің екіншісіне тәуелділігін көрсетеді. Криминологияда бұл қылмыстардың жекелеген түрлерінің (топтарының, санаттарының) жай-күйінің өзгеруі бүкіл қылмыстылық жай-күйі мен құрылымының өзгеруіне алып келетіндігімен көрінеді. Корреляция – факторлардың белгілі бір топтарының өсуіне немесе төмендеуіне қарай өзгерістерге ұшырауы басқа факторлар топтарының өзгерістеріне алып келеді. Коррреляция саны тығыздық көрсеткішімен белгіленеді (0-ден 1-ге дейін)
-
Қылмыстылық себептері мен шарттарын топтастыру Әрекет ету механизмі бойынша - себептер; - шарттар; - криминогенді факторлар Деңгейі бойынша - Тұтас алғандағы қылмыстылық (жалпы себептер); - Қылмыс түрлері (санаттары, топтары); - Жекелеген қылмыстар. Қылмыстылық себептерінің осы үш негізгі деңгейі өзара тәуелді. Олардың өзара байланыс бірінші деңгейден (жалпы) кейінгілеріне жүруі немес керісінше орын алуы да мүмкін. Мазмұны бойынша - Әлеуметтік-экономикалық; - Саяси; - Әлеуметтік-психологиялық; - Идеологиялық; - Тәрбиелік; - Құқықтық; - Ұйымдастыру-басқару.
-
Қылмыстылық себептері мен шарттарын топтастыру (жалғасы) Туындауы бойынша қылмыстылық детерминанттарын объективтік, объективті-субъективті және субъективті деп бөледі - Алғашқы екі категория адамдардың еркінен тыс қалыптасады, сондықтан оларды бірден жою қиындық туындатады. Оларды тек залалсыздандыруға, тосқауыл қоюға, қысқартуға, олардың дамуына және криминогенді әсеріне кедергілер жасауға болады. Өзінің табиғаты бойынша, айталық сананың болмыстан қалып отыруы, жеке сананың қоғамдық санадан кешеуілдеуі объективті себептер болып табылады. Қылмыс оқиғасына немесе оның бір бөлігіне жақындығына қарай қылмыстылықтың себептері мен шарттарын жақын және шалғай,тікелей және жанама деп бөледі. Қылмыстылық себептері мен шарттарының туындау көздері бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді - Қылмыстылықтың ішкі детерминанттары біздің қоғамымыздағы ішкі қайшылықтармен байланысты;- сыртқыдетерминанттархалықаралықсипаттағықайшылықтарменбайланысты.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.