Содержание
-
Бағалы қағаздар нарығында қолданылатын негізгі ұғымдар
-
Андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қатысушы. Бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы. Бағалы қағаздардың атаулы құны – бұл бағалы қағаздарды шығару кезіндегі анықталған құнның ақшалай көрінісі.
-
Бағалы қағаздардың бастапқы нарығы – бұл бағалы қағаздарды шығару және орналастыру процесінде эмитент бір жағынан, инвесторлар екінші жағынан, осылардың арасындағы қалыптасатын қатынастар. Бағалы қағаздардың қайталама нарығы – бұл бұрын сатылып кеткен қағаздардың қайталама айналысы. Бағалы қағаздардың портфелі – бұл бағалы қағаздар нарығының субъектісінің меншігіндегі әр түрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.
-
Бағалы қағаздар нарығының объектілері: Заңнамада белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар атағына ие болған: - акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың басқа түрлері; - туынды бағалы қағаздар (форвард, фьючерс, опцион); - шет ел эмитенттердің бағалы қағаздары. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері: инвесторлар, эмитенттер, құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және т.б.
-
Биржалық сессия – бұл заң жүзінде немесе жалпы қабылданған ережелер негізінде қор биржасы залында сауда жүргізу үшін белгіленген уақыт. Брокераж – бұл брокерлердің жүргізетін делдалды операциялары. Брокеридж – бұл брокерлердің атқарған қызыметіне алатын сыйақысы.
-
Брокер – бұл клиенттердің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп шарт негізінде сыйақыға бағалы қағаздармен мәмлелерді жүзеге асыратын делдал. Дилер – бұл бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алып және сататын делдал. Джоббер – бұл клиенттің барлық сұрақтарына және бағалы қағаздарды таңдауға көмектесетін кеңес беруші.
-
Бағалы қағаздар депозитариясы – бұл бағалы қағаздар иелерін есепке алу және олардың құқықтарын растау қызметін жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым. Депонент – бұл шарт негізінде депозитарий клиенті. Биржадан тыс нарық – бұл бағалы қағаздарды қор биржасынан тыс, яғни банктерде, инвесторлық компанияларда, делдалдық фирмада сату.
-
Листинг – қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды оған енгiзу. Делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау. Дивиденд - бұл акционерлер меншігіндегі акциялар санына қарай бөлінетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі.
-
Депозитарийлiк қолхат – осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз. Инвестор – бұл меншікті қаражатың бағалы қағаздарға салуды көздейтін жеке немесе заңды тұлға. Кастодиан – бұл клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақшаларын сақтау және есепке алу қызметін жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Құнды қағаздардың котировкасы – бұл нарықта бағалы қағаздардың бағамын белгілеу.
-
Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. Туынды бағалы қағаздар(деривативтер) – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар. Эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
-
Келесі ұғымдардың анықтамасыз табыныз: «Аю», «Бұқа», пай, «таза баға», «кір баға», «ұзын позиция», «қысқа позиция», «ашық позиция», «жабық позиция», капитализация, көгілдір фишкалар, маркет-мейкер, номиналды ұстаушы, трасфер-агент.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.