Содержание
-
Тақырыбы: Фонетика Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ағманова Г.
-
Фонетика
Дыбыс Және әріп Қазақ тілінде дыбыс саны -37. Дыбыс бола алмайтындар-5: я(й+а), ю(й+у), ë(й+о) қосарлы дыбыстары және ь,ъ. Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.
-
Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінде 12дауыстыдыбыс бар. Олар: а,ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
-
Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д,ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,(у).
-
Буын
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар. Олар: ашық, тұйық,бітеу.
-
ТасымалТасымалдауға болмайтын жағдайлар:
Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буынды тасымалдауға болмайды: арми-я, а-та. Бір буыннан тұратын сөзді: қант, бұлт.. Қысқарған сөздерді: ТМД, ҚР, БҰҰ. Адам атының қысқартылған түрі: М.О.Әуезов, Н.Исманова. Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды: 15 кг, 20 кг, 100 га.
-
Екпін
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар: Жіктік жалғауына: оқушымын, барамыз т.б Болымсыз етістіктің жұрнағына: айтпа, барма, келме т.б Көмекші сөздерге: ғой, шейін, соң, арқылы т.б
-
Үндестік заңы(сингормонизм заңы)
Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Буын үндестігі Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: Көмектес септіктің -мен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан, жіңішке болса да осы күйінде жазылады: Қаламмен, кітаппен т.б -нікі, -дікі, -тікі: Асандікі, Мараттікі т.б -еке, -тай, -жан, -сымақ: басеке, әкетай т.б -паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -гер, -кеш, -хана, -күнем, -дар, -ист, -изм, -бан, -тал, -уар, -ов, -ев: әсемпаз, әзілқой, сезімтал, мейірбан, Жабаев, Әуезов т.б
-
Дыбыс үндестігі
Оның 3 түрі бар:
-
Орфография және Орфоэпия
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы. Орфографиялық заңдылық мына принциптерге негізделеді: Фонетикалық принцип: ағаш-тар, қарт-қа т.б Дәстүрлі принцип: айуан, хайуанат, кейуана, белбеу, бәтеңке т.б Морфологиялық принцип: шекара (шегара), жер-көк (жер-гөк) т.б Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылуы.
-
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.